Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Скачать 171.25 Kb.
НазваниеПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
Дата конвертации10.02.2016
Размер171.25 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/125763.doc

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржы-экономикалық факультеті

Салалық экономика кафедрасы

__5В080100 «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған

(мамандық (тардың) атауы және шифрі)

«Агробизнесті ұйымдастыру» _________

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің толық атауы)

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар

Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКIТЕМIН

Қаржы-экономика

факультетінің деканы

____________ Т.Я.Эрназаров

2012ж. __________ «___»

Құрастырушы: доцент А. А. Нұрғалиева __________

Салалық экономика кафедрасы

«Агробизнесті ұйымдастыру» пәнінен

5В080100 «Агрономия» мамандығынан

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

2012ж. «__» _________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ С.К. Кунязова 2012ж. «____»__________

Қаржы – экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған

2012ж. «__» ___________ № __ хаттама

ОӘК төрайымы ___________ А.Б. Темиргалиева 2012ж. «____»______________

КЕЛІСІЛГЕН

«Агротехнология»кафедрасының

меңгерушісі __________с.ғ д., проф. У. Х. Альмишев 2012ж. «____»__________

  1. Оқытушы туралы мәліметтер

Нұрғалиева Айнаш Амангелдіқызы – Салалық экономика кафедрасының доценті (дәріс, тәжрибелік сабақтар, СӨЖ)

Кеңес беру кестеге сәйкес (ауд. 523) қабылданады. тел. 67-36-56 (1193)

  1. Пән туралы мәліметтер

Атауы: «Агробизнесті ұйымдастыру» кәсіпорындағы түрлі экономикалық құбылыстарды модельдеуді және бағалауды, инновацияларды басқаруды және маркетингтік зерттеулерді, аспап жасау саласындағы өндірістік – шаруашылық бағыттарын үйрену. Сабақ өткізу орны – кестеге сай жүргізіледі. Пән бойынша бақылау нысаны – емтихан.

  1. Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

тәжрибе

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

5

1

15

7,5

7,5

60

30

емтихан

4. Пәннің мақсаты және міндеттері

«Агробизнесті ұйымдастыру» пәнін оқыту мақсаты – ауыл шаруышылығы және қайта өндеу кәсіпорындарында менеджмент, маркетинг, өндірісті тиімді және ұтымды ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық білім беру және оны іс жүзінде қолдануды үйрету.

5. Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:

  1. Пәнді зерттеу қажетті экономика саласында және өндiрiстiң ұйымың бiлiмдермен меңгеру болып табылады.

  2. агробизнесті ұйымдастырудың ғылыми негіздері, бизнес түрлері;

  3. әртүрлі меншіктегі АӨК кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері;

  4. бәсекелестік қаблетін және оны жоғарлату мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді;

  5. өсімдік шаруашылығында өндірісті ұйымдастыру;

  6. астық өндіруді ұйымдастыру;

  7. мал шаруашылығы салаларын ұйымдастырудың жалпы мәселелері;

  8. мүйізді қара мал шаруашылығын ұйымдастыру;

  9. қой және құс шаруашылықтарын ұйымдастыру;

  10. агробизнесті жоспарлау

6. Пререквизиттер

«Агробизнесті ұйымдастыру» курсын оқып білу, математика курсынан алған білімдеріне негізделген.

  • маркетинг және менеджмент негіздері;

  • ауыл шаруашылық экономикасы

  • экономикалық теория.

7. Постреквизиттер

Пәнді оқғаннан кейін әртүрлі меншіктегі агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-экономикалық негіздеріне толық икемделеді, және одан әрі келесі пәндерді қарастырады «Кәсіпорын экономикасы».

8. Пәннің тақырыптық жоспары Агр-301

№ п/п

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

Агробизнесті ұйымдастырудың ғылыми негіздері, бизнес түрлері

1

8

2

Әртүрлі меншіктегі АӨК кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері

1

1,5

8

3

Өсімдік шаруашылығында өндірісті ұйымдастыру

1

1

8

4

Астық өндіруді ұйымдастыру

1

1

8

5

Мал шаруашылығы салаларын ұйымдастырудың жалпы мәселелері

1

1

7

6

Мүйізді қара мал шаруашылығын ұйымдастыру

1

1

7

7

Қой және құс шаруашылықтарын ұйымдастыру

0,5

1

7

8

Агробизнесті жоспарлау

1

1

7

Қорытынды:

7,5

7,5

60

9. Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Агробизнесті ұйымдастыру» пәнін оқыту мақсаты – ауыл шаруышылығы және қайта өндеу кәсіпорындарында менеджмент, маркетинг, өндірісті тиімді және ұтымды ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық білім беру және оны іс жүзінде қолдануды үйрету. Қазақстан Республикасының агробизнеске қатысты заңдарын, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және олардың бірлестіктерінің экономикалық-ұйымдастыру негіздерін, өндірісті мамандандыру мен жоспарлауды, жерді және басқадай өндіріс құралдарын ұтымды пайдалану жолдарын, өндірістің жан-жақты байланыстылығын, яғни, техникасын, технологиясын және оны ұйымдастыруды, еңбекті ұйымдастыруды, мөлшерлеу мен ақы төлеудің ғылыми негіздерін, ауыл шаруашылығы салаларының қызметтерін талдау әдістерін жете білге тиіс.

10. Курстың компоненттері

Дәріс сабақтардың мазмұны

Тақырып 1 Агробизнесті ұйымдастырудың ғылыми негіздері, бизнес түрлері

«Аргобизнесті ұйымдастыру» ғылымының мәні. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы өндірісті тиімді дамытып, оның бәсекелестіктегі беріктігін қамтамасыз ету заңдылықтары.

Ғылымның зерттейтін мәселелері – әртүрлі меншіктегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары. Ғылымның мақсаты, әдістері.

Қазақстан ауыл шаруашылығында кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестері.

Ауылдағы өндіріс пен агробизнестің қызметтеріндегі әлеуметтік-экономикалық және табиғи-биологиялық ерекшеліктері. Қазақстандағы агробизнес дамуының негізгі бағыттары.

Тақырып 2 Нарықтық экономика және бизнес

Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны. Іскерлікті ұйымдастыру формалары. Нарықтық экономика. Нарықтық экономиканың мақсаттары. Нарықтың негізгі категориялары, мәні. Нарық түрлері. Нарықтың құрылымы. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым.

Бизнестің мәні, мағынасы, ерекшеліктері, формалары, құрылымы және экономикалық мазмұны. Бизнес түрлері.

3- тақырып. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

Агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы. Нарықтық экономиканың өзіне тән сипаты. Халық шаруашылығы кешенінің барлық құрылымы. Аграрлық сектордың (ауыл шаруашылығы) экономикада алаын ерекше орны. АӨК – нің сферасы. АӨК – нің әр сферасындағы салалары.

4- тақырып. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттары. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін бағалау. АӨК – тің өңдеуші салалары. АӨК – нің өнімдерінің іс жүзіндегі технологиялық циклдің кез келген стадиясында өткерілуінің мүмкіндігі. АӨК – нің еңбек ресурстары.

5-тақырып. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

Халық шаруашылығының саласы. өнімді нақты пайдалану принципі. Еңбек бөлінісін бірегейлеу. Технологиялық процестер, өндірістік техникалық базалардың ортақтастығы, кадрлар құрамының кәсіптік және мамандықтары, өндіруді және басқаруды ұйымдастырудың жүйелері. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру.

6 – тақырып. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы экономикасының саласы. Өндірісті жандандыру түрлері. Өндірістің экономикалық формалары. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру. Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсифті және интенсифті әдістері. Дифференциальды рента. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық факторлары.

7- тақырып. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

Ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі. Нарық айырбастау сферасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастар. Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі. Ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтері және мемлекеттік аграрлық кәсіпорын дамыту жолдары. Нарық механизмі – сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық тепе – теңдікке қалыптасу процессі. Ауыл шаруашылығы үшін материалды – техникалық ресурстар рыногы. Таза бәсекелестік нарығы. Монополистік бәсекелестік нарығы.

4.3 Тәжірибелік сабақтар мазмұны

2- тақырып. Нарықтық экономика және бизнес

    1. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері.

    2. Бизнестің мүмкіндігін анықтау және бағалау

    3. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар

    4. Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны

    5. Іскерлікті ұйымдастыру формалары

    6. Нарықтық экономика ұғымы

    7. Бизнестің ұйымдастыру формасы

    8. Кәсіпкерліктің түрлері

    9. Қазақстандағы ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер

3- тақырып. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

  1. АӨК – і жөніндегі ұғым, оның құрамы мен құрылымы

  2. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

  3. Экономикадағы негізгі салааралық кешендер

  4. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі төрт түрлі сферасы

4- тақырып. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

  1. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

  2. Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттары

  3. Ауылшаруашылығындағы әлеуметтік тиімділіктің көрсеткіштері

5-тақырып. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

  1. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

  2. Жеке салалар мен қосымша салалар

6 – тақырып. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

  1. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

  2. Өндірісті жандандыру

  3. Жай және кеңейтілген жандандыру

7- тақырып. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

  1. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

  2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі негізгі үш факторы

  3. ҚР мемлекеттік саясатының аграрлық секторына байланысты негізгі кезеңдер

4.4 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

Студенттердің өзіндік жұмысына кіреді:

  • дәріс сабақтарына дайындалуы;

  • тәжірибелік сабақтарға дайындалуы;

  • курстың тақыраптарын өздігінен меңгеруі;

  • бақылау жұмысты орындау

  • СӨЖ көлемі сағатпен кестелерде көрсетілді (сырттай, орта кәсіби білім беру негізінде)

СӨЖ+ОСӨЖ мазмұны (1 семестр)

СӨЖ түрі

Есептеу формасы

Бақылау түрі

Көлем, сағ.

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Сабаққа қатысу

9

2

Тәжірибелік сабақтарға

дайындалу

Жұмыс дәптері, кес-телерді, формулалар-ды дайындау

Сабаққа қаты-су, жұмыс дәп-терді қарау

15

3

Курстың тақыраптарын

өздігінен меңгеру

Конспект

Конспекті қарау

30

4

Бақылау жұмысты орындау

6

Барлығы

60

Курстың тақырыптарын өздігінен меңгеруге арналған сұрақтар

1- тақырып. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті (бизнесті) жасау үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік процестің элементтері. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті қалыптастыру шарттары: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық т.б. Ауыл шаруашылығындағы бизнесті құру үшін қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттар. ҚР ауыл шаруашылығына байланысты заңдар мен заңнамалар

Бақылау түрі: ауызша сұрау

2- тақырып. Нарықтық экономика және бизнес

Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны. Іскерлікті ұйымдастыру формалары. Нарықтық экономика. Нарықтық экономиканың мақсаттары. Нарықтың негізгі категориялары, мәні. Нарық түрлері. Нарықтың құрылымы. Нарықтың функциялары және нарықтық инфрақұрылым.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

3- тақырып. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы

Агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы. Нарықтық экономиканың өзіне тән сипаты. Халық шаруашылығы кешенінің барлық құрылымы. Аграрлық сектордың (ауыл шаруашылығы) экономикада алаын ерекше орны. АӨК – нің сферасы. АӨК – нің әр сферасындағы салалары.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

4- тақырып. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі

Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттары. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін бағалау. АӨК – тің өңдеуші салалары. АӨК – нің өнімдерінің іс жүзіндегі технологиялық циклдің кез келген стадиясында өткерілуінің мүмкіндігі. АӨК – нің еңбек ресурстары.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

5-тақырып. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны

Халық шаруашылығының саласы. өнімді нақты пайдалану принципі. Еңбек бөлінісін бірегейлеу. Технологиялық процестер, өндірістік техникалық базалардың ортақтастығы, кадрлар құрамының кәсіптік және мамандықтары, өндіруді және басқаруды ұйымдастырудың жүйелері. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

6 – тақырып. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы экономикасының саласы. Өндірісті жандандыру түрлері. Өндірістің экономикалық формалары. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру. Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсифті және интенсифті әдістері. Дифференциальды рента. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдық факторлары.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

7- тақырып. Нарық және ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі

Ауылшаруашылығындағы нарықтың механизмі. Нарық айырбастау сферасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастар. Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру қажеттілігі. Ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтері және мемлекеттік аграрлық кәсіпорын дамыту жолдары. Нарық механизмі – сұраным мен ұсынымның арасында нарықтық тепе – теңдікке қалыптасу процессі. Ауыл шаруашылығы үшін материалды – техникалық ресурстар рыногы. Таза бәсекелестік нарығы. Монополистік бәсекелестік нарығы.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

Курстың саясаты

Студент дәріс, тәжірибелік сабақтарана қатысуға, курстың жеке сұрақтарын өздігінен меңгеруге міндетті: уақытында тәжірибелік тапсырмаларды орындау, студенттік ғылыми конференцияларына қатысу. Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарындың талқылағанда және топтың жұмысында белсенді болу, топтастар-дың оқытуына жәрдем беру керек. Сабақтан кейін студенттен дәріс конспектің көрсетуді сұрау оқытушыда құқығы бар. Сабақ үстінде тәртіп ережелерді бұзған-да студент осы жоспарланған бақылау түрінен баллдардан айырылады немесе ау-диториядан қуып шығарылады, бұл университеттің ішкі тәртібін бұзушылық ре-тінде саналады студентті максималды жазалау түрінде университеттен шығарады.

Келесі штрафтық санкциялар қойылады:

  • себепсіз дәріс, тәжірибелік сабақтарды босатқан үшін –осы бақылау тү-ріне қойылған, рейтингтің максималды балл қойылады;

  • тәжірибелік тапсырмалар, өздігінен меңгеруге курстың сұрақтары уақы-тында тапсырылмаса – осы бақылау түріне қойылған, рейтингтің максималды балл 50% қойылады.

Қорытынды формасы – емтихан, жазбаша түрде сұрақтар бойынша өткізіледі. Емтиханда көшіреге болмайды.

Пән бойынша рейтингті санау әдісі

Қортынды бақылау (арадағы аттестацияны бақылау)

5В080100 «Агрономия» мамандығы бойынша «Агробизнесті ұйымдастыру» пәні бойынша қорытынды бақылауға кіреді: ағымдағы үлгерім және емтихан. Ағымдағы үлгерімді бақылауға ағымдағы және аралық бақылау кіреді.

Қорытынды бақылаудың басым бөлігі кестеде көрсетілген.

Бақылау бойынша басым бөліктерге бөлу

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Басым бөлігі

1

Емтихан

Ағымдағы үлгерімді

емтихан.

0,6

0,4

Межелгі бақылауды бағалау 100 балмен есептеледі. Межелгі бақылауды бағалау (МБ) 100 балмен есептеледі. Межелік бақылауға ағымдағы үлгеру қорытындысына байланысты балдары бар студенттер жіберіледі. Ағымдағы үлгеру және межелік бақылау қорытындысы бойынша анықталады (Р1 және Р2) пәні бойынша:

Р1(2)= ТУ1(2)*0,7+ МБ 1(2)*0,3

Рейтинг қойылмайды, егер студент МБ өтпеді немесе МБ 50 баллдан төмен болса.

Рейтингті бағалауға рұқсат студентке (РР) семестрге анықталады:

РР = (Р1+Р2) /2

Сабақты оқыту емтиханмен аяқталады.

Емтиханға кіру үшін қажет:

- барлық жұмыс бағдарлама бойынша берілген тапсырманы орындау;

- 50 баллдан төмен болмау керек

Емтихан 100 балмен есептелінеді.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді:

Қ = РР * 0,6 + Е * 0,4,

мұнда РР – рұқсат рейтингке;

Е – емтихандық сандық эквивалент.

Қорытынды рейтинг (аралық аттестацияның бағалауы)

Әр семестр жартысы (бірінші және екәнші рейтинг) үшін қорытынды ағымдағы үлгерім бойынша жалпы балл дәріске қатысуынан, өзіндік жұмысынан, тапсырылған тәжірибелік тапсырмалардан, студенттік ғылыми конференциясы жұмысына қатысуынан, межелгі бақылау қорытындысынан алынған балдардан жиналады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030, Алматы, 2007

  2. Абильдин С.А. и др. Организация агробизнеса. Алматы, КазНАУ, 2007

  3. Государственная агропродовольственная программа Республики Казахстан на 2003-2005 годы // Правительственный бюллетень, № 3 (3), сентябрь-октябрь, Астана – 2008, 495 с.

  4. Закон РК «О крестьянском (фермерском) хозяйстве». Алматы, «Фермер», 2009

  5. Фермерское дело. под редакцией Сагадиева К.А. Алматы, Казгосаргу, 2009

  6. Есполов Т.И. Агропромышленный комплекс Казахстана: ресурсное развитие. – Алматы: Гылым, 2008. – 245 с.

  7. Шамырканова Д. Проблемы комплексного развития социальной инфраструктуры региона // Саясат-Policy. – 2007. - № 6. - С. 26.

  8. Бельгибаев К.М. Экономика аграрного сектора (учебное пособие) «Ұлағат», 2010

  9. Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Аграрная экономика. Учебник, Алматы, 2007

  10. Нұрғалиева А.А. Ауылдық аудандара әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі. Дисс. жұмыс. Алматығ 2010 ж.

Қосымша

  1. Шалыгина В.Г., Омарханова Г., Отарбаева Г. Состояние сельского хозяйства РК за 1991-2001 гг. // Проблемы агрорынка. – 2001. - № 2. – С. 12-13.

  2. Кошанов А.К. Устойчивое развитие экономики Казахстана в условиях глобализации // Саясат. – 2001. – № 2. – С. 14-18.

  3. О концепции развития сети микрокредитных организаций для кредитования сельскохозяйственных товаропроизводителей Республики Казахстан: постановление Правительства Республики Казахстан. – 2006, апрель – 28 - № 337.

  4. Есентугелов А., Дебердеев А. и др. Сельское хозяйство Казахстана: проблемы, пути их решения. – Алматы, 2001. – 91 с.

  5. Калиев Г.А. Аграрные реформы на рубеже веков. – Алматы: РГП «НИИ экономики АПК и развития сельских территорий», 2003. – 326 с.

  6. Калманова Н. Некоторые направления формирования аграрной политики ЮКО // Саясат-Policy. – 2006. - № 7. - С. 41-45.

  7. Тойкин С.Қ. және т.б. Аграрлық экономика, Семей, 2007

Похожие:

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандық студенттеріне арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница