Скачать 0.68 Mb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Математика, физика және техника факультеті Математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар құжырасы ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ«Схемотехника негіздері» пәні бойынша 050602 «Информатика» мамандығына арналған Өскемен, 2005
Аннотация: «Схемотехника негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешені «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған. Кешен студенттерді курс өзектілігі мен қажеттілігін дәйектей отырып оның мазмұнымен, саясатымен таныстырады. Сонымен қатар пәнді оқыту нәтижесінде студенттердің алатын білімдерін, дағдыларын және іскерліктерін баяндайды. Оқу-әдістемелік кешені пәнді оқу барысында бағыттаушы және жүйелендіруші ролін атқарады. ОӘК тақырыптық жоспардан, СӨЖ-ның берілу және тапсырылу графигінен, басқа да әртүрлі жұмыстардан тұрады. «Схемотехника негіздері» пәні бойынша «Информатика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені / Құраст. Мнафиянов Е.М. – Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005. - 45 бет. С . Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005 I. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) 1. Жалпы мағлұматтар:
2.1 Курстың мақсаты: Қазіргі заманғы компьютерлердің микроэлектронды схемаларының ақпараттық, арифметикалық және логикалық негіздерін қарастыру. Логикалық және сақтаушы элементтердің, типтік функционалдық түйіндердің, электронды жадының, арифметикалық және басқарушы құрылғылардың, микропроцессорлардың, интерфейстік контроллерлердің, ЭЕМ құрылғыларын бағдарламалық басқару элементтерін жұмыс істеу және құрылу принциптерін меңгеру. 2.2 Курстың мамандыққа байланысты міндеттері: курс аяқталған соң тыңдаушы келесілерді білуі керек
2.3 Курстың мазмұны: ЭЕМ–нің логикалық функцияларын іске асыру, логикалық элементтер. Логикалық элементтердің функционалды – толық жүйелері. Жады элементтері, триггерлік жүйелер. Регистрлер, санағыштар, сумматорлар, шифраторлар және дешифраторлар. Шиналар, арналар, мультиплексорлар, демультиплексорлар және коммутаторлар. ЭЕМ құрылғыларын бағдарламалық басқару элементтері: қоректенуді басқару, үзілістерді басқару, plug and play типті басқару. Видеоқұрылғылар, интерфейстік, мультимедиялық және стендартты емес құрылғылар. Сақтау құрылғыларының деңгейлері мен элементтері. Үзіліссіз қоректендіру құрылғылары. 3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
3.6 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
3.7 Рейтингі шкаласы
3.8 Жұмыс түрлерін бағалау шкаласы Пән бойынша студенттердің білімдерін бағалау сызбасы Ағымдық бақылау(28,5 б):
Үй жұмысы(11,5 б):
Аралық (рубеждік) бақылау(20 б):
Барлығы: 60 балл
- лекциялық және практикалық сабақтарды босатпау және сабаққа кешікпеу;
- себепті сабақ босатуларды оқытушымен уақытын келісе отырып артынан өтеу. 2 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ–ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2.1 Курстың тақырыптық жоспары Барлығы (кредиттер): 1
2.2 Лекциялық сабақтардың тезистері №1–лекция Тақырып: Компьютерлік схемотехниканың арифметикалық негіздері. Компьютердегі сандық ақпарат төмендегідей сипатталады: - санау жүйесімен (екілік, ондық); - сан түрімен (нақты, космплексті, массив); - сан типімен (аралас, бөлшек, бүтін); - сандарды көрсету аралығымен және дәлдігімен; - терім сандарды кодтау әдістерімен; - арифметикалық операцияларды орындау алгоритмдерімен. Санау жүйесіне анықтама берейік: санау жүйесі – цифрлік белгілер (алфавит) жиыны көмегімен сандарды жазу әдістері мен ережелерінің жиыны. Цифрлік белгілердің санын санау жүйесінің негізі деп атайды. Санау жүйесінің екі типі болады:
Позициялық емес санау жүйесінің мысалы римдік санау жүйесі болады: IX, IV, XV және с.с. Позициялық санау жүйесіне күнделікті қолданылатын ондық санау жүйесін айтуға болады. Позициялық жүйеде кез келген бүтін санды көпмүшелік түрінде жазуға болады: Xs={AnAn-1...A1A0}s=An•Sn+An-1•Sn-1+...+A1•S1+A0•S0 мұндағы s – санау жүйесінің негізі; А- осы санау жүйесінде жазылған санның мәндік цифрлары; n – санның разрядтар саны. Мысал 1. 534110 санын көпмүшелік түрінде жазайық: 534110=5•103+3•102+4•101+1•100 Мысал 2. 32110 санын екілік санау жүйесінде жазайық. Ол үшін санды 2–дәрежелі сандардың қосындысы түрінде жіктеп жазу керек. 32110=1•28+1•26+1•20 Одан соң екі дәреже болған кездегі коэффициенттерін оңнан солға қарай жазамыз (минималды нөлінші дәрежеден максимал дәрежеге қарай) Сондықтан бұл сан екілік санау жүйесінде 1010000012 түріне келеді. Екілік санау жүйесіндегі сандармен орындалатын арифметикалық операциялар: 1. Қосу операциясы бір разрядта екілік қосу кестесі көмегімен орындалады: + 0 1 0 0 1 1 1 10 Мысал 3. 10012 11012 111112 10102 10112 12 100112 110002 1000002 2. Алу операциясы алу кестесі көмегімен орындалады, ондағы 1 үлкен разрядтан алынады. - 0 1 0 0 11 1 1 0 Мысал 4. 1011100112 1101011012 1000110112 1010111112 0010110002 0010011102 3. Көбейту операциясы кәдімгі ондық санау жүйесіндегі сызба бойынша орындалады. х 0 1 0 0 0 1 0 1 Мысал 5. х 110012 х 1012 11012 112 11001 101 11001 101 11001 11112 1010001012 4. Бөлу операциясы 10-ық санау жүйесінде пайдаланылатын алгоритмге ұқсас алгоритм бойынша жүргізіледі. Мысал 6. 1010001012 11012 1000110002 11112 1101 11012 1111 100102 1110 0010100 1101 1111 1101 10102 -остаток 1101 0 Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4. Қосымша әдебиет: 11, 12 №2–лекция Тақырып: ЭЕМ–де сандарды көрсету әдістері. Біз білетіндей сандарды көрсетудің екі негізгі әдістері бар:бекітілген және жүзуші үтірі бар. Көптеген әмбебап ЭЕМ–дер жүзуші үтірі бар сандармен жұмыс істейді, ал көптеген арнайы ЭЕМ-дер бекітілген үтірі бар сандармен жұмыс істейді. Бірақ машиналардың бірқатары екі форматтағы сандармен жұмыс істей береді. Жалпы жағдайда сандарды көрсету әдісі бағдарламалау сипатына үлкен әсер етеді. Бекітілген үтірі бар жүйеде жұмыс істейтін ЭЕМ–де бағдарламалау қиын өйткені арифметикалық қиындықтан басқа үтірдің тұрған орнын анықтау керек. |
![]() | ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140... | ![]() | ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114... |
![]() | ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы және психокоррекциясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені | ![]() | Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді |
![]() | Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №2 басылым 09 2014 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы | ![]() | ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – I Пәннің оқу әдістемелік кешені «Цитология» бойынша 050113 – «Биология» мамандығы типтік оқу бағдарламасы. Алматы, 2005ж. (типтік бағдарлама... |
![]() | «Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №2 басылым 11. 09. 2014 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені ПОӘК магистрантқа арналған «Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені | ![]() | «Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені ... |
![]() | ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен... | ![]() | Барлығы – 90 сағат Орал Курс бағдарламасы пәннің оқу әдістемелік кешені 050116 география мамандығы 2 курс студенттеріне арналған кредиттік оқыту технологиясы... |