«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже




Скачать 79.87 Kb.
Название«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
Дата конвертации06.02.2016
Размер79.87 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://samruk-energy.kz/docs/kaz/5.doc
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің

2008 жылғы 9 маусымдағы

шешімімен бекітілген

№ 10 хаттама


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ

ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЙЫНША КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі - Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне және корпоративтік басқарудың халықаралық іс-тәжірибесіне сәйкес әзірленген.

2. Бұл ереже Тағайындаулар бойынша комитеттің мәртебесі мен құзыреттілігін, оның құқықтары мен міндеттерін, Тағайындаулар бойынша комитеттің құрамын, оның құрылу, жұмыс істеу және Қоғам органдарымен қарым-қатынасын айқындайды.

3. Тағайындаулар бойынша комитет Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесу органы болып табылады. Тағайындаулар бойынша комитет әзірлеген барлық ұсыныстар Директорлар кеңесінің қарастыруына беретін ұсынымдар болып табылады.

4. Қоғам Жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыреттілігіне жатқызылған мәселелер бойынша Тағайындаулар бойынша комитеттің жасаған ұсынымдары, Директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қарастыру және заңнамада бекітілген тәртіпте шешім шығаруға бағытталады.

5. Тағайындаулар бойынша комитет Қоғамның ішкі құжаттарының жағдайын есепке ала отырып, Тәуелсіз директорларды, Басқарма құрамын, сондай-ақ Ішкі аудит қызметі басшысының, Корпоративтік хатшының қызметтеріне үміткерлерді таңдау және тағайындау туралы ұсынымдар әзірлеп, ұсыну мақсатында құрылады.

6. Тағайындаулар бойынша комитет мүшелері өздерін тағайындауға байланысты сұрақтар қарастырылған кезде Комитет отырыстарына қатыспайды.

7. Бұл ережеде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Директор/лар – Директорлар кеңесінің мүшелері;

Заңнама – Қазақстан Республикасының бекітілген тәртіпте қабылданған құқықтық актілер жиынтығы;

Комитет/тер – Директорлар кеңесінің комитет/тері

Корпоративтік хатшы – Қоғамның Корпоративтік хатшысы;

Тәуелсіз директорлар – Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қоғам Жарғысына және Қоғамның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес тәуелсіз деп танылған Директорлар;

Акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғарғы органы;

Ереже – Тағайындаулар бойынша комитет туралы Ереже;

Басқарма – Қоғамның атқарушы органы;

Ішкі аудит қызметі – Қоғамның ішкі аудит қызметі;

Директорлар кеңесі – Қоғамның басқару органы;

Жарғы – Қоғам Жарғысы.

8. Пайдаланылатын, бірақ осы Ережеде анықталмаған терминдер Заңнама мен Жарғыда пайдаланылатын мағынасында қолданылады.


2. ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЙЫНША КОМИТЕТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ


9. Тағайындаулар бойынша комитет құзыреттілігіне келесі мәселелер кіреді:

1) Тәуелсіз директорлыққа, Ішкі аудит қызметінің басшылығына және Корпоративтік хатшы қызметіне үміткерлер үшін біліктілік талаптарын дайындау;

2) Ішкі аудит қызметі басшысының Ішкі аудит қызметі құрамына кандидаттарға арнап әзірлеген және ұсынған біліктілік талаптарын қарастыру және ұсынымдар дайындау;

3) Тәуелсіз директорлыққа, Басқарма құрамына, Ішкі аудит қызметінің басшылығына және Корпоративтік хатшы қызметіне үміткерлер бойынша ұсынымдар. Сайлануы (тағайындалуы) акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыреттілігіне кіретін лауазымдарға үміткерлерді Тағайындаулар бойынша комитет Қоғамның ішкі құжаттарының тиісті ережелері немесе акционерлердің жалпы жиналысының және/немесе ірі Акционердің ұсынуы (кепілдігі) негізінде қарастырады;

4) ішінде Қоғам туралы, Директорлардың құқықтары мен мен міндеттері туралы ақпаратта көрсетілген, жаңадан сайланған Директорларға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

5) Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің, Комитеттердің, Ішкі аудит қызметі Басшысы мен Корпоративтік хатшының сабақтастығын жоспарлау саясатын әзірлеу;

6) Директорлар кеңесіне Тағайындаулар бойынша комитеттің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті тапсыру;

7) Директорлар кеңесіне басқа мәселелер жөнінде өз құзыреттілігінің шегінде Директорлар кеңесінің тапсырмалары және/немесе Қоғамның ішкі құжаттарының ережелеріне сәйкес ұсынымдар тапсыру.


3. ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЙЫНША КОМИТЕТТІҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


10. Тағайындаулар бойынша комитет:

1) Директорлар кеңесі мен Басқарма, Комитеттер мүшелерінен, Ішкі аудит қызметінен, Корпоративтік хатшы мен Қоғамның басқа жұмысшыларынан құжаттар, есептер, түсіндірулер мен басқа да ақпаратты сұрауға құқылы. Жоғарыда аталған ақпарат пен құжаттар Корпоративтік хатшы арқылы беріледі. Қоғам бекітілген тәртіпте өз есебінен Тағайындаулар бойынша комитетті барлық қажетті материалдармен, ресурстармен қамтамасыз етуге міндетті;

2) Директорлар кеңесі мен Басқарма, Комитеттер мүшелерін және басқа да тұлғаларды өз отырыстарына бақылаушы ретінде шақыруға құқылы;

3) бекітілген тәртіпте Қоғам бюджетінде ағымдағы жылға қарастырылған қаржы шеңберінде сыртқы сарапшылар мен кеңесшілердің қызметін пайдалануға құқылы;

11. Тағайындаулар бойынша комитет мүшелері:

1) өз іс-әрекетін Акционерлер мен Қоғамның мүддесінде адал және жауапкершілікпен орындауға және Қоғамды корпоративтік басқару кодексінің негізгі ұстанымдарын сақтауға;

2) өз міндеттерін нәтижелі орындау үшін жеткілікті уақыт бөлуге;

3) Тағайындаулар бойынша комитет жұмысына атсалысуға және оның отырыстарына қатысуға;

4) қызметтік міндеттерін орындау барысында өздеріне белгілі болған барлық ақпараттың құпиялылығын сақтауға;

5) өз құзыреттілігінің шегінде және осы Ережеде қарастырылған тәртіпте Директорлар кеңесі анықтауы мүмкін басқа да кез келген міндеттерді орындауға міндетті.

Тәуелсіз директор болып табылатын Комитет мүшелері Директорлар кеңесіне өзінің Тәуелсіз директор мәртебесінен айырылған сәттен бастап аталған мәртебесіндегі кез келген өзгеріс туралы немесе Тағайындаулар бойынша комитет қабылдауы тиіс шешімдерге байланысты пікірлер қайшылығы туралы барынша қысқа мерзімде хабарлауға міндетті.


4. ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЙЫНША КОМИТЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ


12. Тағайындаулар бойынша комитет құрамына, кем дегенде, Тәуелсіз директор болып табылатын екі Директор кіреді.

13. Тағайындаулар бойынша комитет мүшелері Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Басқарма Төрағасы Тағайындаулар бойынша комитет мүшесі бола алмайды.

14. Қажеттілік туындаған жағдайда, Тағайындаулар бойынша комитет құрамына Тағайындаулар бойынша комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімдері бар сарапшылар қосыла алады;

15. Тағайындаулар бойынша комитет мүшелерінің өкілеттік мерзімі олардың Директор ретіндегі өкілеттік мерзімімен сәйкес келеді, алайда мұны жыл сайын Директорлар кеңесі қайта қарастыра алады.


5. ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЙЫНША КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ


16. Тағайындаулар бойынша комитет Төрағасын Директорлар кеңесі Тәуелсіз директорлар қатарынан сайлайды.

17. Тағайындаулар бойынша комитет төрағасы өзі басқаратын Комитеттің жұмысын ұйымдастырады, оның ішінде:

1) Тағайындаулар бойынша комитет отырыстарын шақырады және онда төрағалық етеді;

2) Тағайындаулар бойынша комитет отырыстарының күн тәртібін, оның ішінде Тағайындаулар бойынша комитет отырыстарында талқылауға шығарылған сұрақтар мазмұнын бекітеді;

3) Тағайындаулар бойынша комитет отырыстарында сұрақтарды талқылауды ұйымдастырады, сонымен қатар отырысқа қатысуға шақырылған тұлғалардың пікірін тыңдайды;

4) Директорлар кеңесі отырыстарының жоспарын есепке ала отырып, ағымдағы жылға кезекті отырыстар жоспарын әзірлейді.


6. ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЙЫНША КОМИТЕТ

ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


18. Тағайындаулар бойынша комитет жұмысы отырыстар нысанында жүзеге асады.

19. Тағайындаулар бойынша комитет хатшысының қызметін Корпоративтік хатшы атқарады.

20. Корпоративтік хатшы Тағайындаулар бойынша комитеттің отырыстарын дайындап, өткізуді, отырыстарға қажетті материалдарды жинап, жүйелеуді, Тағайындаулар бойынша комитет отырысы өткізілетіні туралы хабарламаның Тағайындаулар бойынша комитет мүшелеріне және шақырылған тұлғаларға уақытылы бағытталуын, отырыстардың күн тәртібін, күн тәртібіне байланысты материалдарды, отырыстардың хаттамаға түсуін, Тағайындаулар бойынша комитет шешімдерінің жобаларының дайындалуын, сондай-ақ барлық тиісті материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы Тағайындаулар бойынша комитет мүшелерінің қажетті материалды алуын қамтамасыз етеді.

21. Тағайындаулар бойынша комитет отырыстары Тағайындаулар бойынша комитет Төрағасы бекіткен жоспар бойынша өтеді.

22. Тағайындаулар бойынша комитеттің кезекті отырысын шақыру туралы, өткізілу күні, уақыты және орны және күн тәртібіндегі мәселелер туралы, сондай-ақ отырысқа шақырылатын тұлғалар тізімі туралы шешімді Тағайындаулар бойынша комитет Төрағасы Тағайындаулар бойынша комитеттің кезекті отырыстарын өткізу жоспарына сәйкес қабылдайды.

23. Тағайындаулар бойынша комитеттің кезектен тыс отырысы Тағайындаулар бойынша комитет Төрағасының жеке бастамасы бойынша, Тағайындаулар бойынша комитеттің, Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің өтініші бойынша, сондай-ақ ірі Акционердің немесе Басқарма Төрағасының жазбаша өтініші бойынша өткізіледі.

24. Тағайындаулар бойынша комитет отырысы өткізілетіні туралы хабарлама шақыру қағазымен бірге отырысқа қатысатын тұлғаларға Тағайындаулар бойынша комитет отырысы өтетін уақыттан ең кемінде бес күн бұрын жіберілуі тиіс.

25. Отырысқа Тағайындаулар бойынша комитет мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда, Тағайындаулар бойынша комитет отырысы құқықты болып табылады.

26. Тағайындаулар бойынша комитет шешімдері тікелей, сырттай және аралас дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін. Тағайындаулар бойынша комитет сырттай дауыс беру нысанындағы отырыстарды азайтуға тырысады.

27. Тағайындаулар бойынша комитет отырыстарына Тағайындаулар бойынша комитет Төрағасының шақыруымен Тағайындаулар бойынша комитет отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру құқығы жоқ үшінші тұлғалар қатыса алады.

28. Тағайындаулар бойынша комитет шешімдері Тағайындаулар бойынша комитет мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Тағайындаулар бойынша комитет Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

29. Тағайындаулар бойынша комитеттің әр мүшесі ерекше пікірін білдіре алады, бұл пікір Тағайындаулар бойынша комитет шешімінің хаттамасына қоса беріледі. Жекелеген мәселелер бойынша Комитеттің кейбір мүшелерінің мүдделілігі себепті шешім күшіне ене алмайтын жағдайларда, бұл факт Тағайындаулар бойынша комитет отырысының хаттамасына енгізіледі.

30. Хаттама екі нұсқада әзірленеді, олардың бірі қол қойылғаннан кейін, отырысқа дайындалған материалдармен және ұсынымдармен бірге Директорлар кеңесіне жіберіледі.

Похожие:

«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже
Директорлар кеңесімен, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқармасымен, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарымен...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже iconДиректорлар Кеңесінің шешімімен
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2010 жылы өткен корпоративтік шараларының күнтізбесі
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Богатырь Көмір» жшс-ға иелік етуші «Forum Muider B. V.» компаниясының 50 пайыз акциясын сатып алуымен...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы ереже
Кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің мақсаттарын, оның құқықтары мен функцияларын, құрамын қалыптастыру тәртібін айқындайды,...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің дәрежесін, құзыретін, құрамын, жұмыс істеу және қызмет ету тәртібін,...
«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже icon«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже
«Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесі туралы осы ереже (бұдан әрі Ереже) ҚР «Акционерлік қоғамдар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница