Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг Өтімді активтің атауы | Активтерден % түскен түсімді қоспағанда төлемдер, аударымдар, өсімпұл мен айыппұлдар | 0%-1% | 1%-2% | 2%-3% | 3%-4% | 4%-5% | 5%-6% | 6%-7% | 7%-8% | 8%-10% | Өтімді активтердің жеткіліктілігі | | | | | | | | | | Қордың (Ұйымның) меншікті активтері бойынша өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде Қордың (Ұйымның) өтімді активтерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) (бұдан әрі - № 180 қаулысы), «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) (бұдан әрі - № 181 қаулысы) белгіленген. Зейнетақы активтері бойынша өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде өтімді активтердің есебіне мыналар енгізіледі: 1) банктердегі инвестициялық және ағымдағы шоттардағы ақша; 2) екі жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; 3) «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары; 4) «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілдігімен кемінде 7 күн өтеу мерзімі бар «Кері РЕПО» операциялары; 6) тазартылған қымбат металлдар; 7) екінші деңгейдегі банктердегі салымдар; 8) қазақстандық эмитенттерінің акцияларына GDR; 9) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің төмен емес бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісімен шетел эмитенттерінің акцияларына GDR және ADR; 10) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті - эмитенттердің бағалы қағаздары; 11) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - эмитенттердің бағалы қағаздары. Таңдалған сценарий негіздемесінің қысқаша талдауы: Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға) _____________________ __________________ қолы күні Ескерту: Стресс-тестинг Қордың зейнетақы активтері бойынша және Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтері бойынша жеке жүргізіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша Зейнетақы және меншікті активтер бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін сақтау (пайдалану)туралы есеп «__________________________________________________» (ұйымның атауы) __________________ бастап ____________ дейінгі кезең Шығынның жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің түрі (ШЖЖМ) | Жиынтық ШЖЖМ | Белгіленген ШЖЖМ | Нақты болған шығындар | Ел бойынша | | | | Валюта бойынша | | | | Экономика секторы бойынша | | | | Эмитент бойынша | | | | Қаржы құралының түрі бойынша | | | | Жиынтығы | | | | Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам) ___________________________ _________________ қолы күні Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы ___________________________ _________________ қолы күні Ішкі аудит қызметінің басшысы ___________________________ _________________ қолы күні Ескерту: Есеп меншікті және зейнетақы активтері бойынша жеке беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттары 1. Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына: 1) Қорды (Ұйымның) ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже; 2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жасау тәртібі; 3) Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы; 4) Қордың (Ұйымның) есеп саясаты; 5) Қордың зейнетақы қағидалары; 6) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялаудың ішкі қағидалары; 7) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты; 8) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты; 9) қарсы әріптестерге талдау және мониторинг жүргізу рәсімдері; 10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; 11) қаржылық қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу қағидалары; 12) ішкі аудит жүргізу рәсімдері; 13) ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері; 14) іс жүзінде бар және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясаты; 15) ішкі есеп жүйесінің журналдарын жүргізу қағидалары; 16) Қор (Ұйым) жасаған операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібі; 17)қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық; 18) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар. 2. Қағидалардың осы қосымшасының 1-тармағында көрсетілген Қордың (Ұйымның) осы ішкі құжаттары жеке құжат ретінде жасалады не Қордың (Ұйымның) басқа ішкі құжаттарының құрамына енгізіледі және Қордың (Ұйымның) басқармасы бекітетін Қағидалардың осы қосымшасының 1-тармағының 1) және 16) тармақшаларында көзделген ішкі құжаттарды қоспағанда, Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі келіскеннен кейін оны Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі бекітеді. 3. Қорды (Ұйымды) басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы қағидалары: 1) функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін органдардың құрылымын; 2) органдардың, филиалдар мен өкілдіктердің, құрылымдық бөлімшелердің, қызметкерлердің арасындағы өзара әрекеттесу тәртібінің сипаттамасын; 3) функцияларының, міндеттерінің және өкілеттіктерінің сипаттамасын, сондай-ақ Қордың және (немесе) Ұйымның жоғарғы органына және басқару органына есептілігін және ақпарат беру нысандарын және мерзімдерін қамтитын органдар («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) және Қордың (Ұйымның) жарғысына сәйкес бекітілуі директорлар кеңесінің немесе акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған органдар туралы ережені қоспағанда), құрылымдық бөлімшелер туралы ереже. Қордың (Ұйымның) жоғарғы органына және басқару органына ұсынылатын ақпараттың тізбесі Қордың (Ұйымның) органдарына олардың өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындау үшін жеткілікті болатын ақпарат көлемін ұсыну қажеттігін ескере отырып жасалады; 4) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары; 5) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға екі және одан көп лицензиясы бар Қордың (Ұйымның) ұйымдық құрылымында әрбір қызмет түрі бойынша жеке бөлімшелердің болуын және бір бөлімшенің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін орындауды жүктеуге жол бермеуді; 6) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің және ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне басқа бөлімшелерінің функцияларын жүктеуге жол бермеуді; 7) есепті кезең ішінде құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі, оның ішінде өздеріне жүктелген функцияларды және міндеттерді орындамағаны (сапасыз орындағаны немесе уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қабылдауды айқындайды. 4. Ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлаудың және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі, сондай-ақ Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы Қордың (Ұйымның) қызметіне ықпал ететін объективтік макро және микроэкономикалық факторларды ескеру мақсатында жасалады және қайта қаралады. Корпоративтік стратегия Қор (Ұйым) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орта мерзімді (бір жылдан үш жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді мақсаттарын, маркетингтік жоспарларын айқындайды. 5. Қордың (Ұйымның) есеп саясаты Қазақстан Республикасының зейнетақы |