Бағдарламаның негізгі жасаушысы




Скачать 198.96 Kb.
НазваниеБағдарламаның негізгі жасаушысы
Дата конвертации06.02.2016
Размер198.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zaysan.vko.gov.kz/kz/files/program_07.doc


Зайсан аудандық мәслихатының

2008 жылғы 22 сәуірдегі № 6-5

шешіміне қосымша


ЗАЙСАН АУДАНЫНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС

ҰЙЫМДАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ 2008-2009 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ


Зайсан қаласы


сәуір 2008 жыл


МАЗМҰНЫ



  1. Бағдарлама паспорты

  2. Кіріспе

  3. Мәселенің қазіргі кездегі жағдайына талдау

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

  5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары және тетігі

  6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету

  7. Күтілетін нәтижелер

  8. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың жоспары




        1. Бағдарлама паспорты




Атауы:

Зайсан ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы


Бағдарламаны жасаудың негізі:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 25 шілдесіндегі №154 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Концепциясы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 30 қыркүйегіндегі №953 «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Концепциясын жүзеге асырудың іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қаулысы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңы

Бағдарламаның мақсаты:

Зайсан ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға жағдай жасау, мемлекеттік билік органдарының қолдау көрсетуі негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі рөлін арттыру

Бағдарламаның міндеттері:

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесуі мен серіктестігі жүйесін жетілдіру;

әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, кеңес беру арқылы, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету;

өңірде азаматтық бастамалардың артуына жағдай жасау;

үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу және серіктестік мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құру;

үнемі үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мониторингін жүргізу және зерттеу.

Бағдарламаның негізгі жасаушысы:


Аудандық ішкі саясат бөлімі

Бағдарламаның негізгі орындаушылары:

Аудандық ішкі саясат бөлімі, қала мен ауыл әкімдері.


Бағдарламаны қаржыландыру көздері мен көлемі:

Қаржыландыру көлемі – тиісті қаржылық жылға (2007-2008 жж.) бекітілген қаражат шегінде.

Бағдарламаны қаржыландыру аудандық бюджеттегі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бағдарламаны жүзеге асырудан

күтілетін нәтиже:


Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тұрақты әрі тиімді серіктестік қарым-қатынастар жүйесінің дамуына ықпал етеді


Бағдарламаны жүзеге асыру

мерзімі:

2008-2009 жылдар




2. Кіріспе


Зайсан ауданының үкіметтік емес ұйымдарын (бұдан әрі ҮЕҰ) қолдаудың өңірлік Бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің № 154 2006 жылғы 25 шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Концепциясы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 30 қыркүйегіндегі №953 «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Концепциясын жүзеге асырудың іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қаулысы негізінде жасалды.

Бұл Бағдарламаны жасау мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін одан әрі жетілдіру, үкіметтік емес секторға жергілікті билік органдары тарапынан нақты экономикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсету қажеттілігінен туындады.

Қазақстанның демократизациялау жолымен дамуы жағдайында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен тең дәрежелі серіктестік принциптеріне негізделген ынтымақтастығы ерекше маңызға ие.

Бағдарлама аудандағы мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасында тұрақты және нәтижелі серіктестік қарым-қатынас жүйесін жасауға бағытталған.


3. Ауданда үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету проблемасының қазіргі жағдайына талдау

Үкіметтік емес сектор - құқықтық демократиялық мемлекеттің ажырамас бөлігі. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін одан әрі дамыту және кеңейту мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығының кепілі және азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ҮЕҰ әлеуметтік саланы дамытудағы және қоғамды одан әрі демократизациялаудағы рөлін үнемі айтып, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайтудың қажеттілігін атап көрсетті. Мәселен, екінші Азаматтық форумда сөйлеген сөзінде Елбасы «Қысқа мерзім ішінде біз мемлекет пен үкіметтік емес сектордың арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың негізін қалап, көптеген міндеттердің орындалуына қол жеткіздік. Бұл жағдай үкіметтік емес ұйымдарға да, мемлекетке де, қоғамға да пайдалы болды деген ойдамын», -деп атап көрсеткен болатын.

Қазақстанның үкіметтік емес секторының дамуына талдау жасай отырып, бірқатар ерекше маңызды сатылар мен оқиғаларды атап айтуға болады. Мәселен, Үкіметтің ҮЕҰ қолдау Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы және Елбасының қатысуымен өткен Азаматтық форумдар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының және Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Концепциясының қабылдануы; Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасының құрылуы және жетекші үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстан Азаматтық альянсына бірігуі.

Аты аталған ауқымды жобалардың, айырықша саяси бастамалардың арасында Азаматтық форумның орны ерекше. Соңғы жылдарда ол жалпыұлттық сұхбат алаңына, ҮЕҰ мен мемлекеттің серіктестік платформасына айналды.

Бүгінгі күні ауданымызда Үкіметтік емес ұйымдардан ШҚО мүгедектері еркін қоғамының Зайсан филиалы, "Қазақ тiлi" қоғамы аудандық ұйымы, “Ауғаныстан соғысы ардагерлерінің Зайсан ұйымы” қоғамдық бірлестігі, Аудандық ақсақалдар кеңесі, «ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ШҚ филиалының Зайсан ауданы бойынша бөлімшесі, "Жас Өркен" Зайсан қалалық жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

ШҚО мүгедектері еркін қоғамының Зайсан филиалы мүшелігінде 1263 адам бар. Жетекшісі Сабиолда Мәкей. Мүгедектер қоғамына аудан әкімі тарапынан қолдау ретінде босаған бастауыш мектеп ғимаратынан офиске және бизнес – инкубатор ашуға бөлмелер берілген. Қоғамның жұмысы жүйелі түрде жоспар бойынша жүргізілуде.

"Қазақ тiлi" қоғамы аудандық ұйымы 1100 адамды қамтиды. Жетекшісі Рахмет Түлкин. Негізгі бағыты – қазақ тілін дамытуға арналған шараларды қамту. Аудандық ішкі саясат және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамның кеңесі Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының орындалуына бақылау жасау үшін мектеп, мекемелермен байланыс жасайды. Тілді дамытуға орай шешендік сөздерге байланысты, қазақ тілін меңгерген ұлт өкілдерінің байқауларын және дәстүрлі аудандық ақындар айтысын өткізеді.

«ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ШҚ филиалының Зайсан ауданы бойынша бөлімшесі құрамында 49 адам. Жетекшісі Құдабаев Байғанбек Құдабайұлы. Жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді. Биылғы жылғы негізгі бағыты - аудан жастары арасында патриоттық тәрбиені жүргізу. Ардагерлер ұйымының мүшелері ауданда өтетін жастар тәрбиесіне байланысты барлық шараларға қатысып, ақыл-кеңестерін беруде. Аудан әкімі жанынан құрылған әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына белсенді қатысады.

2008 жылға жұмыс жоспарын әзірлеп аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда.

Зайсан ауданы әкімі жанынан құрылған «Аудандық ақсақалдар Кеңесі» 2006 жылы тарихи және мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға қолдау көрсету мақсатымен құрылған, құрамында 34 адам бар. Кеңестің уақытша жетекшісінің міндетін атқарушы болып Мырзаханов Тұқан сайланды. 2008 жылы Кеңестің негізгі жұмыс бағыты – Зайсан ауданының 2008 жылы өтетін 80 жылдығына және Зайсан қаласының 140 жылдығына дайындық жұмыстарын үйлестіру және «ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында жұмыстар ұйымдастыру және ұсыныстар беру.

Сондай-ақ 8 ауылдық округте «Ақсақалдар алқалары» жұмыс істейді. Олар ауылдың қоғамдық дамуына барынша үлестерін қоса отырып, ауыл ақсақалдарын құрметтеу, олардың сөздеріне құлақ асу халқымыздың бойына сіңген әдет болғандықтан, қоғамдық-саяси және отбасылық мәселелерде өз ақыл-кеңестерін береді.

"Жас Өркен" Зайсан қалалық жастар қоғамдық бірлестігі

«Жас Өркен» жастар қоғамының жұмысы «Жастармен жұмыс жөніндегі Зайсан ауданы бойынша 2008-2009 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылуда.

«Ауғаныстан соғысы ардагерлерінің Зайсан ұйымы» қоғамдық бірлестігі 46 адамнан тұрады. Жетекшісі Манамбаев Сағымжан. Аудан мектептерінде патриоттық тәрбиеге қатысады, қоғам мүшелерінің құқығы мен мүдделерін қорғайды. Ауданда Ауғаныстан соғысында ерлік танытқан жауынгерлеріне ескерткіш орнатуға ат салысуда.

Әр ауылдық округтерде және Зайсан қаласында «Әйелдер кеңестері» құрылған, олар қоғамдағы әр-түрлі мәселелер бойынша кеңесіп, өз ойларын ортаға салып отырады.

Сөйтіп, біздің ауданда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың көптеген әлеуметтік проблемаларды шешудегі, аталмыш бағдарламаны орындаудағы тығыз әрі тиімді ынтымақтастығына барлық жағдай жасалған.


4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты –Зайсан ауданындағы үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамның бір бөлігі ретіндегі тұрақты дамуына жағдай жасау және мемлекеттік органдардың қолдау көрсетуі негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешудегі рөлін нығайту.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы жүйесін одан әрі жетілдіру;

әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешетін үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық, экономикалық қолдау көрсету;

өңірлерде азаматтық бастамалардың артуына жағдай жасау;

мемлекеттік қызметкерлердің үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы және өзара әрекетесуі мәселелері жөніндегі біліктілігін арттыру;

үкіметтік емес ұйымдар іс-қызметінің мониторингін жүргізу.


5. Бағдарламаны жүзеге асырудың бағыттары мен тетігі

Бағдарламаны жүзеге асыру келесі басым бағыттар бойынша іс-әрекеттердің жүйелігін және сатылығын көздейді:

1) ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар;

2) өңірлерде азаматтық бастаманы дамыту;

3) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамсыз ету;

4) үкіметтік емес ұйымдарға кеңес беру арқылы және әдістемелік қолдау көрсету;

5) мемлекеттік қызметкерлердің үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығы және өзара әрекеттесуі мәселелері жөніндегі біліктілігін арттыру;

Бағдарлама үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығына бағытталған.


5.1 Азаматтық бастаманы дамыту

Өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде үкіметтік емес секторды дамыту, билік органдарының үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмылдыру әлеуметтік шиеленістің алдын алуға көмектеседі, халық арасында өзіндік көмек пен өзін-өзі жұмыспен қамтуды ұйымдастырудағы азаматтық бастаманың одан әрі артуына, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемінің жоғарылауына ықпал етеді.

Ішкі саясат бөлімі, қала және ауыл әкімдері тарапынан өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыру жөніндегі жұмыс жандана түспек.

Дамудың өзекті проблемаларына арналған семинарларды, тренингтерді, «дөңгелек үстел» отырыстарын, конференцияларды өткізу ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды ынталандыруға әсерін тигізеді.

Бірлесіп қайырымдылық, мәдени және т.б. акцияларды өткізу ауыл тұрғындарының әлеуметтік белсенділігінің артуының маңызды шарты.

Аудандық және қалалық деңгейде азаматтық бастаманың дамуы проблемасының оңды шешілуі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік саладағы тиімді жұмысына жағдай жасайды.

5.2 Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу органдарын құру

және олардың жұмысын қамтамсыз ету

Зайсан ауданы әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу Кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсету және үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.

Аталмыш орган мемлекеттік құрылымдардың үкіметтік емес сектормен әрекеттесуінің оңтайлы жолдарын іздеуге ықпал етеді.

Кеңес іс-қызметінің негізгі бағыттары: мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және кеңейту, оларға жүйелі сипат беру; бірлескен әрекеттерді үйлестіру және оларды жүзеге асырудың нақты тетіктерін жасау; әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен шаралардың кешенді бағдарламасын жасау; қазақстандық мемлекеттілікті нығайту; қоғамдық үрдістерді демократияландыру; өзара сабақтасқан шешімдер іздеу жолында қоғам дамуының өзекті мәселелерін талқылау.

5.3 Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне

ақпараттық қолдау көрсету

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ақпараттық қолдау үкіметтік емес сектордың әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу тәжірибесін көрсету, оның мемлекеттік органдармен өзара әрекетін және ынтымақтастығын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды көздейді. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мақалалар шығару үкіметтік емес сектордың оңды имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

5.4 Үкіметтік емес ұйымдарға кеңес

беру және әдістемелік қолдау көрсету

Үкіметтік емес ұйымдарға кеңес беру арқылы қолдау көрсету үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін түсіндіруді; мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі жұмысының әдістері мен бағыттары, отандық және шетелдік грант берушілер туралы ақпарат, елде қызмет етіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер мен өзге де ақпарат беруді көздейді.

Зайсан ауданы үкіметтік емес ұйымдарының мәліметтер базасын үнемі толықтыру қарастырылған.

Әдістемелік қолдау көрсету үкіметтік емес сектордың қызметін зерттеу және мониторинг жүргізу, оның мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету проблемаларын талдау негізінде үкіметтік емес ұйымдар үшін әдістемелік нұсқаулар, материалдар, анықтамалар, құралдар жасауды көздейді.


5.5 Үкіметтік емес ұйымдарға

ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету

Үкіметтік емес ұйымдармен бірге практикалық сипаттағы «дөңгелек үстел» отырыстарын, семинарлар, конференциялар, тренингтер және тағы басқа акцияларды өткізу, сондай-ақ шараларды өткізгенде техникалық көмек көрсету (үй-жай, техникалық құралдар беру, тиісті адамдар мен органдарды шақыру) ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты болып табылады.

Үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті проблемаларына арналған «дөңгелек үстелдерді» жүйелі түрде ұйымдастыру және өткізу үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың, олардың мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің стимулдары мен кедергілерін анықтауға ықпал етеді.

Қоғамның экологиялық ақпаратқа деген қол жетімдігін қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдарды экологиялық проблемаларды шешуге жұмылдыру, қоршаған ортаны қорғауға қатысты құқықтық сауаттылықты жоғарылату қажет.


5.6 Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ету мәселелері бойынша

мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру

Аталмыш бағыт үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту семинар-тренингтерін жүйелі түрде ұйымдастыруды және өткізуді, бөлімшелер және әртүрлі деңгейлер арасындағы тәжірибе алмасуды көздейді.


6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

Аудандық бағдарламаны қаржыландыру аудандық бюджеттегі қаражат есебінен жүргізіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттен тыс көздердегі қаражат (халықаралық ұйымдардың гранттары, барлық меншік түрлеріндегі ұйымдардың өз қаржылары) пайдаланылуы мүмкін.


7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже

Бағдарламаның толығымен жүзеге асырылуы және онда қарастырылған барлық шаралардың қабылдануы нәтижесінде мемлекеттік органдар мен облыстың қоғамдық секторы арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру облыстың үкіметтік емес секторына нақты ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік, кеңес беру арқылы, ақпараттық, экономикалық қолдау жасаудан көрініс табады.

Бағдарламаны толығымен жүзеге асыру және ондағы қарастырылған барлық шараларды қабылдау:

Қазақстанның үкіметтік емес секторының одан әрі дамуына құқықтық, әдіснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық жағдай жасауға;

мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың арасында халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасының жоғарылауына ықпал етуші серіктестік қарым-қатынастар жүйесінің жетілдірілуіне;

өңірлерде азаматтық бастаманың одан әрі өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғанның барлығы азаматтық қоғамның одан әрі дамып, нығаюына, мемлекеттің әлеуметтік және гуманитарлық әлеуетінің жоғарлауына ықпал етеді.


Зайсан ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2008-2009 жылдарға арналған аудандық бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары



Атқарылатын іс шаралар

Аяқтау формасы

Орындауға жауаптылар

Көзделген шығындар

(мың теңге)

Орындау мерзімдері

Қаржы

ландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

  1. Ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар

2.

Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мониторингін жүргізу

Аналитикалық есеп беру

Ішкі саясат

бөлімі

Қаржыландыруды қажет етпейді.

2008 ж.

2009 ж.




3.

Үкіметтік емес ұйымдардың базасын шұғыл режимде ұстау

Электрондық мәліметтер базасын жасау

Ішкі саясат бөлімі

Қаржыландыруды қажет етпейді.

тұрақты




4.

Үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік жобалар мен қызметтердің көрмесін өткізу.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырыс беру

Ішкі саясат

бөлімі

200 000

300 000

2008 ж.

2009 ж.

Аудандық бюджет

5.

Аудан әкімінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ету жөніндегі Кеңестің отырыстарын өткізу

Өткізу, нұсқаулар қабылдау

Ішкі саясат

бөлімі

Қаржыландыруды қажет етпейді

Жарты жылда бір рет




Азаматтық бастаманы дамыту

6.

Азаматтық қоғам

институттарын дамытудың

өзекті мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелдер» өткізу

Өткізу, нұсқаулар қабылдау

Ішкі саясат

бөлімі

Қаржыландыруды қажет етпейді

Жарты жылда бір рет





7.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қайырымдылық, мәдени және т.б. акцияларды ұйымдастыру және өткізу

Өткізу

Қаламен ауылдардың әкімдері, ішкі саясат

бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша)

Қаржыландыруды қажет етпейді

2008 ж.

2009 ж.





8.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу жөніндегі жұмыс тәжірибесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың медиа-жоспарын жасау

Медиа-жоспарды бекіту және жүзеге асыру

Ішкі саясат

бөлімі, қала мен ауылдардың әкімдері, «Достық» газеті

Ақпараттық саясатты жүзеге асыруға көзделген қаражат шегінде

2008 ж.

2009 ж.


Аудандық бюджет

9.

Бұқаралық ақпарат

құралдарында үкіметтік емес секторды дамытудың

проблемаларына арналған

айдарлар ашу

Ақпарат

Ішкі саясат

бөлімі, қала мен ауылдардың әкімдері

Ақпараттық саясатты жүзеге асыруға көзделген қаражат шегінде

2008 ж.

2009 ж.


Аудандық бюджет

10.

www.akimvko.gov.kz сайтында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі туралы материалдарды жариялау

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы ақпарат беру

Ішкі саясат

бөлімі

Қажыландыруды қажет етпейді

2008 ж.

2009 ж.

барысында





  1. Үкіметтік емес ұйымдарға кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету




11.

Ауданның үкіметтік емес секторының дамуы туралы ақпараттық-әдістемелік құралдарды дайындау және басу

Материалдарды шығару

Ішкі саясат

бөлімі

30 000

30 000

2008 ж.

2009 ж.


Аудандық бюджет

12.

Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мәселелері бойынша кеңес беру, кездесулер өткізу.

Кеңес беру

Қаламен ауылдардың әкімдері, ішкі саясат

бөлімі

Қажыландыруды қажет етпейді

2008 ж.

2009 ж.

барысында





13.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет ету мәселелері бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру

Өткізу, анықтама-әдістемелік құралдарды шығару

Ішкі саясат

бөлімі, ауданның үкіметтік

емес ұйымдары

(келісім бойынша)

Қажыландыруды қажет етпейді

2008 ж.

2009 ж.






14

Республикалық,облыстық, аудандық форумдарға ауданның ҮЕҰ өкілдерінің қатысуына ықпал ету

Іс сапарға жіберу

Ішкі саясат

бөлімі, ауданның үкіметтік

емес ұйымдары

(келісім бойынша)

40 000

40 000

2008 ж.

2009 ж.













БАРЛЫҒЫ:

270 000

370 000

2008 ж

2009 ж





Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қ.Бейсенов


Похожие:

Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы icon«Интеллектуалды ұлт» бағдарламасы және білім берудің кейбір мәселелері
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconҚазалы аудандық Мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconҚызылорда қалалық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconҚызылорда облыстық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы icon2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconӨңір дамуының болашақ көрінісі
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconӨңір дамуының болашақ көрінісі
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Бағдарламаның негізгі жасаушысы iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница