Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы




НазваниеЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
страница6/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.02 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish870363_9127.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
заңмен, Акционерлік қоғамдар туралы заңмен, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңмен қорғалатын ақпарат тізбесін;

2) Қағидалардың осы қосымшасының 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін;

3) осы ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, Қағидалардың осы қосымшасының 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратқа рұқсат беру тәртібін;

4) мыналарды көздейтін Қағидалардың осы қосымшасының 11- тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпараттың жария болуын және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау тетіктерін:

шектеулі рұқсаты бар ақпараттық деректер тізбесін;

рұқсат алу тәртібін;

ақпараттық деректерге рұқсатты, ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалар лауазымдарының тізбесін бақылау тәртібін;

5) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруы және пайдаланушының жеке басын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі арқылы автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.

12. Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметті көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу қағидалары:

1) Қордың (Ұйымның) комиссиялық сыйақысының шекті шамасын;

2) комиссиялық сыйақысы шамасын өзгерту тәртібін және жиілігін;

3) салымшылар (алушылар) үшін комиссиялық сыйақысы шамасының өзгеруі жөніндегі ақпарат жарияланатын мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді;

4) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін;

5) Қордың (Ұйымның) алатын комиссиялық сыйақыларына шектеулер енгізу талаптарын белгілейді.

13. Ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері:

1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

2) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

3) ішкі аудиттің мәнін және объектісін;

4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;

5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін;

6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі мен басқармасына ұсыну мерзімдерін және нысанын белгілейді.

14. Ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері:

1) ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

2) ішкі бақылаудың мәнін және объектісін;

15. Іс жүзіндегі және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясатына:

1) Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың Қор салымшыларының (алушыларының) және (немесе) Қор (Ұйым) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі ықтимал жағдайларды анықтау;

2) Қағидалардың осы қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері қызметінің қағидаттары;

3) Қордың (Ұйымның) органдарының, бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің қызметі барысында Қағидалардың осы қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды анықтау және сипаттау мақсатында мәліметтерді жинауды, сақтауды және оларға мониторинг жасауды жүзеге асыру тәртібі;

4) Қағидалардың осы қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің шешімдерді қабылдауға қатысу құқығын шектеуді қоса алғанда, қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған, Қор (Ұйым) органдарының шешімдерді қабылдау рәсімдері кіреді.

16. Ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізу қағидаларына:

1) журналдардың саны және атауы;

2) журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі;

3) журналдардың уақтылы және дұрыс толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі кіреді.

17. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа:

1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;

2) төтенше жағдайлар басталған кезде Қор (Ұйым) қызметкерлері іс-әрекеттерінің сипаттамасы;

3) Қор (Ұйым) қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерді және өзге де жабдықтарды пайдалану тәртібі;

4) Қордың (Ұйымның) үй-жайларын оларды жабу алдында қарау жүйелілігі кіреді.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

және зейнетақы активтерін

инвестициялық басқаруды

жүзеге асыратын ұйымдар үшін

тәуекелдерді басқару және

ішкі бақылау жүйелерін

қалыптастыру қағидаларына

5-қосымша

 

 

Инвестициялық декларациялар және Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау

саясаты

 

1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін, инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялық декларациялар әзірленеді:

1) зейнетақы активтерін инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

3) қаржы құралдарының түрлері және валюталық нетто-позиция үлесі бойынша зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттері;

4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;

7) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу саясаты.

2. Қордың директорлар кеңесі инвестициялық декларацияларды және оларға барлық өзгерістер мен толықтыруларды:

1) Қор зейнетақы активтерін дербес басқарған жағдайда - Қордың инвестициялық комитетімен;

2) Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда - Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.

Инвестициялық декларациялар және оларға барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында он бес мың данадан кем емес таралыммен таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және (немесе) Қордың Интернет-ресурсында орналастырылады.

3. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін, Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты әзірленеді:

1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

3) қаржы құралдарының түрлері және валюталық нетто-позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;

5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;

7) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жол берілетін ең көп жиынтық мөлшері.

4. Қордың директорлар кеңесі Қордың меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды:

1) Қордың басқармасымен;

2) Қордың меншікті активтерін дербес басқарған жағдайда - Қордың инвестициялық комитетімен немесе Қор мен Ұйымның арасында Қордың меншікті активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда - Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.

5. Ұйымның директорлар кеңесі Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды Ұйымның басқармасымен және инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

және зейнетақы активтерін

инвестициялық басқаруды

жүзеге асыратын ұйымдар үшін

тәуекелдерді басқару және

ішкі бақылау жүйелерін

қалыптастыру қағидаларына

6-қосымша

 

 

Ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыру

 

1. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеcінен:

тоқсан сайынғы негізде - Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты талдау қорытындылары туралы жиынтық есепті;

алты айда бір реттен кем емес - қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті алады;

2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеciнен:

Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде - белгіленген лимиттерді сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты;

әрбір екі ай сайын - Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес стресс-тестингтердің және бэк-тестингтердің нәтижелерін алады;

Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде - шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты;

3) Қордың (Ұйымның) бюджетті талдауды және жоспарлауды жүзеге асыратын бөлімшеcінен - Қордың (Ұйымның) қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есепті өткен есепті кезеңнің осындай кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыра отырып тоқсан сайынғы негізде алады;

4) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша орын алған кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымдарды қамтитын тексерулердің нәтижелері жөніндегі есептерді осы есептердің дайындалу шамасына қарай алады;

5) Қордың (Ұйымның) басқармасынан - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша ішкі аудит қызметі ұсынымдарының орындалуына бақылау жасаудың нәтижелері туралы есепті тоқсан сайынғы негізде алады.

Директорлар кеңесіне берілетін ақпарат директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізіледі немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне Қордың (Ұйымның) бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның қойған қолымен және Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылған ілеспе хатпен жіберіледі.

2. Қордың (Ұйымның) басқармасы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

1) Қордың (Ұйымның) талдамалық қызметтерді жүзеге асыратын бөлімшесінен - Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ақпаратты талдау нәтижелері туралы жиынтық есепті тоқсан сайынғы негізде алады;

2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен - Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде алады;

3) Қордың (Ұйымның) бюджетті талдауды және жоспарлауды жүзеге асыратын бөлімшесінен - Қордың (Ұйымның) қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есепті өткен есепті кезеңнің осындай кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыра отырып тоқсан сайынғы негізде алады;

4) Қордың (Ұйымның) кірістерін (шығыстарын) бақылайтын Қордың (Ұйымның) бөлімшесінен - Қордың (Ұйымның) кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерін, аумақтық және қызметтік бөлімшелер қызметтерінің түрлері бойынша динамиканы қоса алғанда, қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып тоқсан сайынғы негізде;

5) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша орын алған кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымдарды қамтитын тексерулердің нәтижелері жөніндегі есептерді осы есептердің дайындалу шамасына қарай алады;

6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан - қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы жөніндегі есепті қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты анықталуы шамасына қарай алады;

7) Қордың (Ұйымның) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мыналар:

аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жай-күйі;

есепті кезеңде анықталған техникалық проблемалар;

Қордың (Ұйымның) ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;

проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайта туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған іс-шаралар туралы ақпаратты алады;

8) Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен - бөлімшелердің не қызметкерлердің инвестициялаудың белгіленген лимиттерін бұзуы туралы ақпаратты ақпараттың пайда болуына қарай алады;

9) Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен:

бөлімшелердің не қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарын және Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарын бұзуы туралы ақпаратты - ақпараттың туындау шамасына қарай;

жөнсіздіктерді өз бетімен анықтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді ақпараттың туындауына қарай алады;

10) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен - қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті кем дегенде алты айда бір рет алады;

3. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін:

1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден:

қалыптасып отырған геосаяси жағдайға, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдауды жарты жылдықта кем дегенде бір рет;

эмитенттің қаржылық жай-күйін талдауды, қабылданған міндеттемелерге жауап беру қабілетін, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, эмитенттерге және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына жасалған талдауды - тоқсанына кем дегенде бір рет;

портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельді талдауды, шығынды позицияларды талдауды, портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды - тоқсанына кем дегенде бір рет;

зейнетақы жарналары мен төлемдері мөлшерлерінің, сондай-ақ Қордың міндеттемелерді орындау мерзімдері бойынша олардың құрылымының болжамы (салымшылардың санаттары бойынша бөлінген салымшылардың жынысы, жасы, зейнетақы төлемдерінің саны мен сомасы туралы ақпаратты қамтитын салымшылардың құрылымына жасалған талдау негізінде) кіретін талдау - тоқсанына кем дегенде бір рет;

салымшылар (алушылар) және қарсы агенттер алдындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, меншікті және зейнетақы активтері бойынша гэп-позициялар лимиттерінің сақталуына жасалатын шолуды, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингін қамтитын ақша ағындарын (өтімділікті) басқару жөніндегі ақпаратты - күн сайынғы негізде;

қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың анықталғаны жөніндегі есепті анықталуына қарай;

эмитенттің қаржылық жай-күйінің мониторингін, сондай-ақ эмитенттің қаржы құралдарының құнына немесе оның өз міндеттемелерін орындау қабілетіне әсерін тигізетін ақпараттың пайда болуы туралы есептерді - тоқсанына кем дегенде бір рет алады;

2) талдамалық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшеден - ұсынымдарды және де тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден - қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша мынадай лимиттерді белгілеу (қайта қарау) бойынша қорытындыларды:

Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша немесе меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шегінде анықталатын шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (ел, валюта, экономика секторы, қаржы құралының түрлері бойынша) - тоқсанына кем дегенде бір рет;

бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді және осы тәуекелдердің № 180
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница