Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
страница1/20
Дата конвертации10.02.2016
Размер4.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/24/37/publish37-1329661489..doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


ҚРӘМ № 6551 12.10.2010 ж. тіркелді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қаласы

2010 жылғы 3 қыркүйек

№ 128



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) Ереженің мына қосымшалары бойынша «Сақтандыру қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін:

2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (1-бөлік)» кестесі бойынша, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38;

2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 11, 12, 13, 26-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (2-бөлік)» кестесі бойынша.

6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.


Төрайым Е. Бахмутова


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 128 қаулысына
1-қосымша


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының

және сақтандыру брокерлерінің

есептілікті беру ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң) 74-бабының 2-тармағының 2-1) тармақшасына, «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) және сақтандыру брокерлері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынатын есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін белгілейді.

2-тарау. Есептілікті ұсыну


2. Есептілікті Қазақстан Республикасының аумағында «жалпы сақтандыру» саласы бойынша және «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құғын беретін лицензиясы бар барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және барлық өзінің филиалдары және/немесе өкілеттіктері бойынша деректерді қоса отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құғын беретін лицензиясы бар сақтандыру брокерлері уәкілетті органға ұсынады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мынадай кезеңдікте және мына нысандар бойынша есептілікті береді:

1) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей ай сайын:

осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдығы туралы есепті;

осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылған салымдар туралы есепті;

осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есепті;

осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есепті;

осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сомалар, сақтанушылар (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;

осы Ереженің 6-қосымшасына инвестициялық мүлік және негізгі қаражаттар туралы есепті;

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтері туралы есепті:

2010 жыл ішінде осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес;

2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен қадалағау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды, сақтандыру резервтері жөніндегі есептілікті беру нысандарын және мерзімін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 61 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 6293 тіркелген) (бұдан әрі - № 61 қаулы);

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтері туралы есепті:

2010 жыл ішінде осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес;

2011 жылғы 1 қаңтардан бастап № 61 қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

осы Ереженің 9-қосымшасына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері туралы мәліметтерді;

осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;

осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес сақтандырудың (қайта сақтандырудың) ірі шарттары бойынша есепті;

осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес ірі сақтандыру төлемдері бойынша есепті;

осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес мәлімделген ірі талаптар бойынша есепті;

осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есепті;

осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есепті;

осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес міндеттемелердің ауқымы бойынша есепті;

осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;

осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент еместерімен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті;

2) Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап он күн сайын айдың оныншы, жиырманшы күніндегі жағдай бойынша (айдың есептік он күндігінен кейінгі он күндіктің екінші жұмыс күні):

осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақша қалдығы туралы есепті;

осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылған салымдар туралы есепті;

осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есепті;

осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есепті;

осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сомалар, сақтанушылар (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;

№ 61 қаулының 2-қосымшасына сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтері туралы есепті:

№ 61 қаулының 2-қосымшасына сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтері туралы есепті:

осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;

осы Ереженің 11-қосымшасына сәйкес ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті;

осы Ереженің 12-қосымшасына сәйкес ірі сақтандыру төлемдері бойынша есепті;

осы Ереженің 13-қосымшасына сәйкес берілген ірі талаптар бойынша есепті;

осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есепті;

осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есепті;

осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес міндеттемелердің ауқымы бойынша есепті;

осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті.

3) есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей тоқсан сайын:

осы Ереженің 19-қосымшасына сәйкес ұлттық және шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру кестесін;

осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес басқа дебиторлық берешек туралы есепті;

осы Ереженің 21-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;

осы Ереженің 22-қосымшасына сәйкес алынған заемдар туралы есепті;

осы Ереженің 23-қосымшасына сәйкес басқа кредиторлық берешек туралы есепті;

осы Ереженің 24-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары туралы есепті;

осы Ереженің 25-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;

осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;

осы Ереженің 27-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттарымен жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері туралы есепті;

осы Ереженің 28-қосымшасына сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есепті;

осы Ереженің 29-қосымшасына сәйкес баланстан тыс шоттар (шартты және ықтимал талаптар) бойынша қалдықтар туралы есепті;

осы Ереженің 30-қосымшасына сәйкес баланстан тыс шоттар (меморандум шоты) бойынша қалдықтар туралы есепті;

осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру төлемдерін жіктеуді;

осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес есептілікке түсіндірме жазбаны;

осы Ереженің 33-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штаттық актуарийі туралы ақпаратты;

осы Ереженің 34-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшері туралы ақпаратты;

4) жыл сайын:

есептік жылдан кейінгі бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей:

осы Ереженің 35-қосымшасына сәйкес қайта сақтандыру қызметі туралы есепті;

осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес сақтанушыларға («өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін) берілген заемдар туралы есепті;

есептік жылдан кейінгі жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде - осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аудиті туралы ақпаратты.

4. Сақтандыру брокерлері есептілікті мынадай кезеңдікте ұсынады:

1) есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей, тоқсан сайын:

осы Ереженің 38-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жасалған қайта сақтандыру шарттары туралы ақпаратты;

2) есептік жылдан кейінгі жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде жыл сайын:

осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аудиті туралы ақпаратты.

5. Осы Ереженің 3, 4-тармақтарына сәйкес жасалатын есептілікке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнің бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтері қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнде қағаз тасымалдағышта сақталады. Уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокерi сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей есептілікті қағаз тасымалдағышта береді.

6. Электрондық тасымалдағыштағы есептілік ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.

7. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етедi.

8. Есеп беру деректері ұлттық валюта - теңгемен көрсетіледі.

9. Есепті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді.

Есептіліктегі бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері есептілікті уәкілетті органға электронды тасымалдағышта ұсынады.

11. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері есептілікті берген күннен бастап үш күндік мерзімде уәкілетті органға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себебін түсіндірумен жазбаша өтінішті береді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру брокері берген есептілікті толық емес және (немесе) шынайы емес ақпарат анықталғанда, уәкілетті орган ол туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру брокеріне хабарлайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру брокері уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін қарастырып, жетілдірілген есептілікті береді.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері қайта құрылған жағдайда, есептілік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбаны енгізу күніне дейін уәкілетті органға ұсынылады.

13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептілігі уәкілетті органның ерікті тарату туралы рұқсаты берілген күнге дейін ұсынылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептілігі соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген күніне дейін уәкілетті органға ұсынылады.

14. Сақтандыру брокері таратылған жағдайда, есептілік оны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару күніне дейін уәкілетті органға ұсынылады.


3-тарау. Есептілікті толтыру бойынша түсіндірме


15. Осы Ереженің «Ақша қалдығы туралы есеп» деген 1-қосымшасы бойынша.

Реттік нөмірі 6-бағанада есептің теңгемен ақшаның жиынтық сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 241 қаулысымен (бұдан әрі - № 241 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 2467 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасының бухгалтерлік баланстың (бұдан әрі – бухгалтерлік баланс) «Ақша және ақша баламасы» деген бабына сәйкес келеді.

Реттік нөмірі 7-бағанада егер меншік құқығына ақша (шоттар) бойынша шектеу болса, мың теңгедегі ауыртпалық салудың сомасы және ауыртпалық салудың негізі көрсетіледі (немесе) егер де екінші деңгейдегі банк сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы болып табылса, «иә» деген сөз жазылады.

16. Осы Ереженің «Орналастырылған салымдар туралы есеп» деген 2-қосымшасы бойынша.

Реттік нөмірі 9-баған бойынша салым жөніндегі негізгі борыштың жиынтық сомасы және есептің 12-бағаны бойынша сыйақы сомасы күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде, бухгалтерлік баланстың «Орналастырылған салымдар» деген бабына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 4-бағанасында Агенттік Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына (бұдан әрі – № 77 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) сәйкес «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) ресми тізімінің «акциялар» секторындағы екінші деңгейдегі банктің акцияларының санаты көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 6-бағанасында Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - N 131 қаулы) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықтың 35-тармағына сәйкес уәкілетті орган таныған агенттіктердің рейтингтік бағасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 14-бағанада егер салым бойынша меншік құқығына шектеу бар болса, мың теңгедегі ауыртпалық салудың сомасы және ауыртпалық салудың негіздері көрсетіледі және (немесе) егер де екінші деңгейдегі банк сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы болып табылса, «иә» деген сөз жазылады.

17. Осы Ереженің «Бағалы қағаздар туралы есеп» деген 3-қосымшасы бойынша.

Есептің 9, 11 және 13-бағаналары бойынша бағалы қағаздардың жиынтық сомасы күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде, бухгалтерлік баланстың «Өзгерістері кіріс немесе шығын құрамында көрсетілетін, әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар», «Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар» және «Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар» деген баптарының сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 4-бағанасында бағалы қағаздың түрі көрсетіледі.

Мысалы:

мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша: МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕУЖКАМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еуроноттары, ноттары;

мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша: акциялар, облигациялар, ипотекалық облигациялар, депозитарлық қолхаттар.

Есептің реттік нөмірі 8-бағанасында бағалы қағаз номиналы валютасының коды көрсетіледі (мысалы: KZT, USD).

Есептің реттік нөмірлері 10, 12 және 14-бағаналарында есептік кезеңнің соңындағы бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақының жалпы сомасы көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 16-бағанасында сатып алумен тікелей байланысты, шығыстарды, оның ішінде агенттерге, кеңесшілерге, брокерлер-дилерлерге төленген сыйақылар мен комиссиялықтарды, қор биржаларының алымдарын, сондай-ақ қаржыны аударым жасау бойынша банктік қызмет көрсетулерді қосқанда, сатып алушы сатушыға төлеген пайыз мөлшерінде азайтылған (осындайлар бар болса) бағалы қағаздың жиынтық сатып алу құны көрсетіледі.    

Реттік нөмірі 17-бағанада бағалы қағаздың баланстық құны мен жиынтық сатып алу құны арасындағы айырмасы көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 18-бағанасында эмитенттің жарғылық капиталындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның қатысу үлесі көрсетіледі: эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының иелігіндегі акциялар санының арақатынасы (пайызбен).

Реттік нөмірі 19-бағанада акциялардың эмитенті сәйкес келетін Сақтандыру қызметі туралы Заңның 48-бабының 1-тармағы көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 22-бағанасында № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздың санаты көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 23-бағанасында № 131 қаулының 35-тармағына сәйкес уәкілетті орган таныған агенттіктердің рейтингтік бағасы көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 25-бағанасында егер бағалы қағаздар бойынша меншік құқығына шектеу бар болса (бағалы қағаз кепіл шарты бойынша қамтамасыз етуі болып табылады, «РЕПО» мәмілесінің объекті болып табылады), мың теңгедегі ауыртпалық салудың сомасы және ауыртпалық салудың негіздері көрсетіледі және (немесе) егер де бағалы қағаздың эмитенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы болып табылса, «иә» деген сөз жазылады.

18. Осы Ереженің «кері РЕПО» «РЕПО» операциялары туралы есеп» деген 4-қосымшасы бойынша.

Осы қосымша бухгалтерлік баланстың «кері РЕПО» операциясы», «РЕПО» операциясы» деген бабын ашады.

Есептің реттік нөмірі 1-бағанысында «РЕПО» мәмілесінің объектісі болып табылатын бағалы қағаз эмитентінің атауы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 3-бағанада акциялардың эмитенті сәйкес келетін Сақтандыру қызметі туралы Заңның 48-бабының 1-тармағы көрсетіледі.

19. Осы Ереженің 5-қосымшасы бойынша (Қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сомалар, сақтанушылар (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп).

Осы қосымшада сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттердің) және делдалдардың (сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру агенттерінің) есептік кезеңнің соңындағы берешегінің сомасы көрсетіледі, олардың жалпы сомасы бухгалтерлік баланстың «Сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйақылары (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)» деген бабына сәйкес келеді. Сонымен қоса, осы есепте қайта сақтандыру шарты бойынша есептік кезеңнің соңындағы қайта сақтандырушының берешегінің сомасы көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 2-бағанасында сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша борышы бар қайта сақтандырушының, сақтандыру агенттердің, сақтандыру брокерлерінің, қайта сақтанушылардың (цеденттердің) және сақтанушылардың атауы көрсетіледі.

Бұл ретте: есептің реттік нөмірлері 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5-жолдарында сақтандыру агенттері берешектерінің жалпы сомасында жиынтығында ең көп үлесі бар сақтандыру агенттері көрсетіледі, басқа сақтандыру агенттерінің жиынтық берешегі «Өзге сақтандыру агенттері» деген 2.6-жол бойынша көрсетіледі;

есептің реттік нөмірлері 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5-жолдарында сақтанушылардың берешектерінің жалпы сомасында ең көп үлесі бар сақтанушылар көрсетіледі, басқа сақтанушылардың жиынтық борышы «өзге сақтанушылар» деген реттік нөмірі 5.6-жол бойынша көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 8-бағанасында егер қайта сақтандырушы, сақтандыру агенті, қайта сақтанушы және сақтанушы ірі қатысушы, еншілес ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын немесе қомақты үлесі бар ұйым болса немесе өзге аффилиирленген ұйым болып табылса, "иә" деген сөз жазылады.   

20. Осы Ереженің «Инвестициялық мүлік және негізгі қаражаттар туралы есеп» деген 6-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада инвестициялық мүлік және негізгі қаражаттар туралы ақпарат көрсетіледі (қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес). Аталған активтердің жалпы сомасы бухгалтерлік баланста көрсетілген инвестициялық мүліктің және негізгі қаражаттың сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 2-бағанасында инвестициялық мүлік және негізгі қаражаттар туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі (орналасқан орны, мекен-жайы, жылжымайтын мүліктің атауы: жер учаскесі, үй, ғимарат және басқалар). Жылжымайтын мүлік болып табылмайтын негізгі қаражатқа инвестициялардың жалпы сомасы "Басқа негізгі қаражаттар" деген 3-жол бойынша көрсетіледі.

Реттік нөмірі 5-бағанада егер жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық мүлік/негізгі қаражат бойынша меншік құқығына шектеу бар болса, «иә» деген сөз жазылады және ауыртпалық салу негіздері көрсетіледі.

21. Осы Ереженің «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтері туралы есеп» деген 7-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада есептік кезеңнің соңындағы сақтандырудың сыныптары бөлігінде сақтандыру резервтерінің сомасы көрсетіледі. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары береді. Сақтандыру резервтерінің жалпы сомасы бухгалтерлік баланста көрсетілген сақтандыру резервтерінің сомасына сәйкес келеді.

22. Осы Ереженің «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтері туралы есеп» деген 8-қосымшасы бойынша

Осы қосымшада есептік кезеңнің соңындағы сақтандырудың сыныптары бөлігінде сақтандыру резервтерінің сомасы көрсетіледі. Қосымшаны «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары береді. Сақтандыру резервтерінің жалпы сомасы бухгалтерлік баланста көрсетілген сақтандыру резервтерінің сомасына сәйкес келеді.

23. Осы Ереженің «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері туралы мәліметтер» деген 9-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада акционерлер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінің қатысушылары (акционерлері) бойынша, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының резиденттері емесінің үлестері бойынша, оның ішінде тікелей және жанама қатысу үлесі бойынша ақпарат көрсетіледі. Тікелей акционерлердің жалпы қатысу үлесі бухгалтерлік баланс бойынша төленген жарғылық капиталдың сомасына тең, ал қатысудың жиынтық пайызы – жүз пайызға тең.

Қазақстан Республикасының резиденті емесінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталындағы үлесі Қазақстан Республикасының резиденттері емес-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тікелей акционерлерінің қатысу пайызының (реттік нөмірі 6-бағана бойынша) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының резиденттері емесінің жанама қатысуы пайызының сомасының қосындысы ретінде есептеледі. Жанама қатысудың пайызы Қазақстан Республикасының резиденті-акционердің тікелей қатысу пайызын Қазақстан Республикасының резиденті емес-акционер қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталындағы қатысу пайызына көбейту жолымен анықталады (реттік нөмірі 6 және 10-бағандар).

Реттік нөмірі 7-бағанада сақтандыру ұйымының акционерлерінің акцияларына ауыртпалық салынған болса, ауыртпалықтың сомасы мың теңгемен және ауыртпалықтың негізі көрсетіледі.      

24. Осы Ереженің «Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп» деген 10-қосымшасы бойынша.

«Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары» деген реттік нөмірі 4-бағана бойынша жиынтық сома № 241 қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасының кірістер және шығындар туралы есептің (бұдан әрі - кірістер және шығындар туралы есеп) «Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары» деген бабына сәйкес келеді.

«Қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары» деген реттік нөмірі 7-бағана бойынша қорытынды сома кірістер және шығындар туралы есептің «Қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары» деген бабына сәйкес келеді.

«Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары» деген реттік нөмірі 10-бағана бойынша қорытынды сома кірістер және шығындар туралы есептің «Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары» деген бабына сәйкес келеді.

«Сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы» деген реттік нөмірі 13-бағана бойынша қорытынды сома кірістер және шығындар туралы есептің «Сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы» деген бабына сәйкес келеді.

«Түспеген сыйлықақы резервінің өзгеруі» деген реттік нөмірі 14-бағана бойынша қорытынды сома кірістер және шығындар туралы есептің «Түспеген сыйлықақы резервінің өзгеруі» деген бабына сәйкес келеді.

«Түспеген резервтегі қайта сақтандыру активтерінің өзгеруі» деген реттік нөмірі 15-бағана бойынша қорытынды сома кірістер және шығындар туралы есептің ««Түспеген резервтегі қайта сақтандыру активтерінің өзгеруі» деген бабына сәйкес келеді.

«Еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы» деген реттік нөмірі 19-бағана бойынша қорытынды сома кірістер және шығындар туралы есептің «Еңбекпен табылған сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы» деген бабына сәйкес келеді.

25. Осы Ереженің «Ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есеп» деген 11-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада жауапкершілік лимиті (сақтандыру сомасы) сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтанушының үлесі болып табылатын активтерді шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер сомасының он пайызына тең немесе одан астам болатын, есептік кезеңде (айда, он күндікте) күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша жасалған шарттарды қоспағанда) ақпарат беріледі.

26. Осы Ереженің «Ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) төлемдері бойынша есеп» деген 12-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша жасалған шарттарды және өмірді жинақтап сақтандыру бойынша қоспағанда) сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша қалыптастырылған таза сақтандыру резервтерінің жалпы сомасының он пайызына тең немесе одан астам мөлшеріндегі есептік кезеңде (айда, он күндікте) жасалған сақтандыру төлемдері бойынша ақпарат көрсетіледі.

27. Осы Ереженің «Берілген ірі талаптар бойынша есеп» деген 13-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада есептік кезеңде (айда, он күндікте) сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша қалыптастырылған таза сақтандыру резервтерінің жалпы сомасының он пайызына тең немесе одан астам мөлшеріндегі сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша жасалған шарттарды және өмірді жинақтап сақтандыру бойынша қоспағанда) берілген, бірақ реттелмеген талаптар бойынша ақпарат көрсетіледі.

28. Осы Ереженің «Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп» деген 14-қосымшасы бойынша

Есептің реттік нөмірі 3-бағанасы бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістердің жиынтық сомасы кірістер мен шығындар туралы есептің «Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер» деген бабына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 6-бағанасы бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі шығыстардың жиынтық сомасы кірістер мен шығындар туралы есептің «Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі шығыстар» деген бабына сәйкес келеді.

29. Осы Ереженің «Сақтандыру төлемдері туралы есеп» деген 15-қосымшасы бойынша.

Есептің реттік нөмірлері 3, 8, 10, 13 және 14-бағаналары бойынша жиынтық сомасы кірістер мен шығындар туралы есептің тиісті баптарына сәйкес келеді.

«Берілген шағымдардың саны» деген реттік нөмірі 6-бағанада есептік кезеңнің басынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындарын есепке алу журналында тіркелген, берілген шағымдардың саны көрсетіледі.

«Сақтандыру төлемдерінің саны» деген реттік нөмірі 7-бағанада есептік кезеңнің басынан бастап сақтандыру төлемдерінің саны көрсетіледі. Бұл ретте, аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша бір пайда алушыға бір сақтандыру жағдайы бойынша кезеңдік төлемдер түрінде жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері бір сақтандыру төлемі ретінде көрсетіледі.

«Сақтандыру шығыстарын реттеу бойынша шығыстар» деген реттік нөмірі 14-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты қызмет көрсетулерді (бағалаушылардың қызметін және заңдық қызметті) сатып алу бойынша қосымша шығыстарының сомасы көрсетіледі.

30. Осы Ереженің «Міндеттемелердің ауқымы бойынша есеп» деген 16-қосымшасы бойынша.

Реттік нөмірлері 4 және 6-бағаналарда сақтандыру объектілерінің (мүліктің, сақтандырылғандардың, қызметкерлердің, гектарлардың және басқалардың) бірліктерін көрсету қажет, осылардан сақтандыру сыйлықақысының мөлшері айқындалады.

Реттік нөмірі 7-бағанада сақтандырудың және кіріспелі қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жауапкершіліктің жалпы ауқымы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 10-бағанада қолданыстағы сақтандыру және кіріс қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.

31. Осы Ереженің «Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп» деген 17-қосымшасы бойынша

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы» деген реттік нөмірі 2-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы көрсетіледі (аббревиатура мен қысқартуларды қолданусыз).

Есептің реттік нөмірі 3-бағанасында есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша № 131 қаулының 35-тармағына сәйкес уәкілетті орган танитын агенттіктердің («Standard & Poor's», «Moody's Investors Service», «Fitch») халықаралық шәкілі бойынша рейтингтік бағасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 11-бағана бойынша міндеттемелердің ауқымы есептік кезеңнің басынан басталған кезеңде жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 12-бағанасы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелердің жиынтық сомасы Ереженің 16-қосымшасының (Міндеттемелердің ауқымы бойынша есеп) «Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде резиденттерге және резиденттер еместерге берілген міндеттемелердің ауқымы» деген реттік нөмірлері 8 және 9-бағаналардың қосындысына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 12-бағанасы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелердің сомасы Ереженің 16-қосымшасының (Міндеттемелердің ауқымы бойынша есеп) реттік нөмірі 8-бағанасының жиынтық сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 12-бағанасы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері еместеріне қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген міндеттемелердің сомасы Ереженің 16-қосымшасының (Міндеттемелердің ауқымы бойынша есеп) реттік нөмірі 9-бағанасының жиынтық сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 13-бағанасы бойынша қайта сақтандыру ұйымына берілген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы Ереженің 10-қосымшасындағы (Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп) «Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары» деген реттік нөмірі 10-бағанасының сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 13-бағанасы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы Ереженің 10-қосымшасындағы (Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп) реттік нөмірі 11-бағанасының жиынтық сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 13-бағанасы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері еместеріне берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы Ереженің 10-қосымшасындағы (Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп) реттік нөмірі 12-бағанасының жиынтық сомасына сәйкес келеді.

32. Осы Ереженің «Қазақстан Республикасының резиденті еместерімен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есеп» деген 18-қосымшасы бойынша

Осы есепте Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған тікелей және кіріс сақтандыру шарттары бойынша есептік кезеңнің басынан басталғандағы кезеңде қабылданған сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 4-бағанасы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы Ереженің 10-қосымшасындағы (Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп) реттік нөмірі 6-бағанасында көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент еместерінен қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасына сәйкес келеді.

Есептің реттік нөмірі 5-бағанасы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы Ереженің 10-қосымшасындағы (Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп) реттік нөмірі 9-бағанасында көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент еместерінен қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған қайта сақтандыру сыйлықақыларының сомасына сәйкес келеді.

33. Осы Ереженің «Ұлттық және шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру кестесі» деген 19-қосымшасы бойынша.

Ұлттық және шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру кестесін толтырғанда, әр актив (міндеттеме) үшін барынша аз мерзім көзделген, ол аяқталғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дебиторлардың міндеттемелері орындалуын талап етуге құқығы бар және кредиторлардың талабын орындайды.

Активтер, күмәнді борыштар бойынша қалыптасқан резервтерді шегергенде, енгізіледі.

Реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5-жолдар бойынша активтер мен міндеттемелердің бағандары бойынша деректер өсу жиынтығымен толтырылады. 5 және 6-жолдардың қосындысы «Жиынтығы» деген 7-жолға жазылады.

34. Осы Ереженің «Басқа дебиторлық берешек туралы есеп» деген 20-қосымшасы бойынша.

Осы қосымша бухгалтерлік баланстың «Басқа дебиторлық берешек» деген бабын ашады.

«Өзгелер» деген 1.16-бап бойынша берешектің сомасы есептілікке берілген түсіндірме жазбада ашылып жазылуға тиіс.

35. Осы Ереженің «Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп» деген 21-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялардың сомасы көрсетіледі (қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес). Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың жалпы сомасы бухгалтерлік баланстың «Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар» деген бабына сәйкес келеді.

«Жай акциялар» және «артықшылық берілген акциялар» деген жолдар бойынша акционерлік қоғамдар нысанында құрылған заңды тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуы бойынша ақпарат көрсетіледі.

«Жарғылық капиталдағы қатысу үлестері» деген жолдар бойынша акционерлік қоғамнан басқа, шаруашылық серіктестігі нысанында және басқа нысанда құрылған заңды тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуы бойынша ақпарат көрсетіледі.

36. Осы Ереженің «Алынған заемдар туралы есеп» деген 22-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада есептік кезеңнің соңында екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары алған заемдар туралы ақпарат көрсетіледі. Есептің реттік нөмірі 7-бағанасы бойынша борыштың жалпы сомасы бухгалтерлік баланстың «Алынған заемдар» деген бабына сәйкес келеді.

37. Осы Ереженің «Басқа кредиторлық берешек туралы есеп» деген 23-қосымшасы бойынша

Осы қосымшада бухгалтерлік баланстың «Басқа кредиторлық берешек» деген бабы ашылады. «Басқалары» деген реттік нөмірі 1.12-жол бойынша берешектің сомасы есептіліктің түсіндірме жазбасында ашып жазылуы тиіс.

38. Осы Ереженің «Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп» деген 24-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.

Сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы осы Ереженің 22-қосымшасының реттік нөмірі 4-бағанасына сәйкес келеді.

Аумақтық сипаты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жіктеу есептілікте сақтандыру (тәуекел) объектісінің орналасқан орны бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сақтандыру объектісі ретінде сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру жағдайымен тікелей байланысты мүлік немесе тұлға түсіндіріледі. Сондай-ақ, сақтандыру объектісі бойынша тіркеу құжаттарының бар болуы немесе жоқтығы ескеріледі.

Аумақтық сипат бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жатқызғанда, мыналар ескеріледі:

жеке сақтандыру бойынша – сақтандырылғанның тұрақты тұратын (тіркеу) орны, заңдық мекен-жайы;

сақтандырудың мүліктік түрі бойынша – мүлікті тіркеу орны (мысалы, көлік құралын, орналасқан орны бойынша тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті сақтандырған жағдайда) немесе сақтанушының тіркелген орны (мысалы, заемдарды сақтандырған, басқа қаржылық шығындардан сақтандырған, сот шығыстарынан сақтандырған жағдайда);

азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру сыныптары бойынша – мүлікті тіркеу орны (мысалы, көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған, қауіпті объектілерді немесе орналасқан орны бойынша басқа тіркелетін мүлікті сақтандырған жағдайда) немесе сақтанушыны тіркеу орны (мысалы, кәсіби жауапкершілікті, жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған жағдайда ).

Бұл ретте, аумақтық сипат бойынша сақтандыру сыйлықақыларын бөлгенде, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру деп арнайы рұқсат негізінде жүргізілетін және арнайы білімді, тәжірибені және біліктілікті, оның ішінде осы тұлғаның қызметкерлерінде осылардың бар болуын талап ететін қызметтің процесінде немесе нәтижесінде басқа тұлғаларға зиян келтірумен байланысты, тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырумен байланысты сақтандыру түрлері түсіндіріледі.

Тіркеуге жатпайтын мүлікті (мысалы, офистік жабықтар, жиһаз) сақтандырған жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы сақтанушының тіркелу орнына сәйкес көрсетіледі.

Республиканың түрлі аумақтарындағы мүлікті сақтандырғанда, сақтандыру сыйлықақылары есептілікте мүліктің (мүлік тіркелуге жататын жағдайда) немесе сақтанушының (мүлік тіркелуге жатпаған жағдайда) орналасқан орнына сәйкес көрсетіледі.

Егер көлік құралдары басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіргізілген жағдайда, онда Қазақстан Республикасында көлік құралының уақытша тіркелу орны бойынша ақпарат көрсетіледі.

Сақтандыру объектісін аумақтық сипат бойынша жатқызу үшін мына критерийлер қолданылады:

автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті және ерікті сақтандыру сыныптары бойынша, автомобиль көлігін сақтандыру сыныбы бойынша - автомобиль көлігін тіркеу орны;

ауа, темір жол, су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сыныптары бойынша – көлік құралы иелерінің тіркелу орны;

ауа, су, темір жол көлігін сақтандыру сыныптары бойынша – көлік құралының тіркелу орны бойынша;

міндетті сақтандырудың басқа сыныптары бойынша, жеке сақтандыру бойынша, басқа қаржылық шығындардан, заемдарды, жүкті, кепілдіктер мен кепілдемелерді, сот шығыстарын сақтандырудың сыныптары бойынша – сақтанушының (сақтандырылғанның) тіркелген орны;

мүлікті сақтандыру сыныбы бойынша – мүлікті тіркеу орны;

ипотекалық сақтандыру сыныбы бойынша – сақтанушыны тіркеу орны;

Қазақстан Республикасының резиденттері-емесіне қатысты – сақтандыру шартын жасау орны.

39. Осы Ереженің «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпарат» деген 25-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада ағымдағы жылдың басынан басталған кезең бойынша (өсу қорытындысы бойынша) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпарат көрсетіледі.

Реттік нөмірі 3-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 7-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған тікелей сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 11-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған кіріс қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 12-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалған кіріс қайта сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 14-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.

Реттік нөмірі 15-бағанада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан алынған өтеудің сомасы көрсетіледі.

40. Осы Ереженің «Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат» (1, 2 бөлік) деген 26-қосымшасы бойынша

Осы қосымшада сақтанушы (сақтандырылған) немесе пайда алушы болып екінші деңгейдегі банк табылатын, есептік жылдың басынан басталған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат (өсу жиынтығымен) көрсетіледі.

41. Осы Ереженің «Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері туралы есеп» деген 27-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада тікелей сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетіледі.

Сақтандыру объектісін аумақтық сипат бойынша бөлу үшін 38-тармақта көрсетілген критерийлер қолданылады.

42. Осы Ереженің «Жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп» деген 28-қосымшасы бойынша.

«Барлығы» деген реттік нөмірі 4-жол бойынша жалпы және әкімшілік шығыстардың жиынтық сомасы кірістер мен шығындар туралы есептің «Жалпы және әкімшілік шығыстар» деген бабына сәйкес келеді.

«Басқалары» деген реттік нөмірі 33-жол бойынша ақпарат есептілікке берілген түсіндірме жазбада ашылып жазылады.

43. Осы Ереженің «Экономикалық қызмет түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру төлемдерін жіктеу» деген 31-қосымшасы бойынша.

Осы есепте тікелей сақтандыру шарттары бойынша есептік кезеңнің басынан басталған кезеңде қабылданған сақтандыру сыйлықақылары мен жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері көрсетіледі.

Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері сақтанушының негізгі экономикалық қызмет түрі бойынша жіктеледі.

Есептің реттік нөмірі 3-бағанасы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы Ереженің 10-қосымшасының (Сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп) реттік нөмірі 4-бағанасында көрсетілген тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының сомасына сәйкес келеді.

44. Осы Ереженің «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штаттық актуарийі туралы ақпарат» деген 33-қосымшасы бойынша.

Есептің реттік нөмірі 3-жолында актуарий емтихан талаптарын орындаған курстар көрсетіледі.

45. Осы Ереженің «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшері туралы ақпарат» деген 34-қосымшасы бойынша

Есептің реттік нөмірі 3-бағанасында есепті кезеңнің соңында қолданыстағы сақтандырудың (қайта сақтандырудың) жекелеген шарты бойынша меншікті ұстап қалуының барынша көп шамасы көрсетіледі.

Есептің реттік нөмірі 4-бағанасында нақты төлем қабілеттілігі маржасынан меншікті ұстап қалуының пайызын есептеу үшін соңғы есептік кезеңнің соңындағы төлем қабілеттілігінің нақты маржасы қолданылады.

Есептің реттік нөмірі 5-бағанасында қолданыстағы шарттардың санына қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандырудың) шарттары бойынша меншікті ұстап қалу мөлшерінің қатынасы көрсетіледі.

Реттік нөмірлері 1, 2 және 3-жолдар бойынша сақтандырудың тиісті сыныптары бойынша меншікті ұстап қалудың барынша көп шамасы көрсетіледі.

46. Осы Ереженің «Сақтанушыға берілген заемдар туралы есеп» деген 36-қосымшасы бойынша.

Осы қосымшада «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларға берген заемдары туралы ақпарат көрсетіледі.

10-бағанада баланс бойынша берешектің жиынтық сомасы бухгалтерлік баланстың «Сақтанушыларға берілген заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)» деген бабына сәйкес келеді.

47. Осы Ереженің «Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жасалған қайта сақтандыру шарттары туралы ақпарат» деген 38-қосымшасы бойынша.

Осы есепте Қазақстан Республикасының резиденттері (сақтандыру брокерлерінің қатысуымен) сақтандыру брокерлерінің делдалдығымен есептік кезеңнің басынан жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпарат көрсетіледі.

Есепті Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері береді.    


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының

және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесіне 1-қосымша

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпан №18 Қаулысы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы №24 қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconКредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница