Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы




НазваниеЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
страница8/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.02 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish870363_9127.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қаулыда, № 181 қаулыда, № 189 қаулыда және № 215 қаулыда Қор (Ұйым) үшін белгілеген пруденциалдық нормативтердің және өзге де нормалар мен лимиттердің мәндеріне әсерін қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына талдау жасауды;

портфельдердің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша талдау, шығынды позицияларға және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарға талдау жасауды;

зейнетақы жарналары мен төлемдері мөлшерлерінің болжамы бар, сондай-ақ Қор міндеттемелерінің оларды орындау мерзімдері бойынша құрылымын (салымшылардың санаттары бойынша бөлінген салымшылардың жынысы, жасы, зейнетақы төлемдерінің саны мен сомасы туралы ақпарат кіретін, салымшылардың құрылымын талдау негізінде) талдау жасауды жүргізеді.

Ұйым оған Қордың зейнетақы және (немесе) меншікті активтері инвестициялық басқаруға берілген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасауды Қор ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады;

3) күн сайынғы негізде:

салымшылардың (алушылардың) және қарсы агенттердің алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, меншікті және зейнетақы активтері бойынша гэп-позициялар лимиттерінің сақталуын шолу, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі кіретін ақша ағындарын (өтімділікті) басқаруды жүргізеді.

2. Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері Қағидалардың осы қосымшасының 1-тармағында көрсетілген талдамалық зерттеулердің негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.

3. Ұсынымдар:

1) корпоративтік стратегияны, инвестициялық декларацияларды және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) инвестициялау лимиттерін белгілеу мен қайта қарау;

3) шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін белгілеу мен қайта қарау;

4) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.

4. Ұсынымда мынадай мәліметтер болады:

1) ұсынымның нөмірі және берілген күні;

2) зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің түрі;

3) Қордың (Ұйымның) ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі туралы мәліметтер;

4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

5) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері және ұсынылатын шешімдер нұсқалары;

6) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып қойылған қолдары;

7) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат.

5. Қағидалардың осы қосымшасының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде берілетін ұсынымда:

1) мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері:

жасалатын мәміленің зейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері;

осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер;

жасалатын мәміленің № 180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 189 қаулымен және № 215 қаулымен белгілеген пруденциалдық нормативтер мәндерінің өзгерісіне әсері;

2) ұсынылатын инвестициялық шешімнің нұсқалары;

3) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсете отырып осы құралдың сипаттамасы;

4) инвестициялық декларацияларға (Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатына) сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты болады.

6. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.

7. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі:

1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында («stop-loss») бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау жөніндегі жедел рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілікті қаржы құралдары бойынша бағалардың шекті деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының («take-profit») төмендеу ықтималдылығы жоғарлайды. «Stop-loss» және «take-profit» лимиттері белсенді нарық жұмыс істейтін қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті белгілейтін өзге де құралдары үшін белгіленеді;

2) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшемен бірлесіп, қаржы құралдары нарығының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін қайта қарауға бастамашы болады;

3) зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің және (немесе) меншікті активтер бойынша қалыптастырылған инвестициялық портфельдің түрлері бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық және қор тәуекелдеріне ұшырауы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады.

8. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің Қағидалардың осы қосымшасының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай мәліметтер болады:

жасалатын мәміленің директорлар кеңесі және инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына әсері;

180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 189 қаулымен және № 215 қаулымен белгілеген пруденциалдық нормативтер мәндерінің ықтимал өзгеруі;

осы қаржы құралын сатып алуға байланысты тәуекелдер.

9. Қордың директорлар кеңесі талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде:

1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді;

2) Қордың инвестициялық портфельдері және (немесе) меншікті активтерінің түрлері бойынша жиынтықтағы зейнетақы активтері есебінен инвестициялаудың мынадай лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:

белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері («елге лимит»);

қызметінің негізгі түрі экономиканың белгілі бір секторына байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;

3) Қордың зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтері бойынша инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:

қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;

валюталық нетто-позиция лимиті;

инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері.

10. Ұйымның директорлар кеңесі талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде Ұйымның меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді, Қағидалардың осы қосымшасының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Ұйымның меншікті активтері есебінен инвестициялау лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды.

11. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде инвестициялық шешімдер қабылдайды, тоқсанда кем дегенде бір рет:

1) Қордың зейнетақы активтеріне (жиынтықта инвестициялық портфельдердің барлық түрлері бойынша) және (немесе) меншікті активтеріне қатысты немесе Ұйымның (Ұйымның меншікті активтеріне қатысты) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді:

бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді;

қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттерін;

қаржы құралдары үшін «take-profit» лимиттерін;

2) Қордың инвестициялық портфельдерінің түрлері бойынша зейнетақы активтеріне немесе Ұйымның (Ұйымның меншікті активтеріне қатысты) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді:

қаржы құралдары номинирленген валюталар бойынша инвестициялау лимиттерін;

шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралдарының түрлері және эмитент бойынша);

тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше тоқсан сайын жүргізетін зейнетақы және меншікті активтер бойынша гэп-позицияларды талдау негізінде гэп-позициялар лимиттерін;

3) «stop-loss» және «take-profit» лимиттері белгіленетін қаржы құралдарының тізбесін белгілейді және қайта қарайды.

12. Зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралының түрлері, жеке қаржы құралы бойынша және эмитент бойынша):

1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын Қор бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шеңберінде Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Қордың инвестициялық комитеті бекітеді;

2) Қордың зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға берген Қор бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шеңберінде Ұйымның тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Ұйымның инвестициялық комитеті бекітеді.

13. Зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:

ШЖБЖМ (жиынт.) ЗА бойынша <= ЗА болжам *(К2 болжам -120%*(К2 болжам жүйе бойынша*0,7)), мұнда:

ШЖБЖМ (жиынт.) ЗА бойынша - есептеу күнінде зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;

ЗА болжам - келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша зейнетақы активтері мөлшерінің болжамды мәні;

К2 болжам - инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша пайыздың абсолютті мәні ретінде көрінген, келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 (алпыс) ай ішінде Қордың К2 мөлшерінің болжамды мәні;

К2 болжам жүйе бойынша - инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жүйе бойынша пайыздың абсолютті мәні ретінде көрінген, келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 (алпыс) ай ішінде бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша К2 орташа мөлшерленген мөлшерінің болжамды мәні;

К2 болжам жүйе бойынша * 0,7 - инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша пайыздың абсолютті мәні ретінде көрінген К2 болжамды мәні, бұл кезде Қор инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша нақты өтеуді бастайды.

14. Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

ШЖБЖМ(жиынт.) МА <= 80%* (МКболжам-МКнорматив), мұнда:

ШЖБЖМ(жиынт.) МА - Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;

МКболжам - келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша Қордың (Ұйымның) меншікті капиталы мөлшерінің болжамды мәні;

МКболжам = ӨАболжам - Мболжам;

ӨАболжам - өтімді активтер мөлшерінің болжамды мәні;

Мболжам - міндеттемелер мөлшерінің болжамды мәні;

МКнорматив = ВПА * К1 мұнда:

МЗА - соңғы есепті күндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген зейнетақы активтері;

К1 - Ұйымның және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың арасында жасалған меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентін сақтау туралы шартпен белгіленетін меншікті капитал жеткіліктілігінің барынша төмен деңгейі;

МКнорматив - меншікті капитал жеткіліктілігі жөніндегі ең төмен талап орындалатын меншікті капиталдың есептелетін мөлшері.

15. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша жиынтық шығындар зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінен аспауы тиіс.

Қор (Ұйым) нақты шығындар шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнінен немесе ел, валюта, экономика секторы, қаржы құралының түрлері бойынша, эмитент бөлігінде асқан жағдайда талдау жүргізеді және жасалған талдау нәтижелеріне байланысты тиісті түзету шараларын жүзеге асырады не шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнін қайта қарайды.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

және зейнетақы активтерін

инвестициялық басқаруды

жүзеге асыратын ұйымдар үшін

тәуекелдерді басқару және

ішкі бақылау жүйелерін

қалыптастыру
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница