Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі




Скачать 256.59 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации09.02.2016
Размер256.59 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/33719.doc
Жұмыс бағдарламасы Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/06


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі




С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Қазақ филологиясы кафедрасы




«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




Павлодар







Мемлекеттік жалпыға міндетті Нысан

мамандықтың білім стандарты ПМУ ҰС Н 7.18.1/06

мен типтік бағдарлама

негізінде әзірленген

пәннің жұмыс бағдарламасына

бекіту парағы


БЕКІТІЛДІ

ОІ жөніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2009ж.

Құрастырушы: аға оқытушы А.О.Кәріпжанова __________

Қазақ филологиясы кафедрасы




«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Жұмыс бағдарламасы 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.267-2006 Мемлекеттік стандарты және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2009ж.

№_____хаттама.

Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов.




Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2009ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ Жұманқұлова Е.Н.




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2009ж.


жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________А.А.Варакута. «____»____________2009 ж


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері


«Жалпы тіл білімі» факультет бойынша жүргізілетін тілдік пәндердің бәрінен кейін өтіледі де , ол, бірінші жағынан, студенттердің өз мамандықтары бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау сипатында болса, екінші жағынан, оларды жалпы тіл білімінен теориялық білімдерін жетілдіре, тереңдете түсуді көздейді. «Жалпы тіл білімі» пәнінде филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтау, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасуы жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін ұғындыру, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгеру.

Пәнді оқыту мақсаты:


    Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. мәселелер.



Пәннің міндеттері:


- «Жалпы тіл білімі» - тіл білімінің жалпы теориясы. Бұл пәннің алдына қойылатын міндет - тыңдаушылардың тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымының өткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және әлі шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру;

- Тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданылып жүрген және жаңадан туа бастаған арнаулы әдістер мен әдістемелердің сырларын ашып беру;

- Тіл білімнің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау;

-Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру.

Студенттер білуі тиіс:


    - Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;

    - тілді талдаудың негізгі әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу;

Студенттер істей білуі тиіс:


    - Тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білуі және топтастыра білу дағдысын;

    - Жалпы тіл білімі теориялық курсының алғы шарттарын білуі тиіс.

    - Тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс;



2 Пререквезиттер:


Тіл біліміне кіріспе

Әлеуметтік тіл білімі

Психолингвистика

Когнитивті лингвистика





Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10



3.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырып

Сағат саны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

Кіріспе

1

1

6







9

2

Тіл білімнің теориялық мәселелері

2

2

6

1




9

3

Тіл білімі тарихы. Ежелгі заман тіл білімі

2

2

6




1

9

4

Орта ғасыр тіл білімі

2

2

6

1




9

5

Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі

1

1

6




1

9

6

ХІХ ғасыр тіл білімі

2

2

6

1

1

9

7

ХІХ ғасыр тілі білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары

1

1

6

1

1

9

8

20 ғасыр лингвистикасы

1

1

6

1




9

9

Кеңестік тіл білімі

2

2

6




1

8

10

Тілді зерттеу әдістері

1

1

6

1

1

8

Барлығы: сағат

15

15

60

6

6

78

3.1 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны - адамдардың дыбыстық тілі. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, фунциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасн түгел алып, жан-жақты зерттейтіні. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды сөз ететін. Зерттейтін нысаны – жалпы тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілгіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория екені. Курсты қамтылуға тиісті негізгі мәселелер:

1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.

2 Тілдің құрылым, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

3 Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

4 Тіл деңгейлері. Грамматикалық категорялар.

5 Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ т.б.

6 Тілдердің типологиялық, генеалогиялық топтары, жіктелісі

7 Тіл білімінің зерттеу әдістері

8 Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны

9 Тіл білімінің тарихы, ондағы басты кезеңдер

10 Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер екендігі

Зерттеу сипатына қарай қазіргі заман тіл білімі қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық т.б. тіл білімі болып бөлінетіні. Жалпы тіл білімінің әлемдік ғылымда теориялық саласы ретінде танылуы – 19 ғасырдың басында, салыстырмалы-тарихи әдістің тіл білімінің зерттеу әдісіне айналуы нәтижесінде қалыптасқаны. Ол әлемдік тілдердің универсалды, барлығына ортақ мәселелерін зерттеп, соның негізінде жалпы тілдік теорияны қалыптастырғаны. Сондықтан жалпы тіл білімі бүкіл тіл ғылымының бағыт-бағдар сілтейтін жетекші, бағдарлағыш ғылым деп есептелетіні. Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты екені. Тіл - өзінің пайда болуы, дамуы жағынан адамзат қоғамымен тікелей байланысты қоғамдық құбылыс, ол – қоғамда аса маңызды қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Сонымен бірге тіл, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық санамен, ойлаумен тығыз байланысты. Сол себепті тіл білмі адамды, адамзат қоғамын зерттейтін қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдарға жататыны. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар екені. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жататыны.

2-тақырып. Тіл білімнің теориялық мәселелері

1.Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.

2.Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-қлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұле кеуінің арақатынса, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикткалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Тілдің табиғаты мен мәні.

3.Тіл табиғаты денег оның қандай құбылыстар қатырна жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жаттаны. Бұл мәселерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсінетіндіктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны. Кеңес тіл мамандары басшылыққа алған қағидалар. Тіл мен сөйлеу. Бұл екеуі арасындағы бірлік және өзгешеліктер. Сөйлеуде болатыны индивидуалдық сипаттар. Сөйлеудің психологиялық жақтары, пайда болу жолдары. Тіл тіршілігі, оның дамуы, өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алуы сөйлеуге байланысты екені, сөйлеу тілдің жаны болып есептелетіні. Сөйлеу әрекеті мәселесін шешуде тіл білімі мен психология ғылымдарының өзара байланыста екені.

4.Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынастарды айқындауда Ф.де Соссюр заманына бері қарай болып келе жатқан пікір таластары.

5.Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас. Бұл проблеманың заман тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым объектілері деушілер.

6. Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары. Бұл екі термин жөніндегі көзқарастар. Тілдің структуралық элементтерін зерттеу мен структурализм. Бұл екеуі арасындағы өзгешеліктер. Тілдің структуралық салалары, олардың әрқайсының өзіндік сипаттары, арақатынастары, жүйенің анықтылығы, оның мәні. Жүйе элементтері арасында жүйесіздіктің де болатыны.

7. Тілдің таңбалық сипаты. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері: графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен нұсқау. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Семиотиканыы сипаттаудағы философтардың арасындағы қайшылықтар.

8. Тіл және қоғам. Социологиялық тіл білімі, оның объектісі. Дыбыс тілінің пайда болуы, бұған байланысты көзқарастар. Тіл және этникалық бірлік. Дүние жүзіндегі тілдердің сандық шамасы мен жіктелу түрлері. Тілдердің бір-біріне қосылу және бір-бірінен бөліну, жекелену процестері, бұлардың қоғаммен, қоғамдық формациялармен байланысы, соңғыларының тілге тигізетін әсері мен ықпалы. Билингвизм, оны туғызатын себептер, әлемдік тілдің болу қажеттігі, бұл жөніндегі пікірлер, әрекеттер. Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Әдеби тіл. Тілдік дәстүр (узус) және әдеби тіл нормасы.

9. Тілдің даму заңдылықтары. Бұл мәселеге байланысты айтылып жүрген пікірлер. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер. Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екені. Тілдің қай саласында болса да тұрақты тұлғалар мен тұрақсыз, өзгерімпаз тұлғалардың болатыны.

10. Тіл деңгейлері. Олардың қалыптасуындағы негізгі шарттар, тіл деңгейлерінің түрлері жайындағы пікірлер.

11. Грамматикалық категория. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары, грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны туралы пікірлер.

3-тақырып. Тіл білімі тарихы. Ежелгі заман тіл білімі.

Тіл білімі тарихының объектісі. Тіл білімі тарихын дәуірге бөлу проблемасы. Ежелгі заман тіл білімі. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар. Филологияның тууына түрткі болған себептер. Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. Ежелгі қытай тіл білмі. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшеліктері. Ежелгі үнді тіл білмі. Оны туғызған себептер. Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні. Үндістан тіл білімінің тіл білімі тарихындағы орны, маңызы. Ол жөнінде пікірлер. Үнді тіл білімінің кемшіліктері мен әлсіз жақтары. Байырғы тіл білімі. Мұны туғызған себептер. Грек тіл білімінің қалыптасуындағы философтардың рөлі. Грек тіл білімінің негізгі объектілері: атау теориясы, тілдің шығуы, грамматикалық өнер. Бұл салаларға баланысты айтылған негізгі тұжырымдар, олардың әлді, әлсіз жақтары. Александрия тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл білімінің кейінгі дәуірлерде тіл білімі дамуына тигізген әсері мен ықпал еткенін білдіретіні.

4-тақырып. Орта ғасыр тіл білімі.

Бұл дәуірдің ерекшеліктеріне қысқаша шолу. Әлемдік діндердің, канондық тілдердің пайда болуы, бұлардың тіл біліміне тигізген әсері. Схолостикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік, номиналистік бағыттар. Орта ғасыр лингвистикасына тән негізгі сипаттар. Орта ғасырдағы Рим тіл білімі. Рим тіл білімінің грек тіл білімімен бірлігі мен оған қосқан үлесі. Латын тілінің канондық тілге айналуы, оның грамматикасының бүкіл Европа халықтары тілдерінің грамматикасына үлгі болуы. Ора ғасырдың соңғы кездеріндегі грамматикалық туындылар. Орта ғасырлық араб тіл білімі. Арабтардың ежелгі заман тіл білімін пайдаланып, тіл білімін дамытуы. Арабтардың тіл зерттеуіндегі өзіндік бағыттары, тың жүйелері. Араб ғалымдарының шет тілдерін зерттеу тәжірибелері, тіл білімі тарихында бірінші болып әр түрлі тілдік фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу әдістерін қолданғаны. Олардың түркі, маңғол, парсы, араб тілдерінің салыстырма сөздіктерін, грамматикалық очерктерін жазғаны. Бұған түркі тайпаларынан шыққан ғалымдардың қатынасқаны. Ислам дінінің тарауына байланысты араб тілінің канондық сипатқа ие болғаны.


5-тақырып. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі.

Бұл дәуірдің өзіндіксипатына қысқаша шолу. Жаңа жерлердің, бұрын белгісіз халықтар мен тілдердің ашылуы, соның негізінде тіл білімінің жаңа сипатта дамуы. Бұл дәуірдегі тіл білмінің негізгі проблемалары: а) ұлттық тілді қалыптастырп дамыту; ә) жаңадан ашылған тілдерді үйреніп зерттеу; б) ежелгі заман тіл біліміндегі ой-пікірді, филологияны дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау. Салыстырмалы сөздіктердің, грамматикалық еңбектерідің көбеюі. Тілдік зерттеулердің бұрын болмаған жаңа түрлерінің көріне бастауы, логикалық бағыттың күшеюі, логикалық (рационалдық) грамматикалардың жарық көруі. Пор-Рояль грамматикасы, оның өз заманындағы мәні, әсері. Тіл білміндегі универсализм бағытының кейінгі дәуірлердегі дамуы.


6-тақырып. ХІХ ғасыр тіл білімі.

Онда 17-18 ғ. тіл біліміндегі ой-пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны. әр түрлі тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеу бағытының біртіндеп көріне бастауы, соның нәтижесінде тілдердің өзара туыстас, төркіндес болатындығы туралы пікірлердің тууы. Мұндай пікірлердің кейінгі дәуірде дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл біліміне негіз болғаны. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Оның объектісі, көздейтін мақсаты. Тілдер туыстығына негіз болатын тілдік материалдар. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі. Бірінші кезеңнің, яғни салыстырмалы-тарихи әдістің, қалыптасу кезеңнің өзіндік

сипаты. Оны қалыптастыруда Ф.Бопп, Р.Раск, Я.Гримм, А.Востаков, В.Гумбольдтың алатын орны. В.Гумбольдтің тіл философиясы, Тілдер семьясы, праязык (ата тіл) теориялары. Бұл әдістің қалыптасу кезеңіндегі жетістіктер мен кемшіліктер. Марксизм классиктерінің салыстырмалы-тарихи біліміне, оның кейбір көрнекті өкілдеріне берген бағалары. Компаративистика дамуының екінші кезеңі. Бұлдәуірдің өзіндік ерекшелігі, алдыңғы дәуірден өзгешелігі, көрнекті өкілдері: К.Бругман, Б.Дельбрюк, А.Мейе т.б. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің үшінші кезеңі, яғни қазіргі замандағы жай-күйі. Бұл дәуір компаративистиканың ең жетілген, кемшіліктерінің едәуір арылған кезең екендігі.

7-тақырып. ХІХ ғасыр тілі білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.

Олардың дүниеге келтірген себептері. а) Натуралистік –биологиялық бағыт. Бұл бағыттың өзіндік концепциялары. Көрнекті өкілдері. Зерттеген негізгі проблемалары, қателіктері. ә) Логика-грамматикалық бағыт. Көрнекті өкілдері. Көтерген негізгі проблемалары. Әлсіз жақтары. б) Психологиялық бағыт. Даралық (индивидуалдық) және әлеуметтік психологизм. Бұлардың негізгі концепциялары. Психологиялық тіл білімінің қазіргі заман тіл біліміндегі орны. в) Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм). Қалыптасқан мерзімі, көрнекті өкілдері, негізгі концепциялары, тіл білмі дамуына қосқан қомақты үлесі, әлсіз жақтары, қате тұжырымдары. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұлардың көрнекті қайраткерлері. Ұстанған негізгі бағыттары. Зерттеген проблемалары.


8-тақырып. 20 ғасыр лингвистикасы.

20 ғасыр лингвистикасы, оның жас грамматикалық бағытқа қарсы айтыста туып дамығаны. Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер: сөздер мен заттар, эстетикалық бағыт, неолингвизм, социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар. Бұлардың әрқайсысының өзіндік бағыттары, проблемалық негізгі объектілері. Ғылыми табыстары мен әлсіздіктері. Көрнекті қайраткерлері. 20 ғасыр тіл білімінде Ф.де Соссюр концепцияларының тигізген әсері мен ықпалы. Ол көтерген және өзінше шешкен мәселелердің қазіргі заман тіл білмінің де маңызды проблемалыр болып келе жатқаны. Структуралыизм, оның тіл білмінде алатын орны, негізгі концепциялары менұстанған бағыттары. Структурализмнің негізгі мектептері: Прага мектебі, Копенгаген мектебі, дескриптивтік (Йельск) мектеп. Бұлардың көрнекті қайраткерлері, зерттеген проблемалары.


9-тақырып. Кеңестік тіл білімі.

Кеңестік тіл білімі. Оның марксистік философия қағидаларына сүйенгені, соны өзіне методологиялық негіз еткені. Кеңес тіл білімінің алғашқы дәуірі, бұл дәуірдің тіл білімі алдына қойған негізгі міндеттері. Н.Я.Маррдың «Тіл туралы жаңа ілімі» , оның негізгі концепциясындағы қателіктер. 1950 жылы «Правда» газеті ұйымдастырған еркін айтыс. Кеңес тіл білімінің әлем тіл біліміне қосқан үлесі.


10-тақырып. Тілді зерттеу әдістері.

Лингвистикалық әдіс туралы ұғым. Жалпы лингвистикалық және арнайы әдістер. Салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық әдіс, олардың мақсаты. Сипаттама әдісі. Оның мақсаты, міндеттері. Тілдік эксперимент жасау әдістемесі. Таксономиялық (тілдегі ұқсас құбылыстарды салыстыру) әдісі, оның мәні. Тілдік генетикалық әдіс, оның мәні. Қазіргі тіл фактілеріне сүйене отырып, көне тұлғаларды қалпына келтіру (ішкі реконструкция) әдісі Этимологиялық талдаудың принциптері. Типологиялық (салғастырмалы) әдіс, оның мәні. Типологиялық зерттеулердегі бағыттар мен міндеттер. Лингвистикалық талдау әдістемесі. Тіл модельдерін жасау әдістемесі. Тіл біліміндегі математикалық әдіс. Тілдің статистика тұрғысынан зерттеу әдістемесі және жиілік сөздіктері. Тілдің лингвистикалық география әдістемесі. Тілдік стилистикалық талдау тәсілдері, компоненттік әдіс.

3.2 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып. Жалпы тіл білімі, оның объектілері мен проблемалары.

1. Жалпы тіл білімі, оның зерттейтіні, қарастыратын мәселелері.

2. Жалпы тіл біліміндегі «тіл» және «сөйлеу» проблемасы.

3. Тіл білімін зерттеудің практикалық мәні.


2-тақырып. Тіл білімінің басқа ғылыми салалармен байланысы.

1. Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы.

2. Тіл білімінің жаратылыстану ғылымдарымен байланысы.

3. Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы.



3-тақырып. Тіл мен ойлау.

1. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы.

2. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы жөніндегі маркершілердің көзқарастары.

3. Ойлау процесі дамуының тілге әсерін зерттеу.


4-тақырып. Тілдің жүйелік сипаты.

1. Тіл жүйелі құбылыс, жүйелер жүйесі.

2. Тіл жүйесіндегі диахрондық, синхрондық қалыптар.

3. Тіл жүйесіндегі прадигматикалық қатынастар.

4. Тіл жүйесіндегі синтагматикалық қатынастар.



5-тақырып. Тіл – таңбалық жүйе.

1. Тілдік таңбалардың өзіндік ерекшелігі.

2. Тілдік таңбалардың жүйелік сипаты.

3. Тілдік таңбалардың екі жақтылығы.

4. Ақпарат хабарлардың сөз түрінде берілмейтін түрлері паралингвистика, паракинесика туралы.


6-тақырып. Тіл деңгейлері.

1. Тіл деңгейлері туралы жалпы түсінік.

2. Тіл деңгейлерін қалыптастыру принциптері.

3. Тіл деңгейлерінің түрлері, олардың әрқайсысының ерекшелігі, бір-бірімен байланысы.

7-тақырып. Грамматикалық категориялар.

1. Грамматикалық категория және оның мәні.

2. Грамматикалық категорияның тіл жүйесіне қатысы.

8-тақырып. Тілдің дамуы мен қызметі.

1. Тіл дамуының шарттары мен себептері.

2. Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері.

3. Тіл дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.

4. Тілдің ішкі құрылымдық даму заңдары.

5. Тілдің функциялық қызметі.


9-тақырып. Әр дәуірдегі тіл білімдері.

1. Ежелгі дәуір тіл білімі.

2. Орта ғасырдағы тіл білімі.

3. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі.

4. 19 ғасырдағы тіл білімі.


10-тақырып. 20 ғасыр тіл білімі және структурализм.

1. 20 ғ. тіл біліміндегі бағыттар.

2. Неолингвизм мектебі.

3. Социологиялық мектеп.

4. Эстетизмдер мектебі.

5. Структуралық тіл білімі.

6. Прага мектебі.

3.3 СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТМӘ-301(қ), 401

Сағат көлемі СҚТмӘ-301 (қ)

1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15(1х15)

12(2х6)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15(1х15)

12(2х6)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

16

24

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

24

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4

6




Барлығы







60

78

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. Александрия мектебі. Авеста тілі. Алтай тілдері. Көне түркі сына жазуы. Орхон-Енисей жазулары тілі. Әлем тілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 4-13 бет, [4], 12-19 беттер. [6], 12-18 беттер, [10], 12-19 беттер. [21], 12-18 беттер

2. Әлеуметтік бағыт. Логикалық бағыт. Натуралистік бағыт. Психологиялық бағыт.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 12-23 беттер. [11], 62-70 беттер, [12], 83-98 беттер, [22], 108-113 беттер.

3. Тіл білімнің философиялық мәселелері.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 62-70 беттер, [8], 25-32 беттер, [20], 83-98 беттер

4. Түркі тілдері. Түркі лингвистерінің ғылыми еңбектерінің құндылығы.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 89-96, [11], 35-46 беттер, [13], 12-19 беттер, [14], 12-19 беттер, [16], 108-118 беттер, [17], 83-98 беттер, [18], 100-150 беттер

5 Ареалдық лингвистика. Генеративті лингвистика. Психолингвистика. Функциональды лингвистика. Этнолингвистика.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 12-19 беттер. [5], 12-18 беттер, [9], 83-98 беттер, [15], 103-198 беттер, [19], 30-98 беттер, [20], 108-113 беттер


Реферат тақырыптары

1. Тіл білімінің ХХ ғасырда қалыптасқан ғылым салаларымен байланысы (этнолингвистика, социолингвистика, психолингвистика, т.б. туралы)

2. Тіл мен қоғам қарым-қатынасынан туатын құбылыстар (қостілділік, жасанды тілдер, тілдік одақ, креол тілдері).

3. Тіл жүйесіндегі диахрондық, синхрондық қалыптар. Олардың тіл жүйесіндегі байланысу түрлері, әр түрлі қатынастар.

4. Семиотика ғылымының нысаны.

5. Тіл деңгейлері туралы.

6. Тіл дамуының ішкі шарттары мен себептері.

7. Тіл дамуының сыртқы шарттары мен себептері.

8. Тіл білімі тарихындағы негізгі кезеңдер.

9. ХІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар.

10. ХХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық метептер мен бағыттар.




Мамандықтың (тардың) Нысан

жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

жоспарынан үзінді көшірме


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Пәннің атауы Жалпы тіл білімі

Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізінде

7
















90

30

60

7-семестр

8-семестр

15

15

30

30













Күндізгі ОКБ

негізінде

5
















90

30

60

5-семестр

6-семестр

15

15

30

30













Сырттай

ОКБ

негізінде

6
















90

12

78

5-семестр

6-семестр

6













6

8

70



Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:


1. Амирова Т.А. , Ольховиков Б.А. Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. М., 1975

2. Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985

3. Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978

4. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Москва, 1963.

5 Гумбольдт В. Фон. Избранные труды по языкознанию.-М.,1984

6. Звенгинцев В.А. Внутренние законы развития языка. М., 1954

7. Кодухов В.И.Общее языкознания. М., 1974

8. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білмі. А.,2004

9. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990

10 Мейе А.Сравнительный метод в историческом языкозании. М., 1954

11 Методы лингвистический исследований. М., 1973

13. Общее языкозанания. М., 1970, 1972; М., 1973.

14 Хрестоматия по истории языкознания XI-XX веков. Құрастырған: Звегинцев В.А. М., 1956

15 Чикобва А.С. Проблема языка как предмета языкознания. М.,1959

16 Щерба Л.В.Избранные работы по языкознанию и фонетике.М., 1959

17 Языковые универсалии и лингвистическая типология. М.,1969

Қосымша:


18. Бенвенист Э. Общая лингвистика. Москва, 1974.

19. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Москва, 1963.

20. Бюлер К. Теория языка. Москва, 1992.

21 Гумбольдт В. Фон. Избаранные труды по языкознанию.-М.,1984

22 Гумбольдт В. Фон. Язык и философия культуры. –М.,1985

Похожие:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница