Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы




Скачать 54.39 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Дата конвертации09.02.2016
Размер54.39 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/15~1.doc


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – 1-қоғам) қосылу жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – 2-қоғам) етіп қайта құрылу жолымен;

3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары олардың жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – серіктестіктер) етіп қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналардың қызметінің негізгі мәні:

1) 1-қоғамның:

агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

өндіріске ғылыми-техникалық әзірлемелер енгізу;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары өнімді тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімдерін өндіру және тарату;

2) 2-қоғамның:

агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, кадрлардың біліктігін арттыру және қайта дарялау;

агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

өндіріске ғылыми-техникалық әзірлемелер енгізу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) 1, 2-қоғамдардың және серіктестіктердің жарғыларын бекітсін;

2) 1, 2-қоғамдардың және серіктестіктердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 1, 2-қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын берсін;

4) республикалық микроорганизмдер коллекциясының және аса қауiптi індеттер қоздырғыштарының депозитарийі функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мүлік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ветеринария ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны теңгерімінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беруді қамтамасыз етсін;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

жеке ұйымдарын қайта ұйымдастыру» туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


 N р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың базасында акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құру:

- қазіргі заманға сай ғылым - білім - өндіріске енгізу - өндірудің интеграциялы жүйесін құруды;

- аграрлық жоғарғы оқу орындардың және ғылыми ұйымдарды басқарудың оңтайлы құрылымын және олардың әлемдік аграрлық ғылым жүйесіне интеграциясына жағдай жасау;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді, халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлауды;

- жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуды және ғылыми идеяларды коммерциаландыруды;

- ауыл шаруашылығы зерттеулер мен өндіріске енгізу жүйесін дамытуға инвестицияларды (отандық және шетелдік) тартуды;

- тәжірибелік кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарда қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін негізгі қаражаттың қажетті мөлшері бар.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны іске асыру ең жақсы ғылыми және материалдық техникалық қамтамасыз ету есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, жоғары білікті аграрлық кадрларды даярлау сапасының және тәжірибелік кәсіпорындар жұмысының тиімділігінің деңгейін арттыру бойынша нақты мәселелерді шешуге күш-жігерін біріктіру жолымен аграрлық білім, ғылым және өндірістің интеграциясының жаңа оңтайлы нысанын болжайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

 Қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Осы қаулыны қабылдау экономиканың аграрлық секторын дамудың ғылымды қажетсінетін жолына көшіру үшін аграрлық ғылыми-зерттеу ұйымдар мен жоғарғы оқу орнының әлеуетін пайдалануды көздейді.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша қабылдаған Президенттің және/немесе Үкіметтің кесімдері және оларды іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

 Қажет етпейді

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қажет етпейді 

9.

Өзге де мәліметтер

Қажет етпейді



Министрдің м. а. Д. Айтжанов


Похожие:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде қайта құру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2001 ж ылғы 3 наурыздағы n 54 қаулысы
Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы n 126-ii қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың ақпанда тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconОңтүстік Қазақстан облысы шымкент қаласы
Сабақтың мақсаты: Ауыл байлығы деген не екенін,ондағы ауыл шаруашылығы туралы түсіндіру, «Ауыл байлығы» туралы білімдерін нығайту,...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconАуыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы iconШығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Клох, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен 2012 жылғы 11 қазандағы №19-02-28/3018-квр...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы icon«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница