Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау




Скачать 462.85 Kb.
НазваниеБектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау
страница2/4
Дата конвертации09.02.2016
Размер462.85 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/bektasova.doc
1   2   3   4

4.2.1 Табиғи саз үлгілерінің катионалмастырғыштығын анықтау

Минералдардың катионалмасу қасиеті негізгі қасиеттің бірі болып саналынады. Саздың катионалмастырғыш сыйымдылығы, оның ішінде гипстің, карбонаттың және суда ерігіш тұздың болуымен анықталынады.

Саздың катионалмасу қасиеті 4-кестесінде көрсетілген.


4-кесте. Табиғи саз үлгілерінің катионалмасу қасиеті,мг/экв/100г


Кен орны аты

Натрий

Кальций және магний

Катиондар суммасы

Шұқырой 1/1 к.

31,87

24.02

55,89

Шардара 2/2 к.

75,48

29,55

104,83

Шардара 3/1 к.

20,89

35,37

56,26


Зерттелген үлгілердің катионалмасу сыйымдылығы бірдей, 56,26-104,83 мг/экв/100 г құрайды. Натрийдың ион алмастырғышы 20,89-дан (Шардара 3/1 үлгі) 75,48 мг/экв-100 г-ге (Шардара 2/1 үлгі) дейін өзгерген. Бұл нәтижеден үлгілердің суда орташа және жақсы ісінуін көруге болады.

Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге сүйене отырып, зерттелген Қаратау бассейні саз үлгілері монтмориллонит бентонит сазына жатады деп қорытынды жасауға болады.


      1. Бентонит саз үлгілерінің қышқылдық активациясы

Бентонит саздары жай түрде сорбциялық және каталитикалық қасиет көрсетпейді. Бұл нәтижелерге жету үшін қышқылдық активация жүргізіледі. Активацияны минералды қышқылдар көмегімен: тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы және т.б. жүргізеді. Біз концентрациясы 20% болатын күкірт қышқылын таңдадық.

Қаратау бассейні бентонит саздарының күкірт қышқылымен активациясынан келесідей адсорбенттер алынды:

1/2 Адсорбенты – саз Шұқырой 1 кен орны, 6 сағат аралығында қайнаған булы моншада Н2SO4-мен активтелген.

2/2 Адсорбенты – саз Шардара 2 кен орны, 6 сағат аралығында қайнаған булы моншада Н2SO4-мен активтелген.

2/2 Адсорбенты – саз Шардара 3 кен орны, 6 сағат аралығында қайнаған булы моншада Н2SO4-мен активтелген.

Катионалмастырғыштық сыйымдылығының химиялық қасеттерін, активтелген және табиғи бентонит саздарының минералогиялық құрамын 5–9 -кестелерінен көруге болады.

Айта кететін жай, зерттелініп жатқан үлгілерде құрамында қанша қоспа бар екендііен кейін монтмориллонит саны анықталды.


5- кесте. Қаратау бассейнінің активтелген және табиғи бентонит саздарының химиялық құрамы


Бентонит сазының кен орны

Үлгілер

Компонент құрамы*, % (*- құрғақ зат)

SiO2

Al2O3

TiO2

Fe2O3

MgO

CaO

K2O

Na2O

қоспа

H20-

Шұқырой 1

кен орны

Табиғи 1/2

60,39

17,93

0,45

4,94

4,03

3,02

1,36

1,64

7,55

6,54

Активтелген

(1/2 Адсорбент)

70,89

14,66

0,36

10,58

2,24

1,18

1,34

1,78

5,67

5,79

Шардара 2

Табиғи 2/2

55,84

22,44

-

1,69

3,26

1,62

0,13

2,64

11,68

6,89

Активтелген (2/2 Адсорбент)

63,01

21,42

-

0,34

2,71

1,08

0,04

0,39

10,03

8,28

Шардара 3

Табиғи 3/2

56,48

24,13

-

0,80

5,32

1,92

0,30

0,27

8,28

5,73

Активтелген

(3/2 Адсорбент)

61,73

22,65

-

0,667

3,66

1,52

0,01

0,20

4,20

5,54


6- кесте. Қаратау бассейнінің активтелген және табиғи бентонит саздарының катион алмасу құрамы


Бентонит сазының кен орны

Үлгілер

Катионалмасу құрамы, үлгіде мг-экв/100

Na+

Ca2+

Mg2+

Қышқыл алмастырғыштық

Жалпы

қосындысы

суда еріт-кендегі рН

H+

Al3+

қосындысы

Шұқырой 1

кен орны

Табиғи 1/2

31,87

24,02

-

-

-

-

55,89

6,98

Активтелген

(1/2 Адсорбент)

1,25

2,35

-

2,05

34,85

36,90

40,50

-

Шардара 2

Табиғи 2/2

75,38

11,70

17,75

-

-

-

104,83

7,20

Активтелген (2/2 Адсорбент)

0,49

2,19

7,21

0,07

53,82

54,49

64,38

2,30

Шардара 3

Табиғи 3/2

10,66

68,21

21,50

-

-

-

100,37

6,35

Активтелген

(3/2 Адсорбент)

3,63

10,97

12,39

5,98

45,23

51,21

78,20

2,20



7- кесте – Активтелген және табиғи Шұқырой 1/2 кен орны бентонит үлгілерінің минералогиялық құрамы



Құрамы

Үлгілер

Жалпы

Бос күйінде

Каолинит

Ортоклаз

Карбо

наттар


Анортит

Алмастырғыштық

Суда ерігіштігі

Монтмориллинит




О

к

с

и

д

т

і

к


қ

ұ

р

а

м

ы

SiO2

Табиғи 1/2

60,39

15,42

4,26

5,04

-

1,25

-




34,42

1/2 Адсорбент

70,89

31,61

-

5,16

-

0,85

-




33,27

Al2O3

Табиғи 1/2

17,60

2,57

3,62

1,43

-

1,09

-




8,89

Адсорбент 1/2

14,66

2,87

-

1,46

-

0,72

0,59




9,02

Fe2O3

Табиғи 1/2

4,94

Лимонит



















4,94

Адсорбент 1/2

3,96

Лимонит



















3,96

MgO

Табиғи 1/2

4,03










0,88







-

3,15

1/2 Адсорбент

2,24




-




-







-

2,24

CaO

Табиғи 1/2

3,09







Гипс 0,70

1,08

0,63

0,67

0,01




1/2 Адсорбент

1,18

-




Гипс 0,75




0,37

0,06

-




Na2O

Табиғи 1/2

0,92
















0,90

0,02




1/2 Адсорбент

0,04




-




-




0,04

-




K2O

Табиғи 1/2

1,36







1.36













57,0

1/2 Адсорбент

1,34







1,34













53/40

Мин.

құрамы

Табиғи 1/2

бос

SiO2

Бос Al2O3

Каолинит

ортоклаз

Карб./ гипс

Анор

тит

Гидромусковит

Суда ерігіштігі

Монтмориллинит

1/2 Адсорбент

15

8

9

8

3/3

3

-

0,18

53,8




31/24

3

-

8

-/2

2

-

-

54,0



8- кесте. Активтелген және табиғи Шардара 2/2 кен орны бентонит үлгілерінің минерологиялық құрамы


Үлгілер

Бос

SiO2

Бос

Al2O3

Каоли

нит

Ортоклаз/альбит/

анортит

Гидромусковит


Лимо

нит

Карбонаттар/гипс

Сулы ерітінді

Монтморил-линит

Табиғи 2/2

9

3

7

-/3/-

1-ден жоғары

1

2/2

-

74

Адсорбент 2/2

25/19

3

-

-/2/-

-

-

-/-

-

70/53



9- кесте. Активтелген және табиғи Шардара 3/2 кен орны бентонит үлгілерінің минерологиялық құрамы


Үлгілер

бос

SiO2

Бос

Al2O3

Каоли

нит

Ортоклаз/альбит/

анортит

Гидромусковит


Лимо-нит

Карбонаттар/гипс

Сулы ерітінді

Монтморил-линит

Табиғи 2/2

8

2

21

-/4/-

3

-

-/-

3

58

Адсорбент 2/2

16/12

2

12

-/1/-

1

-

-/3

-

68/50

Бентониттің қышқылдық активациясынан кейін натрий, калий, кальций және магний катиондары төмендейді, алмастырғыштық кезінде сутегі және алюминий иондары түзіледі.

Анықталғандай, минералдың құрамында К2О болса, онда ол күкірт қышқылында жақсы ериді. К2О ең бай үлгі ол Шұқырой 1/2 к. - 8%, ал Шардара 3/2 к. - 3% және Шардара 2/2 к. - 1% құрайды.

5-кестесінен көрініп тұрғандай, Шұқырой 1/2 к. активтелген және табиғи бентонит үлгілерінде К2О саны бірдей, минерал құрамында К2О болса, онда ол ыстық күкірт қышқылында да ерімейді. Осыдан түйіндейтініміз, қышқылда калийдің ерімейтіндігінен және бентонит құрамындағы К2О саны - 8% болғандықтан, біз Шұқырой 1/2 кен орнының бентонит минералын ортоклаз (К2О-Al2O3 *6SiO2) деп санадық.

Шардара 2/2 және Шардара 3/2 кен орны активтелген бентонит үлгілерінде К2О саны (0,04-0,01%) құрайды, ал табиғи бентонит саз үлгілерінде К2О саны (0,13-0,30%) құрайды. Осыдан байқайтынымыз, құрамында К2О бар минерал күкірт қышқылында ериді.

Гидрослюда қышқылда еритіндіктен, қарастырылған бентонит минералы калий слюдасына – гидромусковитке (К2О*3Al2O3 *6SiO22О*) жатады. Шардара 2/2 кен орны бентонитінде 1%, ал Шардара 3/2 кен орны бентонитінде 3% гидромусковит бар (8 –9 кесте).

Бәрімізге белгілідей, монтмориллонит құрамында натрий тек алмастырғыштық кезінде болады. Шұқырой 1/2 к. бентонит үлгілеріндегі барлық Na2О саны натрий алмастырғыштық катионының (0,9%) және суда еритін тұздардың (0,02%) бөлігіне келеді (6 және 7-кестелер). Шұқырой 1/2 кен орны бентонит құрамындағы 0,3% Na2О қандай да бір бентонит қоспа құрамына кіреді. Осыдан көретініміз альбит (Na2О*Al2O3*6SiO2) қоспасы шпатты алаңына жатады.

Шардара 2/2 кен орны бентонит құрамында 2% альбит бар. Бірақ, Шардара 2/2 бентонит құрамында суда еритін тұздар жоқ (8-кесте).

Ал, Шардара 3/2 кен орны бентонит құрамында 4% албит және 3% суда еритін тұздар бар (9- кесте).

Шұқырой 1/2 кен орны бентонит үлгісіндегі барлық СаО саны (3,02%), кальций алмастырғыштық катионындағы СаО 0,67%, гипстегі СаО 0,7%, анортиттегі СаО 0,57%, карбонаттағы СаО 1,08% болып келеді (4.6-кесте). Шұқырой 1/2 кен орны бентонит құрамында: анортит 3%, гипс 2%, карбонаттар 0,18% және суда еритін тұздар бар (7-кесте).

Ал, Шардара 2/2 кен орны бентонит құрамында: гипс 2%, карбонаттар 2% бар. Шардара 3/2 кен орны бентонит құрамында гипс жоқ (8–9-кестелер).

Магний ионы ионалмастырғыш құрамында, карбонаттар, суда еритін тұздар және де монтмориллониттің кристаллдық құрылымында болуы мүмкін (7–9-кестелер).

Fe2O3 бентонит құрамында лимонит қоспа ретінде кездесе алады және монтмориллонит құрылымына кіреді. Егерде лимонит құрамында темір болатын болса, онда бентониттің қышқылда активтелгенінде лимонит тез ериді. Шардара 2/2 кен орны бентонит құрамында 1% лимонит бар екенін 8-кестеден көре аламыз. Шұқырой 1/2 кен орны және Шардара 3/2 кен орны бентониттегі темір монтмориллониттың кристаллдық торында орналасқан (7 және 9-кестелер).

Бентонит құрамында қанша монтмориллонит минералы бар екенін білу үшін, монтмориллонит құрылымына кіретін Al2O3 мен SiO2 саны анықталынды. Ол үшін жалпы құрамдас үлгінің Al2O3 катионалмастырғыштық бөлігінен, каолиттегі, альбиттегі, анортиттегі, ортоклаздағы, гидромусковиттегі Al2O3 алынды. Монтмориллонит құрылымына кіретін SiO2 санын анықтау үшін, жалпы құрамдас үлгінің SiO2нен каолиттегі, альбиттегі, анортиттегі, ортоклаздағы, гидромусковиттегі SiO2 алынды.

Шардара 2/2 кен орны бентонитінде 74% монтмориллонит бар екенін 7 –9 - кестелерінен көруге болады.

Басқа бентониттермен салыстырғанда Шардара 2/2 кен орны бентонитінде монтмориллонит саны көп. Оның құрамында монтмориллонит пен натрий катионалмастырғыштық санының көп болуы, таза натрийлі бентонитке жатуына байланысы. Бірақ суда өте қатты ісінеді.

Шұқырой 1/2 кен орны бентониті де натрийліге жатады және ол да суда жақсы ісінеді.

Шардара 3/2 кен орны бентонитінде кальций катионалмастырғыштық саны көп болғандықтан, олар суда нашар ісінеді.

Қарастырылып отырған табиғи және активтелген Қаратау бассейні бентонит үлгілерінде ионалмастырғыштық темірі жоқ.

Активтелген қышқылдың сутегі ионы монтмориллонит құрылымына тереңдей еніп, құрылымнан Al3+, Mg2+, Fe3+ иондарын ығыстыра алады. Осыдан монтмориллонит құрылымы бұзылады. Қышқылдық өндіру арқасында бентонит саздарының құрамы сапалық өзгеріске түседі. Біріншіден, қышқылдық өндірілген үлгілерде қышқылдық алмастырғыштық (Н+, Al3+) түзіледі.

Сонымен қатар, бентониттің қышқылдық активация кезінде катионалмастырғыштың сутегі ионын ығыстырудан бөлек, монтмориллониттің крситаллдық құрылымы бұзылады да, саздағы минерал саны төмендейді.
1   2   3   4

Похожие:

Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconТоры азамат қалманұлы жосалы мұнай терминалындағы резервуарларды тазалаудың инновациялық технологиясын жасау
Жосалы мұнай терминалындағы резервуарларды тазалаудың инновациялық технологиясын жасау
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау icon1 Глоссарий
Жылутехника – теориялық физиканың бір бөлімі; оның негізгі мазмұны – физикалық жүйелердің жалпы қасиеттерін жылудинамикалық тепе-теңдік...
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconҚазақстан республикасының
Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconДайындағандар: 7 сынып оқушысы : Нұрмұхамбет Самғарбек
Судың баға жетпес байлық екенін біле отырып, оның қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconҚазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мм
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мм 2008 жылғы 9 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Уәлиханов көшесі, 17 үй, 3...
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің пәнді зерттеу барысында алынған теориялық білімдерін бекіту, сонымен қатар теорияның есепті...
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconМәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер пәнінің типтік бағдарламасы бойынша студенттер мыналарды білуі тиіс
Сонымен қатар, алынған ақпаратты талдай білуге, өз бетінше зерттеу жүргізіп, шешімдер қабылдай білуге үйрету
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау icon«Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры
Еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің санын анықтау, тізімін жасау және олардың облыстар бойынша жинақтарын шығару мақсатында...
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconСабақтың та қырыбы: Абайла, ж ұқа мұз! Сабақтың ма қсаты
Оқушыларға мұз қауіпсіздігін есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға...
Бектасова айгерим шардарбекқызы қаратау бентониттерінен алынған сорбенттердің Қасиеттерін зерттеу және технологиясын жасау iconКонспект лекций Мамандык: 5В071200-«Машина жасау»
Дәрістер конспектісі Қазақстан Республикасының мжмбс қР 04. 019- 2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі жағдайлар» мен 5В071200–...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница