Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы




НазваниеЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
страница5/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.02 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish870363_9127.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
заңнамасының, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалады.

6. Қордың зейнетақы Қағидалары Қордың және салымшылардың (алушылардың) арасында туындайтын құқықтық қатынастар ерекшеліктерін белгілейді және оған:

1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер;

2) мыналар:

салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың уақтылы келіп түсуін және есепке алудың дәйектілігін қамтамасыз ету;

салымшылардың (алушылардың) шағымдарын және өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Қор салымшыға (алушыға) жіберген жауабының мазмұнына қойылатын талаптарды және оларды қарау мерзімін көрсете отырып, салымшылардың (алушылардың) шағымдарын және өтініштерін қарау;

салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

зейнетақы активтері есебінің Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандартарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

зейнетақы активтерін есепке алудың және зейнетақы активтерін инвестициялау уақтылы болуының Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне мониторингін қамтамасыз ету;

комиссиялық сыйақыны дұрыс есептелуін тексеру;

Қордың, салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін өтініш жасаған оның филиалдарының және (немесе) өзге бөлімшелерінің (өкілдіктерінен басқа) орналасқан жерін көрсете отырып, Қорда салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу қызметінің ұйымдастырылуын бақылау;

салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын жасасуға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша функциялар жүктелген Қор қызметкерлерінің қызметін бақылау бойынша рәсімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, салымшылармен (алушылармен) жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртібі;

3) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін инвестициялық декларациялар;

4) Қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметінің барысында пайдаланатын құжаттардың үлгі нысандары кіреді.

7. Қордың (Ұйымның) ішкі инвестициялау қағидалары зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді басқарушының құқықтары мен міндеттерін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызмет барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және оған:

1) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес инвестициялық декларацияларды әзірлеу;

2) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;

3) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін:

ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;

зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша және (немесе) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ахуалын талдауды жүзеге асыру тәртібін;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының болуын, айналыста болу талаптарын және кірістілігін талдау тәртібін;

инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдау тәртібін;

180 қаулыда, № 181 қаулыда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) (бұдан әрі - № 189 қаулысы), «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) (бұдан әрі - № 215 қаулысы) белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауды талдау тәртібін;

ұсынымдар беру үшін маңызды факторларын талдау тәртібін көздейтін ұсынымдарды әзірлеу;

4) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткізу және қорытындыларды рәсімдеудің кезеңділігі қамтылған инвестициялық шешімдерді қабылдау;

5) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Қордың (Ұйымның) органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесуі, Қор зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған жағдайда - инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Ұйымның және Қордың құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесуі рәсімдері;

6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәміле жасау болжанатын делдалмен (брокермен) (ондай бар болған кезде) өзара әрекеттесу, зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәмілелерді жасауды бақылау, активтердің құрамын және қозғалысын, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын салыстырып тексеру үдерістерінің сипаттамасы, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәмілелерді бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бар зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәмілелер жасау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

7) Комитеттің, Қордың (Ұйымның) тиісті органдарының, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға берген Қорлардың (Ұйым үшін) алдында зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің нәтижесі бойынша есептілікті дайындау бойынша рәсімдердің сипаттамасы кіреді.

8. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

9. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды белгілейді:

1) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесінің, басқармасының мүшелерінің және жауапты қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;

2) білімінің және жұмыс стажының болуы жөніндегі талаптарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды және қаржы нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын;

3) Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық жай-күйі мен қызметі және кредиттік, пайыздық, валюталық, ел (трансферт), бедел тәуекелдерін, өтімділікті жоғалту тәуекелін және өзге де белгіленген тәуекелдерді сәйкестендіретін және өлшейтін, тәуекелдерге ұшырау дәрежесін, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын анықтайтын басқару есептілігінің белгілі бір нысандары түрінде қабылданған тәуекелдер туралы ақпарат форматын;

4) Қордың (Ұйымның) ұйымдастыру құрылымының құрамында Қордың (Ұйымның) қызметінің өзге түрлерін жүзеге асыруға қатыспайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке бөлімшенің болуын;

5) лицензияланатын қызмет түріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторингі және бақылау жасау рәсімдерін, оның ішінде:

болжанатын тәуекел (VAR-модель) бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын пайдаланумен тәуекелдерді бағалау әдістемесін;

туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларға тән тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерді өлшеу тәртібін, пайдаланылатын тәуекелді өлшеу модельдерінің сипаттамасын;

қаржы құралының құнына әсер ететін тәуекелдерді ескере отырып, оның құнын белгілеу рәсімдерін;

6) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерге қатысты белгіленген инвестициялау лимиттерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;

7) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;

8) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, «stop-loss», «take-profit» лимиттерін белгілеу және орындауға бақылау жасау қағидаларын;

9) орта және ұзақ мерзімді болашақта инвестициялық рентабельдіктің тұрақты көрсеткіштерін қолдау мақсатында инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша құрылымдау рәсімдерін;

10) қаржы құралдарын сатып алудан (сатудан) болатын шамадан тыс шығыстардың алдын алу және көрсетілген тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;

11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдер үдеген жағдайда, инвестициялық декларацияларға өзгерістер енгізуге бастамашы болу және инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, «stop-loss» және «take-profit» лимиттерін қайта қарау тәртібін;

12) тізбесі Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында анықталатын лицензияланатын қызмет түрлері аясында жүзеге асырылатын операцияларды бақылаудың екі деңгейін:

операцияны орындайтын қызметкер - бірінші деңгей, операцияны орындайтын қызметкерге бақылау жасайтын тікелей басшы - екінші деңгей;

операцияны орындайтын бөлімшенің қызметкері (басшысы) - бірінші деңгей, осы операцияны орындауды бақылайтын өзге бөлімшенің қызметкері (тікелей басшы) - екінші деңгей;

13) зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелерді жасау және мәмілелерді жасау және жасалған мәмілелерді есепте көрсету жөніндегі функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің қызметіне бақылау жасау жүйесін. Бақылау жасау жүйесі:

тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің жасалуы жоспарланып отырған мәмілелер өлшемдерінің инвестициялау лимиттеріне сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;

құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеуді;

зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің орындалған мәмілелер өлшемдерінің инвестициялық шешімдердің талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;

зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің тек қана инвестициялық шешімде көрсетілген өлшемдерінің сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;

ішкі аудит қызметінің Қор (Ұйым) бөлімшелерінің оларға бақылау жүйесі аясында жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауына бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;

бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын көздейді;

14) инвестициялық шешімдерді орындауға байланысты транзакциялық шығыстарға талдау жасауды қоса алғанда, тұрақты түрде мониторинг жасау және қабылданған инвестициялық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;

15) мыналарды белгілейтін Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін және бухгалтерлік есепті жүзеге асыру тәртібін:

Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлімшелерді, олардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

операцияларды жүргізудің техникалық тәртібін;

Қордың (Ұйымның) операцияларын бухгалтерлік есепке алу жүйесін;

Қордың (Ұйымның) құжат айналымы және іс қағаздарын жүргізу жүйесін;

Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу тәуекелдерін болдырмау рәсімдерін:

қаржы құралдарымен жасалған операцияларды дұрыс жүргізбеу және есепте дұрыс көрсетпеу мүмкіндігін шектеуді;

қызметкерлердің функцияларын бөлуді және алаяқтық пен қателерді болдырмау мақсатында қызметкерлердің бухгалтерлік жазбаны жүргізу барысына қатысуы (басқаруы) үшін шектеулі рұқсатты белгілеуді қамтамасыз етуді;

электронды өңдеу жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін және деректерді электронды өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауапты тұлғаларда жұмыс бейіне сәйкес келетін біліктілігі мен тәжірибесінің болуын қамтамасыз етуді;

компьютерлік және телекоммуникация жүйелеріне рұқсатсыз кіруді болдырмауға бағытталған және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінде автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсат деңгейін тексеру жүйесінің болуын болжайтын және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базаларына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі жауапкершілігін белгілеуді;

жоспарлы, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде мыналарды көздейтін деректер базаларының ақпараттық жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бағытталған:

ақпараттық деректер базаларының техникалық кешендеріне арналған, өрт қауіпсіздігі және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына жауап беретін оқшау үй-жайлардың, автономды электр қоректенудің, резервтік компьютерлердің және желілік коммуникациялардың, жүйелік маңызды бағдарламалық файлдардың және деректер файлдарының резервті көшірмелерін тұрақты түрде қалыптастырудың болуын;

төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда өкілеттіктер беруді және жауапкершілігі;

төтенше жағдайлар басталған кезде жүйе жұмысында төтенше іркіліс болған жағдайда компьютерлік орталыққа арналған ережелер мен басшылықты көздейтін іс-әрекеттерді анықтауды;

жабдықтарды тұрақты түрде инспекциялау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жұмыс туралы есептерді тексеруінің көмегімен іркілістерді болдырмауды;

деректерді электронды өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және оның жұмыс істеу тәртібін белгілеуді айқындайды.

10. Қордың (Ұйымның) қарсы әріптестерге талдау және мониторинг жүргізу рәсімдері нақты қауіптерді сәйкестендіру мақсатында әрбір қарсы әріптес туралы маңызды ақпарат алу үшін Қордың (Ұйымның) қарсы әріптестерге олармен іскерлік қарым-қатынастарды орнатқанға дейін (шарт жасасқанға дейін) және одан әрі өзара іс-әрекет жасау барысында кешенді түрде тексеру жүргізуіне бағытталған шаралар кешенін белгілейді.

Қордың (Ұйымның) өз қарсы әріптестерін кешенді түрде тексеруіне мынадай шараларды жүзеге асыру кіреді:

1) болжанатын іскерлік қарым-қатынастардың мақсаттары мен сипатын белгілеу;

2) әлеуетті немесе нақты қарсы әріптес болып табылатын тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу;

3) қарсы әріптестің қаржылық жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу және оның Қордың (Ұйымның) алдындағы міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетін анықтау.

11. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық, қызметтік құпияны, жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясын құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды Қордың (Ұйымның), олардың қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделерінде пайдалануына жол бермеу жөніндегі рәсімдер кіреді.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары:

1) коммерциялық құпияға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясына жататын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница