Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы




НазваниеЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
страница1/9
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.02 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish870363_9127.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.09.2012 18:18:29


Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

76 қаулысымен

бекітілді

 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру

қағидалары

 

Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) заңдарына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруының тәртібін белгілейді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді және Қор (Ұйым) бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.

2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар:

1) ашық валюталық позиция - Қордың (Ұйымның) жекелеген шет мемлекеті (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы талаптарының (міндеттемелерінің) Қордың (Ұйымның) сол шетел валютасындағы міндеттемелерінен (талаптарынан) асып кетуі;

2) баға тәуекелі - қаржы нарықтарында қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

3) бедел тәуекелі - қоғамның жағымсыз пікірі немесе Қорға (Ұйымға) деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

4) бэк-тестинг - Қор (Ұйым) бойынша тарихи деректерді пайдалана отырып, және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

5) валюталық нетто-позиция - Қордың (Ұйымның) барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасының арасындағы айырма;

6) валюталық тәуекел - Қор (Ұйым) қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі валюталар бойынша құндылығын көрсетудегі позицияларды асыра бағалаудан туындайды;

7) гэп-позиция - Қордың (Ұйымның) зейнетақы (меншікті) өтімді активтерінің және орындалу мерзімдеріне қарай зейнетақы (меншікті) өтімді активтері бойынша міндеттемелерінің арасындағы айырма;

8) ел (трансферт) тәуекелі - шет мемлекетінің немесе шет мемлекеті резидентінің міндеттемелер бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

9) корпоративтік басқару - ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге ұйымның қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ұйымның жоғарғы органының, басқару органының, атқарушы органының және өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын ұйымды стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

10) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз шығарылымы талаптарында белгіленген мерзімде эмитенттің инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған әріптестің своптар, опциондар және кредиттік тәуекелдерге ұшырағыш өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар және қаржы құралдары бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде пайда болатын шығындар тәуекелі де кіреді;

11) қарсы әріптес - Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жасау барысында Қорға (Ұйымға) қызмет көрсететін, аумағында осы заңды тұлға заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес алынған, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқық беретін лицензиясы не рұқсаты бар заңды тұлға;

12) қор тәуекелі - қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;

13) құқықтық тәуекел - Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не Қор (Ұйым) практикасының өздерінің ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан, ал Қазақстан Республикасының резиденті еместерімен қарым-қатынасында - басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

14) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметінің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;

15) мүдделер қайшылығын басқару - Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері оның шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының әділдігіне және тәуелсіздігіне әсер етуі, сондай-ақ оның Қор салымшыларының (алушыларының) және (немесе) Қор (Ұйым) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесіне қайшы келуі мүмкін жағдайларына жол бермеу тетіктерін құру;

16) нарықтық тәуекел - қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық негізі бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дерек көзі болып табылады;

17) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс істеуі барысында қызметкерлер тарапынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған:

жауапкершілікті бөлуді, есеп беру және басқару құрылымын қоса алғанда Қордың (Ұйымның) анық емес және тиімсіз ұйымдық құрылымына;

ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, программалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;

шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;

қызметкерлерді тиімді басқармауға және (немесе) Қордың (Ұйымның) білікті емес штатына;

Қордың (Ұйымның) қызметін жүзеге асыру үдерісінің құрылуы тиімділігінің жеткіліксіз болуына не ішкі қағидаларын сақтауды бақылаудың нашар болуына;

Қордың (Ұйымның) қызметіне сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторларына;

Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін ішкі құжаттарында (қағидаларында) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;

Қор (Ұйым) қызметкерлерінің клиенттік базасының тарылыуына, клиенттердің және (немесе) қарсы әріптестердің Қорға (Ұйымға) деген сенімсіздігіне немесе теріс қабылдауына әкелген кәсіби емес әрекеттеріне байланысты тәуекелдерді қамтитын сыртқы оқиғалардың салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

18) өтімділікті жоғалту тәуекелі - Қордың (Ұйымның) өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың, төмен шығасыларымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу қабілетімен айқындалады;

19) пайыздық тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:

орналастырған активтер мен тартылған міндеттемелерді (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері болған кезде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкессіздігінен шығыстардың (шығындардың) пайда болуына;

өзге тең жағдайларда ұқсас бағалық сипаттамасы болатын құралдардың бір қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты тәуекелдер (негізгі тәуекел) кіреді;

20) стресс-тестинг - Қордың (Ұйымның) қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ Қордың (Ұйымның) қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;

21) тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кіретін үдеріс;

22) форс-мажор жағдайы - төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);

23) ішкі аудит қызметі - Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, негізгі функциясы Қордың (Ұйымның) қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі;

24) ішкі бақылау жүйесі - Қордың (Ұйымның) рентабельдіктің және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілерін, Қордың (Ұйымның) саясатын, ішкі ережелерді және рәсімдерді сақтауға, Қордың (Ұйымның) шығындар тәуекелін немесе бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің элементі;

25) ішкі құжаттар - Қордың (Ұйымның), олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптарын және тәртібін реттейтін құжаттар;

26) «stop-loss» лимиттері - қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығындардың рұқсат етілетін шекті деңгейі;

27) «take profit» лимиттері - қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің рұқсат етілетін шекті деңгейі;

28) VAR (Value at Risk) моделі - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі позициялары бойынша барынша жоғары ықтимал шығындарды сипаттайды.

3. Қорлар мен Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды орындауды бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оған:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті көрсете отырып, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары кіреді.

Қордың (Ұйымның) Қағидалар талаптарының орындалуына жүргізген бағалауының барабарлығын Комитет айқындайды.

4. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг Қағидалардың
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница