Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген




Скачать 261.94 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген
страница1/3
Дата конвертации05.02.2016
Размер261.94 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/kauly_242.doc
  1   2   3






Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыз №242 қаулысы


Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің


2011 жылғы «10» наурыздағы

№242 қаулысымен

бекітілген

Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын

қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану

қағидасы



1. Жалпы ережелер


1. Осы Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың (бұдан әрі – республикалық малды асылдандырушы орталық), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының, етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, сондай-ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы малының өнімділігін арттыру мақсатында 2011 жылға арналған республикалық бюджетте
083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Бюджеттік субсидиялар:

1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан, өз төлінен өсірілетін шаруашылықтардан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлінің, сондай-ақ, ірі қара малдың импортталған асыл тұқымды төлінің (индекстік жүйе бойынша бағаланған және таза тұқымды көбейтуге немесе туыстық топтарды шағылыстыруға арналған қашарлар мен құнажындар, өсімін молайту мақсатында пайдалануға арналған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар), оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлдің (бұдан әрі – импорттық асыл тұқымды төл) құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;

2) тауар өндірушілер дистрибютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;

3) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;

4) республикалық малды асылдандырушы орталық сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;

5) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу, ұрығын алу, сақтау, олардың ұрығын ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрі – бағалау) үшін пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың шығындарын толық өтеуге;

6) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құсты сатып алу және күтіп-бағу жөніндегі шығындарды толық өтеуге;

7) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.

3. Тауар өндірушілер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс.

4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:

1) осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ құс шаруашылығының асыл тұқымды өнімі;

2) тауар өндірушілер өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилирленген тұлғалардан (ата-тектік және ата-енелік желідегі балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа;

3) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық асыл тұқымды мал;

4) импорттық асыл тұқымды малдың бірінші ұрпағынан алынған және өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған асыл тұқымды қашарлар.

5. Сатып алынатын асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбір түріне бюджеттік субсидиялар нормативі осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

6. Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың тауар өндірушілерге балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды бұқалар ұрығын сату бағасы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бекітіледі.

7. Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталыққа етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудің жылдық сметасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша облыс әкімінің шешімімен мынадай құжаттар бекітіледі:

1) асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шартының үлгілік нысаны (лизинг шартын қоспағанда);

2) сатып алынған асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия алуға өтінім нысаны;

3) сиыр мен қашарларды ұрықтандыру актісінің нысаны;

4) асыл тұқымды өнім сатып алу мен асыл тұқымды материалды қолдану және облыс бойынша тиесілі субсидия сомасы туралы жиынтық акт нысаны;

5) облыс бойынша бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі есеп нысаны (ақпарат);

6) облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу көлемі жөніндегі тоқсандық есеп нысаны (ақпарат);

9. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.

  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconАуданы бойынша 2006 -2008
Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы, 2006 жылғы 4 наурыздағы Жолдаулары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconИнвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама)...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconИнвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама)...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconОқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconСауда-саттық Өткізу туралы хабарлама
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату Қағидасына сәйкес облыстық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген icon1-БӨлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер 1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 10 наурыздағы №72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы №76-80 (26482); "Казахстанская...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница