«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары




Название«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
страница1/6
Дата конвертации09.02.2016
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zhualy.zhambyl.kz/userfiles/11_stat_plan_karzhy_12_01_2011.doc
  1   2   3   4   5   6


Жамбыл облысы

Жуалы ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «12» қаңтардағы

№11 қаулысына қосымша


«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ


Б.Момышұлы ауылы

2011 жыл

Мазмұны



  1. 1-бөлім. Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің миссиясы мен пайымдауы 4 бет




  1. 2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау 4 бет




  1. 3-бөлім. Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі қызметкерлерінің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, шаралары және нәтижелер көрсеткіштері 10 бет


  1. 4-бөлім. Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту 19 бет




  1. 5-бөлім. Ведомствоаралық қарым-қатынастар 20 бет




  1. 6-бөлім. Тәуекелдерді басқару 21 бет




  1. 7-бөлім. Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттік бағдарламалары 22 бет



Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары


1-бөлім

Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің

миссиясы мен пайымдауы


Миссиясы


Экономикалық өсуге жәрдемдесу және Жуалы ауданы экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде операциялардың дұрыс есепке алынуы мен уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.


Пайымдауы


Уақтылы және сапалы түрде орындалған, жоғары көрсеткіштерге бағдарланған аудан бюджетінің қалыптасуы.


2-бөлім

Ағымдағы ахуалды талдау


Қазақстан соңғы онжылдықта экономиканы дамытудың көрнекті нәтижелеріне қол жеткізді. Стратегиялық бағдарды сауатты және дәйекті түрде іске асырудың арқасында елдің экономикалық әлеуеті артып, соңғы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан тиімді шығуға мүмкіндік берген қажетті ресурстар жинақталды. Алдағы онжылдық кезеңінде экономиканы кең көлемді жаңғырту және әртараптандыру маңызды міндет болмақ, бұл ұзақ мерзімдік, орнықты және сапалы өсуді одан әрі қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек, яғни Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттырып, экономиканы дамытудың жаңа орнықты деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

Ел Президентінің 1997 жылғы «Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

Бұл өсудің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуді талап етеді. Атап айтқанда, дағдарыс жағдайында аудан экономикасының тұрақтылығы, өндіруші және сонымен қатар өңдеуші салалардың теңгерімді дамуы, инфрақұрылымның тиімділігі. Бәрінен бұрын, бұл – әр адамның өмір сүру сапасы. Алдымыздағы міндеттерді орындауда жергілікті бюджетті атқару және қаржылық активтерді басқару мәселесі негізгі рөл атқаруы тиіс.

Қойылған міндеттерге жету үшін Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі бюджетті атқару және коммуналық меншікті басқару салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.


Ағымдағы ахуалды, яғни 2010 жылдың бюджетінің орындалуын талдайтын болсақ

1. Аудан бюджетінің кірісі

Аудан бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғарғы бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша жылдық жоспары 4 170 695,9 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 4 188 122,7 мың теңгені құрады, ауытқуы 17 427,0 мың теңге немесе орындалуы 100,4 %, оның ішінде:

-жергілікті бюджет түсімдері бойынша есепті мерзімге 647 332,0 мың теңге жоспардан, нақты түскені 665 301,0 мың теңге, ауытқуы 17969,0 мың теңге немесе орындалуы 102,8 % құрап отыр.

-трансферттер бойынша жылдық жоспары 3 523 364,0 мың теңге болса, оның ішінде субвенция 2 165 209,0 мың теңге, трансферттердің нақты түсіп отырғаны 3 522 822,0 мың теңге, трансферттердің орындалуы 100 %, ал -542,0 мың теңге трансферттік қаржы түскен жоқ.

-жыл басындағы нақты бақылау шотындағы қалдық 46 238,1  мың теңгені құраған, жыл соңында 47 626,1 мың теңгені құрап отыр.

-ішкі займдар жоспары 15 177,0 мың теңге, нақты түскені 15 177,0 мың теңге, орындалуы 100%.


2. Аудан бюджетінің шығысы

Есепті кезеңге аудан бюджетінің шығындарына арналған жылдық жоспары 3 897 723,0 мың теңге болса, нақтыланған бюджет 4 140 250,0 мың теңге, түзетілген жылдық бюджет 4 232 111,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 4 201 618,2 мың теңгені құрап, игерілмеген қаржы соммасы 30 492,8 мың теңгені, немесе атқарылуы 99,3 %- ды құрады. Трансферттер қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 1 242 799,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 1 219 205,3 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 23 593,7 мың теңгені, немесе орындалуы 98,1 % құрады.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының игерілмеу себептері:

1) аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі бойынша эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы 13 479,0 мың теңге;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ТМД елдері аумағында қатынауда жол шығындарын қамтамасыз ету бойынша ардагерлер мен мүгедектерден түскен өтініштің аз болуынан үнемделген қаржы 309,5 мың теңге;

3) сәулет, қалақұрылыс және құрылыс бөлімі бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен қайта жабдықтау бойынша Б.Момышұлы ауылын газдандыру жүйесімен қамтамасыз ету құрылысына бөлінген қаражат жетіспей тендер жүргізілмеуінен 4 919,7 мың теңге және сумен жабдықтау жүйесін дамыту бойынша жүргізілген тендерден үнемделген қаржы 1 567,7 мың теңге;

4) кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бойынша ауылдық елді мекендерге жүмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала жас мамандарын әлеуметтік қолдау бюджеттік кредиттері бойынша жас мамандардан жоспарда қаралған өтініштердің аз болуынан қалдық қаржы 2 714,3 мың теңге;

5) жер қатынастары бөлімі бойынша ҚР Үкіметі резерві қоры есебінен іс-шаралар жүргізу бойынша Қазақстан-Қырғыз шекарасы бойындағы тұрғындардың үйлеріне өтемақыға жоспарда қаралған қаржының қалдығы салдарынан 99,1 мың теңге игерілмеген.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаржының игерілмеу себептері:

Аудан әкімі аппараты бойынша табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құтқару іс-шараларын жүргізу бойынша нақты шығындардың болмауы салдарынан 5,5 мың теңге.


Ауданымзда «100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» республикалық бағдарлама шеңберінде Жаңаталап ауылындағы «Жаңаталап» ОМ-нің 2009-2010 жылдар аралығында жүргізілген құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 379 275,0 мың теңге бөлінді.

Жалпы 2 жылда кассалық атқарылуы 378 709,4 мың теңге. Оның ішінде 2009 жылы 170 000,0 мың теңге, 2010 жылы 208 709,4 мың теңге игерілді. Аталған құрылыс жұмыстарына өткізілген тендерден үнемделген қаржы 565,6 мың теңгені құрады.

Ауданымызда «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін аудан жолдарының ағымды және орта жөндеу жұмыстарына барлығы (республикалық және жергілікті бюджеттен) 210 393,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайызды құрады.

Сондай-ақ, «Ауыз су» республикалық бағдарламасы арқылы 233 532,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге игерілген қаржының көлемі 231 964,3 мың теңге (қалғаны 1 567,7 мың теңге), орындалуы 99,3 пайыз. Нысанның құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2001 жылға жоспарлануда.

Ауданымызда 3 білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына 44 115,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100 пайыз. 2 мәдениет ошағына 46 184,0 мың теңге бөлініп, орындалдалғаны 100 пайыз.

Сонымен қатар, 13 нысанға ағымды жөндеу жұмыстарына 75 684,9 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 19 850,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлініп, жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы толық 100 пайыз орындалды.


1-стратегиялық бағыт

Аудан бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету


Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің түйінді функциясы бюджеттің толық және уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуден тұрады.

Қойылған міндеттерге жету үшін бюджеттің атқарылуы бойынша жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, бюджеттік қаражаттардың мақсатты және уақтылы игеру, бюджетке түсімдердің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жиынтығын жүргізуі қажет.

Соңғы үш жылда аудан бюджетінің атқарылуын талдайтын болсақ, оның біркелкі орындалмайтындығын анықтауға болады.

Аудан бюджетінің түсімдері бойынша жоспар (қарыздар түсімін қоспағанда) 2007 жылы – 100,5 %-ға, 2008 жылы – 100,4 %-ға, 2009 жылы 100,8 %-ға орындалған. Түсімдер жоспарларының 2007 жылы орындалмауына жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде кірістердің аса көтеріңкі болжамалы көрсеткіштерінің белгіленуі әсерін тигізді.

Шығыстар бойынша жоспар 2007 жылы – 98,6 %-ға, 2008 жылы – 99,6 %-ға, 2009 жылы 99,8 %-ға орындалған. Игерілмеген қаражаттар сомасы 2007 жылы 2008 жылмен салыстырғанда – 1,0 %-ға, 2008 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 0,2 %-ға артып отыр.

Яғни, тікелей нәтижелер көрсеткіштері төмендеуіне негізінен, бөлінген қаражаттарға көрсетілетін қызметтерді, тауарларды және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурстарының уақтылы өткізілмеуі, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тараптарынан бюджеттік қаражаттарды уақтылы және тиімді пайдаланбауы өз әсерін тигізді.

Көптеген мемлекеттік органдар бюджеттік және қаржылық операцияларды уақтылы орындамай, тиісті бақылау жасауды қамтамасыз етпейді. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің бүкіл қолданылу кезеңінде барлық аудан бюджетін атқару процесі және бағдарламалар әкімшілері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз. Дұрысында мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін арттыру және қаражаттарды игеру индикаторларын 99,5%-дан 100%-ға дейін ай сайын арттыруға ұмтылу қажет.

Бюджетті атқару және бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу кезінде бөлімде ұшырасатын, стратегиялық бағытты жүзеге асыруда кері әсерін тигізетін мынадай мәселелерді көрсетуге болады:

түсімдер бойынша жоспарлардың орындалмай қалуы және тиісінше қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттардың тапшылығының орын алуына байланысты жоспарланған нәтижелердің орындалмауы;

бюджетті атқаруда жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеуі;

кредиторлық және дебиторлық берешектердің өсуі;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және төмен тұрған уәкілетті органдардың бюджетті атқару, бюджетті және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру, сондай-ақ белгіленген есептілікті дер кезінде өткізу бөлігіндегі нашар атқарушылық қызметі.

Мұнан басқа, бюджеттік бағдарламаларды атқаруға мынадай факторлар әсер етпей қоймайды:

бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз жүзеге асырылуына әкелетін, бюджеттің атқарылуындағы бюджеттік рәсімдердің көпсатылылығы мен күрделілігі;

мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің созылмалы процесі, конкурстардың бірнеше рет өткізілуі, өтпей қалуы, әлеуетті жеткізушілердің жоқтығы.

Алдымызға қойылған мәселелерді шешу және оған әсер ететін факторларды жою мақсатында Стратегиялық даму жоспарда «Бюджет қаражаттарын уақтылы игеру», «Бюджеттік кредиттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету», «Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген кредиттердің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету», «Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі ақпараттардың қол жетімділігін қамтамасыз ету», «Баға ұсынысы тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды WEB-портал арқылы жүргізуді қамтамасыз ету» мақсаттары. Олардың нысаналы индикаторлары, міндеттері, көрсеткіштері және көрсеткіштерге жетудің тетіктері айқындалып отыр.


2-стратегиялық бағыт
Аудандық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру


Жекешелендіруге жататын нысандарды анықтау, 100 пайыздық мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдарға жеке меншіктен инвестиция тарту. Коммуналдық меншікті басқару жүйесін қалыптастыру, аудандық коммуналдық меншікке қатысты меншік құқығын жүзеге асыру, коммуналдық меншік обьектілерін орынсыз пайдалануды тексеру, мұндай обьектілердің бәсекелік ортаға немесе басқа пайдаланушыларға беру немесе жекешелендіру, иесіз қалған мүлікті айқындап, оны коммуналдық меншікке айналдыру, меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және жекешелендіру.

1. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қарағанда Жуалы ауданы коммуналдық меншігінде 99 заңды тұлғалар есепте тұр, оның ішінде: мемлекеттік мекемелер -77 (Жуалы ауданы әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, 15 ауыл әкімшіліктері, 11 аудан әкімдігінің бөлімдері, 48 білім беру мекемелері (30 орта, 7 негізгі, 8 бастауыш мектептер) және орталықтандырылған кітапхана жүйесі); мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар -19 (16 балабақша мен 3 қазыналық кәсіпорын); мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар -3.

Өткен 2009 жылмен салыстырғанда мемлекеттік мекемелер 3,8 %-ға (102-ден 99 бірлікке) кеміп, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар 9,5 %-ға (21-ден 19 бірлікке) кеміп және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар 50 %-ға (2-ден 3 бірлікке) өскен.

2. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттеріне, дивиденттер қатысу үлесі бойынша табыстар болған жоқ. Коммуналдық меншікті жалға беруден аудан бойынша жергілікті бюджетке 2010 жылдың аяғына жоспардағы 135 000 теңгенің орнына, 137 000 теңге түсті, немесе орындалуы 101,5 % құрады.

2010 жылдың 1 қыркүйегінен жеке кәсіпкерлермен айлық төлемі 17 991 теңгені құрайтын 13 келісім-шарт жасалды.


3-бөлім.

Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, шаралары және нәтижелер көрсеткіштері


3.1. Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі

қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары,

шаралары және нәтижелер көрсеткіштері


1-стратегиялық бағыт. Аудан бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету.

1.1-мақсат. Бюджет қаражаттарын уақтылы игеру.

Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 001


Нысаналы индикатор

(оған жетудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)

Мәлімет көзі

Өлшем бірлігі

оның ішінде аралық көрсеткіштерін көрсете отырып

Есепті кезеңде

Жоспарлы кезеңде

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы жыл жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2010 жылы 100%-ға игерілген бюджеттік бағдарламалардың үлесін ұлғайту және бұл көрсеткіштерді келесі жылдарда ұстау

Есеп

%

100

100

100

100

100

100

100

Нысаналы индикаторға жетудің жолдары, амалдары және әдістері:

1.1.1-міндет. Жергілікті бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу.

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Мәлімет көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы жыл жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жергілікті бюджеттің кірістер бөлігіне түсетін түсімдердің болжамдарының орындалуы

Есеп

%

101

100,4

100

100

100

100

100

Бюджеттік қаражаттардың игерілуі

Есеп

%

99,8

99,3

99,8

99,9

99,9

99,9

99,9

Бюджеттік қаражаттарды 100%-ға игерген бюджеттік бағдарлама әкімшілері санының ұлғаюы

Есеп

Саны

15

7

9

14

14

14

14

Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне

жету үшін атқарылатын шаралар

Жоспарлы кезеңде атқарылу мерзімдері

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1. Жергілікті бюджеттің кірістер бөлігіне түсетін түсімдердің болжамдарының орындалуына талдау.

Х

Х

Х

Х

Х

2. Талдау қорытындылары бойынша кірістердің объективті себептермен орындалмайтын түрлері бойынша жоспарланған сомаларды қысқарту бойынша, асыра орындалып жатқан түрлері бойынша жоспардағы сомаларды ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу.

Х

Х

Х

Х

Х

3. Бюджеттік қаражаттардың игерілуіне мониторинг жүргізу, мониторинг қорытындылары бойынша ұсыныстар енгізу.

Х

Х

Х

Х

Х

1.1.2-міндет. Бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу процесінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен тиімді әрекеттестік жасау.

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Мәлімет көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы жыл жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілуі

Есеп

%

100

99,8

99,8

99,9

100

100

100

Республикалық бюджеттен бөлінген, қаржы жылында түгел пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомаларының қайтарылуы

Есеп

%

100

100

100

100

100

100

100

Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне

жету үшін атқарылатын шаралар

Жоспарлы кезеңде атқарылу мерзімдері

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдармен бюджеттердің атқарылуын мониторингілеу процесінде өзара тиімді іс-әрекеттер қабылдау.

Х

Х

Х

Х

Х

2. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуіне мониторинг жүргізу.

Х

Х

Х

Х

Х

3. Нысаналы трансферттерді қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаттарын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бұруға жол бермеу.

Х

Х

Х

Х

Х

4. Республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелерге қол жеткізу.

Х

Х

Х

Х

Х

5. Аудандық бюджет кірістері жоспарларының орындалмауы және аудандық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттардың жетіспеушілігі болжанған жағдайда аудандық бюджеттің бірінші кезектегі шығыстарын анықтау жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеу.

Х

Х

Х

Х

Х
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon2011 жылғы 27 желтоқсандағы
...
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconМемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Алматы облысының қаржы басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық...
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Арал қаласы

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары iconЖамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Экономикалық өсуге жәрдемдесу және Жамбыл облысы экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік...
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon12 қаңтардағы 2011 жылдың
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы және пайымдауы
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница