3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады




Скачать 72.43 Kb.
Название3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады
Дата конвертации09.02.2016
Размер72.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish209381_6317.doc
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қазан


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы қазанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері тұтастай алғанда корпоратив секторды кредиттеудің біршама қалпына келтірілгенін растап отыр: бизнес тарабынан кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуі байқалып отыр, оған банктердің кредиттік саясатының шамалы жұмсаруы себепші болды. Бөлшек кредиттеу нарығының жандануы жалғасып отыр, ол тұтынушылық заемдар сегментінде басым болды. Банк секторы үшін неғұрлым айтарлықтай тәуекел факторы мерзімі өткен берешектің жоғары болуы жалғасуда.


  1. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1
1-диаграмма. Сұраныстың кредиттік ресурстарға өзгеруі



2-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі


.
Зерттеу жүргізіліп отырған кезең корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуімен сипатталып отыр (1-диаграмма1). Мәселен, сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі респонденттердің жалпы санының 42% құрады, ал респонденттердің 50% сұраныстың өзгермегенін растады. Айналым қаражатын толықтыруға арналған қысқа мерзімді кредиттер, сондай-ақ орын алып отырған берешекті қайта қаржыландыру үшін бизнес субъектілері тартатын ұзақ мерзімді кредиттер неғұрлым талап етілетін болып табылады.

Банктердің бақылауы бойынша ірі кәсіпорындардың басым бөлігі жаңа инвестициялық жобаларға бұрынғыша өте сақтықпен қарайды, бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін тартылатын ұзақ мерзімді кредиттерге сұраныстың төмендеуіне себепші болып отыр. Банктердің растауы бойынша, ірі жобаларды қаржыландырудың негізгі көзінің ірі компаниялардың меншікті қаражаты болып табылатынын атап өту қажет.


2. Тұтастай алғанда, банктер 2010 жылғы 4-тоқсанда сұраныстың шамалы өсетінін болжап отыр: респонденттердің 61% жуығы сұраныстың ұлғаюын күтеді, ал 36% ол өзгеріссіз қалады деп болжайды.

3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады. Банктер кредит берудің баға талаптарының айтарлықтай өзгерістерін болжап отырған жоқ: стандартты кредиттер бойынша маржа деңгейінің сақталуын респонденттердің 76% белгіледі және банктердің 82% кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны өзгертуді жоспарлап отырған жоқ.

Ағымдағы жағдайда банктер экономиканың айтарлықтай жоғары және тұрақты кірістілігі бар мынадай саласын: көлік және байланыс, өндіріс және электр энергиясын, газды және суды тарату, сондай-ақ ауылшаруашылығын кредиттеуді қолайлы санайды.

Қазіргі уақытта банктер арасында неғұрлым сапалы, яғни жақсы кредиттік тарихы, өнімге орнықты сұранысы, дамыған клиенттік базасы және тұрақты қаржы ағындары бар заемшыларды тарту мүмкіндігі үшін бәсекелестік айтарлықтай күшейгенін атап өту қажет. Оларды тарту және ұстап тұру үшін банктер кредиттік саясатты жұмсартуға және сыйақы ставкасын шамалы төмендетуге мәжбүр.

II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1
3-диаграмма. Кредиттік сұраныстың өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


. Бөлшек кредиттеу нарығын жандандыру басым түрде банктердің тұтынушылық кредиттеу сегментіндегі белсенділігінің өсуі және халықтың тарапынан тұтынушылық кредиттерге сұраныстың ұлғаюы есебінен жалғасып отыр.
Тұтынушылық сегменттегі өзінің белсенділігінің өсуін банктердің 57% мәлімдеді, сондай-ақ банктердің 40% ғана халықтың тарапынан тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өскенін растап отыр (3-диаграмма). Банктер тұтыну өнімдерінің, оның ішінде заем тарту мақсаты көрсетілмеген айтарлықтай шамалы кредиттерді және автомобильдер сатып алуға арналған кредиттер беруге байланысты, өнімдердің ұсынысын біртіндеп қалпына келтіруде. Осылайша, тұтынушылық сегментте сұраныс пен ұсыныстың балансын қалпына келтіру үрдісі айқын байқалып отыр, ал банктер тарапынан сұраныстың өсуімен салыстырғанда ұсыныстың неғұрлым жоғары қарқыны өткен кезеңдерде халық тарпынан болған қанағаттандырылмаған сұранысты өтей бастады.

Ипотекалық кредиттеуге қатысты айтатын болсақ, онда осы сегменттегі сұраныстың өсуін банктердің 30% жуығы мәлімдеді, ал сұраныс деңгейінің сақталуын респонденттердің 60% растады. Банктердің пікірі бойынша, осы сегменттегі тәуекел деңгейі сақталып отыр, сондай-ақ халықтың тарапынан ипотекалық өнімге сұраныстың аздап өскені байқалып отыр. Дағдарыс кезеңінде ипотекалық заемдар беруден бас тартқан бірқатар банк ипотекалық кредиттеу бағдарламасын жаңартты, бұл осы сегменттегі бәсекелестіктің біршама ұлғаюына алып келді (
4-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (ипотека)


4-диаграмма).

Халықтың тарапынан кредиттерге сұраныстың қалыпты өсуінің қалыптасқан үрдісіне қатысты күтулерге қатысты айтатын болсақ, онда банктердің 67% алдағы тоқсанда ол бөлшек кредиттеу нарығында жалғасады деп болжайды. Ипотекалық кредиттеуге қатысты болжамдар аса оптимистік емес – сұраныстың өсуі банктердің 32% ғана күтеді, ал ешқандай өзгерістерді болжамайтын респонденттердің үлесі 64% құрады.

Бөлшек кредиттеу нарының жандану тұрғысынан алғанда банк секторында «тәуекел тәбетінің» бұрынғы деңгейдегі қалып отырғанын атап өту қажет: ірі және орташа банктер неғұрлым тұрақты заемшылармен жұмыс істеуді қалады, оның ішінде жалақы жобалары шеңберінде. Сонымен қатар сауалнама нәтижелері банктердің заемшылардың қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты тәуекелдің айтарлықтай өсуін күтпейтінін растап отыр, банктердің тек 5% ғана осы тәуекелге назар аударды.

2
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)




5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)


. 2010 жылғы 3-тоқсанда банктердің 30% кредит саясатын тұтынушылық заемдарға қатысты және банктердің 14% ипотекалық өнімдерге қатысты жұмсартты
(5 және 6-диаграммалар). Бұл ретте банктердің 89% 4-тоқсанда кредиттеудің бағаға жатпайтын негізгі талаптарын (кредиттік лимиттер, кредитті өтеу мерзімдері, кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар және т.с.) сақтауды болжайды және 90% баға талаптарын өзгертпеуді жоспарлап отыр. Ипотекалық заемдарға қатысты кредит саясатын жұмсарту банктердің 7% жоспарында бар, тұтынушылық кредиттерге қатысты оны аздап қатаңдатуды респонденттердің 20% жоспарлап отыр.


4
7иаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының күтулері
. Тұтастай алғанда, банктер жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалдың тұрақтанды деп болжайды және болашақта нарық баяу жанданады деп болжайды.
Мәселен, респонденттердің 58% бағаның одан әрі құлдырайтынын күтпейді, ал 35% 4-тоқсанда бағаның шамалы өсетіні байқалады деп болжайды. Нарықты қалпына келтірудің негізгі себептері ретінде макроэкономикалық ахуалдың жақсаруы және елдегі іскерлік белсенділіктің аздап көтерілетіні көрсетіледі (7-диаграмма).


  1. Тәуекелдер картасы


Банктердің көпшілігі несие портфелінің сапасы бұрынғы деңгейде қалатынын болжайды. Сонымен бірге, оптимистік бағалауды қолдайтын респонденттердің үлесі де айтарлықтай. Банктердің күтуі былайша бөлінді:

- Респонденттердің 63% жуығы жиынтық несие портфелінің сапасы өзгермейтінін болжайды, 28,5% оның жақсаратынын күтеді;

- Корпоративтік заемдар портфеліне қатысты банктердің 67% өзгерістерді болжамайды, оптимистік күтулерді респонденттердің 24% жуығы растайды;

- Банктердің 75% пікірі бойынша бөлшек портфельдің сапасы бұрынғы деңгейде қалады, респонденттердің 19% ғана оптимистік бағалауды болжап отыр.

Банктер кредиттеудің барлық сегменттері бойынша несие портфелінің сапасын одан әрі сауықтыру мақсатына проблемалы заемдарды қайта құрылымдау бойынша жұмысты белсенді жүргізуде. Бұл ретте борыштық жүктемені төмендету бойынша құралдардың мынадай барлық жиынтығы пайдаланылады: мерзімі өткен борышты өтеу бойынша кейінге қалдыру, айыппұл санкцияларын қолданбау, кредиттің жалпы мерзімін ұзарту және төлемдер кестесін өзгерту, банк алдындағы борышты қайта қаржыландыру, оның ішінде банктің заемшыдан қосымша кепілмен қамтамасыз етуді бақылдауы арқылы.

2010 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша банк секторы үшін тәуекелдің неғұрлым маңызды факторы мерзімі өткен берешектің жоғары деңгейі болып отыр: осы фактордың маңыздылығының өсуін респонденттердің жалпы санының 34% атап өтті
(8-диаграмма).


8-диаграмма Банктердің кредит тәуекелін қабылдауы2




Теңге бағамының тұрақтылығы және банк секторындағы өтімділіктің артық шығуы валюталық тәуекелді және өтімділік тәуекелін төмендетеді.

Банктер үшін қорландырудың басым көздері заңды және жеке тұлғалардың салымдарын тарту (тиісінше респонденттердің 70% және 57%) және алынған пайданы қайта инвестициялау (банктердің 41%) болып табылады.

2010 жылғы 3-тоқсанда банктердің сыртқы міндеттемелерді өтеуі сыртқы борышты ішкі міндеттемелермен ауыстыру (шамамен 84%) және активтер мен резидент еместерге талаптарды іске асыру арқылы ресурстар тарту (10% астам) есебінен болды.

Келесі 12 ай ішінде сыртқы борыш, банктердің жоспары бойынша, а) оны ішкі міндеттемелермен ауыстыру (шамамен 33%), б) ішкі активтерді іске асыру (30% жуық), в) активтер мен резидент еместерге талаптарды іске асыру (35% жуық) және г) сыртқы капитал нарығында қаржыландыруды тарту (барлығы 2%)3 есебінен өтеледі.

1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Нәтиже қандай да болмасын өлшемнің ұлғаюын/азаюын белгілеген респонденттердің % айырмасы ретінде есептелетін респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгеруі түрінде ұсынылған. Бұл жағдайда диаграммада кредиттік тәуекелдің ұлғаю немесе азаю жағына өзгеруі келтірілген.

3 Үлестік салмақтарды пайдалана отырып есептелген, банктердің 2010 шілде – 2011 шілде аралығындағы кезең үшін пайыздық төлемдерді есепке алмағанда, банктердің сыртқы борышқа қызмет ету бойынша төлемдер кестесі базасында қалыптастырылған көрсетілген диапазонның орташа мәні. Орташа мәнді есептеу үшін база 31.06.2010 жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықтарда неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 8 банк («БТА банк» АҚ, «Альянс банк» АҚ және «Темір банк» АҚ есептемегенде).




Похожие:

3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады icon4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қаңтар
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconСекция 4 бизнеспен сабақтастырылған білім беру бағдарламаларында Экономикалық пәндерді оқытудың интерактивті әдістерін қолдану
Экономиканың инновациялық дамуы түбірлі өзгертуді тек өндіріс саласын ғана емес, қызмет көрсетумен технологиялар, оның ішінде оқыту...
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconАрал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды
Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария...
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconАрал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды
Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария...
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconАдамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Сусыз тіршілік жоқ
Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың...
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconРеал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын...
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconВ программалық өнімдерді сүйемелдеу жолында атқарылатын қызмет баптары
А жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі информацияны, әсіресе оның жоғары формасы болып саналатын білім қорын өндіру, сақтау, өңдеу...
3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады iconТарих және құқық факультеті Философия жәие мәдениеттану кафедрасы
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, үнемі ақапатты іздеу және оған дайындыққа және оны игеруге, сонымен қатар жұмыс уақытын дұрыс жоспарлап,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница