Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар




НазваниеШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
страница3/8
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.32 Mb.
ТипКонспект
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/273_o.kh._jarmakin_khurast._til_bilimine_kirispe_dar
1   2   3   4   5   6   7   8

4.3. Синхрония және диахрония

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеру мен дамуын зерттейді. Әрине, бұл екеуі бір нәрсе емес. Тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын, жүйесін зерттеуді — синхрондық тіл білімі, ал тілдің тарихи өзгеруі мен дамуын зерттеуді - диахрондық тіл білімі деп атайды. Басқаша айтқанда, тіл өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпына сипаттама беру арқылы зерттелсе, оны сипаттама немесе статикалық (синхрондық) тіл білімі деп, ал тіл шығуы, өзгеруі және дамуы тұрғысынан зерттелсе, оны тарихи (диахрондық) тіл білімі деп атауға болады.

Жоғарыда аталған синхрония деген термин тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалпын, яғни Ф.де Соссюрдің сөзімен айтқаңда, оның "бір мезгілдік" (одновременность) күйін қарастыру дегенді білдірсе, диахрония деген әр түрлі кезде бірінен кейін бірі болатын (разновременность) тілдік құбылыстарды қарастыру дегенді білдіреді. Синхрония бойынша, бір мезгілде қатар өмір сүріп тұрған тілдік құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады да, диахрония бойынша әлгі тілдік құбылыстардың тарих (уақыт) бойындағы өзгерістері қарастырылады.

Ф.де Соссюр синхронияны жүйемен байланыстырса, диахронияны жүйеден тыс деп біледі. Оның пікірінше, синхрондык тіл білімі тілді жүйелі құбылыс ретінде, яғни тілдегі құбылыстарды бір-бірімен байланысында, бірақ дамудан тыс қарастырғаны жөн екен, ал диахрондық тіл білімі тілдегі құбылыстарды даму тұрғысында, бірақ өзара байланыстан тыс, ягни тілдік элементтерді бір-бірінен ажыратып, бөлек зерттегені орынды сияқты. Сайып келгенде, синхрония мен диахронияны бір-біріне қарама-қарсы қою деген сөз. Әрине, мұндай пікір дұрыс болып табылмайды. Өйткені, диалектикалық материализм әрбір құбылысты шығуы мен дамуы басқа құбылыстармен байланысында зерттегенде ғана оның табиғатын жете түсінуге болады деп үйретеді.

Олай болса, тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды синхрониялық тұрғыдан да, диахрониялық тұрғыдан да қарастыру дұрыс және ол өте-мөте қажет. Себебі тілді ғылыми тұрғыдан тану үшін, оны тарихи тұрғыдан да, сипаттамалы тұрғыдан да зерттеудің мәні өте зор. Мұндай екі жақты зерттеу болмаған жерде тіл білімінің толық мағынасында ғылым болуы мүмкін емес. Мысалы, казақ тіліндегі сарғай деген етістіктің кұрамына талдау жасау керек болды делік. Ол үшін мәселеге алдымен тарихи түрғыдан карау керек. Егер оған тарихи тұрғыдан келсек, бұл сөздің түбірін — сары, қосымшасын - ғай деуге болмайды. Оның түбірі - сары емес, сарығ. Ал жұрнағы — ғай емес, -ай (азай, көбей дегендердегі -ай, -ей).

Бұдан шығатын қорытынды: тілдің жүйесі (синхрония) оның дамуына (диахрония) телулі, яғни тіл жүйесі әрқашан оның тарихымен байланыста болады. Ендеше, тілдің жүйесін түсіну үшін тіл тарихының маңызы зор екен. Керісінше, тілдің тарихи дамуын жақсы ұғыну үшін, оның жүйелілік қасиетімен есептеспеске болмайды. Тілдегі болып жатқан өзгерістер мен дамулар оның жүйесін өзгертпейді, тек ондағы (тіл жүйесіндегі) қатынастардың түрін ғана ауыстыруы мүмкін.

Сонымен, тіл, тілдік кұрылым, тілдік жүйе, уақыт озған сайын жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тек қазіргі қалпы тұрғысынан (статикалық тұрғыдан) қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да (динамикалық тұрғыдан) қарау кажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екіншіден, олардың шығуы, тарихи дамуы,
өзгеруі тұрғысынан қарастырғаны жөн.


5. Бісінші дәріс Морфология

5.1 Морфологияның жалпы мәселелері

Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда ойды білдіре алмайды. Егер олар сөйлем ішінде бір-бірімен байланысса, онда ойды білдіре алады. Сөздердің бір-бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы, нақтырақ айтсақ, морфология мен синтаксис арқылы іске асады.

Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді.

Грамматиканың екі саласы бар: морфология және синтаксис. Морфология — сөздердің морфологиялық кұрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары, сөз таптары туралы ілім. Ал синтаксис - сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемдегі қызметі, сөйлем мүшелері туралы ілім.

5.2 Сөздің морфологиялық құрылымы

Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема - дегендер.

Морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік морфема болып екіге бөлінеді. Мысалы, оның анасы кім? дегендегі ана+сы сөзінде екі морфема бар. Ана — түбір морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) — аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о — түбір морфема, ның — аффикстік морфема, кім - түбір морфема. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. |Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, үйшіктерге деген сөзінің құрамында төрт морфема бар. Оның біріншісі — үй, ол заттық мағынаны білдіреді; екіншісі - шік, бұл кішірейткіш мағынаны білдіреді, үшіншісі — тер, көптік мағынаны білдіреді, төртіншісі — ге, бағыт мағынасын білдіреді. Бұлардың ішіндегі үй морфемасы түбір сөз болғандықтан - заттық, лексикалық мағынаны, үйшік туынды түбір болғандықтан - лексика-грамматикалық мағынаны, ал қалғандары (-тер, -ге) аффикстік морфемалар болғандықтан - грамматикалық мағыналарды білдіріп түр. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар — аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Түрлі тілдердегі түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысал үшін қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып көрелік. Қазақ тіліндегі жаз+у, жаз+ба, жаз+ыл+ған деген сөздерді орыс тіліндегі пис+ать, за+пис+ка, пере+пись деген сөздермен салыстырсақ, қазақ сөздерінің түбірі жаз — орысша сөздердің түбірі - пис. Жаз түбірі өздігінен жеке, сөз ретінде қолданыла алады, ал орыс тіліндегі пис- түбірі өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана (письмо, писание, письменный) қолданылады. Оның үстіне пис- түбірі тек заттық мағынаны ғана білдірсе, жаз түбірі әрі заттық мағынаны (жаз ісі), әрі лексикалық мағынаны (бір нәрсені хатқа түсіру), әрі грамматикалық мағынаны (етістіктің бүйрық райы, екінші жақ) білдіреді.

Пис- сияқты орыс тілінде дербес қолданыла алмайтын түпкі түбірлерді тіл білімінде "өлі түбірлер" деп атайды. Жоғарыда айтылғандарға қарап, қазақ тілінде өлі түбірлер мүлде жоқ екен деген қорытынды шықпауға тиісті. Онда да өлі түбірлер бар. Бірақ тым аз. Мысалы, бүл+ік, бүл+ін, бүл+дір деген сөздерді бір-бірімен салыстырсақ, олардың өлі түбірі - бүл деген де, ал -ік, -ін, -дір дегеңдер - сөз тудыратын аффикстер. Семіз, семір сөздерінің өлі түбірі сем-, ал жақ, жан сөздерінің өлі түбірі — жа-. Тырдай, жұрдай, нарттай сөздерінің аффикстері - дай да, ал олардыц түбірлері — тыр-, жұр-, нарт-.

Бұлардың өлі түбір болатын себебі - олар өздеріне тиісті қосымшаларынсыз жеке тұрып, қолданыла алмайды. Тек қосымшаларымен бірге алынғанда ғана олар сөз ретінде ұғынылады. Бұл жерде біз тарихи тұрғыдан алғанда ғана олар түбір бола алатындығын айтып отырмыз. Әйтпесе бұлар қазақ тіл білімінде қосымшалармен бірге бір сөз ретінде қабылданып кеткен. Сондықтан да, қазақ тіліндегі түбір мейлі мағынасы жағынан болсын, мейлі формасы жағынан болсын түбір ретінде де, бір-бірімен сәйкес келе береді.

Бұл жердегі "түбір" деген мен "түбір сөз" деген бір емес. Мәселен, орыс тіліндегі пис- морфемасы - түбір, ал писать – түбір сөз. Қазақ тіліндегі жаз морфемасы — әрі түбір, әрі түбір сөз. Өйткені пис морфемасы дербес қолданыла алмаса, жаз түбірі дербес сөз ретінде қолданыла береді. Қазақ тіліндегі бұл қасиет түркі тілдері мен ағылшын тіліне де тән.

Жоғарыда біз "пис — түбірі тек заттық мағынаны ғана білдіреді» дегенді айттық. Орыс тіліндегі кейбір түбірлер (негізгі морфемалар) мағынаны да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда заттық мағынаны білдіретін түбір лексикалық мағынаны білдіретін сөз ретінде қолданылады да, заттық мағына мен лексикалық мағына бір-бірімен астасып, қабаттасып кетеді. Мысалы, орыс тіліндегі бег (бежать), дар (дарить), дом (домик) дегендер - пис түбірі сияқты түбір морфемалар. Солай бола тұрса да, бұлар лексикалық мағыналары бар дербес сөздер ретінде де қолданылады. Демек, орыс тілінде түбір (корень) деген үғым өз алдына дербестігі жоқ пис(писать), веж- (вежливый) тәрізді түбірлерді де, өз алдына дербестігін сақтаған бег, дар, дом тәрізді түбір сөздерді де (пис-, веж-, деген сөздер емес, олар тек түбірлер) қамтиды. Ал қазақ тілінде пис-, веж- сияқты түбірлер жоқ, онда оқы(-ған), жаз(-ған), бүлін (-ген) деген тәрізді түбір сөздер бар.

Енді түбір мен негіз деген терминдердің мән-мағынасына келелік.

Түбір (корень) деп - сөздің ешбір жұрнақсыз-ақ, заттық (кейде лексикалық) мағына бере алатын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін түп бөлшегін айтамыз. Мысалы, письмо, писать, выписка, опись сөздеріндегі пис- морфемасы немесе столик, столовая, настольный, сөздеріндегі стол - морфемасы түбір болып саналады.

Негіз (основа) деп - сөздің ешбір жалғаусыз-ақ (жұрнақсыз емес) өз алдына тұрып, лексикалық мағына бере алатын, өзгермейтін, түрленбейтін негізгі бөлшегін айтамыз. Негіз әдетте түбірден де, түбір мен жұрнақтың қосындысынан да жасалына береді. Яғни, түбір сөз де, туынды сөз де негіз бола алады. Осыған орай олар түбір негіз, туынды негіз деп те аталынады. Мысалы: дом, холод, один, завтра, комнат+а, бел+ый, смотре+ть — бұлар түбір негіздер; надомн+ый, комнатушк+а, холодноват+ый, побелеев+ший посмотре+ть - бұлар туынды негіздер. Болмаса қазақ тіліндегі егіншіліктің деген сөзді талдап көрелік. Мұның түбірі (түбір негізі) - ек, бірінші туынды негізі — егін, екінші туынды негізі — егінші, үшіншісі туынды негізі — егіншілік; ал -тің — аффикстік (көмекші) морфема.

Түбір әр түрлі сөз таптарына ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас түбірі бастық, басшы, басшылық, баспа, баспалдақ деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, басқар, бастат деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Негіз белгілі бір сөз табына жататын әр түрлі формаларға ортақ морфема ретінде қызмет етеді. Мысалы, басқар+ып, басқар+ғалы, басқар+ған, басқар+ар, басқар+атын дегендердің бәрі етістіктер. Бұлардың ортақ негізі (основа) — басқар морфемасы. Дәл осылар сияқты бастық+тар, бастық+қа, бастық+тан, бастығ+ың деген зат есім формаларының ортақ негізі - бастық сөзі.

Аталған мысалдардан байқалатын бір нәрсе — орыс тіліндегі көптеген негіздердің құрамында олардың қай сөз табына тән екендіктерін аңғартатындай грамматикалық көрсеткіштер (аффикстер) болады. Мысалы: комнат +а, комнатушк+а — бұлар зат есімдер; бел+ый, побелевш+ий - бұлар сын есімдер; смотре+ть, посмотре+ть - бұлар етістіктер. Егер осы сөздердің кұрамындағы -а, -ый/ий, -ть грамматикалық көрсеткіштерін негіздерден бөліп алсақ, онда ол негіздер өздігінен дербес қолданыла алмайды. Ал қазақ тіліндегі негіздердің құрамында ол сөздердің қай сөз табына қатысты екендігін аңғартатындай грамматикалық көрсеткіштердің болуы шарт емес. Мысалы: бас — I) зат есім, 2) етістік; бастық- (зат есім, етістік), басшы (зат есім, етістік); ақ- 1) сын есім, 2) етістік. Соған қарамастан бұл түбір негіздер (бас, ақ) және туынды негіздер (бастық, басшы) дербес сөз ретінде жеке қолданыла береді.

Бұл құбылыс жалғыз қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдері мен ағылшын тілінде де солай. Оны мына салыстырудан көруге болады: книг+а — кітап — Ьоок; больш+ой — үлкен — big; чита+ть— оқы - read. Мұндағы орыс сөздері екі морфемадан - аффикстік морфемадан, ал қазақ, ағылшын тілдеріндегі балама сөздер бір ғана түбір морфемалардан құралған.

Қазақ тіліндегі түбір (негізгі) морфемаларда дербестік бар. Олар дербес сөз ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік жоқ. Олар әрқашан сөз құрамында ғана қолданылады және сөзден тыс ешқандай мағына білдіре алмайды. Түбір морфема мен аффикстік морфемалардың тағы бір айырмашылығы — егер аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір тобының (мысалы, зат есімнің немесе сын есімнің) кұрамында ғана қолданылса, түбір морфемалар бір емес, әр басқа сөз табына қатысты сөздердің кұрамында ұшыраса береді. Мысал, білімнен (біл+ім+нен) деген сөздің кұрамындағы -ім және -нен аффикстік морфемалары сөздердің зат есім деп аталатын тобында ғана ұшырасса, біл деген түбір морфема сөздердің зат есім (мысалы: білім) тобында ғана емес, сонымен бірге, етістіктер тобында (білдіру, біліну, білісу), сын есімдер тобында да (білгіш, білімді) ұшыраса береді. Бір сөзбен айтқанда, аффикстік морфемалар белгілі бір сөз табына ғана телулі болады.

Аффикстік морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан түрліше болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, ол түбірдің мағынасын нақтылай, саралай түсетін аффикстер бар. Ол аффикстің атын — жұрнақ деп атайды. Мысалы, көлшік деген сөздің құрамындағы -шік жұрнағы заттық ұғымды білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның лексикалық мағынасын нақтылап тұр (ойыс жерге жиналып қалған су, кішкентай ғана көл).

Сондай-ақ, түбір морфемаға жалғанып, бір сөзді екінші сөзбен байланыстыратын, олардың өзара қарым-қатынасын білдіретін аффикстер болады. Олардың атын - жалғау деп атайды. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі -дің мен -сы аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, көл, жаға деген сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұр.

Түбір морфемадан сөз тудыратын аффикстерді - сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер — сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналары реляциялық мағына деп аталады.

Сөйтіп, аффикстер (аффикстік морфемалар) екі үлкен топқа бөлінеді екен. Олар: жұрнақ пен жалғау. Жұрнақ (суффикс) — сөз тудырады, ал жалғау (окончание немесе флексия) — сөз түрлендіреді. Ескерте кететін нәрсе — жұрнақтардың ішінде де жаңа сөз тудырмай, сөз формасын өзгертетін, сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын жүрнақтар болады. Мәселен, қазақ тіліндегі көсемше, есімше жұрнақтары сондай жұрнақтар. Мысалы: кел+іп кетті, жүр+гелі отыр, т.б.

Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай жұрнақ үш түрге жіктелінеді. Олар: 1)приставка, 2) инфикс, З) суффикс (постфикс). Префикс түбірдің алдына қосылады. Мысалы: в+ходи+ть, ис+ходи+ть, на+ходи+ть, по+ходи+ть, с+ходи+ть, у+ходи+ть, со+труд+ник/ница, пре+по+дава+тель+ница. Инфикс түбірдің ішіне қыстырылады. Бұл латын тілінде бар, орыс тілінде жоқ. Ал суффикс түбірден соң жалғанады. Мысалы: бала+лық, жылқы+шы, работ+ник, учи+телъ, дом+ик.

Орыс тілінде префикс пен суффикс бар. Казақ тіліндегі жұрнақ орыс тіліндегі суффикске сәйкес келеді де, түбірден соң жалғанады. Түркі тілдерінде орыс тіліндегі тәрізді префикстер жоқ. Түркі тілдерінің бірі — казақ тіліндегі бей+маза, бей+таныс, бей+уак, бей+хабар, на+разы, на+мақүл деген сөздердің құрамындағы бей-, -на морфемаларының префикс екендігі рас. Бірақ ол қазақ тілінде префикс ретінде қызмет атқармайды. Бей-, на- префикстері иран тілдерінен енген сөздердің құрамында ғана қолданылып, сол сөздермен бірге келген, бөлшектенбейтін біртұтас тұлға (форма) ретінде ұғынылады.

Жалғаулардың жұрнактардан айырмашылығы — жұрнақгар сөз тудырса, жалғаулар форма тудырады. Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды.

Жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикалық бірлікке (сөзге) айналып, бүтін сөз ретінде қаралады. Мысалы, су деген түбірге жұрнақ жалғасақ, су+лы, су+лык, су+ла, су+лан+дыр+у деген туынды сөздер жасалады. Бұлардың мағыналары әр басқа. Ал сол су деген түбірге жалғау жалғасақ, су+ға, су+ым, су+лар деген сөз формалары жасалады. Бұл соңғы сөздердің лексикалық мағыналары — біреу ғана, ал формалары - әр түрлі. Ол жалғаулар тек грамматикалық мағыналар туғызады. Айталық, су+ға дегенде - септік мағына, су+ым дегенде — тәуелділік мағына, ал су+лар дегенде - көптік мағына бар.

Жалғаулар әр уакыт тек грамматикалық мағына туғызады десек біз қателесеміз. Кейде оның жұрнақ орнына жұмсалып, лексикалық мағына да туғызатын кездері болады. Мысалы, босқа, текке, бекерге, кешке деген сөздерді тарихи түрғыдан бос+қа, тек+ке, бекер+ге, кеш+ке деп, түбір және аффикстік морфемаларға жіктеуге болады. Мүндағы -қа/-ке, -ға/ге аффикстері барыс септік жалғауы екендігі ақиқат. Бірақ олар бүл жерде сөз түрлендіруші қызметінен айырылып, сөз тудырушы қызметке ауысқан. Сөйтіп, олар өзі жалғанған сөздерді үстеулерге айналдырған. Тіліміздегі жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары да дәл осындай қызмет атқара алады. Мысалы: баяғы+да, күн+де, әуел+ден, кенет+тен, төте+сі+нен, рет+і+мен, кезек+пен т.б.

Қазақ тілінде -у жалғауы жалғанған біраз етістіктер тұйық етістік формасынан зат есімдерге айналған. Мысалы: жабу, егеу, көсеу, қашау, бояу т.б. Бұлардың құрамындағы -у морфемасы о баста форма тудырушы (тұйық етістік формасы) қосымша болған. Қазір ол форма тудырушы емес, сөз тудырушы жұрнақ ретінде танылып жүр. Шындығында да солай. Ол тұйық етістіктің жалғауы бола тұрып, кейінгі ғасырларда зат есім, сын есім (бітеу, түзу) тудыратын жұрнақтарға айналған. Сондықтан, қазіргі кезде оны (У морфемасын) қазақ тілі оқулықтарында "тұйық етістіктердің жұрнағы" деп атайды.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша 050205- «Филология:қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінен 5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconПавлодар мемлекеттік университеті О.Қ. Жармакин > Қ. Х. Рақымжанов л ингвистикалық ілім тарихы филологиялық мамандықтар студенттеріне арналған оқу құралы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconПологиясының негізгі ұҒымдары жоғары оқу орындарының тіл мамандықтары студенттеріне арналған «Типологиялық зерттеулер негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал Павлодар
О. Қ. Жармакин филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы пму профессоры
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconМетодические указания Форма ф со пгу 18. 2/05
«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Тіл біліміне кіріспе»
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тіл біліміне кіріспе» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған «Тіл біліміне кіріспе»
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Шетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница