Министерство здравоохранения рк




НазваниеМинистерство здравоохранения рк
страница1/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.05 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://general.kaznmu.kz/wp-content/uploads/2012/02/МодульЖКТ.27.06.10.каз-doc.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




Патофизиология – 2. «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» модулі

Асқорыту жүйесі бойынша оқыту бір кезеңде өткізіледі.


Модулдің мақсаты: іргелі және клиникалық пәндерді біріктіру негізінде студенттерді асқорыту жүйесі дерттерінің патофизиологиялық тетіктерін түсініуге үйрету.

Патофизиология -2 модулінің міндеттері: асқорыту жүйесі бүліністерінің негізгі әйгіленімдері және синдромдарының патогенезін түсіндіруге үйрету


ДӘРІС ЖИНАҒЫ

1 тақырып. «Асқазандық және ішектік диспепсиялардың этиологиясы және патогенезі. Балалардағы ерекшеліктері.»


Мақсаты: Асқазандық және ішектік диспепсиялардың этиология және патогенезін меңгеру

Дәріс жоспары:

  1. Асқазандық диспепсия синдромының себептері және даму тетіктері. Асқазанның сөлденістік, қимылдық қызметтерінің бұзылуы.

  2. Ішектік диспепсия синдромы дамуының себептері және тетіктері.

  3. Ішектің қимылдық қызметінің бұзылуы.

  4. Мәлабсорбция синдромы

  5. Балаларда асқорыту бұзылыстары


Дәріс тезистері

АІЖ (асқазан - ішек жолы) дертін туындатушы себепкер ықпалдар екі түрге бөлінеді: асқорыту ағзаларын тікелей және жанама зақымдайтындар.

Асқорыту ағзаларын тікелей зақымдайтын жайттар:
  • Химиялық (темекінің жану өнімдері, уыттар, дәрілер, тағамдық қоспалар, әлкогөл)

  • Физикалық (қатты тағам, өте ыстық немесе суық тағам, бөтен денелер, радиация)

  • Биологиялық (микробтар, вирустар, құрттар ж. т.б.)

Асқорыту ағзаларын жанама зақымдайтын жайттар:

  • Басқа ағзалар және физиологиялық жүйелердің бүліністері: қанайналымы, бүйрек, ішкі сөлденіс бездері, бауыр

  • АІЖ реттеу тетіктерінің бұзылыстары (ББЗ тапшылығы немесе артықтығы - гормондар,простагландиндер, биогендік аминдер, пептидтер; симпатикалық немесе парасимпатикалық әсерлердің тапшылығы немесе артықтығы).


Қауіп-қатерлік жайттар

Себепкер ықпалдардың әсерін жүзеге асыруға септесетін жағдайларға (қауіп-қатерлік жайттар) көптеген жайттар жатады.
• Организм реактивтілігінің бұзылыстары (асқорыту жүйесінің бүліністері жиі жоғары әсерленістік жағдайлар кезінде байқалады, мысалы, сезімталдықтың жоғарылау немесе ұзақ эмоциялық күштену болмысында).
• Жыныс (мысалы, асқазан және ұлтабардың ойық жара ауруы жиі еркектерде байқалады).
• Жас шамасы (асқорыту бұзылыстары есейген және қартайған шақта өте жиі байқалады).
• Тұқым қуалауға бейімділік (мысалы, асқазанның жегілік ойық жарасына отбасылық бейімділік жиі анықталады).



Асқазан сөлі сөлденісінің бұзылуы


Бұзылу түрлері және көріністері

Пайда болу тетіктері

  1. Гиперсекреция

  • Асқазан, ішек ауруларының дамуында маңызы жоғары (ойық жара ауруы, шырышты қабықтың жалағы, гипертрофиялық гастрит ж.көпт.б.).

  • төс астында жиі ауыру сезімімен, жүрек айну,қайталанған құсу, асқазаннан ішекке тағамның өтуі баяулауымен көрінеді, сөйтіп ішектік асқорытудың бұзылуын туындатады.

  • іргелік немесе энтерохромафиндік жасушалар массасының, тұқым қуалайтын, ұлғаюында.

  • кезбе жүйкесі межеқуаты жоғарылағанда.

  • асқазанның шыға беріс бөлігінің созылуында (босатылуының бұзылуы).

  • Золлингер-Эллисон синдромы кезінде.

  • қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер, кортизон және б. әсері кезінде.

  1. Гипосекреция

  • асқазан сөлінің қышқылдығы және ыдырату күші төмендейді, бұл жеткіліксіз өңделген тағам жентегінің асқазаннан ішекке түсуінің жылдамдауына және іш өтуі дамуына әкеледі. Жұқпалық сипаттағы сыртқы жайттардың ішекке өтуіне жағдай жасалады, бұл дисбактериоз және ішек-қарын жолы ағзаларының жұқпалық-уыттық бүлінісін туындатады.

  • организмнің арып-тозуы жиі байқалады.

  • дизэритропоэздік анемиялар қалыптасады.

  • асқазанның бездік құралының айқын құрылымдық өзгерістері (атрофиялық гастрит, полипоз, асқазанның қатерлі өспесі).

  • тамақтану тәртібінің бұзылуы.

  • тағамда нәруыз, витаминдер жеткіліксіздігі.

  • жұқпалы аурулар кезінде.

  • қызба кезінде.

  • гипотиреоз кезінде.

  • ОЖЖ қызметінің бұзылуы кезінде.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения и социального развития Республики Карелия
«Республиканский центр по профилактике и борьбе со спид и инфекционными заболеваниями»
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Кеуде қуысын пальпациялау оның ауыруын, серпімділігін және дауыс дірілін анықтау үшін жүргізіледі
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения российской федерации приказ
Документ утратил силу в связи с изданием Приказа Минздрава РФ от 12. 08. 2003 n 403
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология -2 модулінің міндеттері: несептік-жыныстық жүйенің патологиялық жағдайларының негізгі синдромдарының патогенезін түсінуді...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Анемия – қанның белгілі қөлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшерінің...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология-2 модулдің міндеттері: тыныс алу жүйесінің зақымдануының негізгі әйгіленімдері мен синдромдарының патофизиологиялық...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Басқарудың басқарылатын бөлігі бұл жағдайы ойланған нәтижеге әкелетін басқару жүйесігің бөлігі
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология-2 модулінің мақсаттары: жүйке жүйесінің дерті кезінде дамитын, негізгі әйгіленімдер мен синдромдардың дамуының тетіктерін...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения российской федерации
Учебно-методическое пособие предназначено для студентов врачебных и медико-биологических факультетов и врачей различных клинических...
Министерство здравоохранения рк iconМинистерство здравоохранения республики казахстан карагандинский государственный медицинский университет
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница