Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында




Скачать 390.47 Kb.
НазваниеӘож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында
страница1/3
Дата конвертации09.02.2016
Размер390.47 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/kanatbaeva.doc
  1   2   3


ӘОЖ 37.01 : 004.738.5 : 371.214 Қолжазба құқығында


 

 

 

  

  

ҚАНАТБАЕВА АЙНҰР Русланқызы

 


  

Университетте оқыту үдерісін ұйымдастыруда интернет-технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары 

 

 

6М011100 - Информатика мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

магистрлік диссертацияның


РЕФЕРАТЫ 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

Қызылорда, 2012


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында орындалды.

 

 

 

Ғылыми жетекшi:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А.Досжанов

 

 

 




Ресми оппонент:

Техника ғылымдарының докторы, профессор

Ө.Ү.Үмбетов

 

 

 

  

 

 

 

 

 

                                

Диссертация  2012 жылы «____» ____________сағат____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (120014, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, №6 оқу ғимараты, физика-математика факультеті, №____ дәрісхана) қорғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі, 100) танысуға болады.

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісін автоматтандыру кезең-кезеңімен 2011-2013 жылдары және 2014-2016 жылдары жүзеге асыралытындығы айтылған. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай жоғары оқу орындарын кең жолақты Интернетпен 100% қамтамасыз ету, университеттік білім беру порталын құру міндеті нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2011 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Ақпараттандыру туралы» Заңында ақпараттандыру және электрондық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басым бағыт ретінде айқындалған.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар өнеркәсіп өндірісі мен бизнес, әлеуметтік-экономикалық салалар мен мәдениет, білім беру және ғылым салаларының дамуына ерекше ықпалын тигізіп отыр.

Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өтпелі осы кезеңде, әсіресе, ауқымды ақпараттық жүйе – Интернет желісінің маңызы зор. Интернет күн өткен сайын өзінің қолданылу аясын кеңейтіп, тоқтаусыз дамуда. 1997 жылы әлем елдерінің 50 млн. компьютері ауқымды желіге қосылған болса, 2001 жылы жарты миллиардтан астам халық бұл қызметті пайдаланған. 2004 жылы жер шары тұрғындарының 13%-ы Интернетке қол жетімді болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 41%-ға жетіп отыр. Интернет адам өміртіршілігінің кез келген саласына әсер етуде. Сондықтан қазіргі заманғы жаңа тұрпатты маманға қойылатын жоғары талаптардың бірі – Интернет-технологияларды пайдалана алуға қабілетінің, икемділігінің болуы қажет. Осыған байланысты, кәсіби білікті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен педагогика ғылымына артылатын жүк те ауқымды болмақ.

Жалпы алғанда, бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру мәселелерiне байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Мысалы, елімізде бiлiм беру саласын ақпараттандыру мәселелерiнiң әртүрлi аспектiлерi, оқыту үдерісiнде компьютерлiк технологияларды қолданудың теориясы мен әдiстемесi Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, С.К.Кариев, К.А.Таңатаров, К.З.Халықова, В.В.Гриншкун, К.Т.Искакова, Т.Г.Бортко сынды ғалымдардың еңбектерінде тереңірек зерттелді.

Компьютерлiк оқыту технологиясының жаңа бағыттарының бiрi – интеллектуалдық оқыту жүйелерiн құрудың, автоматтандырылған оқыту жүйелерiнiң көмегiмен оқыту үдерісін жетілдірудің мәселелерiмен Ш.Х.Кұрманалина, С.Ю.Карпова айналысты.

Жоғары оқу орындарында студенттердiң болашақ кәсiби iс-әрекетiнде ақпараттық технологияларды пайдалану даярлығын қалыптастырудың аспектiлерi А.А.Жолдасбеков, Л.В.Нефедова, С.К.Абдибекова, Г.Г.Бегаришева, А.З.Тұрсынбаев секiлдi зерттеушiлердiң еңбектерiнде қарастырылған.

Жоғары оқу орындарының іс-тәжірибесіне ғалымдар тарапынан жасалған талдау, оқытушылар мен студенттердің Интернетті тек оқыту құралы, қажетті ақпаратты іздеп табуға мүмкіндік беретін мәліметтер қоймасы ретінде ғана пайдаланатындығын көрсетіп берген. Ал, оны оқу бағдарламаларының мазмұнына оқыту объектісі ретінде кірістіру жан-жақты қарастырылмаған. Бұл жұмыс жүзеге асырылған жағдайда болашақ маманның өз кәсіби қызметінде Интернет-технологияларды тиімді пайдалана алуына септігін тигізер еді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде Интернет-технологияларды пайдаланудың әртүрлі аспектілері, атап айтқанда:

  • жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіби даярлау үдерісінде Интернет-технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары Ю.М.Корниенконың, Е.В.Потехинаның, З.Р.Девтерованың;

  • болашақ мамандарды даярлау үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері Т.Х.Гюльмагомедовтің;

  • білім беру үдерісінде болашақ педагог мамандарды Интернет-технологияларды пайдалана білуге даярлығын қалыптастыру И.Н.Останнийдің;

  • орта мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде Интернет-технологияларды пайдалана білуге даярлау Е.П.Романовтың;

  • жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде ақпараттық порталдарды пайдаланудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары А.Ю. Голошумовтің, В.А.Садыкованың;

  • білім беруде Интернет-технологияларды пайдаланудың әртүрлі аспектілері В.Н.Владимировтің, Боброваның, Л.И.Бородкиннің ғылыми зерттеулерінде қарастырылған.

Дегенмен де, қазіргі практика көрсеткендей, Интернет-технологиялардың мүмкіндіктерін толыққанды пайдалану үшін бұл салада әлі де жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазіргі таңдағы болашақ жоғары кәсіби білікті маманға қойылатын талап пен қарастырыл отырған мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыдан аз зерттелуінің арасындағы; білім беру қызметін дамытудағы Интернет-технологиялардың мүмкіндіктері мен жоғары оқу орындарында оны тиімді пайдаланудың әдістемелік тұрғыда толыққанды қамтамасыз етілмеуі арасындағы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу мәселесін айқындауға, зерттеу тақырыбын «Университетте оқыту үдерісін ұйымдастыруда интернет-технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты:  университеттердің оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және оны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды қолдану.

Зерттеу әдістері: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына ендіруге, оларды оқыту үдерісінде пайдалануға байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге талдау жасау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу; жоғары оқу орындарында Интернет-технологияларды енгізу тәжірибесін саралау; тәжірибелі-эксперимент нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін диалектикалық таным теориясы, ақыл-ой іс-әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясы, жүйелік, жекелік-тұлғалық, кәсіби-іс-әрекеттік талдау теориясы құрайды.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, университеттердің оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын құрайтын дидактикалық ұстанымдар мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер анықталып, ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, зерттеу қорытындыларын, сондай-ақ, осы зерттеу мәселесі төңірегіндегі білім саласындағы оң нәтижелі іс-тәжірибелерді оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында пайдаланудың жолдары қарастырылса, онда, білім беру сапасының артуына жағдай жасалып, студенттердің болашақ кәсіби білікті маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

- Интернет-технологияларды оқыту үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдарын анықтау;

- университеттің оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін негіздеу;

- Интернет-технологиялардың оқыту үдерісінде жиі қолданылатын негізгі түрлеріне сипаттама беріп, олардың аппараттық-бағдарламалық құралдарына талдау жасау;

- оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелі-эксперименттік тұрғыдан дәлелдеу.




Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

    • университетте оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың дидактикалық ұстанымдары анықталды;

    • Интернет-технологияларды пайдаланудың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыдан негізделді;

    • Интернет-технологиялардың оқыту үдерісінде жиі қолданылатын негізгі түрлері анықталып, олардың аппараттық-бағдарламалық құралдарына талдау жасалды;

    • оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды пайдаланудың тиімділігі эксперименттік тұрғыдан дәлелденді.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- Интернет-технологиялар студенттердің интеллектуалдық тұрғыдан дамуына және олардың бүгінгі қоғам талабына сәйкес болашақта кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал жасайды;

  • жоғары оқу орындарында Интернет-технологиялар инновациялық оқыту әдістерін дамытудың негізі бола отырып, білім беру қызметінің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Зерттеудің теориялық құндылығы оқыту үдерісінде Интернет-технологияларды таным құралы ретінде болашақта пайдаланудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын алынған теориялық нәтижелер мен қорытындылардың айқындауымен сипатталады.

Зерттеудің практикалық құндылығы жоғары оқу орындарында студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінде Интернет-технологияларды тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу талаптарына сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу мақсатына сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының педагогикалық мақсатқа сай өткізілуімен сипатталады.

Зерттеу базасы. Тәжірибелі-эксперименттік жұмыс Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері баяндама түрінде республикалық ғылыми-практикалық конференция мен әдістемелік басылымда баяндалды.

Жарық көрген мақалалар: Зерттеу нәтижелерi Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жас ғалымдар еңбектеріне арналған ғылыми мақалалар жинағында (Қызылорда, 2012), «Болашақ» университетінде өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда материалдарында (Қызылорда, 2012) жарияланды.


Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі дәйектеліп, зерттеудің мақсаты, пәні, нысаны, әдістері, теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми болжамы, зерттеу міндеттері, ғылыми жаналығы, қорғауға ұсынылған қағидалары, теориялық және практикалық құндылығы, зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі, тұжырымдалған қорытындылар мен нәтижелердің сынақтан өткізілуі сипатталады.

«Университетте оқыту үдерісінде интернет-технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда білім беру қызметіне Интернет-технологияларды ендірудің жай-күйі талданып, Интернет-технологияларды оқыту үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері сипатталады.

«Жоғары оқу орындарының оқыту үдерісінде интернет-технологияларды қолданудың практикасы» атты екінші тарауда оқыту үдерісінде қолданылатын Интернет-технологиялардың негізгі түрлері анықталып, Интернет-технологиялардың аппараттық-бағдарламалық жабдықтары сипатталады. Жоғары оқу орнының оқыту үдерісіне Интернет-технологияларды енгізудің тәжірибелік нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеудің негізгі қорытындылары мен нәтижелері баяндалып, зерттеу тақырыбына байланысты болашақта қарастырылатын мәселелерге ұсыныстар беріледі.


ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үдерісінде пайда болған интеллектуалдық ортада адамға өмір бойы өз білімін жетілдіріп отыруға зор мүмкіндік беріліп отыр. Бұл мүмкіндік жаңа білім беру жүйесі құрылған жағдайда іске асырылмақ. Демек, ақпараттық қоғамда жаңа заманға лайықты білім беру жүйесін қалыптастыру білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) ендірумен тікелей байланысты. АКТ құралдары өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін, оқу барысында түрліше ақпарат көздерімен өздігінше жұмыс істей алу қасиетін дамыту секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де қамтамасыз етеді. Мұндай АКТ құралдарының қатарына Интернет-технологияларды жатқызуға болады.

Зерттеуші ғалымдар интернет-технологияларға түрліше анықтамалар береді. Мысалы, Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады. Ал, З.Р.Девтерева интернет-технологияларға Интернет желісіндегі әртүрлі ақпараттық ресурстарды: сайттарды, блогтарды, форумдар мен чаттарды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды, интерактивті оқулықтарды құру және олардың қызметін үйлестіру технологияларын жатқызады.

Зерттеуші А.А.Андреев жаңа ақпараттық технологиялар жөніндегі білімдер мен дағдылардың өзгеру динамикасының қарқындылығы және интернет-технологияларды өз қызметінде жоғары деңгейде пайдалана алатын кәсіби мамандарға деген сұраныстардың артуы мен оны тиімді қолдана алатын мамандардың аз болуы, соның салдарынан оқу орындарындағы компьютерлік парктердің тиімсіз пайдаланылуы арасындағы қарама-қайшылық оқыту құралы ретіндегі интернет-технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін оқу үдерісінде толығымен қолдануға кері әсерін тигізіп келе жатқандығын атап көрсетеді.

А.А.Андреев пен Ю.Б.Рубиннің анықтамасы бойынша Интернет-технология деп, білім беру қызметінде оқу-әдістемелік материалдармен пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін Интернет желісін пайдалануға неізделген технологияны айтамыз. Ол ашық білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісінің негізгі ядросы болмақ.

Интернет желісін пайдалануға негізделген технологиялар білім жүйесінде үлкен табысқа ие болуда. Білім берудегі Интернет-технологиялар ұғымын С.Ю.Губин, В.Т.Мотчин және Б.А.Мордвинов толық, кеңінен ашуға тырысады: «Білім берудегі Интернет-технологиялар – кешендік, заманауи, бүкіл әлемде бір компьютерлік, желілік құрал-жабдықтар жиынтығынан тұратын, сондай-ақ, әмбебап бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуден тұратын, ең бастысы, оқу үдерісін бұрын соңды болмаған ақпарат көлемімен қамтитын, саны бойынша да, қол жетімділігімен де, пайдалану және табу жылдамдығымен де ерекшеленетін, ақпараттың бүкіл әлемдік массивінен тұратын көп қырлы көлемді ақпараттық орта».

Ғалым Л.И.Бородкин берген анықтама біршама интернет- технологиялар ұғымын нақтылай түседі: «интернет-технологиялар деп, адамның шығармашылық ізденісін жетілдіруге, оның әлеуметтік үдерістерді басқару мүмкіндігін дамытуға септігін тигізетін, ақпаратты іздеу, жинақтау, сақтау, өңдеу, жіберу, ұсыну, қабылдау секілді қызметтерін іске асыратын әдістер мен техникалық құралдар жиынтығын айтамыз».

Өз кезегінде Интернет-технологиялар оқу үдерісінде ең жетілген құрал-жабдық, кең көлемді ақпараттық орта, сонымен бірге, ақпараттық алмасудың жаңа ұйымдастыру-әдістемелік инфрақұрылымы болып табылады. Сондықтан да, Интернет-технологиялар құралдары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сонымен бірге, оны үйрену – барлық оқу үдерісіне қатысушылардың, атап айтқанда, білім ұйымдарының басшыларының, профессор-оқытушылардың, технологтар мен әдіскерлердің, студенттер мен магистранттардың маңызды кәсіби қажеттілігі болып саналады.

В.П.Тихомиров айтқандай, Интернет-технологиялар қалыптасып келе жатқан күрделі ғылым саласы, оны терең ұғыну үшін интернет желісін табысты пайдалануға қажетті кәсіби шеберлікті қалыптастыру мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілуі керек.

Интернет-технологиялар оқу үдерісінің болмысын да өзгертеді:

- ақпараттық қор және әдістемелік тәжірибе бүкіләлемдік компьютерлік желілер арқылы таралады және де оқу дәрісханасына ғана сиятын мазмұнмен шектелмейді;

- дәстүрлі «сызықтық» оқыту әдісіне қосымша болып, интернет «тармақталған» оқыту түрін жасайды, мұндағы online- байланыс қаншалықты студент пен оқытушы болса, соншалықты көп бағытқа шығуы мүмкін;

- студенттер және оқытушылар ақпаратты «тұтынушыдан» өзіндік online-ақпаратты «өндірушіге» айналады және де олар барлық әлемді қамтыған білім құрамасының қатысушылары болады;

- интернеттің ақпараттық және коммуникациялық күші, дәстүрлі оқу құрылымдарын және жаңа білім бағыттарын ( мысалы, қашықтықтан оқыту) жаңартады.

Интернет-технологиялар оқытудың жаңа әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін, соның негізінде білім беру сапасының артуына жол ашатын бірден-бір технология. Жетекші педагог ғалымдардың пікірлерін негізге алатын болсақ, интернет-технологиялар үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін әрбір оқытушының дидактикалық-әдістемелік құралына айналуы тиіс.

Біздің ойымызша, Интернет-технологияны оқу үдерісіне, ғылыми жұмыстарға, ұйымдастыру жұмыстарына және тұлғалар қарым-қатынасына енгізу, оларды пайдаланудың шынайы қажеттілігімен анықталады, кәсіби іс-әрекеттің дұрыс дамыған жағдайында ғана қалыптасады. Әлемдік желі ресурстарымен байланысқан тек осы қажеттілік қана қазіргі заман маманының артықшылығы болып табылады.

Интернет-технологияны кәсіби білім беру үдерісіне енгізу, бірнеше педагогикалық жағдайларға және дидактикалық ұстанымдарға байланысты. Педагогикалық жағдайлар деп сапалы тұлғаны қалыптастыруды қамтитын заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып, тәрбие - білім үрдісінің мақсат бағдарын детерминациялаудың өзара байланысқан факторлар жиынтығын айтамыз. Мұндай жағдайда, болашақ мамандардың Интернет-технологияны пайдалану дайындығын айтуға болады.

Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз. Дидактикалық ұстанымдар оқу үдерісінің белгілі заңдылықтарына сүйенетін және білім алушының психологиясын ескеретін, оқыту үдерісін ұйымдастыру еркешеліктерін бейнелейтін нормативті негіздер болып табылады.

Біз өз зерттеуімізде ғалым П.И.Образцов ұсынған жоғары оқу орындарының ақпараттық технологияны қолдану шарттарына сәйкес келетін
  1   2   3

Похожие:

Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconӘОЖ: 378 [37. 035: 37. 013] Қолжазба құқығында

Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconАвтореферат 2007 жылғы
Ож 821. 512. 122. 03 Қолжазба құқығында
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconДиссертация 2007 жылдың
Ож 398 (574) (092) Қолжазба құқығында
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconДиссертациялық кеңестің ғалым хатшысы
Ож 398. 21/22(943. 42)(510) Қолжазба құқығында
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconҚолжазба құқығында ерболатов нуркасым нуртазаевич жаңадария өзені гидрофаунасының экологиялық жағдайын бағалау
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconҚолжазба құқығында Әбілдина салтанат қуатқызы қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Жұмыс академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалды
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында icon: 579. 841. 93]: 616-085 Қолжазба құқығында
«29» қазан сағат «16 00» С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен...
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconҚолжазба құқығында нурмуратова назира болатовна кәсіпорындарда корпоративті басқаруды жетілдіру («ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметтері негізінде)
...
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconСибирского отделения российской академии наук (игм со ран) удк 550. 4; 502. 5; 004. 932. 2; 004. 65
Федеральное государственное бюджетное учреждение науки институт геологии и минералогии им. В. С. Соболева
Әож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында iconҚолжазба құқығында калиева эльмира жилкамановна білім беру сайттарын пайдалану арқылы «Ақпараттық-қатынастық технологиялар негіздері» пәнін оқыту әдістемесі
Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница