Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы




НазваниеАвторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
страница1/6
Дата конвертации09.02.2016
Размер0.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://medialawca.org/files/ құқық және сабақтас құқықтар туралы.doc
  1   2   3   4   5   6
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы

(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

  I.  Тарау. Жалпы ережелер                           (1 -  4  баптар)

  II  Тарау. Авторлық құқық                           (5 - 33  баптар)

  III Тарау. Сабақтас құқықтар                        (34 - 42 баптар)

  IV  Тарау. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару      (43 - 47 баптар)

  V   Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау (48 - 49 баптар)

I. Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Реттелетiн мәселелер

Осы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;

2) авторлық құқық – автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары;

3) авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы – туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қол жеткізуді бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесі немесе өзге де айрықша құ­қық­тар иесі туындыларға немесе сабақтас құқықтар объек­тілеріне қатысты рұқсат етпеген іс-әрекеттерді жүзеге асы­ру­ды болғызбайтын не шектейтін техникалық (бағдарла­малық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері;

4) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісінің контрафактілік данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелеріне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туынды­ның, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкіндік беретін заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегімен жасалған авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері де контрафактілік болып танылады;

5) авторлық шарт – нысанасы автордың мүліктік құқықтарын беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады;

6) айрықша емес құқық – осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың немесе өзге құқық иеленушінің тиісті рұқсатымен басқа адамдардың құқық иеленушімен бір мезгілде туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын  пайдалана алатын құқығы;

7) айрықша құқық – автордың немесе  өзге құқық иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңда белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы;

8) аккредиттеу – ұжымдық басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың осы Заңда белгіленген заңды құқықтарын уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

9) деректер базасы – деректер электронды-есептеу маши­насының (бұдан әрі – ЭЕМ) көмегімен табылатын­дай және өңделетіндей етіп жүйеге түсірілген материал­дар­дың іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығар­машылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер (мақа­лалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Дерек­тер базасы ұғымы оның көмегімен деректер базасының материалдарына электрондық қол жеткізуді жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға қолданылмайды;

10) дыбыстау-бейнелеу туындысы – тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсірілген сериясынан құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематогра­фиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу тәсіліне қарамастан, кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдерді және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды;

11) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы – осындай туындыны жасаудың бастамасы мен жауапкерші­лігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелер болмаған кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады;

12) жазу – дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техни­ка­лық құралдардың көмегімен оларды бірнеше қайта­ра қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін қандай да бір материалдық нысанда жазып алу;

13) жалпы жұрттың назарына жеткізу – авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін көпшілік оларға өзінің жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтік режимде) қол жеткізуді жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау;

14) жариялау – автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде көпшілікке ұсыну;

15) кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау – туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбіл, сым, оптикалық талшық арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегімен хабарлау;

16) көпшілік алдында орындау – туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе қандай да бір өзге жолмен, соның ішінде техникалық құралдардың көмегімен отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда орындау;

17) көпшілікке көрсету – туындының түпнұсқасын немесе данасын тікелей немесе слайд, кино-, телекадр түрінде экранда, басқа кез келген техникалық құралдың көмегімен немесе кез келген өзге әдіспен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - олардың реттілігінен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда көрсету;

18) көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару) – жазбаша және басқа да графикалық туындылар түпнұсқа­ларының немесе көшірмелерінің фотокөшірме жолымен немесе басып шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез келген мөлшерде және нысанда бір немесе одан да көп данасын факсимильдік қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға аталған көшірмелерді электрондық (цифрлық көшірмелерін қоса), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кірмейді;

19) қайта шығару – туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектілерінің бір немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдіспен және кез келген нысанда, толық немесе ішінара, тікелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс-немесе бейнежазбаны дайындау, екі өлшемдік немесе үш өлшемдік туындының бір немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін кез келген материалдық нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлері болып табылады;

20) құқық иеленуші – авторлық құқыққа қатысты автор (оның мұрагерлері), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңда көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар;

21) құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат – туынды­ны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограм­маны, туындыға, орындаушылыққа не фонограммаға не туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пай­да­лану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбір құқық иелену­шіні бірдейлендіретін ақпарат. Ақпараттың кез келген элементі туындының, жазып алынған орындаушылық­тың немесе фонограмманың данасына қоса берілетін, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабар­лауға және (немесе) жеткізуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берілген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат деп ұғынылады;

22) құрамдас туынды – материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);

23) орындау – туындыны, фонограмманы, орындау­шы­лықты, қойылымды тікелей орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың (телерадио хабарлары, кәбілдік телевизия және басқалары) көмегімен көрсету, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету;

24) орындаушы – актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа  адам, сондай-ақ  спектакльді қоюшы-режиссер және дирижер;

25) пайдаланушы – авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын жеке немесе заңды тұлға;

26) прокатқа (жалға) беру – туындының немесе фо­ног­рамманың данасын тікелей немесе жанама коммерция­лық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру;

27) сабақтас құқықтар – орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары;

28) сәндік-қолданбалы өнер туындысы – көркем кәсіпшілік туындысын немесе өнеркәсіптік әдіспен дайындалған туындыны қоса алғанда, іс жүзінде пайдаланылатын заттарға көшірілген екі өлшемді немесе үш өлшемді өнер туындысы;

29) спектакльді қоюшы-режиссер – театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклін немесе өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам;

30) туындыны аудару – шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тілде білдіру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилін де бұрмаламайтын болуға тиіс;

31) туындының данасы – туындының кез келген материалдық нысанда дайындалған көшірмесі;

32) туындыны жариялау – туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де әдістермен оған көпшіліктің алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың келісімімен жүзеге асыру;

33) туындыны өңдеу – түпнұсқа туындыны бір жанрдан екінші жанрға өзгерту. Бұл ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны өңдеу түрлері болып табылады;

34) туынды шығарма – басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесінде жасалған туынды;

35) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

36) фонограмма – орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру;

37) фонограмманың данасы – фонограммадан тікелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлігін қамтитын кез келген материалдық жеткізгіштегі фонограм­ма көшірмесі;

38) фонограмма шығарушы – қайсыбір орындаушы­лықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшін бастамашылық пен жауапкершілікті мойнына алған жеке немесе заңды тұлға;

39) халық шығармашылығы туындысы – дәстүрлі көркемдік мұраларға (халық ертегілері, халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық билері мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және басқалар) тән элементтерді қамтитын туынды;

40) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама олардың неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын дайындық материал­дарын қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндеттерді орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін сөздер, схемалар немесе бейнелеудің өзге де кез келген түрінде бейнеленген командалар жиынтығы;

41) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру – ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгілеу мақсатында объектілік кодты бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;

42) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағ­дарламаны бейімдеу – ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техника­лық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдар­ламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтама­сыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу;

43) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдар­ламаны түрлендіру (өңдеу) – ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның бейімделуге жатпай­тын кез келген өзгерістері;

44) эфирге беру – туындыларды, орындаушылық­тарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетуді немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кәбілдік телевизияны қоспағанда) беру жолымен жал­пы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындау­шылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабар­ла­рын жерсерік арқылы эфирге беру кезінде жердегі стан­циядан жерсерікке сигналдар қабылдау және жерсеріктен сигналдар беру эфирге беру деп түсініледі, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшіліктің нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткізу мүмкін болады. Егер көпшілікке кодты ажырату құралдарын эфирлік хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берілсе, код белгіленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады;

45) эфирге кейінгі беру – бұрын эфирде берілген немесе кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін қайталап беру;

46) эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабары – эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының өзі жасаған, сондай-ақ соның қаражаты есебінен соның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар.

 

II Тарау. Авторлық құқық

5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы

1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;

09.07.04 ж. № 586-II ҚР
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconСписок литературы, поступившей в библиотеку казну им аль-фараби заң ғылымдары Юридические науки с01. 04. 2009
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы = Об авторском праве и смежных правах: 2006 ж. 1 наурызына дейінгі Қр заңының ресми...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы icon«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconІ. Кіріспе Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үн
Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconДәріс тезистері. Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері
Азақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы icon«6N0422-баспа ісі» мамандығы бойынша магистратураға
Реапубликасының Конституциясы, бақ туралы заң, демократиялық құқықтар және сөз бостандығы
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconЭкономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconЭкономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconБАҒдарламасы халықарлық жария құқық Халықарлық және мемлекетшілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі
Е халықарлық құқықтардың қатынасы туралы теориялар, дуалистік және монистік теориялар. Халықарлық құқық, оның нормаларының халықарлық...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы iconДене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы есеп
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді тапсырмау, уақтылы тапсырмау және дәйексіз деректерді...
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы icon1 ші–тақырып. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Мақсаты
Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница