Скачать 390.64 Kb.
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі Нормативтік сілтемелер
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау 1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді университет өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың емтихан тапсыру және сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде жүзеге асырады. 2. Білім беруді ұйымдастырудың тиімділігін, оның сапасының деңгейін және білім алушылардың білім жетістіктерін анықтауды университетте тіркеуші офисі іске асырады. 3. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес анықталады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі. Кесте 1 Пән бойынша бағалау жүйесі
4. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. 5. Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын орындау, білім алушының өзіндік жұмысы, аралық бақылау) 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланып, ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі. Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады. 6. Аралық бақылау әрбір пән бойынша бір академиялық кезеңде екі рет өткізіледі. 7. Білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу тіркеуші офисіне жүктеледі. 9. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді. 10. Сараланған (дифференциалдық) сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады. Сараланған (дифференциалдық) сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі. 11. Білім алушылардың кәсіби практикадан (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) өтуі кезінде бағалануы сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының практикада болу мерзіміндегі жұмысы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, практика есебін қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі. Пән бойынша бақылау түрі тек курстық жұмысты (жобаны) қорғау болған жағдайда, білім алушының білімін бағалау сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының курстық жұмысты (жобаны) орындауына 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, курстық жұмысты (жобаны) қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі. Бұл жағдайда курстық жұмыстың (жобаның) бағасы мемлекеттік стипендияны, курстан курсқа көшіру балына есептеуде ескеріледі. Пән бойынша курстық жұмысты (жобаны) тапсыру беріліп, бірақ сол пәннен бақылау түрі емтихан болған жағдайда курстық жұмысты (жобаны) бағалау пән бойынша ағымдық бағалауға енгізіледі. 12. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді. Тіркеуші офисінің жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді. 13. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде білім алушының аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі. Емтихандық сессияға жіберу екі кезеңнен тұрады: 1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директорының) жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ білім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге асырылады; 2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және аралық бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру емтихан ведомостарындағы әрбір білім алушының тегінің тұсына тіркеуші офисі тиісті белгі қоюымен орындалады. Аталған пән бойынша жіберу рейтингісін алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді. Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді. 14. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі. Емтиханда білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады. 15. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», D, D+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен білім алушының сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады. 16. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң білім алушыға оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингісінің бағасы (орташа рейтинг) мен қорытынды бақылау бағалары кіреді. 17. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) пән бойынша қорытынды бағаның 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-ын құрайды. 18. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, білім алушының транскриптіне жазылады. 19. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. 20. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 21. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) білім алушыға емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады. Факультет деканы (институт директоры) білім алушыға денсаулығына, сәбиінің дүниеге келуіне, жақын туыстарының қайтыс болуына, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруына рұқсат береді. 22. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. 23. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен беріледі. 24. Барлық оқыту нысанына арналған емтихандар кестесін тіркеуші офисі факультет деканымен (институт директорымен) бірлесе жасайды. Емтихандар кестесін бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді. Сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей емтихандар кестесі білім алушылар мен оқытушылар назарына жеткізіледі. 25. Емтиханға келгенде білім алушының қолында емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөр басылған сынақ кітапшасы болуы міндетті. 26. Қорытынды бақылау өткізу үшін тіркеуші офисі тарапынан емтихан қабылдаушыға білім алушылардың академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингісі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді. 27. Білім алушының пән бойынша дәрісханалық жұмысының, оқытушымен өзіндік жұмысының және аралық, қорытынды бақылау (емтихан) жұмыстарының әрқайсысы, сондай-ақ сабақтардағы әрбір жауап, тапсырылған жеке тапсырма, әрбір зертханалық жұмыс және реферат 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. Білім алушылардың білімін бағалауда тапсырма түрінің ерекшелігі мен күрделілігін анықтайтын коэффициенттер (салмақтық үлес) беріледі. Сол тапсырма бойынша білім алушының ағымдық бақылау бағасы 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланған бағасын осы салмақтық үлеске көбейту арқылы есептелінеді (2- кестеде жеке тапсырмалар түрлері бойынша салмақтық үлестер 3-бағанда келтірілген). 28. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. Бағалау приципі 1-қосымшада көрсетілген. Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау бағасы пән ерекшеліктеріне байланысты тарсырмалар түрлері бойынша бағалануы 2-кестеде берілген. Кесте-2 Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
2-кестедегі дәрісханалық және білім алушының өзіндік жұмысындағы тапсырмалардың түрлері пән ерекшеліктеріне байланысты құрылымдалады, сабаққа қатысуға 0,15 салмақтық үлес міндетті түрде беріледі, қалған тапсырмалардың тізімі мен салмақтық үлесі оқытушының таңдауымен өзгертілуі мүмкін. Дәрісханалық жұмыс бойынша қосынды салмақтық үлес 0,60-тан аспауы және білім алушының өзіндік жұмысы бойынша қосынды салмақтық үлес 0,40-тан аспауы қажет. Есептеулерге түсіндірме: 11-бағандағы нәтиже сол тапсырма түрі бойынша әрбір аптадағы білім алушының алған бағаларының (100 пайызға дейін) орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады. Тиісті тапсырма бойынша 12-бағандағы ағымдық бақылаудың бағасы сәйкес жолдардағы 11-бағандағы орташа арифметикалық қосындының 3-бағандағы салмақтық үлеске көбейтіндісі түрінде анықталады. Әрбір тапсырманың 12-бағандағы нәтижелері қосылып, ағымдық бақылаудың нәтижесін береді. 2-ағымдық бақылаудың қорытынды бағасы да осы тәртіппен шығарылады. Есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Осы келтірілген тәртіппен білім алушының кез-келген кезеңдегі (мысалы алғашқы 1-3 апта аралығындағы) ағымдық бақылауының бағасын есептеуге болады. 29. Білім алушының пән бойынша білімінің салмақтық үлесі бойынша 60%-ын оқытушы бағалайды (ағымдық бақылау). Қорытынды бақылаудың (емтиханның) салмақтық үлесі бойынша 40%-ы тіркеуші офисі арқылы білім алушының ауызша жауап түрінде, жазбаша жауапты эксперттік комиссияның бағалауымен (штрих-код түрінде) немесе тест түрінде өткізу арқылы анықталады. 30. Жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды (модульді) бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. 31. Ауызша емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. 32. Жазбаша емтиханды өткізу кезінде білім алушыға 3 сұрақ беріледі. 1-ші сұрақ - ең жоғары 100 пайызға дейін, 2-ші сұрақ – ең жоғары 100 пайызға дейін, 3-ші сұрақ – ең жоғары 100 пайызға дейін бағаланады. Аралық бақылаудың және емтиханның қорытынды бағасы 3 сұрақ бойынша барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы түрінде шығарылады. Бұл есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Жазбаша емтиханды бағалау кезінде оқытушы қойған емтиханның қорытынды бағасы 4-кестеде көрсетілген пайыздық бағалардың аралығына сәйкес келген жағдайда бағалау білім алушының пайдасына шешіле отырып, келесі жоғары баға қойылады. Мысалы, оқытушы емтихан бағасына 91 пайыз қойған жағдайда, бұл бағаның 4-кестедегі бағалау шкаласында болмауына байланысты келесі жоғары балл 92 пайыз таңдалады. 33. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген. Кесте 3 Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
Ал, тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген. Кесте 4 |
![]() | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу үлгі ережесі Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және... | ![]() | Атестаттауды өткізу бойынша Нысан Госо қР 08. 368–2006, Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі... |
![]() | Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Академиялық күнтізбе Қр мжмбс 04. 019-2011 "Бакалавриат. Негізгі ережелер", Жоғары оқу орындарында білім алушылар үлгерімінің ағымдағы... | ![]() | Үлгі Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі |
![]() | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау Химия Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі | ![]() | Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар Философия пәні бойынша 1 аралық бақылау сұрақтары Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар |
![]() | Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар Философия пәні бойынша 1 аралық бақылау сұрақтары Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар | ![]() | Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар Ық негіздері” пәні бойынша білімнің қорытынды бағасын анықтау үшін өлшем – бақылау құралдары |
![]() | Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк... | ![]() | Патофизиология кафедрасы «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» бақылау-өлшегіш қҰралы ПӘн бойынша алған білімдерін, Үйренген дағдыларын қорытынды бағалауға арналған бақылау-өлшегіш қҰралдары |