Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ




Скачать 453.55 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
страница1/5
Дата конвертации09.02.2016
Размер453.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/62/37/publish37-1679116672..doc
  1   2   3   4   5




ҚРӘМ № 4731 12.06.2007ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2007 жылғы 30 сәуір №122


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы

өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 182 28.11.2008ж.

2.ҚҚА № 23 01.03.2010ж.


Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі бекітілсін.

2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

1) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 11 қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4076 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 17 ақпанда №28-29 (1008-1009) жарияланған);

2) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 12 қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4077 тіркелген).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

 


Төраға А. Дунаев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы «30» сәуірдегі № 122 қаулысымен бекітілген


Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі




Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң), Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы Заң), «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы Заң), «Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына, Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заң), Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» (бұдан әрі – Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарына мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға ұсынатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берудің тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.




1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға

рұқсат беру тәртібі мен талабы


1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алу үшін уәкілетті органға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген құжаттар ұсынылады.

2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша береді.

Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға оларға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.

3. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартылады.

4. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаты қайтарылып алынады.


2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға

рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың

мазмұнына қойылатын талаптар

 

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алу үшін өтініш осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жасалады.

7. Құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) жөніндегі мәліметтер осы Ереженің 3 және 4-қосымшасында көрсетілген нысандар бойынша жасалады.

8. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына актуарий қол қояды және тігілген әрі нөмірленген түрінде бір данада беріледі. Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген.

9-ТАРМАҚ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының алғашқы беттері оң жақ жоғарғы бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ____________ ____________».

Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келісілген құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заң іс құжаттарына тігіледі. Қалған даналары өтініш берушіге әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін қайтарылады.


3-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және

сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына

лицензия беру тәртібі мен талабы


11. Лицензиат сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Заңның 37-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

11-1. Өтініш беруші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы Заңның 8-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

11-2. Өтініш беруші тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы Заңның 8-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

11-3. Өтініш беруші өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заңның 5-2-бабының 3-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

11-4. Өтініш беруші жұмыс берушiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңның» 6-1-бабының 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды береді.

12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 6-8-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша беріледі.

13. Заңның 38-бабында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылады.

14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша қайта ресімделуге тиіс.

15. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясынан сақтандырудың жеке сыныптарын алып тастау үшін лицензиат уәкілетті органға Заңның 37-бабының 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.


4-тарау. Лицензия алу үшін ұсынылатын

құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар


16. Лицензия алу үшін лицензиат уәкілетті органға осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру сыныптарын, қызмет түрлерін көрсете отырып, өтінішті ұсынады.

17. Акционерлер, құрылтайшылар төлемін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады.

18. Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын ішкі ережесі:

1) шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;

2) ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

3) техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;

4) шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрылымдарды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері басшысының құқығы мен міндеттемелері;

5) лауазымды тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың олардың атынан және оның есебінде мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін айқындауы тиіс.

19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның штатында актуарийлердің болуы туралы мәліметі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ережеде мынадай мәліметтер:

1) ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

2) ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;

3) ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

4) ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

5) лицензиат жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен масштабтарын ескере отырып, оның қызметінің барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс.

21. Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда Заңның 37-бабының 3-тармағында көзделген ақпарат болуы тиіс және уәкілетті органға тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__жылғы «_» _____№ __ хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымы мөр басады.

Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:

1) инвестициялау мақсатын;

2) инвестиция типі бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып, инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыруды;

3) активтердің типіне байланысты инвестициялық шектеулер, сондай-ақ тыс жерден тартылған құрал-жабдықтарды;

4) инвестициялық саясатына жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.

22. Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады.

Сақтандыру рыногында актуарлық қызметін жүргізуге лицензиясы бар, қол қойған актуарий жақын арадағы екі жылда қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру кезде:

негізгі нысандар (факультативті, облигаторлық, факультативті-облигаторлық) және сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандыруға қатысу әдістері/түрлері (үйлесімді, үйлесімсіз), олардың өзара арақатынасы;

қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы; қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: рыноктағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекен-жайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы; қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынасы, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы);

қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қандай тәсілмен жүзеге асырылады;

ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы. Шетел қайта сақтандырушыларының болжамды үлесі.

2) қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:

қайта сақтанышуларды бағалаудың негізгі критерийлері: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы, қайта сақтандырушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;

қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиттері, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).

23. Директорлар кеңесі бекіткен қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау бойынша сақтандыру ұйымның ішкі ережелері:

1) қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

2) сақтандыру ұйымның тарифтік саясатына сәйкес қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау кезде осы құрылымдық бөлімше басшысының және қызметкерінің құқықтарын, міндеттерін және өкілеттіктерін;

3) қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерді қабылдау кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарын;

4) бизнес-процестерді сипаттауы (құжаттардың өту тәртібі және қайта сақтандыру бойынша қабылданған шешім бойынша жазылған рәсімдер);

5) өзге мәселелері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауы бойынша) айқындалады.

24. Сақтандыру брокері жұмысының ішкі регламентіне мыналар:

1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;

2) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұратулар түскен;

сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын алған;

сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;

қолданыстағы сақтандыру өтеуге толықтырулар мен өзгерістер енгізген;

сақтандырудың кейінгі кезеңге сақтандыру өтеуді жаңартқан;

сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асыру бойынша рәсімдері жатады.

25. Құжаттаманы жүргізу тәртібіне және сақтандыру брокерінің клиенттеріне қызмет көрсету талаптарына мыналар кіреді:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы болған кезде құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен дәйектілігі;

2) клиенттің барлық қаржы және жеке ақпаратының құпиялық режиміне қойылатын негізгі талаптар;

3) мазмұнында:

қатаң есептегі бланктерді есепке алу жүйесінің болуы;

қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты тұлға;

сақтау орны (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі) бар қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету;

4) клиентті қамтамасыз етудің толықтығы мен тәртібі:

сақтандыру брокері, оның мәртебесі туралы ақпарат;

қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпарат;

төлемдердің және тәуекелдердің көлемі;

жеткізушінің және клиенттің қызмет көрсету міндеттемелері жатады.

26. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметті жүзеге асыру құқығына берген лицензия негізінде, тек Сақтандыру ережесі болғанда ғана, сақтандыру қызметін жүзеге асырады.




5-тарау. Қорытынды ереже



27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.


  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница