Скачать 475.62 Kb.
|
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Білім өсу мен жеке тұлғаны дамыту үшін! ![]() Қарағанды -2011 Құрастырғандар: бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, э.ғ.к., профессор Р.О. Бұғыбаева оқу процесін жоспарлау , ұйымдастыру, мониторинг және бақылау департаменті директорының орынбасары- Тіркеуші С.Б.Глазунова. Анықтамалық- бағдаршам ҚҚЭУ туралы жалпы мәліметтен, студенттің құқығы мен міндеттерінен, кредиттік оқыту жүйесінің жағдайлары мен оның қалай ұйымдастырылатынын түсіндіруден, әрбір пән мен GPA бойынша қорытынды бағаны есептеу әдістемесінен, мемлекеттік қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптан, академиялық күнтізбеден және т.б. тұрады. Анықтамалық – бағдаршам кредиттік жүйе бойынша оқитын Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне арналған. Студент туралы мәлімет Аты-жөні __________________________________________________ Мамандығы ________________________________________________ Тобы __________________________________________________________ Куратор __________________________________________________ Эдвайзер __________________________________________________ МАЗМҰНЫ ҚҰТТЫҚТАУ 4 Университет туралы мәлімет 4 Университет тарихы 4 ҚҚЭУ студентінің ар-намыс кодексі 6 Университет құрылымы 7 Университет кітапханасы 8 Университеттің спорт секциялары мен шығармашылық бірлестіктері 11 ҚҚЭУ-де ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 12 Кредиттік оқыту технологиясы туралы 12 Тіркеу бөлімі 13 Элективті пәндерге тіркелу 13 Сіздердің тәлімгерлеріңіз – куратор және эдвайзер 14 Студенттің өзіндік жұмысы 15 Білімді бақылау және бағалау қалай жүзеге аырылады? 16 GPA дегеніміз не және оны қалай есептеп шығаруға болады? 20 Жазғы семестр не үшін қажет және оны қалай болдырмауға болады? 21 Екінші жылға қайталап оқуға қалай қалмауға болады? 21 Мемлекеттік емтихандар және қызыл диплом туралы 22 Университеттен не үшін шығарылуы мүмкін? 23 Қандай жағдайларда мемлекеттік гранттан айырылуға болады? 23 Қандай жағдайларда академиялық демалыс алуға болады? 23 Қандай жағдайларда шәкіртақы тағайындалады? 24 ҚҚЭУ-дегі ауыстырылу және қайта қалпына келтірілу тәртібі 24 Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы.........................................26 ҚҚЭУ түлектерінің Қауымдастығы 26 Тілек 26 Құрметті студент! Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсу арқылы, дұрыс таңдау жасадың. Біздің университет Қарағанды өңіріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл аумағында лайықты беделге ие. Сен университетпен өздігіңмен танысу және өз алдыңнан ашылып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін осы анықтамалық әзірленді. УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ Қарағанды экономикалық университеті білім беру қызметі нарығында 40 жылдан аса жұмыс істейді. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (бұрынғы Қазақ тұтыну кооперациясы университеті, бұрынғы Қарағанды кооператив институты) 1966 жылғы 22 наурыздағы №125 КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде 1966 жылғы 9 маусымдағы №84 Центросоюз Басқармасының Қаулысымен құрылған болатын. Университет өзінің қызметін 1966 жылғы 1 қыркүйекте жалпы алаңы 18140 шаршы метр, оның ішінде оқу алаңы 3223 шаршы метр болатын, 2 лекция залы және 22 оқу аудиториялары бар, бұрынғы партия-кеңес ғимаратында бастаған болатын. Э.ғ.к.., доцент П.Ф. Котляров университеттің бірінші ректоры болды (1966-1979 жылдар). 1979 жылдан 1988 жылға дейін университетке э.ғ.д., профессор Т.А. Әбдразақов басшылық жасады, ал 1988 жылдан 1997 жылға дейін э.ғ.д., профессор В.Д. Ли басшы болды. Қазіргі уақытта университет ұжымын, осы оқу орнының түлегі, э.ғ.д., профессор, ЖМ ХҒА корреспондент – мүшесі, Еуразия ХЭА академигі Е.Б. Аймағамбетов басқарады. 1997 жылғы 5 шілдедегі Қазтұтынуодағы Басқармасының Қаулысымен Қазақтұтыну кооперациясы институты Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (ҚҚЭУ) болып құрылған болатын. Университетке университет түлектеріне мемлекеттік үлгіде диплом беру құқығы берілген. ҚҚЭУ 2005 жылы мемлекеттік аттестациядан өтті. ҚҚЭУ 2005 жылы өзінің сапа менеджменті жүйесіне «Русский Регистр» компаниясының сертификатын алды. 2008 жылдағы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің рейтингі бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының арасынан гуматитарлық-экономикалық бағыт бойынша ҚҚЭУ 2-ші орын алды, Қазақстанның үздік 60 жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Қазіргі уақытта жоғары білікті мамандар даярлау 18 мамандық бойынша жүргізіледі: 5В051100 – «Маркетинг»; 5В090200 – «Туризм»; 5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс»; 5В050700 – «Менеджмент»; 5В050600 – «Экономика»; 5В030400 – «Кеден ісі»; 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»; 5В050900 – «Қаржы»; 5В050800 – «Есеп және аудит»; 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»; 5В 070300 – «Ақпараттық жүйелер»; 5В030100 – «Юриспруденция»; 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»; 5В090800 – «Бағалау»; 5В020200 – «Халықаралық қатынастар»; 5В051300 – «Әлемдік экономика» 5B091200 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»; 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 5В060800 – «Экология» 5В011500 – «Құқық негіздері және экономика» 5В090900 – «Логистика» (салалар бойынша) Университет Қазақстанда, жақын және алыс шетелде жұмыс жасайтын өздерінің түлектерін мақтан тұтады. Қазіргі уақыттағы университеттегі кадрлар даярлау құрылымы мен көлемі республика мен өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Қарағанды экономикалық университеті магистратура, аспирантура, докторантура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды дербес жүзеге асырады. Университетте докторлық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған Кеңес жұмыс жасайды. Бакалаврлар даярлау бойынша ҚҚЭУ-дің бәскеге қабілеттілігі оның бай, үнемі жаңартылып отыратын материалдық-техникалық базасымен, оқу және тәрбие процестеріне ақпараттық-техникалық инновацияларды енгізу саласындағы уақыттан оза отырып дамуға бағдарланушылықпен айқындалады. Білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық байланыстардың болуы, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану, сапалы мамандар даярлауға ықпал ететін факторлардың бірі болып саналады. ҚЭУ әріптестері географиясының ауқымы аса кең: АҚШ (Сент-Джон университеті), Ұлыбритания (Халықаралық кооператив колледжі), Италия (Болон университеті, «Ла Сапиенс» университеті), Германия (Шығысеуропа институты, Мюнхен қаласы, Регенсбург университеті, Шағын және орта кәсіпкерлік университеті, Билефильд қаласы), Австрия (Каринтии Жоғары мектебі), Латвия, Ресей (МУ – Жоғары экономика мектебі, Мәскеу қаласы, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу тұтыну кооперациясы университеті, Повольже кооператив институты (Ресей Центросоюз), Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Белгород тұтыну кооперациясының сауда-экономикалық университеті), Украина (Донецк нарық және әлеуметтік саясат институты), Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан. ҚЭУ халықаралық бағдарламаларға және гранттарға (ТЕМПУС, ТАСИС) белсенді түрде қатысады, халықаралық конференциялар мен брифингтер ұйымдастырады. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде халықаралық бағдарламаларға студенттердің қатысуы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Университет студенттері CCUSA, Work and Travel, Work Experience, Educational Advising Center гранттарының иегерлері. ҚҚЭУ студентінің ар – намыс кодексі Ар – намыс кодексі студенттердің белгілі бір жұмыс тәртібін болжайды, оның құқығы мен міндеттерін айқындайды. ҚҚЭУ студентінің:
Бакалавр бағдармалары бойынша оқитын Қарағанды экономикалық университетінің түлектері магистратураға түсу кезінде және еңбекке орналасу кезінде тең құқықтарға ие. ҚҚЭУ студенті:
Студенттер өздерінің денсаулығын сақтау мақсатында рухани дүниесі мен дене тәрбиесін қатар жетілдіруге міндетті. Өз міндеттерін бұзған студенттерге тәртіп бұзу шаралары қолданылуы мүмкін. УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚҚЭУ-дің 3 жатақханасы, қоғамдық тамақтандыру кешені, медициналық қызмет көрсету, сауықтыру – профилакторийі, демалыс аймағы, оқу – сауықтыру базасы, спорт залы, саунасы бар. ҚҚЭУ-де студенттердің Мәдениет Сарайы жұмыс істейді, университеттің әртүрлі шығармашылық бірлестіктері, мультимедиялық сыныптары бар әмбебап кітапхана, ақпараттық – білім беру орталығы, оқу теледидар орталығы соның құрылымына кіреді. ҚЭУ құрылымына 3 департамент, 5 факультет кіреді:
ҚҚЭУ-дің Астана, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Арқалық, Семей және Қызылорда қалаларында 7 қашықтықтан оқыту орталықтары бар. Университетте білімнің үш деңгейлі жүйесі қолданылады: бакалавр-магистр – PhD докторы. Университет бакалавриаттың 21 мамандықтары, магистратураның 14 мамандықтары және PhD-докторантураның 3 мамандықтары бойынша дайындық жүргізіледі (мамандықтардың толық тізімі www.keu.kz сайтында) Біздің мекен – жайымыз: 100009 Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Мына автобустармен келуге болады: № 18,19. Мына бағытты таксилер: №08, 011, 30, 31, 44, 58 жүреді. «ҚЭУ» аялдамасы.
УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ ҚЭУ кітапханасы – Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығының мүшесі, Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі. ҚЭУ кітапханасы – қор құрамы бойынша үздік жоғары оқу орындары кітапханасының бірі. Оған барлық білім салалары бойынша ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құжаттар, мерзімді басылымдар, бейнефильмдер, CD-ROM оқулықтар кіреді. Сирек кітаптар қоры бөлінген (19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы әдебиеттер). Кітапхананың жалпы қоры 800 мың данадан асады. Электронды басылымдардың қоры – 700 атаудан артық. Жыл сайынғы мерзімді басылымдардың түсуі – 150 атаудан асады. Сіздерге қызмет көрсетеді:
Әдебиеттер абонементінде мынадай мерзімдерге үйге алуға беріледі:
- экономикалық әдебиеттерді оқу залы - заң және гуманитарлық әдебиеттерді оқу залы - мерзімді басылымдарды оқу залы Оқу залында кітаптар беру транскрипт бойынша жүргізіледі. Әдебиеттер 5 данаға дейінгі санда беріледі. Оқу залынан әдебиетті сыртқа алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған жағдайда оқырман ережені бұзу дәрежесіне қатысты кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады. Сіз кітаптарды және мерзімді басылымдарды пайдаланғанда оларға жанашырлықпен қарауыңыз тиіс. Сіз басылымды алған бетте оның қандай жағдайда екенін тексеріп, ақаулары болса ол туралы кітапханашыға айтуыңыз қажет. Басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауапкершілік көтереді. Кітапты жоғалтқан немесе бүлдірген оқырман, сол басылымның орнына жаңа данасын немесе кітапхана шешімі бойынша құндылығы сол кітаппен тең санаған әдебиетпен алмастыруға міндетті.
Сіз біздің кітапханадан ғана экономика, тұтыну кооперациясы, саяси экономия жайлы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы кітаптар коллекцияларымен таныса аласыз.
Кітапхананың жұмыс тәртібі : Кітапхана демалыссыз жұмыс істейді күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін; Сенбіде 10.00-ден 18.00-ге дейін, Жексенбіде 10.00 –ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді. УНИВЕРСИТЕТТІҢ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ |
![]() | Религия ббк 86. 3 В 74 Вопросы сохранения межконфессиального Борбасова З. Н. Маркетингтік зерттеулер: Оқулық. Жоо-ның экономикалық мамандықтарында оқитын студенттерге арналған / З. Н. Борбасова,... | ![]() | Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Кәсіпорында тауар қорымен басқару аж негізгі компоненттерін жобалауды ұйымдастыру |
![]() | Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Оқытушылар арасында оқу жүктемесін есепке алу және тарату» ақпараттық жүйесін құру | ![]() | Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті аеж кафедрасы «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есептесу» бағдарламалық модулінің үйлесімделуі және адаптациясы |
![]() | Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті аеж кафедрасы «Деректер базасы және сараптау жүйелері» курсы бойынша курстық жұмыстар тақырыптарының тізімі | ![]() | Каталогтың көмегімен Өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады? Элективті пәндер каталогы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған |
![]() | «Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында... | ![]() | Д. В. Жусупбекова Қарағанды 2007 ж Жоо экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді |
![]() | «экономикалық теория» ПӘнінен курстық ЖҰмыс жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар қарағанды 2010 Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде аға оқытушы Б.Қ. Спанова... | ![]() | «экономикалық теория» ПӘнінен курстық ЖҰмыс жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар қарағанды 2009 Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде аға оқытушы Б.Қ. Спанова... |