2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница12/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ЖОО-ның

қамтамасыз ету

материалдық-техникалық

базасын

дамытуды

2014 жылдан бастап жыл сайын оқу-зертханалық базасы жаңартылатын

ЖОО-лардың үлесі 10 %-ға көбейеді. ЖОО-лардың

материалдық-

техникалық базасын дамыту үшін мемлекеттік-жеке əріптестік есебінен

қаражат тартылатын болады.

Жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болатын 4

Орталық құрылады: Бизнес-инновациялық орталық (жоғары білім мен

инновациялар аймағы); Жұмысшы кəсібінің орталығы жəне Дəнекерлеу

орталығы; Тамақ технологиялары бойынша шағын цехы бар азық-түлік

қауіпсіздігі орталығы, конкурс негізінде Аудармашылар бюросы.

Оқу-əдістемелік құралдарды əзірлеу жəне оларды басып шығару,

оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару, ЖОО кітапханаларын қажетті оқу

əдебиетімен толықтыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық оқулықтармен

қатар таңдаулы шетелдік оқулықтар қолданылады, əсіресе экономикалық,

техникалық жəне жаратылыстану ғылымдары бойынша.

Білімнің, ғылымның жəне өндірістің кірігуін қамтамасыз ету,

зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерциялан-

дыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми – пе-

дагог кадрларды даярлау

Іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулерді, басқа ғылыми-

техникалық, тəжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен

жүргізуде қатысатын зерттеу университеттері құрылады, олардың даму

бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Зерттеу

университеттерінің негізгі міндеті жоғары жəне жоғары білімнен кейінгі

білім деңгейлерінің барлығында ғылыми қызметпен білім беру процесін

біріктіру болады. Зерттеу университеті жоғары жəне жоғары білімнен

кейінгі білім бағдарламаларын əзірлеу мен іске асыруға, сондай-ақ оқуға


45




қабылдау кезінде бейінді бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге

құқылы.

Білім мен ғылымның бірігуі жекелеген ғылыми-зерттеу институттарын

заңдық дербестік құқығымен жетекші зерттеу университеттердің құрамына

беру арқылы жүзеге асырылады.

Елдің индустриялық- инновациялық даму бағыттарын іске асыру

үшін жоғары оқу орындары негізінде инновациялық құрылымдар құру үшін

базалық ЖОО-н айқындау тетіктері əзірленеді:

бизнес-инкубаторлар, оның ішінде:

2013 жылы – «Энергетика» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Мұнай

өңдеу жəне мұнай-газ секторының инфрақұрылымы»; 2015 жылы –

«Химия өнеркəсібі»;

технопарктер, оның ішінде:

2013 жылы – «Металлургия жəне дайын металл өнімдерін өндіру»

бағыты бойынша; 2014 жылы – «Машина жасау»; 2015 жылы – «Жеңіл

өнеркəсіп»;

ғылыми əзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру

орталықтары.

Еліміздің жетекші ЖОО-лары жанынан жоғары білікті ғылыми-педагог

кадрларды даярлау жəне инновациялық қызметті дамыту мақсатында

ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқығын қорғауды одан

əрі қамтамасыз ете отырып, зияткерлік меншіктің бəсекеге қабілетті

өнімдерін жасау үшін ғылыми жəне жобалық-конструкторлық ұйымдардың

бірлескен құрылымдық бөлімшелері ашылады: 2011 жылы – 5 бірлескен

құрылымдық бөлімше; 2012 жылы – 8, 2013 жылы – 10, 2014 жылы – 12,

2015 жылы – 15.

Жеке меншік секторды ғылыми жəне инновациялық қызметке тарту

бойынша оларды экономикалық ынталандыру шаралары əзірленген.

2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті жоғары кəсіби ма-

мандар мен жас

Университетінің

ғалымдарды

оқытып

шығарады.

Назарбаев

тəжірибесі біртіндеп елдің жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарына

енгізіледі.

2016 жылдан бастап:

жетекші шетелдік əріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, білім

беру бағдарламалары əзірленеді;

жоғары технологиялық жəне ғылымды қажетсінетін өнім жасау үшін

экономиканың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізіледі;

əріптес университеттермен жəне шетелдік ғылыми орталықтармен

бірлесу жүзеге асырылады.

Нəтижесінде, іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді кеңейту үшін

университеттердің маңызды ғылыми əлеуеті тиімді қолданылады, олардың

кешенділік жəне практикалық нəтижелілігі артады.



46




Өмір бойы оқу


Мақсаты:

Өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.


Міндеті:

Баршаға арналған білім, өмір бойы білім алу үшін жағдай жасау.


Нысаналы индикатор:

Барлық жастағылар үшін білім берудің əртүрлі нысандары мен типтерін

енгізу.


Өмір бойы оқу білім алудың барлық деңгейінде адамның білім алуға

деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың түрлі мүмкіндіктерін жасау

есебінен жүзеге асырылады.

2020 жылға қарай өмір бойы оқу үшін жасына, білімі мен кəсіби біліктілік

деңгейіне қарамастан жағдайлар жасалатын болады.

Жасына жəне əлеуметтік жағдайына қарамастан барша халыққа

техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім жүйесінде оқытудың түрлі ныса-

ны жəне білім беру қызметтерін жекеше берушілер арқылы (қашықтықтан

оқыту, қайта біліктілік беру, формалды, формалды емес, инклюзивті қысқа

мерзімді курстар) жаңа базалық дағдыларды игеруді қоса алғанда, негізгі

дағдыларды игеру мен жетілдіру мүмкіндігі ұсынылатын болады. Оқу

орындарымен, сондай-ақ əлеуметтік əріптестермен бірлесіп, өндірістен

қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.

Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі

адамдарды кəсіби даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады, модульдік

білім беру бағдарламалары жасалады.

Халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлік жүйесі

əзірленетін болады.

Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам өзі оқытудың түрлерін, қарқынын

жəне мерзімін таңдап, білім алу процесін дербестендіре алады. Білім

алушылардың тəуелсіз коммерциялық емес агенттіктерде өздерінің

алған біліктілік деңгейін бағалаудан өтіп, сертификаттар алуы арқылы

мемлекеттік жəне жекеше білім беру қызметтерін ұсынушыларды оқыту

нəтижелерін тануда тиімді шаралар əзірленетін болады.

Өмір бойы оқыту оқытудың формалды жəне формалды емес

нысандарының тұтастай спектрін, инклюзивті білім беруді қоса алғанда,

мектеп жасына дейінгі жастан бастап зейнеткерлікке шығу жасынан кейінгі

оқытуды қамтитын болады.

Инклюзивті білімді дамыту тиісті бейіндегі мамандарын даярлауды

жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-

практикалық орталықтардың құрылуына ықпал етеді.

Жұмыс берушілер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға жəне

əрбір қызметкердің үздіксіз білімге қатысуына мүмкіндік беретін икемді

сызбаларды дайындауға тартылады.

Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттік тілді толық меңгергенге

дейін тілдерді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде мемлекеттік



47




тілді үздіксіз оқытатын «Балабақша - мектеп, кəсіптік лицей, колледж –

жоғары оқу орындары» жүйесі құрылатын болады.

Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлі

сала қызметкерлері) мен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар

үшін сертификат бере отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі –

Қазтест енгізіледі.


Тəрбие жұмысы жəне жастар саясаты


Мақсаты:

Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік

жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне

көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.


Міндеті:

Жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық

белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін

қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.


Нысаналы индикатор:

Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді

қатысатын жастардың олардың жалпы санынан үлесі (2015 жылы – 27 %,

2020 жылы – 55 %).


Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-

адамгершілік мəдениетті тəрбиелеу, ұлттық сəйкестікті қалыптастыру

негізінде жүзеге асырылады.

2011 жылдан бастап:

консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту жəне басқа

да қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс

шеңберінде жастардың үкіметтік емес ұйымдары базасында қызметті

жүзеге асыратын облыстық жəне республикалық əлеуметтік қызметтер

одан əрі дамитын болады;

республикалық деңгейде мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асы-

ру шеңберінде ерікті, əскери-патриоттық ұйымдардың, əскери-спорттық,

əскери-іздеуші жəне спорттық-техникалық клубтардың желісі 20 дан 30-ға

дейін көбейеді;

білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;

қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде

мемлекеттік рəміздерді таныту, тарих, салт-дəстүр жəне ана тілін білу

жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;

түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық

мəдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады.

Алматы қаласы үлгісінде жастардың үкіметтік емес ұйымдарының

жəне жастардың қызметін үйлестірудің орталықтандырылған жүйесін құру

мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылады.

Девиантты жəне деликвентті балалармен жұмысты күшейту жоспар-

лануда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың



48




алдын алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етілетін

болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта жəне тұтас қоғам.

Одан басқа, тəрбие мен оқытуды, девиантты жəне деликвентті мінез-

құлықты балаларды əлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету бойынша ар-

найы білім ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына

баса назар аударылатын болады.

Білім беру жүйесіне кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,

бейімдеу жəне оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кəмелетке

толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан əрі – КТБО) болып қайта

ұйымдастырылады.

КТБО-ның негізгі міндеті – кəмелетке толмағандардың дағдарыс

жағдайынан шығуға жəне өмірін орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға

көмек көрсету мен отбасын əрі қарай сүйемелдеу.

Тұтас алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап тəрбиеге ерекше көңіл

бөлінетін болады.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница