БайғҰтова ақлима мархабатқызы "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты




НазваниеБайғҰтова ақлима мархабатқызы "Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты
страница1/5
Дата конвертации09.02.2016
Размер0.57 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://massaget.kz/userdata/uploads/u21/16_5.doc
  1   2   3   4   5
ӘОЖ 811.512.122:396 Қолжазба құқығында


БАЙҒҰТОВА АҚЛИМА МАРХАБАТҚЫЗЫ


"Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты


10.02.02 - қазақ тілі


Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.


Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,

профессор Ж. Манкеева


Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы

Р.Шойбеков

филология ғылымдарының кандидаты

С.Жапақов


Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті


Диссертация 2008 жылы 25 сәуірде сағат 16.00 ­ де ҚР БжҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 - түркі тілдері және 10.02.02 - қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).


Автореферат 2008 жылы 25 наурызда таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы міндетін атқарушы

филология ғылымдарының докторы М. Малбақов

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.

Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.

Ал мәңгілік тақырыптардың бірі - әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы "қазақ әйелі" концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.

Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы "әйел" концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. "қазақ әйелі" концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

- "қазақ әйелі" концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;

- қазақ әйелінің "Ғалам бейнесі" контексіндегі концептілік аясын сипаттау;

- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. "қазақ әйелі" бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;

- қазақ әйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;

- "қазақ әйелі" концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;

- қазақ әйеліне қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;

- қазақ әйеліне қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету;

- "қазақ әйелі" концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

Зерттеудің негізгі жаңалығы - "қазақ әйелі" концептісін ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:

- "қазақ әйелі" концептісі мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау жасалынды;

- "қазақ әйелі" концептісінің аясына кіретін сөздер, көркем және прецеденттік мәтіндер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді;

- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы "қазақ әйелі" туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды;

- аталған концептіге қатысты тілдік ұжымның аялық білімінің эксплицитті және имплицитті түрлері ажыратылды.

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерді құрастыруға пайдалануға болады.

Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, "Әлеуметтік лингвистика", "Лингвоелтану" пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

­ қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін­зерде ерекшелігі, дүниетанымы, парасат­пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. қасиеттерінің тілдік көрінісі - этносты сипаттайтын ерекше этноөзектік концептілер;

­ зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар, бағалау мен коннотациялар - қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі, ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар;

­ "қазақ әйелінің" концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік жүйеде жасалып, символдық деңгейге көтерілген;

­ "қазақ әйелі" концептісі - ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мән­мазмұны, қызметі;

­ тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы жаңа сапада жаңғырту "қазақ әйелі" концептісінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәнін таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.

Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның мазмұны, тұжырымдары мен негізгі нәтижелері төменде көрсетілген халықаралық ғылыми конференцияларда: "Қазіргі таңдағы ғылым мен білім" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2005), "Педагогикалық білімнің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2006), "Әуезов оқулары - 5" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2006), Т.Жанұзақовтың 80 жылдығына орай өткізілген "Қазақ тілінің лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007) және ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы "Лингвистикалық жұма" атты ғылыми-әдістемелік семинарда (10 маусым, 2006) баяндалды.

Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация тақырыбына қатысты 9 мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары түйінделіп, зерттеу әдістері, зерттеудің теориялық және практикалық мәні сипатталады.

Бірінші тарау "Ғаламның тілдік бейнесіндегі "қазақ әйелі" концептісі" деп аталады да, оның мазмұны алты тараушада сипатталады. 1.1 Қоғамдық ғылымдар аясындағы "әйел" концептісінің сипатталуы. Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында "еркек-әйел" оппозициясының аталатыны белгілі. Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі еркектің асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке ие болып, абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай жасады. Ерлердің қызметі табиғатпен бірге әйелді де бағындырды. Ерлер әйелдерді өздерінің жартысы деп танып, оны өздерін толықтыратын екінші "мені" ретінде ғана мойындады, ол ұғым прецедентті мәтіндерде дәйектелді. Философтардың пайымдауынша, осылайша әлеуметтік прогресстің дамуы жыныстық теңсіздікке апарып соқты. Бұл тараушада осыны дәлелдейтін батыс, орыс, қазақ ойшылдарының адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің бірі - "еркек-әйел" оппозициясы туралы пікірлері туралы сөз болады. 1.2 "Қазақ әйелі" концептісінің психофизиологиялық негізі. "Қазақ әйелі" концептісінің кілтін ашуда әйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық жақтарымен қарастыру тиімді болмақ. Әрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тіл білімінде кенжелеу қалып жатыр.

Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп ұйымдастырылған. Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды. Мұның дәлелін көркем мәтіннен де айқын аңғаруға болады: Шешесінен көзін ашпай жатып айрылып, бет­бейнесінің қандай екенін ұмытып қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жүрген ебіл­себіл әйелді: "Апа!" дейтінді шығарды. Бауырына басын тығып ұйықтайтынды шығарды. Қараңғы түнде омырауына тұмсығын тығып пысылдап жатқан кішкене сәбидің кекілін сипап, кемсеңдеп жылап шығатын атымен бөтен бейтаныс әйелдің көкірегіне сүт жүгірді (Ә. Кекілбаев. Үркер).

Ал енді еркек ақылдырақ па, әйел ме? Нейробиологтардың зерттеулеріне сәйкес ми салмағы әйелдерде шын мәнінде еркектерден азырақ (ерлердің миының салмағы орта есеппен - 1,4 кг, ал әйелдердегі орташа көрсеткіш - 1,3 кг), бірақ олардың ми иірімдері артығырақ. Сондай-ақ, әйелдердің миы олардың дене салмағының 2,5 пайызына, ал еркектердікі 2 пайызына тең екені, ерлердің миының алдыңғы жағы көлемдірек, әйелдердікінің артқы бөлігі үлкенірек екені және әйелдерде екі жарты шарды байланыстыратын ми бөлігінің тығызырақ екені де анықталған. Арнайы тәжірибе жасаған шетел нейрохирургтары әйел миының екі жартышарындағы сөйлеу және ойлау қабілетін байланыстыратын нейрондардың қоюлығы ерлермен салыстырғанда 23% артық деп көрсетеді. Ал көрнекті психолингвист Н.И. Жинкин осы нейрондардың бала психологиясына, физиологиялық дамуына әсер етуімен бірге оның тілдік белсенділігін жетілдіруге де көп ықпал ететінін дәлелдеген болатын [1, 67-68]. Қойылған сұраққа бір сөзбен ғана қысқа жауап берудің орнына жол­жөнекей болған оқиғаны да, оған деген өзінің көзқарасын да баяндап шығатын әйелдің көпсөзді болуы, ал ер адамдардың сұраққа қысқа да нақты жауап беруі осы ерекшелікке байланысты. Әйел табиғатына тән осындай заңдылықтар, ерекшеліктер қазақ әйеліне де ортақ. Оны тілдік деректермен дәйектеуге болады: - Е,е, көптен бері хабарласпаған болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жақынысыз ба?

- Жиенімін.

- Жиенімін? Ойбай-ау, бізге де алыс болмадың ғой. Ошақтыға тиген әкемнің інісінің қызы бар деуші еді, сол сіз болып шықтыңыз-ау. Е,е, құда екенсіз ғой. Менің де бір сіңлім ошақтыға тұрмысқа шыққан. - Қымқа орнынан көтеріле берді де, әлдене есіне түсіп, ерніндегі күлкісін тыя қойды. - Кешір, айналайын, -- деді даусын бәсеңдетіп. - Қу тіршілік адамда ес қалдыра ма, ойымнан шығып кетіпті, - ол отыра қалып әлдене деп күбірлеп бетін сипады да қайтып тұрды. - Нағашыңыз армандап жүруші еді, қарындасым мен күйеу баламның иманы үйірусіз кетті деп. Құдай иманын саламат қылсын, өзіңе өмір берсін.

- Рахмет, жеңгей (Д.Исабеков.Тіршілік).

О баста еңбек бөлінісіне байланысты пайда болған ерекшеліктер қазақ әйелінің де табиғатына, болмысына әсер етпей қоймады. Шындығында, әйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нәзік, әлсіз, көп сөзге бейім, тым эмоционалды, әсершіл болғанымен, оларда руханилық басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады. 1.3 "Қазақ әйелі" концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау. Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік және бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасын [2] т.б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың "қазақ әйелі" концептісін сипаттауда рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. "Гендер" ұғымын тілдік жағынан сипаттап, оның орыс тіліндегі ерекшеліктерін анықтауға зерттеуші А.В.Кирилина үлес қосты. Қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің арасында тіл мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған еңбектердің қарасы молайғанын атап өткен жөн. Олардың қатарына Б.Хасанұлы, Г.Мамаева, Қ.Жанатаев, Г.Шоқым, М.Ешимовтің т.б. зерттеулерін жатқызуға болады. Ғалым Г.Шоқымның көрсетуінше, лингвомәдениеттанулық бағытта фемининдік және маскулиндік таптаурындардың (стереотип) тілдегі көрінісі, "еркектік" (мужественность) және "әйелдік" (женственность) тұжырымжасам, гендерлік метафоралар қолданысы (еркектік немесе әйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) және мәдениетаралық қатысым деңгейінде т.б. зерттеулер жүргізілуде [2,23].
  1   2   3   4   5

Похожие:

БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты icon1 Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұРҒыдан қарастырылуы 6
Азақ тілінденгі антропонимдер мен этноантропонимдердің Қалыптасуының Әлеуметтік-мәдени негізі 34
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconБайтелиева жанар дәрібекқызы қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconЗукай шырынгүл неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, коммуникативтік-прагматикалық сипаты
...
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconҚазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
Кітапты студенттер қазақ әдеби тілінің жалпы курсын оқу кезінде хат мәтіні тілінің өзіндік ерекшеліктерін тануда, көркем мәтіндегі...
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconМАҚҰлбек азамат болатбекұлы қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалған
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconАҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconҚазақ босқындарының ҚАЙҒылы тағдыры қазақтардың шет елге ауа көшулері II тарау. Қазақстанда XX ғасырдың ЕҢ ірі демографилық апатының сипаты
АштықҚА Қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға бағытталған шаралар
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconДуйсенова Мөлдір Мейрамханқызы Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зоонимдік метафоралардың танымдық сипаты
Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма»
Ағылшын тіліндегі «Еркіндік» концептісінің когнитивті-коммуникативтік аспектілері және оның аудармада берілу жолдары
БайғҰтова ақлима мархабатқызы \"Қазақ әйелі\" концептісінің этномәдени сипаты iconАзамат Тілеуберді
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру. Павлодар: «Кереку» баспасы. – 2008. – 154 б
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница