Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында




Скачать 92.59 Kb.
НазваниеТақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында
Дата конвертации09.02.2016
Размер92.59 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktuo.narod.ru/2006/ob041106.doc
Орыс және аралас мектеп директорларына! 3.11.2006


2006 жылдың 13 қарашасынан бастап орыс және аралас мектептердегі қазақ тілі пәнінің берілу сапасын тексеру мақсатымен облыстық білім департаментінің комиссиялары шығады. Тексеру барысында диктанттар, тестілеу жүргізіледі, балалармен пікірлесу (қазақ тілінде) өткізіледі. Бастауыш кластарда оқу техникасы тексеріледі.

Сайлагиева Ш.А.


Мектеп директорларын!

Қарашаның 6-да № 9 ОМГ базасында бейнелеу өнері мұғалімдерінің семинар-кеңесі өткізіледі. Барлық мектептерінің бейнелеу өнері мұғалімдерінің келулері міндетті.

Г. Алиева




Мектеп директорларына !


2006-2007 оқу жылында мемлекеттік білім бағдарламасын дамыту мақсатында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институты «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде өнер пәні бойынша бейімдік оқытудың мазмұны» тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында «Қазақстан өнері: Азия мен Еуропа арасында», «Қазақстан туы» атты байқау өткізеді.

Облыстық байқауға қатысу үшін дайындаған материалды 2007 жылдың 1 ақпанына дейін ОҚБАжҚДИ-ның әлеуметтендіру, тәрбиедегі дамытушылық және көркемдік білім беру кабинетіне жіберуіңіз сұралады. Байқаудың ережесі қосымша жіберіліп отыр.

Мекен-жай: Әбілқайырхан даңғылы, 26а

тел. 56-42-80

Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған «Қазақстан туы» атты республикалық шығармашылық байқауы туралы ереже


Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  1. Мереке күндері, шерулер мен көрмелер, жәрмеңкелер кезінде қалаларды, көшелерді, мектеп пен үй ауласын безендіру үшін ең үздік жұмыстарды таңдап алу;

  2. Алдағы уақытта үздік сабақ жоспарларын оқу үрдісінде қолдану және арнайы жинақтарға басып шығару мақсатында оларды зерделеу және саралау.


Байқаудың шарттары.

Байқауға 16 жасқа дейінгі оқушылардың акрил бояуларымен салынған батик жұмыстары ұсынылады (50 см х 70 см форматы, жиектері безендірілген).

Коллажбен салуға болады. Ұсынылатын форманың этикасы жұмыстың арғы бетінде, төмендегі оң жақ бұрышына тігіледі.

Байқауға келіп түскен жұмыстарды әділ қазылар алқасы келесі шарттар бойынша бағалайды: рәміздердің түр сипатының ерекшелігі, мәтіндер мен көркем элементтерінің түсініктілігі, ашық түстілігі, материалдардың қарапайымдылығы.

Бейнелеуге ұсынылатын үлгі тақырыптар: Қазақстанның ежелгі қалалары мен қасиетті жерлері, Жанұя бала көзімен, Ислам-әлем діні. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні, Алматы қаласында болып өткен 1986 жылғы желтоқсан күндеріне 20 жыл және т.б. Қазақстанда атап өтілетін түрлі мемлекеттік, халық, кәсіби мерекелерге арналған жұмыстар.

Қолданбалы сән өнеріне арналған сабақ жоспарының жұмыстары электронды түрде теріліп, жазылған 5 беттен аспауы керек. Жұмыстар келесі шарттар бойынша бағаланады: жұмыстың даралығы, түсініктілігі, практика жүзінде қолданбалығы, нәтижелігі.

Байқауды өткізу тәртібі.

«Қазақстан туы» республикалық байқауы 2006 жылдың 1 қыркүйегінен 2007 жылдың 1 мамырына дейін өткізіледі.

Байқау жұмыстары 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады, мекен-жай: Алматы қаласы, 050062, 1 ықшам аудан, Ұлықбек даңғылы (бұрынғы Домостроительная көшесі), 36 үй, ББЖ КБАРИ, №321 бөлме, Көркемдік білім беру орталығы, Республикалық байқау «Қазақстан туы» атпен өтеді.

«Қазақстан туы» байқауының ұйымдастыру жарнасы (кімнен-аты-тегі, қаласы) 1550 теңге құрайды. РНН 600900063 216, ИИк 801609344, БИК 190501719, КОД 16, АГФ АО «БанкЦентрКредит», РГКП «РИПК СО», тел./факс(3272) 269011, Алматы қ, 1 ықшам аудан, 36 үй Е-mail:buhripkso@nursat.kz

Ұсынылған жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

Марапаттау.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар тізімі арнайы басылымдарда жарияланады. Үздік сабақ жоспарлары мен сурет жұмыстары республикалық «Бейнелеу өнері және сызу мектепте, жоғарығы оқу орнында» журналында жарияланады.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған «Қазақстан туы» республикалық шығармашылық байқауына

Тіркеу реті




Фамилиясы




Аты




Жынысы




Туған жылы, толық жасы




Тұрғылықты жері, мекені




Үйінің телефоны




Жұмыс орны




Материалы, өндіруші фирманың аты




Көлемі




Орындалған мерзімі




Мұғалімнің аты




Мектептің (студияның) аты және мекен жайы, телефон




Мен байқаудың жалпы ережесімен келісемін. Мен ұсынылған жұмыстың авторымен және оның авторлық құқығына иемін. Мен байқауды ұйымдастырушыға менің жұмысымды байқаудың тақырыбы мен идеясын тарату мақсатында пайдалануға рұхсат етемін. Мен өз жұмысымды байқауды ұйымдастырушыларға беремін. Менің авторлық құқығымның сақталуына және менің жұмысымды пайдалану барысында менің аты-жөнімнің көрсетілуіне сенемін.

Әділ қазылар кеңесінің бағалары




Этикетка салынған суреттің бетінің оң жақ бұрышында тігіледі.


«Азия және Еуропа аралығында Қазақстан өнері » атты оқушылар шығармашылық жұмысының республикалық байқауы туралы ереже.

«Азия және Еуропа аралығында Қазақстан өнері » атты оқушылар шығармашылық жұмысының республикалық байқауын ұйымдастырушылары Білім беру жүйесі басшы және ғылыми –педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының Көркемдік білім беру орталығы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының өнер тану факультеті.

Байқау 2006-2007 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру мектептері мен қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы сыныптарға енгізілген «Өнер» оқу пәнінің меңгерілуі мен оқу үрдісінде осы жаңа пән арқылы білім, білік, дағдыларының қалыптасуы жағдайын зерделеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқау барысы жоғарғы сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен бағдарлы оқытуды таңдауына ықпал етеді. Білім алушылар аталмыш пәннің практикалық мәнділігін пайымдауына, басқа мектеп пәндерімен байланыстылығымен қоса, оның әлеуметтілігін, құнды бағдарлығын анықтауға мүмкіндік алады.

Мақсат:

Оқушылардың білім белсендіру, өнер туындыларымен табысу біліктілігін қалыптастырып, оны практика жүзінде қолдана білу; оқушылардың өнер аймағында көркемдік –шығармашылық қызметінің нәтижелілігін ұштай түсу, мәдени мұраларды меңгеруде жаңа бағыттар іздестіру (қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді игеру, Интернетке қосылу, ақпараттық технологиялар, зерттеу, баспадан шығару, театр және т.б. өнерге қатысты шағын топтар қызметін жобалау түрлері).

Міндеттер:

Көркемдік құбылыс көрінісінің сан алуан жағын сипаттай білуге қатысты зерттеу бағытының жобасын айқындау; әрқилы өнер түрлері мен «мәдени мәтінді» қолдану барысында жобалау технологиясын меңгеру білігін қалыптастыру; өнер, жалпы мәдениет туралы және олардың негізгі қызметі мен әдеуметтік мән-маңызын баяндауда өзіндік көзқасы мен пікірін білдіру (алынған білім негізінде түрлі көркем бейнелерге, нақты мысалдарға шығармашылық пайымдаулар жасау қабілетін арттыру).

Республикалық байқауды өткізу түрі: сырттай (әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын бағалайды).

Байқау жұмыстарының басты тақырыбы:

Байқауға «Азия және Еуропа аралығында Қазақстан өнері» ұранмен 10 сынып «Өнер» курсының мазмұны толық қамтылған, мәдениеттер мен өркениет диалогын бейнелейтін шығармашылық жұмыстар ұсынылады.

Байқауға қатысушылар: жалпыға білім беретін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептің 10 сынып оқушылары, гимназия, лицейлердегі қосымша білім алушы жас өспірімдер.

Байқауды қорытындылау және марапаттау:

Республикалық байқауға қатысушылардың барлығына сертификат беріледі. Жеңімпаздар дипломмен және сыйлықтармен марапатталады. Үздік жұмыстар мектептегі және жоғары оқу орындарындағы «Бейнелеу өнері және Сызу» республикалық ғылыми -әдістемелік журнал беттерінде жарияланады.

Байқау жұмыстары төмендегідей номинация бойынша бағаланады:

Реферат, зерттеу, практикалық іс – нұсқау, мультимедиялық жоба немесе компьютерлік ұсыныс –нұсқаулар.

Жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар:

  1. «Реферат» номинациясы бойынша: кіріспе бөлім – мәселені айшықтау, негізгі бөлім – рефераттау, қорытынды бөлім –автордың мәселе аймағындағы жеке көзқарасы, қолданған әдебиеттер тізімі.

  2. «Зерттеу» номинациясы бойынша: сұрақтар ауқымы, түпнұсқалар (материалдар мен зерттеу базасы), проблеманы байымдау, авторлық болжам, библиография.

  3. «Практикалық іс - нұсқау» номинациясы бойынша: тақырыптық жолсапар (мұражайлар практикасында қолданыс тапқан әдістемелік ережеге сәйкес).

  4. «Мультимедиялық жоба немесе компьютерлік ұсыныс- нұсқаулар» номинациясы бойынша: мазмұндылығы 1-3 п.п. талаптары бойынша бағаланады, әсіресе, web – дизайн және компьютерлік технологиямеңгерілуі дәрежесі аса бағаланады.

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар: барлық жұмыстар иллюстрациятүрінде берілуі тиіс, мәтін компьютерде терілу керек, қолжазба көлемі -22 беттен аспауы тиіс, иллюстрация саны шектеусіз.

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері: өзіндік шығармашылық ой- байлам, қойылған мәселенің өзектілігі, тақырыпты таңдау мен оны дәйектеу ерекшелігі, жобаны ісжүзінде игеру барысында базалық және қосымша материалдарды ұсыну себебін растай білу, рәсімдеу, қорғау түрлері (тұсаукесер тәсілі).

Ұйымдастыру комитеті мен байқаудың әділ қазылар алқасы:

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – Б.А. Әлмұхамбетов. н.ғ.д. профессор, РББЖБжПКБАИ-ң директоры.

Әділ қазылар алқасының төрағасы – Қ.Қ.Болатбаев, н.ғ.қ., Т. Жүргенов атындағы ҚҮ Өнер Академиясының өнертану факультетінің деканы.

Әділ қазылар алқасының мүшелері – Е.Н. Митрофанова, Көркемдік білім беру орталығының меңгерушісі, З.Ш. Айдарова, Ы.Алтынсарин атын. Білім Академиясы аға ғыл. қызметкері, М.А. Оразалиева, п.ғ.қ., Қаз.Мем.Қыздар пед институтының доценті.

Байқауға ұсынылған жұмыстар 2007 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Мекен –жай: 050062, Алматы қ, 1 ықшам аудан, Ұлықбек даңғылы, 36 үй, ББЖ ҚБАРИ, 321 бөлме, Көркемдік білім беру орталығына «Азия және Еуропа аралығында Қазақстан өнері» Республикалық байқауы» тақырыпшасы көрсетілсін.

«Азия және Еуропа аралығында Қазақстан өнері» байқауының ұйымдастыру жарнасы (кімнен – аты-тегі, қаласы) 1550 теңге құрайды. РНН 600 900 063 216, ИИК 801 609 344, БИК 190 501 719, Код 16, АГФ АО «БанкЦентрКредит», РГКП «РИПК СО», тел/факс (3272) 269011, Алматы қ, 1 ықшам аудан 36 үй, Е-mail: buh-ripkso@nursat. kz

Қосымша 2006 -2007 оқу жылында өтілетін «Азия және Еуропа аралығында Қазақстан өнері» атты шығармашылық байқауға қатысушы өтініші.

Мектептің мекен- жайы




Номинациясы




Тақырыбы




Шешімін күтетін жолдар мен міндеттері




Жобалау қызметіндегі күтілетін нәтиже




Сабақтас пәндер




Жетекшісі, тел




Жобаға қатысушы(лар)






Мектеп директорларына !


Облыстық білім департаменті «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің V съезінде қабылданған «Жас ұрпаққа аманат» атты жолдауын жасөспірімдерге патриоттық, отан сүйгіштік, ұлттық білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысына кіріктіру үшін жіберіп отыр.

Жолдау мәтіні 1 парақта қоса жалғанады.

Жас ұрпаққа аманат


Біз, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тылдың қаһарман еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері, Қазақстанның жас ұрпақтарына сөз арнай отырып, фашизмді талқандаудағы тарихи жеңістің оңайлықпен келмегенін, қатал да қатыгез бұл соғыстың қиындығы мен қасіретін иығымызбен көтергенімізді әрдайым есте сақтағандарыңды қалар едік.

Екінші дүниежүзілік соғыс жер шарындағы 50 миллионнан астам адамның мірін қиды. Олардың арасында өздерің сияқты өмірге жаңа қадам басып, бақытты өмір сүруді, халқына қызмет етуді армандаған, өз өмірлерін құрбан ете отырып, әлемді азат еткен талай боздақтар болды.

Аға ұрпақтың осындай ерлігін қастерлеп, есте сақтаңдар, біз бірлесіп тізе қосқанда ғана жеңіске жетеміз. Елімізді болашақ қауіп-қатерден бірге қорғаймыз.

Қымбатты жас қазақстандықтар!


Ұлы Отан соғысына қатысты қандай да болсын деректреге бейжай қарамаңдар. Естеріңде болсын, біздің арамызда өткен тарихымызды жинаған, халқымыздың азаттығын қорғаған. Отанды сүйіңдер. Бірлік пен достықты, келісімді сақтай біліңдер. Жер бетіндегі бейбіт өмірді көздің қарашығындай сақтаңдар, ол үшін күресіңдер, лаңкестікке берік тосқауыл қойып, ұлтаралық және сүйікті Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы кепілдігі болып табылады.

Сіздерге бейбіт те бақыт өмір тілейміз!


«Қазақстан республикасы Ардагерлер ұйымы»

қоғамдық бірлестігінің V съезінде қабылданды

2006 жылғы 21 сәуір.

Похожие:

Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconКонференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасайды: Этнопедагогикалық зерттеулердің кезеңдері мен даму үрдістері: әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесі
Халықаралық педагогикалық академияның академигі Клара Жантөреқызы Қожахметованың 65 жылдығына арналған «еліміздегі және әлемдік білім-ғылым...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconАқпараттық хат ҚҰрметті әріптестер!
«Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconҚазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңҒай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары манабаева Гүлбайрам Рахымқызы
Сөйлемнің де соңынан қойылатын нуктесі бар с. 15 дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін еңшешуші соңғы нүкте – Біріңғай ұлттық тестілеудің...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconОблыс Әкімі Қ. А. Бозымбаевтың 2010 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткен Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесуде сөйлейтін

Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында icon«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconАтты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі
Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2015 жылдың 12-13 қараша күндері өтетін «Бес институционалдық...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconҚарағанды қаласы мектептерінің арасында
Сайыстың мақсаты: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білімді түсіндіріп, тарату, оқушылар арасында туған жерге деген абырой, махаббат...
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconҒылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға оқушылар дайындау; Шәкірттерді пәндік олимпиадаларға даярлау, қатыстыру
Химия- биология бағытындағы пәндер кафедрасының ғылыми -әдістемелік жұмысының 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Тақырыбында ғылыми-педагогикалық конференция және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушылар арасында iconҚазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды жетілдіру жолдары
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері б
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница