5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы




Скачать 11.55 Mb.
Название5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
страница3/113
Дата конвертации09.02.2016
Размер11.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/WEPsait/oku/kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Eko 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: п.ғ.к., аға оқытушы Жамансариева Л.

Курстың мақсаты: Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістерін талдау. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасын сипаттау. Экологиялық факторлар мен оларды жіктеп, түсіндіру. В.И. Варнадскийдің негізгі биогео-химиялық заңдарын талдау. Тұрақты даму концепциясынан мәлімет беру. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері.

Деректемелер/Пререквизиттері: Оқылатын курс бойынша студент пән бойынша базалық білімі болуы керек:биология, өндірістік экология, химия, валеология, және т.б. әдебиетпен жұмыс жасай білуі ақпараттарды анализдеу дағдысы, өз бетінше қорытындылар мен түйіндер жасай білу, ПК бойынша дағдылары болуы қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Даралар экологиясы: ағзалар және олардың коректенуі, эколо-гиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфорд-тың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: ста-тикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогео-ценоз туралы түсінік: экожүйедегі тұрарлық байланыстардың негізгі формалары; экожүйе-дегі энергия және химиялық элементтердің айналымы: биоценоздың трофикалық құрылы-мы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гометоз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның эволюция-сы. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факорлары. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.

Ұсынылатын әдебиет:

1

Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М.. Жалпы экология- Алматы, Қазақ университеті 2006

2

Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология (оқулық) - Алматы, 2002

3

Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық -Алматы: «Зият Преес», 2004

4

Баешов А.Б. Экология негіздері. Түркістан - Яссауи университеті, 2000.

5

Банников А.Г., Рустамов А.К. Охрана природы -Москва., Колос 1987

6

Молдахметов М, Ғазалиев А. және т.б. Экология негіздері (оқулық) - Қарағанды, 2002.

7

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы – Алматы: Ғылым, 1997.- 192 бет.

8

Демеген А.А. Экология әлемі. Атаулар мен анықтамалар.-Алматы: «Қазақ университеті», 1998


9

Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Эколгия (оқулық). -Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы , 2001

10

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздері: Экология және табиғат қорғау – Алматы: Мектеп АҚҚ, 2002, 392 бет.

11

Әлімбетов Қ.Ә., Оспанова Г.С., Мейірбеков А.Ұ. Табиғатты пайдалану және қорғау негіздері. Оқу құралы. -Алматы, «Экономика» 2000


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер- шағын топтарда жұмыс, пікір-талас,презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Құлтанов Б.

Курстың мақсаты: Студенттердің экономикалық білімін қалыптастыру мақсатында осы пәнді оқыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Әлеуметтану».

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Бартенов С.А. Эстории экономических учений. М.: «Юрист», 2002, -15 с.

  2. Шиденов «Экономика теория негіздері»

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Құқық негіздері

Пәннің коды: KN2110

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Мырзағулова Б.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық-саяси институттармен өзара қатынасын білуі.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану».

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. ҚР- конституциялық құқық негіздері. ҚР Конституциялық құқығының ұғымы ҚР-ғы қоғамдық құрылыстың конституциялық негіздері ҚР-ның сайлау жүйесі, ұғымы қағидаттары, сайлау органдары. ҚР-ның құқық қорғау органдары және сот. ҚР-ның сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме. Құқық қорғау қызметінің қағидалары. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама. Мәмілелер: ұғымы түрлері. Міндеттемнің ұғымы. Меншік құқығы. Мұра және мұрагерлік.Отбасы құқығы. ҚР-ның қаржылық құқығының негіздері. ҚР-ның еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы. Экологиялық және жер құқығы негіздері. ҚР-ның Қылмыстық құқық негіздері. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қылмыстық және азаматтық істер жүргізу негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Баянов Е. ҚР мемлекетi мен құқығының негiздерi. Оқулық. 2-шi басылуы Алматы 2003ж.

2. Баққұлов. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001

3. Өзбекұлы Сәкен, Қопабаев Өмірәлі «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы жеті жарғы 2006ж

4. Сартаев С. «Қазақтың ата заңы» 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

5. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж

6. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Адам өмірі қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау

Пәннің коды: ТК 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, таңдау пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы, а-ш. ғ.к. Нұрымова Р.

Курстың мақсаты: Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәнінің міндеті студенттерге Азаматтық қорғаныстың төмендегі негізгі іс-шараларын үйрету:

- Төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету;

- Студенттерді жарақаттану зардаптарының белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;

- Өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету;

- Қауіпсіз және зиянсыз шарттарын және өндіріс бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларының тәртіптерін меңгеруі керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Экология», «Құқық негіздері».

Курстың/пәннің мазмұны: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту, еңбекті қорғаудағы құрылыс алаңдарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалар көрсеткіштеріне талдау жасауға үйрету, құрылысшыларды еңбек барысында жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру, құрылыс нысандарындағы зиянды және қауіпті факторларды оқытып-үйрету және құрылыс алаңдарындағы техникалардың қауіпсіздік талаптарын сақтауды оқыту болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Арпабеков С. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. Алматы 2004.

  2. Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охрана труда на производстве. Алматы. 2002 г.

  3. Тіршілік қауіпсіздігі.1 кітабы. 2003ж-Алматы.

  4. Тіршілік қауіпсіздігі. 2 кітабы. 2003ж-Алматы.

  5. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятильности. Алматы 2004.

  6. Золотницкий Н.Д. и др. Лабораторный практикум по Охране труда –М:Высшая школа 1979г.

  7. Кузнецов Ю.М. Охрана труда. Справочник. М: Транспорт. 1990 г.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Пәннің коды: PMК 1201

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 1 KZ кредиті

Дәріс беруші: магистр оқытушы Асылбекова Ж.

Курстың мақсаты: “Педагогикалық мамандыққа кіріспе” пәні педагог мамандығының мәнін, маңызын, заңдылықтары мен қағидаларын көрсете отырып, болашақ мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру, жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Мұғалім мамандығына жалпы сипаттама. Педагог кәсібі және оның қоғамдағы орны. Педагогикалық кәсіптің дамуы мен қалыптасуы Педагог әрекет субъектісі ретінде. Тәрбиеші қызметінің педагогикалық құрылысы. .Педагогикалық процесс-мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші әрекеті. Педагогтың кәсіптік белгілері: балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалық процесті жүйелі сезіну, байқағыштық, педагогикалық құбылысты дұрыс түсіну, ұжымшылдық, шығармашылық, ашықтық және т.б. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік жағдайы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттер. Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Мұғалімнің жеке басының шығармашылық мүмкіншілігі және психикалық денсаулығы.Педагогикалық қарым –қатынас – шығармашылық ретінде.

Педагогикалық маман дайындау жүйесі. Қазіргі қоғамдағы педагогикалық маман кадрларға жалпы және кәсіптік білім беретін талаптар. Өз бетімен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу педагог кәсібінің басты құралы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992

3. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана.- 2003 ж

4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.

5. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж

6. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж

7. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Педагогика

Пәннің коды: Ped 1202

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: Асылбекова Ж.

Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық-әдіснамалық даярлығын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: “Педагогикалық мамандыққа кіріспе”, “Қазақстан тарихы»

Курстың/пәннің мазмұны: Педагогика пәні және міндеттері. Даму, тәрбие, әлеуметтендіру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Мектептегі педагогикалық үдерістің мәні. Тәрбие теориясы. Тәрбие принциптері. Тәрбие әдістері, формалары және құралдары. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушылардың жеке тұлғасына әсері. Дене тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Дидактика. Оқыту принциптері, әдістері. Сабақ мектепте оқытудың негізгі формасы. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің байланысы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113

Похожие:

5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы icon5В090500- «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В090500– «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050102, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” – мамандығының студенттері үшін
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы icon5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы icon«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы” пәні бойынша 050102- “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі”мамандықтарының...
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы iconРеферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ОҚУ Үдерісінде болашақ МҰҒалімдердің педагогикалық МӘдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндері негізінде)
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы icon«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»
М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы icon«6D010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы iconКурс – 2
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған Абай ат. ҚазҰпу -інің педагогика және психология факультетінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница