2011 – 2020 жылдарға арналған




Название2011 – 2020 жылдарға арналған
страница10/13
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mektep3-oskemen.kz/Bagdarlama 2010-2020.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жалпы оқытудың, мектептегі тамақтану мен медициналық қызмет

көрсетудің тиімді менеджментін ұйымдастыру

Жалпы оқыту

2015 жылы

оқушылардың қозғалыс мониторингінің бірыңғай

ведомствоаралық кешенді ақпараттық жүйесі «Жалпы оқытуды», оның

ішінде оқумен қамтылмаған «тəуекел топтарының» балаларын дербес

есепке алу бойынша деректер базасымен бірге енгізу жоспарлануда.

«Жалпы оқыту» жүйесін пайдалану жалпы оқытуды қамтамасыз ету-

ге функционалды түрде тартылған түрлі басқару органдарының келісілген

іс-қимылдарын қамтамасыз етеді жəне балаларды міндетті орта біліммен

қамту туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Мектептегі тамақтану

2011 жылдан бастап облыстардың, Астана жəне Алматы

қалаларының білім беру органдарының жанынан мектепте тамақтануды

ұйымдастырудың, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары

мен тəрбиеленушілерінің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің мониторингі

бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар құрылады.

Мектеп оқушыларын тегін тамақтанумен қамту көрсеткіші барлық

деңгейдегі əкімдер рейтингін бағалауға енгізіледі: 2012 жылы – табысы аз

отбасылардан шыққан оқушыларға, 2020 жылы – бастауыш жəне мекте-

палды сыныптар оқушыларына.

2015 жылға қарай табысы аз отбасы оқушыларының 100 %-ы жəне

2020 жылға қарай мектептердің бастауыш жəне мектепалды сыныптар

оқушыларының 100 %-ы ыстық дəрумендірілген тамақпен тегін қамтамасыз

етіледі.

2020 жылға қарай орта жалпы білім беретін ауыл мектептерінің

100 %-ында күрделі жөндеуден өткен жəне жаңа жабдықтармен

жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейтін болады.

2020 жылға қарай мектептің барлық оқушысы мектептерде

стационарлық су тазартқыштар, спенсерлер, диспенсерлер жəне басқа да

құралдар орнату арқылы экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.


38




Медициналық қызмет көрсету

2015 жылға қарай мектеп жасындағы, оның ішінде ауылдық жерлердегі

балаларды медициналық тексеру 100 % қамтамасыз етіледі.

Диспансерлік есепте тұрған мектеп жасындағы балалардың үлесі

70 %-дан 50 %-ға дейін, оқушылардағы асқазан-ішек жолының ауруы –

28,2 %-дан 18 %-ға дейін, сколиозбен (мүсінінің бұзылуы) ауыратындар –

2 %-дан 1 %-ға дейін төмендейді.

Денсаулығы нашар 60 %-ы балалардың арнайы медициналық

топтардағы дене шынықтырумен шұғылдануға мүмкіндік алады.

Осылайша «Орта білім» бағыты бойынша 2020 жылға қарай:

барлық мектептерге 12 жылдық білім беру моделі енгізіледі;

орта білімнің инфрақұрылымын дамыту жалғасады жəне мектептер

техникалық жарақтанумен қамтамасыз етіледі;

ШЖМ бірыңғай ақпараттық желіге қосылады;

қосымша білім беру білім алушылар үшін беделге ие болады жəне

тұлғаның кəсіби қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша білім берумен білім

алушылар мен тəрбиеленушілердің 30 – 50 % -ы қамтылады;

инклюзивті білім жүйесі енгізіледі:

инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің

жалпы санынан 70 %-ға ұлғаяды;

мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің

үлесі мектептердің жалпы санынан – 20 %;

инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі

шектеулі балалардың жалпы санынан – 50 %.

медициналық қызмет көрсету мен мектептегі тамақтанудың тиімді

менеджменті ұйымдастырылады;

оқушылар жалпы білім беретін мектепте сапалы медициналық қызмет

ала алады. Жалпы білім беретін мектептерде медициналық кабинеттерді

ашу жəне оның қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша шаралар

қабылданады;

мемлекеттік-жеке əріптестік негізінде облыс орталықтарында, Астана

жəне Алматы қалаларында мектептегі тамақтанудың 16 энергия үнемдегіш

комбинаты салынады, республика мектептерінің 50 %-ының мектептегі ас

блоктарының материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Сапалы,

дəрумен қосылған жəне қауіпсіз мектептегі тамақтануды ұйымдастыру

мониторингінің жүйесі енгізіледі.


Техникалық жəне кəсіптік білім


Мақсаты:

Қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму

сұраныстарына сəйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру

кеңістігіне кірігу.


Міндеттері:

1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын

ескере отырып, техникалық жəне кəсіптік білім (бұдан əрі – ТжКБ)

мазмұнының құрылымын жаңарту.



39




2. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын

дамыту.

3. ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.


Нысаналы индикатор:

Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тəуелсіз бағалаудан

алғашқы реттен өткен ТжКБ түлектерінің қатысушылардың жалпы санынан

үлесі (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 80 % ).

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша

білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен

қамтылғандардың жəне жұмысқа орналасқандардың үлесі (2015 жылы –

78 %, 2020 жылы – 80 %).

Ұлттық институционалды аккредиттеу рəсімінен өткен колледждердің

үлесі (2015 жылы – 10 %, 2020 жылы – 30 %).


Техникалық жəне кəсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын

экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныс-

тарын ескере отырып жаңарту

Ұлттық жəне салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау

құрылымы ретке келтірілетін болады.

Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттіліктеріне

сəйкес жүзеге асырылатын болады.

Кəсіптік стандарттардың талаптарына сəйкес:

ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, білім беру

бағдарламалары жаңартылады;

арнайы пəндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, оқу əдебиеттері

əзірленеді;

бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар əзірленеді,

модульдік бағдарламалардың дерекқоры құрылады.

Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу

жоспарларындағы кəсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын бо-

лады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен əріптестік есебінен

кеңейтіледі.

Білім

алушылардың

бойында

қажетті

құзыреттіліктерді

қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары оқу процесіне

енгізілетін болады.

Озық əлемдік тəжірибе мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің

негізінде ТжКБ жүйесін ғылыми-əдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін

болады. Республикалық жəне облыстық ғылыми-əдістемелік кабинеттер

тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының кітапханалары қажетті

оқу əдебиетімен толықтырылады.

Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын

дамыту

Жастардың кəсіптік білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін

кəсіптік лицейлер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының

саны өседі. Атырау қаласында – мұнай-газ саласы бойынша, Екібастұз

қаласында – отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында -

өңдеу жəне Өскемен қаласында – машина жасау салалары бойынша 4

өңіраралық кəсіптік орталық жұмыс істейтін болады.


40




Оқу орындары шарт негізінде өндірістік практикадан, тағылымдамадан

өту үшін базалық кəсіпорындарға бекітілетін болады.

ТжКБ-ның 70 %-дан астам мемлекеттік оқу орындары заманауи оқу-

өндірістік жəне технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялар-

мен қайта жарақтандырылады. Оқу орындарын заманауи оқу-өндірістік

жəне технологиялық жабдықтармен жаңартуға жəне қайта жарақтандыруға

жергілікті, республикалық бюджет, жұмыс берушілер қаражаты,

халықаралық ұйымдардың заем қаражаты есебінен тартылады.

Экономика салаларына мамандардың біліктіліктерін сертификаттаудың

тəуелсіз жүйесін енгізе отырып, жоғары білікті жұмысшы кадрлар даярлау

сапасын реттеу, оның ішінде жергілікті жерлерде «оқушылық» түрінде

қамтамасыз етілетін болады.

Кадрлардың бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қосымша қаражат

тарту үшін ТжКБ оқу орындары мамандар даярлау бейініне сəйкес, оның

ішінде тең құрылтайшылық арқылы ұлттық холдингтер мен компанияларға,

транс ұлттық корпорациялар мен шетелдік инвесторларға бекітілетін болады.

Дүниежүзілік Банктің займы шеңберінде инновациялық даму

бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарын атаулы қаржылай қолдау

жүйесі құрылатын болады.

ТжКБ-да оқыту беделін арттыру

ТжКБ жүйесінде оқытудың тартымдылығы мен беделділігін арттыру

үшін:

əлеуметтік-педагогикалық қызметтер жоқ ТжКБ оқу орындарының

жанынан мансаптық басшылық орталықтары (білім беру ұйымдарының

құрылымдық бөлімшелері) құрылады;

білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы

пəн оқытушыларының арасында «Үздік оқу орны», «Ең үздік маман»

республикалық конкурстары өткізіледі;

үздік білім алушылар халықаралық кəсіби шеберлік конкурстарына

қатысатын болады.

Өнертапқыштық

жəне

өнертабыстық

қызметке,

техникалық

шығармашылыққа бейім талантты білім алушылар анықталады жəне

оларға қолдау (гранттар мен жұмыс берушілердің атаулы стипендиялары,

жұмыс берушілер ұйымдастыратын жəне қаржыландыратын конкурстар

арқылы) көрсетілетін болады.

Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін еңбек нарығындағы бос

орындар базасымен өзара байланысты сертификатталған түлектердің

дерекқоры құрылатын болады.

ТжКБ-ны дамыту жөніндегі республикалық, өңірлік жəне салалық

кеңестердің өзара іс-қимылы ТжКБ-ны дамытуға, кадрлар даярлауға жəне

білім ұйымы, кəсіпорын мен студент арасында келісім жасау арқылы

жұмысқа орналастыруға бизнес пен кəсіби қоғамдастықтың белсенді

қатысуын қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай:

Кадрларды ұлттық біліктілік жүйесі негізінде даярлау толықтай еңбек

нарығының сұраныстарына сəйкестендіріледі.

Оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары

замауи оқу-өндірістік жəне технологиялық жабдықтармен, ақпараттық тех-

нологиялармен жарақтандырылады.


41




Кəсіпорындардың нақты сұраныстарын ескере отырып, кооперативтік

оқыту кең түрде енгізіледі.

ТжКБ оқу орындарындағы оқыту жастар үшін тартымды жəне беделді

болады.

Бизнес пен кəсіби қауымдастық ТжКБ-ны дамытуға жəне кадрлар

даярлауға белсенді қатысады.

Экономика салаларында жұмыс берушілердің қатысуымен біліктілікті

сертификаттаудың тəуелсіз орталықтары жұмыс істейтін болады.


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011 – 2020 жылдарға арналған icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница