Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы




Скачать 250.37 Kb.
НазваниеМүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы
страница1/2
Дата конвертации10.02.2016
Размер250.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_2149/№ 217 Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (
  1   2


Коммуналдық мүлікті

мүліктік жалдауға (жалға алуға)

беру Қағидасын бекіту туралы


      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабының, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасы бекітілсін.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.

  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



     


Облыс әкімі А.Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2012 жылғы 13 маусымдағы 217

қаулысымен бекітілген


Коммуналдық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

Қағидалары


1. Жалпы ережелер

     

Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің негізгі қағидаттары мен тәртібін айқындайды.

1. Осы коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) теңгерім ұстаушы – жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік коммуналдық мүлкі бар мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын;

      2) мемлекеттік тұрғын емес қор – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге шаруашылық жүргізу немесе шұғыл басқару құқында бекітілген, тұрғын үй қорына енгізілмеген ғимараттар, үй-жайлар және құрылыстар;

      3) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты – жалға беруші (жалдауға беруші) Жалға алушыға (жалдауға алушыға) объектіні ақысын төлеп, уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенетін азаматтық-құқықтық шарт;

      4) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру – жалдауға берушінің (жалға берушінің) коммуналдық мүлікті Жалға алушыға (жалдауға алушыға) ақылы түрде уақытша иеленуге және пайдалануға беруі;

      5) коммуналдық мүлік – әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мүлкi: коммуналдық заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе шұғыл басқару құқында бекітілген ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары, басқа да мемлекеттік коммуналдық меншік объектілері;

      6) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкi коммуналдық меншiкте тұрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелер;
      7) жалға беруші (жалдауға беруші) – мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартындағы тарап – облыстың (ауданның, Ақтөбе қаласының) мемлекеттік коммуналдық меншігін басқаруға, соның ішінде коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге облыстың (ауданның, Ақтөбе қаласының) әкімдігімен уәкілеттік берілген атқарушы орган, бұдан әрі – Жалдауға беруші (жалға беруші);

      8) жалға алушы (жалдауға алушы) – мүліктік жалдау (жалға алуға) беру шартындағы тарап - белгілі мерзімге, белгілі ақыға және шартта белгіленген жағдайларда коммуналдық мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға алған жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар, бұдан әрі – Жалдауға алушы (жалға алушы);

      9) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру объектісі – жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар), бұдан әрі – Объект;

      10) уәкілетті орган – облыстық (аудандық, Ақтөбе қаласының) әкімдіктерімен облыстық (аудандық, Ақтөбе қаласының) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган.

      2. Тарихи-мәдени мұра объектілері, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, облыстың, аудандардың, Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарымен оларды пайдалану және қолдану жағдайларына міндетті келісімі бар болған кезде мүліктік жалдауға (жалға алуға) беріледі.

      Мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескеркіштерін мүліктік жалдауға беру туралы шарт жасаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңында айқындалған.

3. Объектілерді нысаналы тағайындалымы бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдық ақысының мөлшерлемесі осы Қағиданың 4 - тарауына сәйкес Жалдау ақысының есептеу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшеріне сәйкес анықталады.

4. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді Объектінің теңгерім ұстаушысының келісімімен уәкілетті орган Жалға беруші (жалдауға беруші) жүзеге асырады.

5. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысына коммуналдық қызмет төлемдері, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар (егер күрделі жөндеу міндеттері мүліктік жалдауға жалға алуға) беру шарты бойынша жалға алушыға (жалдауға алушыға) жүктелмесе), Объектіге қызмет көрсету төлемдері енгізілмейді, бұл төлемдерді Жалға алушы (жалдауға алушы) ведомстволық күзетке, пайдаланушы, коммуналдық, санитарлық және басқа да қызметтерге тікелей төлейді немесе орталықтандыралған төлемдерге жинақтаса теңгерім ұстаушының есеп шотына төлейді. Жалға беруші (жалдауға беруші) жалға алушыдан (жалдауға алушыдан) жалдау төлемінен басқа, қандайда бір өзге төлемдерді алмайды.

6. Жалға алынған Объектіні пайдаланғаны үшін төлем шартқа сәйкес кезең-кезеңімен енгізілетін төлемдердің тұрақты сомасында белгіленген ұлттық валютада ақшалай жасалады.

7. Мүлiктiк жалдауға алу (жалға алуға) шарты (бұдан әрі – шарт) шарт талаптарын дұрыс орындаған жағдайда жалға берушінің шешімі (бұйрығы) негізінде кейіннін сатып алу құқығынсыз мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

Егер шартта белгіленген мерзім өткенге дейін баланс ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жалға берушінің шешімі (бұйрығы) негізінде негізгі шартқа қосымша келісім жасау жолымен жүзеге асырылады.

Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды қоспағанда, шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін шарт тоқтатылды деп саналады.


2. Коммуналдық мүлікті тендер өткізбестен
мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру



      8. Объектiлерді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру, мына жағдайларды қоспағанда, тендер негізінде жүргізіледі:

1) алаңы 100 шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды, қалдық құны 150 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықтарды және оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге беру;

2) осы оқу ұйымының оқушыларын ыстық тамақпен тамақтандыруды қамтамасыз ету қызметін мемлекеттік сатып алудың жеңiмпазына оқу ұйымдарында тамақ дайындау үшiн үй-жай және құралдар беру. Айына 1 шаршы метр құны 250 (екі жүз елу) теңгені құрайды.

    Жалдаушының алып отырған үй-жайлары мөлшерінің шартта көрсетілген үй-жайлардың мөлшеріне сәйкестігі үшін объектінің теңгерім ұстаушысы жауапты болады.

9. Осы Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінімдер берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.

10. Объектіні тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдауға алушының объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Объектіні жалға беру мақсаттары, жал объектісінің сәйкестендіру мәліметтері, жылжымайтын мүлік объектілеріне арналған инженерлік желілердің бар болуы, автокөліктің, жабдықтардың және басқа мүліктің техникалық сипаттамасы көрсетілген Объектіні жалға беруге келісімі туралы Объектінінің Теңгерім ұстаушысының анықтамасы;

   2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің, құрылтай құжаттарының, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің және азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмелері не көрсетілген құжаттардың  нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді;

      5) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзінді (серіктестік қатысушыларының тізімі жүргізілген жағдайда);

      6) шетелдік заңды тұлғалар үшін –қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалары нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттары;

      7) өтініш беру сәтінде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы.

      11. Өтінішті жалдауға беруші (жалға беруші) күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қарайды.

      Өтінішті және жалдауға беруші (жалға беруші) ұсынған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) Қағиданың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге тапсыру туралы;

      2) Қағиданың 3-тарауына сәйкес, сол бір объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі және одан астам өтініш берген жағдайда, тендер өткізу туралы;

      3) жазбаша түрде себептерін көрсете отырып бас тарту туралы.
      12. Жалдаушымен шарт өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 873 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шартын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шартына (бұдан әрі – шарт) сәйкес жалдау ақының базалық ставкасы бойынша жалдауға берушінің (жалға берушінің) басшысымен немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғамен жасалады.

      Объектіні теңгерім ұстаушының жалға алушыға беруі осы Қағиданың  5-тарауына сәйкес қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.


3. Коммуналдық мүлікті
тендерлік негізде мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру



      13. Тендер өткізу туралы шешім қабылданған кезінде жалдауға беруші (жалға беруші):

  1. тендерлік комиссия құрады;

      2) тендерді өткізу күнін, орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңімпазының таңдау өлшемдерін анықтайды;

      3) тендерлік құжаттаманы бекітеді;

      4) кепілдік жарналарды қабылдайды;

      5) тендерлік комиссия отырысының хаттамаларын бекітеді;

      6) тендер жеңімпазымен шарттар жасасады;

  7) Қағидада көзделген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Тендерді ұйымдастырушы ретінде жалдауға беруші (жалға беруші) әрекет етеді.

      14. Тендерлік комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоса алғанда жалдауға берушінің (жалға берушінің) өкілдері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан құралады. Тендер комиссиясының отырыстары, егер оларға тендер комиссиясы мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысса, заңды болып табылады. Жалдауға берушінің (жалға берушінің) өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссияның құрамы жалдауға берушінің (жалға берушінің) шешімімен бекітіледі.
      Тендерлік комиссияның шешімі тендерлік комиссияның қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыстарымен қабылданады, егер дауыстар тең болған кезде тендерлік комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) объект туралы жалдауға беруші (жалға беруші) берген мәліметтер негізінде тендердің шарттарын әзірлейді, жалдау ақысының ең аз мөлшерлемесі олардың негізгісі болып табылады, ол осы Қағиданың 4-тарауына сәйкес есептелген жалдау ақысының мөлшерлемесінен төмен бола алмайды;

      2) тендерді жариялау үшін тендерлік құжаттаманы және басқа да қажетті құжаттарды дайындайды;

      3) тендерді өткізеді;

      4) Қағидада көзделген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Тендерлік комиссияның хатшысы жалдауға берушінің (жалға берушінің) өкілі болып табылады және комиссияның мүшесі емес. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

      15. Тендерлік комиссияның шешімі бойынша объект үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады.

      16. Жалдауға беруші (жалға беруші) теңгерім ұстаушының уақытша бос объектiлер туралы жазбаша ақпараты негiзiнде, жалдауға (жалға алуға) ұсынылатын объектілер туралы ақпараттық хабарландыру жасайды және тендер өткiзілетін жарияланған күнге дейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрмей қазақ және орыс тілдерінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды. Теңгерім ұстаушының ақпаратында объектiнiң мекенжайы, ауданы, орналасқан жерi, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру мерзiмi, объектінің мақсатты пайдалануы көрсетiледi.

      Тендердi өткiзу туралы ақпараттық хабарға мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлетiн объект туралы ақпарат;

      2) жалдауға (жалға алуға) беру мерзiмi;

      3) жалдау ақының бастапқы ставкасының мөлшері;

      4) тендерді өткізу шарттары;

      5) тендерді өткізу күні, уақыты және орны;

      6) тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі;

    7) кепiлдiк жарна сомасы, оны енгізу үшін мерзімі және банктік реквизиттері;
      8) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;

      9) шарт жасау мерзімі;

      10) тендерлік құжаттарды алу және тендерлік объектімен танысудың мекенжайы, мерзімі және шарттары.

       17. Тендер комиссиясы тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде тендерді өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын жариялануы тиіс.

      Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдар жазбаша өтініш негізінде кепілдік жарнасын және өздерінің шыққан шығыстарын қайтаруды талап ете алады.

      18. Тендерге қатысушылардың өтінімдерін қабылдау және тіркеу тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендерді өткізгенге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.

      Өтінімдерді қабылдаған кезде жалдауға беруші (жалға беруші) осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген құжаттардың бар-жоғын тексереді.

Тендерге қатысуға ынталы тұлғалар тіркеу журналында көрсетіледі.
     19. Тендерге қатысуға арналған өтiнiмде:

      1) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, есеп айырысу шоты (заңды тұлғалар үшiн);

      2) тегi, аты, әкесiнiң аты, тұратын жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың мәлiметтерi (жеке тұлға үшiн);

      3) үміткердің тендерге қатысуға және тендердің талаптарын орындау және тиісті шартты жасау бойынша оның міндеттемелеріне келісімі көрсетіледі.
      20. Өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi:

      1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің, құрылтай құжаттарының, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      2) жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің және үй кітапшасының көшірмелері не көрсетілген құжаттардың  нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      3) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді;

      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзінді (серіктестік қатысушыларының тізілімі жүргізілген жағдайда);

      5) шетелдік заңды тұлғалар үшін –қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттары;

6) кепілдік төлемақыны растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі;

     7) өтінішті жасау сәтінде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы.

      21. Тендерге қатысушылар туралы мәлiметтер тендер басталғанға дейiн жарияланбайды.

      22. Тендерге қатысуға өтінім тендерлік комиссиямен мына жағдайларда:
      1) үмiткер осы Қағиданың 19, 20-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды толық ұсынбаса;

      2) бюджет алдында берешектерi болса;

      3) өткен конкурстың жеңiмпазы болып табылған үмiткер шарт жасау және орындау бойынша мiндеттемелерді орындамаса қабылданбайды. Бұл жағдайда үмiткер осындай дерек белгiлі болған сәттен бастап бiр жыл бойы тендерге қатысуға жiберiлмейдi.

      Басқа негiздемелер бойынша өтiнiмдердi қабылдамауға жол берiлмейдi.
      23. Тендерге қатысушы:

      1) жалдауға (жалға алуға) алу объектiсi туралы қосымша мәлiметтердi тегiн алады;

      2) объектiнi алдын-ала қарайды;

      3) жалдау (жалға алу) шартының талаптарымен танысады;

      4) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысады;

     5) тендерге қатысуға өзiнiң өтiнiмiн қайтарып алу туралы шешiм қабылдаған кезде, тендердің басталуына күнтізбелік үш күн қалғанға дейін жалдауға берушіге (жалға берушіге) жазбаша түрде хабарлайды;

   6) өзiнiң құқығы бұзылған жағдайда сотқа шағымданады.

      24. Егер өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталу сәтінде объектіге бір ғана өтінім тіркелген болса, бұл объект бойынша тендер өтпеді деп танылады (екінші және келесі тендерлерді қоспағанда). Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хаттамамен ресімделеді.

      25. Егер объект тендерге екi рет қойылған болса және оған үмiткер болмаса, онда объектiнi кезектi тендерге қойған кезде, жалдауға беруші (жалға беруші) базалық ставкасын төмендетедi.

      26. Тендерге қатысу үшін кепiлдiк жарна, мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объектіге бір айлық жалдау төлем мөлшерінде, жалдауға берушімен (жалға берушімен) белгіленеді.

      Тендерге қатысушылар жалдауға берушінің (жалға берушінің) депозиттік шотына тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерінде, мерзімі мен тәртібінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдік жарнаны енгізеді.

      27. Тендердің қорытындысын шығарғаннан кейін, осы Қағиданың 28, 29-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысушылармен төленген кепілдік жарна тендердің өткізілген күнінен бастап 10 банктік күннен кешіктірілмей толық көлемде қайтарылды.

28. Тендерді жеңіп алған және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасқан, тендерге қатысушының кепілдік жарнасы, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты бойынша міндетті төлемге жатқызылады.

29. Егер тендерге қатысушы өз ұсынысынан бас тартса немесе оны тендер өткізу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды.
      Тендер жеңімпазының ұсыныстарымен жауап беретін шарттарда шартты жасасудан тендер жеңімпазы жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, ол төлейтін кепілдік жарна қайтарылмайды және тиісті бюджетке аударылады. Бұл жағдайда жалдауға беруші (жалға беруші) дәйектi түрде ең жоғарғы жалдау ақының сомасын ұсынған және тендердің шарттарына сай болатын қатысушылардың арасынан жеңiмпазды анықтайды. Тендерге қатысушылардың барлығы шартты жасасудан бас тартқан кезде жалдауға беруші (жалға беруші) жаңа тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
      30. Егер тендердiң бiрнеше қатысушыларымен бiрдей жалдау ақы ставкасы ұсынылған жағдайда, тендердi өткiзу кезiнде объектiнiң жалдаушы (жалға алушы) болып табылатын, тиiстi түрде өзiнiң мiндеттерiн орындаған тендерге қатысушыға, егер басқасы заңнамалық актiлермен және шартпен көзделмесе, жаңа мерзiмге шарт жасауға басқа қатысушылардың алдында артықшылық берiледi.

      31. Тендердің қорытындысы тендерлік комиссияның хаттамасымен ресiмделедi, онда:

   1) тендерлік комиссияның құрамы;

   2) тендер шарттары;

  3) тендердің қатысушылары туралы мәлiметтер және олардың ұсыныстары;

   4) объект туралы мәліметтер;

   5) тендер барысында белгiленген жалдау ақының ставкалары;

   6) тендер жеңiмпазы;

   7) шартқа қол қою жөнiнде тараптардың мiндеттемелерi;

  8) жеңiмпаздан кейiн жалгерлiк ақының ең жоғарғы ставкасын ұсынған тендерге қатысушылар (дәйектi түрде);

    9) өтінімдері тендерлік комиссиямен қабылданбаған тендерге қатысушылар;

   10) жеңімпаздың болмау себебін көрсете отырып тендердің қорытындысы бойынша басқа шешім;

   11) тендерді ұтып алған жеңімпаздың шарттары көрсетiледi.

      32. Тендердің нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесi жеңiмпазға коммуналдық меншiктегі объектiні мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берудің тиiстi шартын жасау үшiн берiледi.

      33. Хаттамаға комиссияның барлық мүшелерi мен тендер жеңiмпазы қол қояды.
      34. Тендердің жеңімпазымен шарт хаттамаға қол қойылған он жұмыс күні ішінде жасалады. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі  № 873 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шартын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген үлгі шартпен айқындалады.

      35. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт мемлекеттік тіркеуге жатады және мұндай тіркеу сәтінен бастап жасалған деп саналады.

Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалдаушының (жалға алушының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  1   2

Похожие:

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және...
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconМ емлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен ба ғдарламаларды және олардың орындалуы ж өніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді...
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы icon«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconМинистерство по инвестициям и развитию республики казахстан
Интернетке қоғамдық қолжетімділік орындарында Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидасын бекіту туралы
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconІшкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconТехнологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconАвтомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы iconОтбасы ұғымы, неке шарттары, некені тоқтату және жұбайлардың жеке мүліктік құқықтары
Неке-ерлі – зайытылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница