«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы




Скачать 232.95 Kb.
Название«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы
Дата конвертации09.02.2016
Размер232.95 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ksu.kz/files/_UPO_/Itogov_attest_magov/Trebovanie_k_mag_diss_KAZ.doc

«БЕКІТЕМІН»

Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы


п.ғ.д., профессор С.Т. Каргин

___________________________

«________»____________ 2009 ж.


Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар




1. Жалпы ережелер



1. Магистрлік диссертация мазмұны бойынша тиісті мамандық тобының нақты мамандығының маңызды мәселелері бойынша өз бетімен ғылыми зерттеу қорытындыларын біріктіру болып табылады.

2. Магистрлік диссертация магистранттың кәсіби біліктілігінің деңгейін және оның таңдаған мамандық бойынша ҚР МЖБС талаптарына сәйкес ғылыми таным әдіснамасын меңгеру дәрежесін анықтайды.

3. Магистрлік диссертация тиісті мамандық бойынша ғылыми жетекшінің жетекшілігімен дайындалған білікті ғылыми жұмыс және бітірушіге тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәреже беру үшін негіз болып табылады.

4. Магистрлік диссертация келесі талаптардың біреуіне сәйкес келуі тиіс:

  1. ғылыми міндетті шешетін жаңа нәтижелер болуы керек;

  2. қолданбалы міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жаңа ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.

Магистрлік диссертация ретінде ғылыми сипаттағы кәсіпкерлік немесе инновациялық жобаларды қорғауға рұқсат беріледі.

5. Магистрлік диссертациялардың тақырыптарын шығарушы кафедра әзірлеп, оны жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі қарастырып, бекітеді.

6. Магистрлік диссертациялардың жалпы тізімі жыл сайын 30 %-ға жаңартылып отыруы қажет.

7. Магистрлік диссертацияның тақырыбы магистрантқа жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен қабылданғаннан кейін бірінші екі ай ағымында бекітіледі және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.

8. Бітіруші курста сарапшылар кеңесінің жұмыстары басталғанға дейін бір ай бұрын шығарушы кафедраның себепті қорытындысы негізінде магистранттың диссертациясының тақырыбына түзетулер енгізуге рұқсат беріледі.

9. Негізделген және құрылымды магистрлік диссертацияның тақырыбы, диссертация жұмысын аяқтау мерзімдері көрсетілген магистрлік диссертацияны орындау жоспары, ғылыми басылымдар, тағылымдамалар (қажет болған жағдайда) жоспары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрініс табады.

10. Магистрлік диссертация ғылым мен тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделіп, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқылы орындалып, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік және тәжірибелік) бөлімдері болуы керек, тиісті білім саласындағы алдыңғы халықаралық тәжірибеге негізделіп, нақты тәжірибелік ұсыныстар болуы қажет.

11. Магистрлік диссертация аталмыш ғылым саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген ғылым докторы немесе кандидатының, PhD докторының (бейіні бойынша) жетекшілігімен орындалады. Қажет болған жағдайда аралық білім салалары бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындалады.

12. Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі:

  1. магистрлік диссертацияның орындалуы үшін тапсырма береді;

  2. магистрантқа магистрлік диссертацияны орындаудың барлық кезеңінде күнтізбелік жұмыс кестесін әзірлеуге көмек көрсетеді;

  3. магистрантқа тақырып бойынша қажетті негзгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағат материалдарын, типтік жобалар мен басқа да әдебиеттерді ұсынады;

  4. өткізілу барысында магистранттың магистрлік диссертацияны орындау күнтізбелік кестесін сақтауын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультациялар кестесін бекітеді;

  5. магистрлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін бекітеді және магистрант пен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді;

  6. магистранттың ғылыми тағылымдамаларын жоспарлайды.

13. Магистрлік диссертациялардың ғылыми жетекшілері мен кеңесшілерінің кандидатуралары жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесімен қарастырылады және қабылданғаннан кейін бір ай ағымында бірінші курста жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіледі.

14. Магистрлік диссертацияның қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелері біреуден кем емес басылымда және/немесе ғылыми-тәжірибелік конференциядағы бір баяндамада ұсынылуы қажет. Басылымға көлемі 0,3 б.т. аз емес аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялардағы тезистер, симпозиумдар, мәжілістер, шолу ақпараттары, сараптамалық шолулар, ақпараттық парақтар және предпатенттер (патенттер) жатады.

2. Магистрлік диссертацияның мазмұны мен құрылымы



15. Магистрлік диссертацияның көлемі 60-90 бетті құрайды. Жекелеген мамандық топтары бойынша диссертацияның көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар магистрлік диссертацияның көрсетілген көлеміне енбейді.

16. Магситрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:

  • бірінші беті;

  • өткізілген зерттеу рефераты;

  • мазмұны;

  • нормативті сілтемелер;

  • анықтамалар;

  • көрсеткіштер мен қысқартулар;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар.

  1. Рефераттың көлемі 2-3 бетті құрайды. Жүргізілген зерттеудің рефераты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (қажет болған жағдайда рефератты басқа шетел тілінде жазуға рұқсат беріледі) ресімделеді және оған диссертант қол қояды.

18. Магистрлік диссертацияның авторефератында келесі мәліметтер болуы қажет:

  • диссертацияның көлемі мен құрылымы;

  • суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиет көздерінің саны;

  • негізгі сөздер тізімі (15-20 сөз);

  • зерттеудің маңыздылығы;

  • зерттеудің мақсаты;

  • зерттеу нысаны;

  • зерттеу әдістері;

  • алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы;

- басылымдар туралы мәліметтер.

19. Диссертацияның титул беті диссертацияның бірінші беті және құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады.

Титул бетте келесі мәліметтер болуы керек:

  • диссертация орындалған ұйымның атауы;

  • шектелген белгі (қажет болған жағдайда);

  • диссертанттың тегі, аты-жөні;

  • жұмыстың атауы;

  • мамандықтың шифрі мен атауы (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктемесі бойынша);

  • іздену академиялық дәрежесі;

  • ғылыми жетекшінің (кеңесшінің) тегі және инициалдары;

  • орны және жылы.

20. Титул бетті диссертация беттерінің жалпы номеріне енгізеді. Титул бетте бет номерін көрсетпейді.

Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде әр бөлімнің бірінші бөлімнің титул бетіне сәйкес және аталған бөлімге қатысты мәліметтер көрсетілген өз титул беті болуы қажет.

Титул беті А қосымшасына сәйкес ресімделеді. Титул бетте ізденушінің қара сиямен немесе тушьпен қойылған өз қолы болуы керек.

21. Диссертацияның мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік номерлері мен атаулары (егер атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атаулары және диссертацияның осы элементтерінің басталатын бет номерлері көрсетіледі.

Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы керек. Мұндайда бірінші бөлімде бөлім номерлері көрсетіліп, жалпы диссертацияның мазмұны, ал келесілерінде тек тиісті бөлімнің мазмұны ғана жазылады. Бірінші бөлімде келесі бөлімдердің мазмұнының орнына тек олардың атауларын көрсетуге рұқсат беріледі.

22. «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементіне диссертация мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізімі кіреді.

Сілтемелік стандарттар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды".

Тізімге стандарттардың көрсеткіші және көрсеткіштерінің тіркеу номерлерінің өсу тәртібінде олардың атаулары енеді.

23. «Анықтамалар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған түсіндіруді немесе нұсқама беруді қажет ететін терминдердің анықтамалары кіреді.

Анықтамалар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды".

24. «Көрсеткіштер мен қысқартулар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған көрсеткіштер мен қысқартулар тізімі жатады.

Көрсеткіштер мен қысқартулардың жазбалары қажетті түсініктемелермен және мағынасын ашумен олардың диссертация мәтінінде келтірілу тәртібінде немесе алфавитті тәртіпте келтіріледі.

Анықтамаларды, көрсеткіштер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен қысқартулар» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі.

25. Кіріпеде шешілетін ғылыми немесе ғылыми-техникалық мәселенің (міндеттің) қазіргі заманғы жағдайын бағалау, аталмыш ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігіне негіздеме, әзірлеменің жоспарланып отырған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік зерттеулер және олардың қорытындылары туралы мәліметтер, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер болуы керек. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, аталмыш жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс.

26. Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер баяндалады.

27. Негізгі бөлімде төмендегі мәліметтер болуы тиіс:

- зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері мен олардың салыстырмалы бағасы, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің таңдалған жалпы әдістемесінің суреттемесі енетін зерттеу бағытының таңдауы;

- теориялық зерттеудің сипатын және мазмұнын анықтауды, зерттеу әдістерін, есептеу әдістерін, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне негіздемені, әзірленген нысандардың әрекет ету қағидаларын, олардың сипаттамаларын қоса алғандағы теориялық және (немесе) тәжірибелік зерттеулер үдерісі;

- жұмыстың әрі қарайғы бағыттары бойынша қойылған міндеттер мен ұсыныстарды толығымен шешуді бағалауды, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалауды және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың баламалы нәтижелерімен салыстыруды қоса алғандағы зерттеу нәтижелерін жинақтау және бағалау.

28. Қорытындыда мынадай мәселелер болуы тиіс:

- диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;

  • қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау;

  • нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтердің әзірлемелері;

  • енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау;

  • аталмыш саладағы үздік жетістіктермен салыстырғандағы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.

29. Тізімде диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған әдебиет көздері туралы мәліметтер болуы қажет.

Тізім Б қосымшасына сәйкес ресімделеді.

30. Қосымшаларға қандай да бір себептер бойынша негізгі бөлімге енгізілмеген орындалған диссертацияға байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.

Қосымшаға төмендегі материалдар енгізілуі мүмкін:

  • аралық математикалық дәлелдеулер, формулалар мен есептеулер;

  • қосалқы сандық мәліметтер кестелері;

  • сынақ хаттамалары;

  • тәжірибелер, өлшеу және сынақтар өткізу кезінде қолданылған аппаратуралар мен құрылғыларды суреттеу;

  • диссертациялық жұмысты орындау барысында әзірленген нұсқаулықтар, әдістемелер, ЭЕМ-де шешілетін алгоритмдер мен есептердің бағдарламаларын суреттеу;

  • қосалқы сипаттағы суреттер (фото);

  • диссертациялық жұмыстың (немесе оның бөлімінің) ғылыми-техникалық кеңесте қаралуының хаттамасы;

  • диссертациялық жұмыс нәтижелерінің енгізілу актілері және т.б.


3. Диссертацияны ресімдеу ережелері


31. Диссертациялық жұмыс мәтінінің беттері және диссертацияға енгізілген суреттер мен кестелер А4 пішініне сәйкес келуі керек.

32. Диссертация кез келген баспа әдісімен жазба машинкасында немесе компьютер мен принтерді қолдану арқылы бір интервалмен А4 пішініндегі ақ қағаздың бір жағында орындалуы қажет. Қаріп – кәдімгі, 14 кегль.

Диссертация мәтінін қағаздың жан жағының келесі өлшемдерін сақтай отырып, теру қажет: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм.

Қаріптің әр түрлі түрлерін қолдана отырып, белгілі бір терминдерді, формулаларды, теоремаларды ерекшелейтін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

33. Диссертацияның орындалу әдісіне қарамастан терілген мәтіннің және суреттер, кестелерді ресімдеу, ДЭЕМ-де басылған баспалар сапасы олардың нақты шығарылу талабына сәйкес келуі керек.

34. Диссертацияны орындау кезінде барлық диссертация бойынша суреттердің тығыздығы, айқындылығы мен нақтылығы сақталуы қажет. Диссертацияда сызықтар, әріптер және белгілер нақты, түзу болуы қажет.

35. Диссертацияны дайындау кезінде анықталған қателіктер, баспа қателері және графикалық ауытқуларды өшіру немесе ақ бояумен бояп және сол жерге машинамен жазу немесе қара сиямен немесе қара тушьпен қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат беріледі.

Мәтін парақтарын бүлдіру, бұрынғы мәтіннің толығымен жойылмаған жерлері мен іздері болуына рұқсат етілмейді.

36. Адамдардың тегі, ұйымдардың атаулары, бұйымдардың аттары және басқа да жалқы есімдер диссертацияда түпнұсқа тілінде көрсетіледі.

Жалқы есімдерді аударуға және ұйым атауларын түпнұсқа атауларын қосып (бірінші рет қолданғанда) диссертация тіліне аударылған күйінде қолдануға болады.

37. «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анқытамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» сияқты диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.

38. Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлу керек. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөліне алады. Диссертация мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлу барысында әрбір тармақтың аяқталған ақпаратты білдіргені жөн.

39. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тармақтарға атау берілмейді. Атаулар бөлімдердің, бөлімшелердің нақты және қысқаша мазмұнын бейнелеуі тиіс.

40. бөлімдердің, бөлімшелердің және тармақтардың атаулары абзацтан бастап астын сызбай, аяғында нүктесіз бас әріппен жазылады.

Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оларды нүктемен ажыратады.

41. Диссертацияның беттерін диссертацияның барлық мәтіні бойынша алмаспайтын номерлеуді сақтап, араб цифрларымен номерлеу қажет. Беттің номерін парақтың төменгі жағында ортасында нүктесіз орналастырады.

42. Титул бетті беттердің жалпы номерленуіне қосады. Титул бетте беттің номері қойылмайды.

43. Жеке парақтарда орналастырылған суреттер мен кестелерді диссертация беттерінің жалпы номерленуіне қосады.

А3 пішініндегі суреттер мен кестелерді бір бет ретінде санайды.

44. Диссертация бөлімдерінің жұмыс барысы бойынша нүктесіз және абзацтық шегіністе жазылған араб цифрларымен белгіленген реттік номерлері болуы қажет. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде номерленеді. Бөлімшенің номері нүктемен ажыратылған бөлім және бөлімше номерінен тұрады. Бөлімше номерінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

45. Егер диссертацияда бөлімшелер болмаса, онда тармақтар әрбір бөлімде номерленуі қажет, және тармақ номері нүктемен ажыратылған бөлім және тармақ номерінен құралады. Тармақ номерінің соңында нүкте қойылмайды.

Мысалы

1 Түрлері және негізгі өлшемдері

1.1

1.2 – Диссертацияның бірінші бөлімі тармақтарының номерленуі

1.3

2 Техникалық талаптар

2.1

2.2 – Диссертацияның екінші бөлімі тармақтарының номерленуі

2.3

Егер диссертацияда бөлімшелер болса, онда тармақтарды номерлеу бөлімше шегінде жүргізіледі және тармақ номері нүктелермен ажыратылған бөлім, бөлімше және тармақ номерінен тұрады, мысалы:

3 Сынау әдістері

3.1 Құралдар, материалдар және реактивтер

3.1.1

3.1.2 – Диссертацияның үшінші бөлімі бірінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі

3.1.3

3.2 Сынауға дайындық

3.2.1

3.2.2 – Диссертацияның үшінші бөлімі екінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі

3.2.3


46. Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімше номерленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақ номерленбейді.

47. Егер мәтін тек тармақтарға бөлінсе, онда олар барлық диссертациялық жұмыс шегінде реттік номерлермен номерленеді.

48. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөлінеді, олар әрбір тармақ шегінде ретпен номерленуі тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.

49. Тармақтардың немесе тармақшалардың ішінде тізбектеп атау көрсетілуі мүмкін.

Әрбір тізбектеп атаудың алдында сызықша немесе қажет болған жағдайда құжат мәтініндегі тізбектеп атаудың бірін әріппен белгілеуге болады (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріпетерінен басқалары), әрбір әріптен соң жақша қойылады.

Тізбектеп атауды әрі қарай нақтылау үшін араб цифрларын пайдалану қажет, олардан соң жақша қойылады, ал жазба мысалда көрсетілгендей абзацтық шегіністен басталады.

Мысалы

а) __________

б) __________

  1. _____

  2. _____

в) __________


50. Диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет.

51. Диссертацияның және диссертация құрамына кіретін қосымша беттерінің номерленуі алмаспайтын болуы қажет.

52. Суреттер (сызбалар, кестелер, карталар, жобалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) диссертацияда олар бірінші рет көрсетілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырылуы керек.

Суреттер компьютерде орындалған, соның ішінде түрлі-түсті болуы да мүмкін.

Барлық суреттерге диссертацияда сілтеме жасалуы керек.

53. Диссертацияда орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, жобалар, суреттер Конструкторлық құжаттаманың ортақ жүйесі (КҚОЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болуы қажет.

Сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, жобаларды компьютерлік баспаны қолдану арқылы орындауға рұқсат беріледі.

54. А4 пішінінен кіші фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына желімделуі керек.

55. Қосымшалардағы суреттерден басқа суреттерді алмаспайтын номерлеу арқылы араб цифрларымен номерлеу керек.

Егер сурет біреу болса, онда ол «1 сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы сызықша арқылы жолдың ортасында орналасады.

56. Суреттерді бөлім шегінде номерлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда сурет номері нүктемен ажыратылған бөлім номерінен және суреттің реттік номерінен тұрады. Мысалы: 1.1 сурет.

57. Қажет болған жағдайда суреттерге атау беріліп, оларға түсіндірме мәлімет жазылады (сурет асты мәтін). «Сурет» сөзі мен оның атауын түсіндірме мәліметтен кейін мынадай үлгімен орналастырады: 1 сурет – Құралдың тетіктері.

58. Әрбір қосымшаның суреттері цифр алдында қосымшаны белгілеу арқылы араб цифрларымен жеке номерленеді.

Мысалы: А. 3 сурет

Суреттер В қосымшасына сәйкес ресімделеді.

59. Суреттерге сілтеме жасаған кезде алмаспайтын номерлеу болса «... 2 суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде номерлеу қолданылған болса «... 1.2 суретке сәйкес» деп жазылады.

60. Кестені жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнынан көрініс беріп, нақты әрі қысқа болуы қажет және абзацтық шегініссіз сызықша арқылы оның номерімен бірге бір жолда кестенің сол жақ үстінде орналастырылады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке көшірген уақытта бірінші беттегі төменгі көлденең сызық жабылмайды, басқа бөліктерінің үстінде сол жағында «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте номері көрсетіледі, мысалы «1 кестенің жалғасы».

61. Кесте диссертацияда ол бірінші рет көрсетілетін мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы қажет. Сілтеме жасағанда номерін көрсетіп «кесте» деп жазу керек. Қосымша кестелерінен басқа кестелер алмаспайтын номерлеу арқылы араб цифрларымен номерленеді. Кестелерді бөлім шегінде номерлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестенің номері нүктемен ажыратылған бөлім номерінен және кестенің реттік номерінен тұрады. Әрбір қосымшаның кестелері цифрдың алдына қосымша белгісін қою арқылы жеке-жеке араб цифрларымен номерленеді.

62. Кестелер сол, оң жағынан және астынан сызықтармен шектеледі. Кестеде мәтіндегі қаріптен кіші қаріп өлшемін (12) пайдалануға рұқсат етіледі. Кестенің жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтар, егер олардың болмағаны кестені қолдануды қиындатпаса жүргізілмегені жөн.

Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасындағы қашықтық 2 «бос» жол болуы керек.

Кестені ресімдеудің толығырақ түсінігі 2.105 МЖБС-та.

63. Ескертулерді абзацтан бастап бас әріппен астын сызбай теру керек. Диссертацияда ескертулерді егер мәтіннің, кестенің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса ғана жасайды. Ескертулерді осы ескерту қатысты мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе кестеде орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту номерленбейді. Бірнеше ескерту нүкте қоюсыз араб цифрларымен номерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін сызықтың үстіне жазылады.

64. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жеке жолға жазған дұрыс.

Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жақтарында бір бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол (=) белгісінен кейін немесе (+) плюс, (-) минус, (х) көбейту, (:) бөлу немесе басқа да математикалық белгілерден кейін келесі жолға жалғастырылады, мұндайда белгі келесі жолдың басында қайталанады. Формуланы көшіру кезінде көбейту операциясын белгілейтін белгі ретінде «х» белгісі қолданылады.

Белгілер мен сандық коэффициенттердің мағынасын түсіндіру олар формулада қандай тәртіпте көрсетілсе, сондай тәртіппен формуланың астына орналастырылады. Формулаларды барлық диссертация шегінде жолдың оң жақ шетінде дөңгелек жақша ішінде араб цифрларымен ретпен номерлеген дұрыс. Формулаларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат беріледі, мұндайда формула номері нүктемен ажыратылған бөлім номерінен және формуланың реттік номерінен тұрады.

Қосымшалардағы формулалар әрбір қосымша шегінде әр цифрдың алдына қосымша белгісін қосу арқылы араб цифрларымен жеке номерленуі керек, мысалы (В1) формула Формуңлалар мен теңдеулерді қолмен жазу әдісі арқылы қара сиямен жазуға рұқсат беріледі.

65. Пайдаланылған әдебеиттерге сілтемелерді квадрат жақшада көрсету қажет. Толығымен құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына сілтеме жасау керек. Бөлімшелерге, тармақтарға, кестелер мен суреттерге сілтеме жасауға болмайды. Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, мұндайда стандарт пайдаланылған әдебиеттер тізімінде толығымен жазылса, олардың бекітілген жылдарын жазбауға рұқсат етіледі.

66. Көрсеткіштер мен қысқартуларды бағандап орналастырады және олар қажетті түсініктемелермен және шешімдерімен мәтінде көрсетілген тәртіпте жазылады.

Анықтамаларды, көрсеткіштер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен қысқартулар» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі.

67. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диссертация мәтінінде сілтеме жасау тәртібінде орналастырылған және нүкте қойылмай араб цифрларымен номерленген әдебиеттер жөніндегі мәліметтер болады. Абзацтық шегініссіз теру керек.

68. Қосымшалар диссертацияның жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді немесе жеке құжат ретінде шығарылады.

Құжаттың басқа бөліктерімен бірге қосымша беттері де жалпы номерленуі керек.

Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалуы керек. Қосымшалар диссертация мәтінінде оларға сілтеме жасау реті бойынша орналастырылады.

Әр қосымшаны жаңа беттен оның көрсеткіші мен дәрежесін көрсету арқылы беттің жоғарғы жағында жолдың ортасында «ҚОСЫМША» сөзімен бастау керек. Қосымшаның жеке жолда бас әріппен мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылатын атауы болуы қажет. Қосымшалар орыс алфавитінің бас әріптерімен, А әрпінен бастап, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді. «ҚОСЫМША» сөзінің алдында оның ретін білдіретін әріп жазылады. ОРыс алфавитін толығымен пайдаланған жағдайда I, O әріптерінен басқа латын алфавитінің әріптерін, ал одан әрі араб цифрларын пайдалану қажет.

3. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі



69. Белгілі талаптарға сәйкес ресімделген магистрлік диссертация алдын-ала қорғау рәсімінен өту және ғылыми жетекшінің «қорғауға жіберілсін» немесе «қорғауға жіберілмесін» деген дәлеледі қорытындысы көрсетілген сын-пікірін алу үшін шығарушы кафедраға ұсынылуы қажет.

70. Магистрлік диссертация бойынша басқа ұйымдардан ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, немесе қорғалатын магистрлік диссертацияның бейіні бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар рецензент тағайындалады.

71. Ресми рецензент шығарушы кафедра меңгерушісінің ресми рецензентті тағайындау туралы кафедраның негіздемесі, оның жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және қорғалатын магистрлік диссертацияның бейіні бойынша негізгі басылымдарының (3 жұмыстан кем емес) тізімі көрсетілген сауалнамалық мәліметтері көрсетілген ұсыныс негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

72. Ресми рецензент магистрлік диссертацияны меңгеру негізінде жұмысқа сипаттама және «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағалардың бірін көрсетіп, және тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндігі туралы дәлеледі қорытынды беруі қажет.

73. Магистрлік диссертация сараптамадан өтуі керек, оны өткізу үшін МАК Сараптау кеңесін құрады.

74. Сараптау кеңесінің құрамына қорғалатын диссертация бейіні бойынша соңғы 5 жылда жоғары импакт-факторлы отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда екі немесе одан да көп басылымдармен расталған ұсынылған зерттеудің пәні мен нысаны саласында білімі бар үшеуден кем емес маман енуі қажет.

75. Сараптау кеңесіне ұсынылады:

  1. аяқталған диссертациялық жұмыс;

  2. диссертация тақырыбының бекітілгені туралы құжат;

  3. магистранттың ғылыми зерттеуі саласындағы маман болып табылатын ғалымдардың екі рецензиясы; оның біреуі жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қызметкері бола алады;

  4. транскрипт;

  5. диссертациялық жұмыстың аннотациясы (реферат);

  6. белгілі тәртіпте бекітілген ғылыми басылымдардың тізімі мен олардың көшірмелері.

76. Сараптау кеңесі келесі шешімдердің біреуін көрсетіп бекітілген форма бойынша негізделген жазбаша қорытынды береді:

  1. диссертация көпшілік алдында қорғауға жіберілсін;

  2. диссертация белгіленген мерзімде ескертулерді жою шартымен көпшілік алдында қорғауға жіберілсін;

  3. диссертацияға қорғауға ұсынылмасын.

Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей магистранттың жеке оқу жоспарын орындағандығы туралы факультет деканының анықтамасы және Сараптау кеңесінің қорытындысы негізінде университет ректорының магистранттарды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы шығарылады.

77. Сараптау кеңесіне ұсынылатын құжаттарға қосымша магистрант қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа келесі құжаттарды ұсынады:

  1. факультет деканының магистранттың жеке оқу жоспарын орындағандығы, оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырылған курстық жұмыстар мен іс-тәжірибе түрлері туралы анықтамасы;

  2. магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісінің сын-пікірі, онда «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілмесін» деген дәлеледі қорытынды болуы қажет;

  3. өндіріс, ғылыми ұйым немесе басқа жоғары оқу орны маманының магистрлік диссертацияға жазған рецензиясы, онда қорғауға ұсынылған магистрлік диссертацияның жан-жақты сипаттамасы мен бағасы көрсетілген («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») дәлеледі қорытынды, тиісті мамандық бойынша біліктілік беру және (немесе) «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндіктері болуы керек;

  4. МАК-қа сонымен қоса орындалған магистрлік диссертацияның ғылыми және тәжірибелік құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, магистрлік диссертацияның бейіні бойынша тәжірибелік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ресми емес сын-пікірлері, жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, материалдардың, бұйымдардың, ауылшаруашылық өнімдерінің, минералдар коллекциясының, гербарийлердің және тағы басқаларының үлгілері сияқты материалдар ұсыныла алады.

78. Магистрлік (докторлық) диссертацияны қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық мәжілісінде оның 2/3 кем емес мүшесінің қатысуымен өткізіледі.

79. МАК мәжілісінің хаттамалары бекітілген форма бойынша әрбір білім алушыға жеке жүргізіледі.

80. МАК мәжілістері хаттамаларының барлық бланкілері МАК жұмысы басталғанға дейінгі білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың әрбір түрі бойынша жеке кітап болып номерленіп, бауланып және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының мөрімен бекітілуі керек.

81. Хаттаманы МАК хатшысы жүргізеді.

82. Диссертация қорғаудың барлық рәсімі стенографияланады. Диссертацияны қорғау стенографиясы білім алушының жеке ісіне тігіледі.

83. Магистрлік диссертациялық жұмысты қорғау бағасы, сонымен қоса академиялық дәреже беру және мемлекеттік үлгідегі диплом тапсыру (үздік, үздік емес) туралы шешімдерді МАК жабық мәжілісте жасырын дауыс беру жолымен мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің көп дауыс беру әдісі арқылы қабылдайды.

84. Хаттамаларға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы және мәжіліске қатысқан мүшелері қол қояды.

85. МАК жұмысы аяқталған соң барлық хаттамалар бекітілген тәртіпте сақталуы үшін мұрағатқа тапсырылады.

86. Диссертациялық жұмыстарды қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады.

87. Диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша академиялық дәреже беру туралы шешім қабылданады.

88. Көпшіліктің алдында магистрлік диссертациясын қорғаған магистрантқа тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен (транскриптпен) мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом тапсырылады.


Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар унивуерситеттің Ғылыми-әдістемелік Кеңесі мәжілісінде қарастырылды


№ ___ хаттама «_____»______________ 2009 ж.


А ҚОСЫМШАСЫ

Диссертацияның бірінші беті




_____________________________________________________________________________________

(диссертация орындалған ұйымның атауы)







АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ

Диссертацияның тақырыбы



Мамандықтың шифрі мен атауы

(Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктемесі бойынша беріледі)


___________магистрі академиялық дәрежесін алуға диссертация




Ғылыми жетекші (кеңесші)


Қала, жыл

ПРИЛОЖЕНИЕ Б

Список использованных источников


  1. Васильева Г.С. Биология трансплантированных опухолей. Алматы,2003, 216с.

  2. Ефимов М.Л., Васильева Г.С. Суточные биологические ритмы и злокачественный рост // Усп.совр.биологии, 2003, Т. 103, № 2, С. 255-270.

  3. Патент №72931. СССР. Способ переработки сырья. Опубл. 21.02.03.

  4. А.с. № 386018. СССР. Способ извлечения металлов. Опубл. 12.09.03.

  5. Георгиева Р.С. Изменения в системе свертывания крови у больных злокачественными опухолями //Сб. научн. трудов Института биологии. Алматы,2004, С.214-217.

  6. Баженов Л.Г., Кулинская Л.Л., Сорочинская ИЯ. Сезонные изменения содержания иммуноглобулинов в крови клинически здоровых лиц. Тез. докл. Ш Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. Ташкент, 1990,320 с.

  7. Каверина Л.П., Березовская И.В. Сезонные изменения показателей свертывания крови у крыс и кроликов. М., Деп. в ВИНИТИ, 13.09.89, V, 21 с., № 5853 - В 89.

  8. Отчет № 81047478. ИМиО АН КазССР. Изучение кинетики и химизма процессов. Алматы, 2003,240 с.

  9. Свиногеева Г.П. Экспериментальная терапия саркомы Т-1 в зависимости от ее митотической активности. Автореф. ... канд. биол. наук: 04.03.04. М.: МГУ, 2004.16 с.

  10. Vachaspati T., Viderkin A. Evolution of cosmic nets // Phys. Rev., V. 46, №2, Р. 1133-1140.

  11. Паустовский К.Г. Золотая роза // Собр. соч.: В 7 т. М., 1984. Т. 3. с. 287-528.



ПРИЛОЖЕНИЕ В





I - Суточные колебания содержания лейкоцитов. Обозначения кривых: контроль (1); 2-3 сутки роста опухоли (2); 3-7 сутки роста (3); II - коэффициент суточной периодичности (а); показатель суточной адаптивности (б): А - отсутствие адаптации, Б - слабая адаптация, В - умеренная адаптация, Г - сильная адаптация к смене дня и ночи.

Рис. 1. Колебания содержания лейкоцитов периферической крови.

ПРИЛОЖЕНИЕ Г

Таблица 1. Распределение КСП отдельных клеток лейкоцитарной формулы


Типы

Клеток

Контроль

ЛСП, 7 день

зима

лето

зима

лето

Нейтрофилы


0,93

0,87

0,91

1,09

Эозинофилы

1,30

2,46

0,75

1,46

Моноциты

1,07

1,54

0,79

1.14

Лимфоциты

1,01

1,03

1,04

0,93 .







Похожие:

«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconДокторы ғылыми дәрежесін қорғайтын диссертациялық кеңес мүшелері туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 07. 00. 02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы...
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconДиссертациялық кеңес төрағасы
Кен машиналары мен жабдықтарын пайдаланудың тау-кен техникалық жағдайларына бейімделген техникалық және экономикалық негізделген...
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconОҚмфа теориялық пәндер әдістемелік кеңеспен қабылданды(циклдік әдістемелік кеңес)
Жұмыс бағдарламасы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconБекітемін: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
...
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconОблыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
Е. Е. Ыбыраев, Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы А. Б. Шөпшекбаев,...
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconҒылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға оқушылар дайындау; Шәкірттерді пәндік олимпиадаларға даярлау, қатыстыру
Химия- биология бағытындағы пәндер кафедрасының ғылыми -әдістемелік жұмысының 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconКеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің
К. Ж. ҚАзақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университе-тінің Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconҒылыми кеңес жұмысының жоспары
Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-да корпоративтік ынтымақтастықтың халықаралық тәжірибедегі түрлерін енгізу болашағы туралы
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconПавлодар Әдістемелік нұсқаулықты Нысан бекіту парағы пму ұс н 18. 1/05
Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары...
«бекітемін» Ғылыми-әдістемелік Кеңес төрағасы iconПавлодар Әдістемелік нұсқаулықты Нысан бекіту парағы пму ұс н 18. 1/05
Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница