«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты




Скачать 89.49 Kb.
Название«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Дата конвертации09.02.2016
Размер89.49 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish237830_7539.doc




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

 

 

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,
67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы
2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8, 11-баптарының
(бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту туралы»
2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысының негізінде көрсетіледі. 

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226,
2788-104 телефондары арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісі бар жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жедел қызметтер көрсету болмайды.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитет ғимаратының кіреберісі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.


 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке:

1) өтінішті;

2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе жарияланған акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді тіркеу туралы акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің шешімі) хаттамасының көшірмесін;

3) акционерлік қоғам жарғысының көшірмесін;

4) акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

5) екі данада жасалған акциялар шығарылымының проспектісін;

6) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын, жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердің жалпы жиналысының (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің) шешімі:

1) эмитенттің атауы және орналасқан жері көрсетілген құрылтай жиналысын (акционерлердің жалпы жиналысын) өткізу орны мен күнін;

2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тізімін немесе акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтерді;

3) акциялар түрін және олардың жалпы санын;

4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялар санын және акцияларды төлеу тәртібін;

5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың номиналды құнын қамтуы тиіс. Осы тармақтың екінші бөлігінің
1) және 2) тармақшаларының ережелері жалғыз құрылтайшы құрған акционерлік қоғамға, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі акционерлік қоғамға қатысты қолданылмайды.

12. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адамға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адам өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9.00-де, 11.00-де, 15.00-де және 18.00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі пошта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат Комитеттің: www.afn.kz интернет-ресурсында жарияланады.

16. Мынадай жағдайларда, егер:

1) ұсынылған құжаттар пакеті осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.

Егер ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметтері туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.

  


3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитет осы қызметтерді көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу
050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша,
№ 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда пошта арқылы (электронды
түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,
67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-001.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар
050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметтерді Комитет көрсетеді.

Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы Стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.

25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

26. Комитеттің байланыс деректері:

1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;

2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;

3) электрондық пошта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;

4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

5) Комитет төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін);

6) Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-000;

7) Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

 


_______________


«Жарияланған акциялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)


100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің пайызы (үлесі)


80%

 

 

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

1

2

3

4

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%









______________

Похожие:

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconМемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Енжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconЖерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу
Силлабус 5В090700 «Кадастр» мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Геодезия,...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Р 2015 жылғы 12 қарашадағы №391-v заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница