Қазақстан республикасының Қаржы рыногын




Скачать 68.61 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Дата конвертации09.02.2016
Размер68.61 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish853211_717.doc



күші жойылды-ҚҚА № 20 09.01.2006ж.


ҚРӘМ № 2994 11.08.2004ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2004 жылғы 12 шiлде № 199


Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердіңнысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы


өзгерістер мен толық:

1.ҚҚА № 228 25.06.2005ж.(т.249)


Кредиттік серіктестіктер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Кредиттік серіктестіктерге арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:

жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;

меншікті капиталдың ең аз мөлшері;

меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті;

бір қатысушыға тәуекел коэффициенті;

өтімділік коэффициенті.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аграрлық секторды кредиттеу мәселелері туралы» 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысын іске асыру шеңберінде құрылған кредиттік серіктестіктер осы пруденциалдық нормативтердің осы қаулысында көзделген «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамынан алынған заемдар бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ аталған кредиттік серіктестіктердің «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының жоғарыда аталған кредиттері есебінен өзінің қатысушыларына берген заемдар бойынша талаптарды есепке алмайды.


3. Кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 10 миллион теңге болады.

Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген кредиттік серіктестіктердің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 3 миллион теңге болады.

4. Кредиттік серіктестіктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 8 миллион теңге болады.

Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген кредиттік серіктестіктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 1 миллион теңге болады.

5. Меншікті капитал:

төленген жарғылық капитал (кредиттік серіктестік қатысушыларының міндетті жарналары шегінде);

кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналары;

қосымша капитал;

өткен жылғы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптасқан қорлардың, резервтердің);

ағымдағы жылғы кірістің ағымдағы жылдың шығыстарынан асып түсу;

қайта бағалау бойынша резервтер сомасы ретінде есептеледі;

мыналарды шегере отырып:

материалдық емес активтерді;

өткен жылғы шығындарды;

ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылдың кірістерінен асып түсуі.

6. Меншікті қаражат жеткіліктігінің коэффициенті кредиттік серіктестіктің меншікті капиталының кредиттік серіктестік міндеттемелерінің және шартты әрі ықтимал міндеттемелерінің жиынтық көлемі ретінде есептеледі.

Меншікті қаражат жеткіліктігі коэффициентінің мағынасы 1-ден кем емес болуы тиіс.

7. Кредиттік серіктестіктің бір қатысушысына тәуекел коэффициенті кредиттік серіктестіктің қатысушыға қоятын талаптар сомасының (оның ішінде берілген заем, ұсынылған лизинг бойынша), сондай-ақ кредиттік серіктестік қатысушысының ақшалай міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын, оның ішінде кредиттік серіктестіктің банк шоттарындағы сомаларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, кепілдіктерді және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын, сауда-саттықты ұйымдастырушының ең жоғары санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды, кредиттік серіктестікке сейфтік сақтауға берілген тазартылған қымбат металдарды шегергенде кредиттік серіктестіктің қатысушысы алдындағы шартты міндеттемелер сомасының (оның ішінде банк кепілдемелерін, банк кепілдіктерін, банк кепілдемесін және кредиттік серіктестіктің қатысушысы үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру бойынша) кредиттік серіктестіктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

Бір қатысушыға тәуекел коэффициентінің мағынасы 0,5 астам болмау тиіс.

8. Кредиттік серіктестіктің бір қатысушысына заемдар пруденциалдық нормативтерді сақтай отырып берілген жағдайда, бірақ кейінірек оларға сәйкес болмағанда, кредиттік серіктестік үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды оларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын көрсете отырып пруденциалдық нормативтерді бұзу фактісі туралы хабардар етуге тиіс.

9. Өтімділік коэффициенті жоғары өтімді активтер сомасының талап ету бойынша міндеттемелердің көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

Кредиттік серіктестіктің өтімділік коэффициенті 0,2 кем емес болуы тиіс.

10. Жоғары өтімді активтердің есебіне:

қолма-қол ақша;

оларды кері сатып алу шартымен сатылған немесе кредиттік серіктестіктің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздар, листингтің ең жоғары санаты бойынша және сауда-саттықты ұйымдастырушы листингінің ең жоғары санаттан кейінгі санатының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар;

бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушы листингінің ең жоғары санатының ресми тізіміне енгізілген Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі талап ету бойынша депозиттер.

11. Талап ету бойынша міндеттемелердің есебіне:

кредиттік серіктестіктер қатысушыларының талап ету бойынша шоттардағы ақша;

талап ету бойынша басқа міндеттемелер, оның ішінде төлемдер мен ақша аударымдары, қолма-қол ақша беру, жүзеге асыру мерзімі бір айдан аспайтын немесе жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген заемды беру бойынша міндеттемелер жатады.

12. Кредиттік серіктестікте есепті кезең ішінде тартылған заемдар бойынша немесе ашық банк шоттары бойынша мерзімі өткен міндеттемелері болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заң нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда өтімділік нормативтері өтімділік коэффициентінің есепті мағыналарына қарамастан орындалмаған деп есептеледі.

13. Кредиттік серіктестіктер ай сайын қаржылық есеппен бірге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есепті ұсынады.

Осы қаулының 2-тармағында айқындалған кредиттік серіктестіктер осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша осы қаулыда көзделген пруденциалдық нормативтердің есебіне енгізілмейтін талаптар мен міндеттемелер сомаларын көрсетеді.

14. Кредиттік серіктестік қатысушылардан олардың кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесін сатып ала алады, егер мұндай сатып алу пруденциалдық нормативтердің кез келгенін бұзуға әкеліп соқтырмаса.

15. Кредиттік серіктестіктер осы қаулының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

16. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

17. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде” 2003 жылғы 4 шілдедегі № 223 қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2435 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2003 жылғы 28 шілдеде – 10 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

18. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.

19. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

20. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ. Досмұқаметовке жүктелсін.


Төраға Б. Жәмішев







Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Кредиттік серіктестіктерге арналған

пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу

туралы» 2004 жылғы 12 шiлде

№ 199 қаулысына қосымша


Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы

ЕСЕП

__________________________________

(кредиттік серіктестіктің атауы)

200___ жылғы “____” _____________ жағдай бойынша


1. Меншік қаражаты жеткіліктілігі коэффициентінің есебі К1, мұнда

К1 = КСмк / О (1 кем емес), мүнда

КСмк – кредиттік серіктестіктің меншікті капиталы,

О – кредиттік серіктестік міндеттемелерінің және шартты ықтимал міндеттемелерінің меншікті көлемі

К1 = ______/ _______ = ________

Нормативті сақтау: ________

2. Бір қатысушыға тәуекел мөлшерінің есебі К2, мұнда

К2 = Р1 (СКкт-ден 0,5 астам емес)

Р1 – заемшының атауы және осы қаулының 9-тармағына сәйкес есептелген кредиттік серіктестіктің бір қатысушысына тәуекел мөлшері ________ мың теңге.

К2 = ________

Нормативті сақтау: ________

3. Кредиттік серіктестіктің ағымдағы өтімділік коэффициентінің есебі К3, мұнда

К3 = ЖӨА / ТМ (0,2 кем емес), мұнда

ЖӨА – кредиттік серіктестіктің жоғары өтімді активтері

ТМ – кредиттік серіктестіктің талап ету бойынша міндеттемелері

К3 = ______/ _______ = ________

Нормативті сақтау: ________

Басқарма Төрағасы _______________ (қолы)

Бас бухгалтер _______________ (қолы)

Орындаушы _______________

телефоны _______________

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconЖинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке
Азақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы рыногын iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница