Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту




Скачать 295.24 Kb.
НазваниеЖанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
страница1/2
Дата конвертации09.02.2016
Размер295.24 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/zhanibekova.doc
  1   2
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


ӘОЖ 372.881.111.1 Қолжазба құқығында


ЖАНИБЕКОВА ГҮЛДАНА БЕКБАЙҚЫЗЫ


Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту


6N011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

диссертацияның


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің роман-герман кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекшісі: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ университетінің

«Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

С.І. Садыбекова


Ресми оппоненті: Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-

түрік университеті «Қазақ тілі» кафедрасының

доценті, филология ғылымдарының кандидаты,

ХҚТУ профессоры М.Е. Ержанов


Диссертация 2012 жылы « _ » маусым сағат « _ » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде 6N011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалды. (120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1оқу ғимараты)


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік

университетінің кітапханасында танысуға болады.


Kіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына, соның ішінде, білім беру саласына да әсер тигізуде.

Біздің еліміз 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын, ел басшымыздың үштұғырлы тілдік саясатын, білім мен ғылымдағы мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отыра, білім берудегі кезек күттірмес өзекті мәселелерін алға қойып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру [1].

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті [2].

Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отыра, оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан жан-жақты, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп, білікті маман даярлау.

Ал, шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту ел басшымыздың үштұғырлы саясаты аясында және де еліміздегі тіларалық байланыстардың, өзара қарым-қатынастардың нығаюы кезеңіндегі өзекті де келелі мәселелері болып табылады.

Шетел тілін оқытуда оқушылардың білім-біліктілік, танымдық, коммуникативтік біліктілігін, олардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін, оқу үдерісінде жаңа озық технологияларды қолдану қажет. Осы бағытта ағылшын тілі сабағын оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру және дамыту мәселесі үлкен мәнге ие.

Диссертациялық жұмыс педагогикалық көкейкесті мәселелерінің бірі - шет тілін оқытуда  коммуникативтік оқыту әдісін кеңінен қолданылуын көрсетіп, ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамыту жолындағы ерекшеліктерін саралайды.

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендік алуына байланысты, соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі және өз тәжірибемізде жиі кедесетін жайт - мектеп оқушыларының сөздік қорының аз екендігі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу деңгейінің төмендігі,тіпті өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоқтығы, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі толыққанды қалыптаспағандығы және мектептегі ағылшын тілі пәні сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға жете мән берілмейтіндігі деп есептейміз.Осы себепті, қазіргі оқу үдерісінде, ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын әдістері, әсіресе коммуникативтік ойындардың маңызы туралы зерттеу жұмысында қарастырылған.

Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына қарастырсақ, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады, міне сол себепті де ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болатындығын байқауға болады. Сондықтан , ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың маңызы зор деп есептейміз. Ойын әдісі арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай , өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Егер мұғалім ойын технологиясын жеткілікті деңгейде орындаса, яғни жақсы құрастырылып, тиімді әдістермен ұйымдастырылса, онда ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан негізгі оқыту тәсілі болып табылады.

Біздің ойымызша, ойын түрлерінің сабақ үрдісінде қолданылуы туралы зерттеулер жетіп артылады, бірақ айта кететін жайт, зертеу барысында ағылшын тілі сабақтарында коммуникативті ойындарды қолданудың әдістемелік жағы қазақ тілінде аз қарастырылғандығы байқалды, міне сол себепті де біз өз зерттеу жұмысымызда жоғарыда айтылған мәселелерді нақтырақ қарастыруды жөн көрдік. Сондықтан да бұл зерттеудің тақырыбы, ондағы қарастырылған мәселелері диссертациялық жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамытуға арналған ойын түрлері.

Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті оқыту әдісінің тілдегі дамыту сипаты.

Зерттеудің міндеттері: Ойын әдісінің теориялық негіздерін қарастыру; коммуникативті әдіс, коммуникативтік біліктілік ұғымына түсініктеме беру; ойынның түрлеріне талдау жасау арқылы коммуникативтік біліктілікті дамытуға бағытталған ойын түрлерін топтастыру, тәжірибеге ендіру; мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған ойын түрлерін жинақтап, топтастыру, талдаулар жүргізу; ойын әдісі арқылы оқушының коммуникативтік біліктілігін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеудің мақсаты. Ағылшын тілі сабақтарындағы ойын арқылы оқыту әдісін, коммуникативті оқыту әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ағылшын тілі сабағында мектеп оқушыларының сөйлеу біліктілігін ойын әдісі арқылы дамытудың әдістемесі ұсынылды; коммуникативті біліктілікті дамытуға бағытталған коммуникативті ойындардың қазақ тілінде әдістемесі жасалды.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

- ойын оқушының жан-жақты дамуының негізгі құралы ретінде және оның негізгі белсендіру түрі деп табылып, оқу үдерісі кезінде оқушылардың күшін жаттықтыратын, бағытын анықтайтын, шет тілін үйрену үрдісін жеңілдететін дәйек болып табылды;

- ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік біліктілігі мен сөйлеу дағдысын дамыту және коммуникативті ортаны қалыптастыру мен білім беру жолында жоғары нәтижелерге жету үшін, білім берудің қазіргі тұжырымдамасына сәйкес оқу үдерісі белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізілуі, сонымен қатар, тіл, психология және педагогика салалары бір-бірімен ұштастырылуы қажеттілігі айқындалды;

- ойын арқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыда негіздеу жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің қажеттілігін арттырып, коммуникативтік біліктілігін дамытуға септігін тигізеді.

- жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік біліктілікті дамытатын ойын түрлерін қолданудың негізгі шарттары оқушылардың қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және логикалық ойлауға, берілген тапсырманы белсенді түрде орындауға мүмкіндік туғызады.

- жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілі сабақтарында ойын арқылы оқыту әдісінің маңыздылығын дәлелдейтін тәжірибелік- эксперименттік жұмыс нәтижелері мен ұсыныстары оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу біліктілігін дамытуға жағдай жасайды.

Зерттеудің теориялық мәні. Сөйлеу әрекеті, сонымен қатар оқу әрекетімен де байланысты, яғни коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдалым, сөйлесім) және коммуникацияға (оқылым және жазылым) тарту, яғни, оқып, үйреніп жатқан тілде қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру деген сөз. Бұл бағытты ағылшын тілін оқытуда ойын әдісі арқылы кеңінен пайдалануды үйрету және насихаттау зерттеу жұмысының теориялық маңызын құрайды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу барысында топтастырылған коммуникативті ойындарды сабақ процесінде қолдануға болады. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне зерттеу жұмысының негізгі компоненттерін жинақтап, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынуға болады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Жұмыстағы өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер қолдана алады.

Зерттеудің теориялық – әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының ғылыми теориялық негізі ретінде ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектердегі «ойын» әдісіне, «коммуникативті әдіске», «коммуникативтік біліктілік» ұғымына берілген анықтамалар мен пікірлер, ой тұжырымдары, көзқарастары негіз ретінде алынды.

Зерттеудің әдістері. Зерттелетін мәселелер жөніндегі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді зерделеу, салыстыру, талдау, педагогика-методикалық тұрғыда сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, тұжырымдау, сараптау, салыстыру, қорыту, эксперименттік әдістер қолданылды.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу мәселесі бойынша философ, психолог, педагог ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы; оқу әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқу құралдары және т.б.); әдістемелік журналдар, ғаламтор желісіндегі сайт материалдары қолданылды.

Зерттеудің жариялануы мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың негізгі мәселері мен тұжырымдары «Ағылшын тілі сабақтарында ойын арқылы оқыту әдісінің маңыздылығы» атты мақала Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Хабаршы» журналында жарық көрді.

2010-2011 оқу жылы өткен қалалық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «Шет тілін ерте жастан оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинарда «Бастауыш және орта буын сыныптарында ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісін қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасалған.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспеде ғылыми жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық маңыздылығы, ізденістердің ғылыми жаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздері мен ұсынылған тұжырымдары айқындалып жұмыстың жариялануы мен мақұлданылуына қысқаша деректер берілді.

Диссертацияның бірінші бөлімі «Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамытудың теориялық негіздері » деп аталады. Бірінші тарауда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, ойын категориясы бойынша ғылыми көзқарастар мен ой-тұжырымдар қарастырылып, оларға қысқаша сипаттама берілді. Сонымен қатар, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды. Солардың негізінде ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы тиімді жолдарына ұсыныстар берілді.

Екінші тарауда ойын түрлерінің әдістемелік топтастыру жолдары анықталды.

Үшінші тарауда коммуникативтік біліктілік пен коммуникативтік әдісінің негіздері қарастырылады.

Зерттеу жұмысының «Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамыту» деп аталатын екінші бөлімінің бірінші тарауында ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері беріліп, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бағытындағы коммуникативтік ойын түрлерінің қолдану әдістемесі ұсынылды және шетел мектептеріндегі жүргізілетін ойын түрлері, ойын әрекеттері, ойын жаттығуларының түрлері беріліп, салыстырмалы талдаулар жүргізілді.

Ғылыми жұмыстың екінші тарауында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамыту жолдары эксперимент тұрғыдан зерттелді.

Қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу жұмыс мазмұны тұжырымдалды.


Негізгі бөлім

Бірінші бөлім «Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың комммуникативтік біліктілігін дамытудың теориялық негіздері» деп аталады.

Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болып, нарықтық қатынастар заңымен өмір сүруге бет бұрып, шет елдік мемлекеттермен терезесі теңесіп тұрған кезеңінде, білім беру жүйесі де өз алдына бөлек дамып, күрделене түсуде. Бұл өз кезегінде қазіргі таңдағы педагогика саласындағы оқу үрдісінің басты мақсаттары мен міндеттерінің жоғары деңгейде қойылуына өз әсерін тигізуде. Білім беру жүйесінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мәселесінде ғылым мен тәжірибенің бір-бірімен өзара байланысқан, көптен қалыптасып келе жатқан қарама-қайшылықтарын шешу басты мәселелердің бірі болып табылады. Сол мәселелердің ішіндегі ең бастысы оқыту үрдісіндегі оқытудың әдістері мен формаларының мазмұнының сәйкес келмеуі. Осы орайда, әлі де жаңа инновацияның бірі болып табылатын, өте қызықты және алдынан үміт күттіретін оқыту әдісінің бір түрі-ойын арқылы оқыту әдісі.

Бұл бөлімнің «Ойын категориясына ғылыми көзқарастар мен ой-тұжырымдар» атты тарауында ойын жөнінде айтылған көптеген философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты екендігі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездесетіндігі айтылады. Айталық, ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар ойынды балаларды тәрбиелеу құралы етіп, жауынгер ұландарды дайындау мақсатында қолданған. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйретіп, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктерінің зор екендігіне жете мән берген.

ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды,олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.

Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша «ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады [3.30].

Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-әрекет жүйесінің негізгі құрамдық бөлігіне кіреді. Ойын іс-әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін емес. Қоғамдағы ойын іс-әрекетінің обьективті маңыздылығын білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді.

Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады. Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды [4.115].

Сонымен қатар, ойын әрекетінің теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзинганың "Ойыншы адам" , Д.Б. Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары А.В. Вербицкий , И.П. Пидкасистый , қазақстандық ғалымдар қатарында Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, т.б.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның маңыздылығын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеп, «ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті басты әрекет және оның жеке өмірі болып табылады» деп дәлелдеген [5.45].

Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойын әрекетіндегі басты педагогикалық мақсаттары – баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалануды көздейді. Осы тұста ғалым бала ойын әрекетінде ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі, оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады деген пікірді білдірген [5.46].

М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын-баланың рухани дамуының негізі» - деген, сонымен қатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен.

Бірінші бөлімнің «Ойын түрлерінің әдістемелік топтастыру жолдары» деп аталатын екінші тарауында ойын түрлерінің классификациялануы қарастырылады. Қазіргі уақыттағы ғылыми түсінік бойынша ойындарды халықтық, спорттық, кәсіптік немесе іскер, стратегиялық, дидактикалық, коммуникативті деп классификациялайды. Ойындарды классификациялау оқыту ойындары теориясының ең маңызды мәселесі болып табылады. Ойындарды классификациялауға әр түрлі жағынан келген зерттеу нәтижелері бар. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетсек.

А.А.Выготский ойындардың үш негізі топтарын: драмалық, спорттық, өрнектік деп көрсетеді [ 6.45 ].

Г.А. Агапова ойындарды құрылыстық, жобалау, еңбек, дидактикалық, танымдық, ақыл-ойға, музыкаға байланысты ойындар, ритмикалық ойын жаттығулары, ойын сабақтары, жаттығу ойындары, қалжыңдар, ойын көңіл көтерулер, қозғалмалы ойындар, спорттық ойындар деп бөледі [7.19].

П.И. Пидкасистый - табиғи және жасанды ойындарды әрі қарай классификациялай келе ойындардың төрт тобын жинақтайды:

а) мазмұны бойынша: шығармашылық ойындар, білімді үйрену жаңа тәжірибелер мен әдістерді қалыпсыз іс-әрекетке қолдану, зерттеушілікке байланысты ізденіс елестету және ізденіспен байланысты;

ә) түрі бойынша: сюжетті, ролдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік;

б) ойынға қатынасушылардың ұйымдастыру формасына байланысты: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік;

в) әсер ету орнына байланысты: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы, сценадағы, залдағы, үйдегі ойындар т.б [8.35].

Н.К.Ахметов [9.23 ] жалпы ойындарды табиғи және жасанды ойындар деп бөледі. Соның ішіндегі жасанды ойындар: академиялық (оқыту), академиялық емес (спорттық) деп топтай келе, академиялық ойындарды: оқу ойындары, имитациялық оқу ойындары деп классификациялайды.

Ұлы педағогтар, ғалымдар, әдіскерлердің еңбектерінде ойын әдісі

Мынадай түрде классификацияланады: дидактикалық; грамматикалық; лексикалық; фонетикалық; рольдік; іскерлік;

Біздің ойымызша берілген классификацияға коммуникативті біліктілікті дамыту ойындары түрін қосуға әбден болады, олай дейтініміз қазіргі кезде қоғам талабына сай, шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту, ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін дамыту.

«Коммуникативтік біліктілік пен коммуникативтік әдісінің негіздері» атты үшінші тарауда қазіргі кездегі шет тілін оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген коммуникативті әдіс пен коммуникативті біліктілік ұғымдарына түсінік берілген.

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Шетел тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бүгінгі күнде ең маңызды мәселенің біріне айналуда. Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары деңгейде болуы коммуникативтік біліктілік элементтерінің оқушылардың бойында толық қалыптасуынан көрініс табады. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды, коммуникативтік іскерлік. Осы элементтерді шетел тілдерін оқып үйренудің бастапқы деңгейінде сөз әрекетінде қалыптастыра білуіміз қажет [10.14].

Бұл ұғымға анықтама беретін болсақ коммуникативтік біліктілік дегеніміз шетел тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін, яғни лингвистикалық білімі сөз әрекетінен сөйлеу түрі жоғары деңгейде көрінетін, шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасай алатын адамның тілге деген қабілеттілігі деп көптеген әдістемелік әдебиеттерде көрсетілген [10.14]. Коммуникативтік біліктілік белгілі бір тілдік ортада немесе арнайы ұйымдастырылған оқу үдерісінде қалыптасатындығы қазіргі таңда жиі айтылып жүр.

Оқушы оқу үрдісіндегі басты субьект, ал мұғалім шетел тілінде қарым-қатынас жасаудағы көмекшісі және ұйымдастырушысы болып табылады. Шетел тілі пәнін оқудағы басты әрекет оқушының сыртқы және ішкі белсенділігінен танылады. Шетел тілін оқытуда коммуникативті бағдарлы әрекетті қарастыра отырып, әдіскер Р. Мильурд мынандай тұжырымды көрсетеді, яғни әдістемелік тәсіл көмегімен коммуникативтік ойын еркін қатынас негізінде қарастырылады. Бұл жағдайда тапсырма түрлері мынандай болуы мүмкін: коммуникативті ойын; коммуникативті имитация; еркін қарым-қатынас [10.14].

Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу-ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды; оқытудың бұл төрт түрі де сөйлесушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді.

Оқу үрдісі негізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейіне өзі баға беруіне көмектеседі.

Диссертацияның екінші бөлімі «Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамыту» деп аталады.

Осы бөлімнің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы ойын түрлерін қолдану әдістемесі» деп аталатын бірінші тарауында қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырған талаптардың бірі оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдануды негіздейді. Осы тұста төмендегідей коммуникативті ойындарды пайдалану әбден орынды деп есептейміз.Мысалы:

Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс

Сұрақтар былай болуы мүмкін:

What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/ do you like?

Are you a man or a woman? Are you married or a single? т.б.

Just the facts. Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?

Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.

Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 - сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады.

Why?

Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтыңыздар.

What is your favourite TV show? Why?

What is your favourite magazine? Why?

What is your favourite gift you have received? Why?

What is your favourite time of the day? Why?

What is your favourite day of the week? Why?

Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады.

Сонымен бірге, мынадай коммуникативті ойындар ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі: Interrupting the story, Make a text, Answer the questions, Find the theme, Make a story, Tell the story on the III-rd form, Name game, Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects, Sentence Completion, Learning the actions.

Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысында бақылаған Бельгиялық бизнесмен “It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін.

Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін.

Сонымен қатар, екінші тарауда, шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қоданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері, жаттығулар беріліп, салғастыра талданды.

Жоғарыда аталып еткен коммуникативті ойындарды ағылшын тілі сабақтарында қолдануға әбден болады. Төменде біз шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын коммуникативті ойындар мен ойын әрекеттері, тапсырмалар мен жаттығуларға тоқталмақпыз.

Riddles. Read the first riddle and have the class ask questions to try and solve the riddle. Riddles promote discussion and curiosity.

The man was injected with deadly poison-but it did not kill him ( He was already dead)

Everyone around him knows who he was , but no one knew his name ( He has just been born)

The man had been a hostage for 10 years. His wife watched him leave he plane, and called to him excitedly. He did not respond (She saw him on television)

I run but no legs (nose)

The more there is the less you see (darkness)

What has hands but not skin or bones? (сlock)

What is black and white and read all over? (newspaper)

Tongue twisters. Tongue twisters are phrases or sentences that are very difficult to say fast. Tongue twisters are not only fun but they train the tongue to speak in English. Ask for three volunteers to stand up front. Write the first tongue twisters on the board and have each one say it five times. Have the rest of the class vote on the fastest and funniest for each one.

Toy boat. Toy boat. Toy boat.

The sixth sick shakes sixth sheep’s sick.

Suzy sells seashells on the seashore.

Three free throws.

Greek grapes.

I thought a thought. But the thought I thought wasn’t the thought I thought I thought.

Сонымен қатар шетелдік мектептер мен оқу орындарында қолданылатын мынадай ойын әрекеттері қолданылады: What is in the picture, Weather, That’s me, Expressing Feelings, Description, Speed up, Dicto Gloss Description, Chain Drills, etc.

Жоғарыда көрсетілген шетелдік мектептердегі ойын түрлері мен әрекетерін қарастыра келе, мынадай қорытынды жасауға болады: шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында өздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды да нағыз образға шынайы түрде ене отырып орындайды, ал біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойының туындауында, себебі қазақ мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор.

Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.

Eкінші бөлімнің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті біліктілігін ойын әдісі арқылы дамытудағы эксперимент зерттеулер нәтижесі» атты тарауда мектеп мұғалімдері, магистранттар, әдіскерлер арасында сауалнама жүргізіліп, қазіргі таңда ағылшын тілі сабақтарында коммуникативті ойындарды қолдану қажеттілігі айқындалды. Жалпы ойын әрекеті мен коммуникативті ойындардың сабақ үдерісіндегі мүмкіндіктері анықталып, орта мектепте эксперимент жұмысы жүргізілді. Эксперимент барысында алынған нәтижелер салыстырылып, қорытындыланды.

  1   2

Похожие:

Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconТоктамысова Гульназ Асетовна Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconҚазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану
...
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconҚазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту Акылова Бакыт Калеловна
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Оқушылардың шығармашылық...
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту icon5 «в» сынып Өткізілген күні: 12. 09. Реттік саны: 1 Сабақтың тақырыбы: Ас әзірлеуге көмектесемін
Тақырып бойынша өз ойын айта білу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жаңа сөздер арқылы еркін сөйлей білуге жағдай жасау....
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconҚосу және азайту амалдарын баған түрінде орындардың үлгісін көрсетіп беру, амалдар алгоритмдерінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс-әрекеттерге яғни
Оқушылардың жан-жақты ойлануын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ауызша есептеу дағдыларын, ойын...
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconҚазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы маб және Ұбт дайындықтарын арттыру
«Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы маб және Ұбт дайындықтарын арттыру»
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Экология және химия кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Модульдің (курс) мақсаты: Жоғары оқу-орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық саланың жалпы білім беру пәні ретінде ағылшын тілін оқыту...
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconТақырыбы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Осы тақырыбы бойынша өзінің құрастырған «Логикалық ойлауды дамыту»бағдарламасы қалалық,облыстық семинарда
«Логика»сабақтарында қолдануда. Педагогикалық еңбек жолының 22 жылының 14 жылын оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыстанды және №28...
Жанибекова гүлдана бекбайқызы ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту iconАғылшын тілі пәні мұғалімі Құдабаева Ұлжан
Білім бәйгесінің мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница