2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы




Скачать 84.23 Kb.
Название2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Дата конвертации09.02.2016
Размер84.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.vkofin.gov.kz/files/rep-2010-1-8-3-kz.doc


2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы


2010 жылдың 1 қыркүйек айында облыс бюджетіне 111478,4 млн.теңге болжаммен 111750,3 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 80466,0 млн.теңге сомасында субвенция мен нысаналы трансферттер түсті.





Меншік кірістер 100,5%-ға орындалды. Аягөз ауданы мен облыстық бюджеттен басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

Ағымдағы жылдың 8 айында төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (96,1%), су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (83,2%),жергілікті бюджеттен банк-қарыз алушыларға берілген бюджет кредиттері бойынша сыйақы (98,8%), өзге салық емес түсімдер (42,6%), азаматтарға пәтерлерді сатудан (75,0%) және жер телімдерін сатудан түскен (88,4%) түсімдерден басқа, барлық кіріс көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2010 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11557,6 млн.теңге болжаммен 11199,7 млн.теңге меншік кірістері немесе 96,9%-ға орындалды.








Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 107464,9 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 92871,9 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 14593,0 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 30 800,4 млн.теңге немесе 97,6% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1261,8 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 19 718,2 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 18 436,6 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 694,7 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 586,9 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 2335,9 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 8 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 111,4 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 579,7 млн.теңге жұмсалды, ол 99,3%-ды құрады.

2010 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың денсаулық сақтау мекемелері бойынша орындалу 13 339,9 млн.теңгені құрады, жоспар бойынша есеп беру кезеңінде 13 739,3 млн.теңге немесе немесе 97,1%. Шоттардағы қаражат қалдықтары 399,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша 152,2 млн.теңге, республикалық бюджет бойынша 247,2 млн.теңге: қаражат стационарлық медициналық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарына, қан және оның құрамындағыларды өндіру, жекелеген санаттарындағы ауруларды препараттармен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына жұмсалды. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі, ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 288,1 млн.теңге бөлінді, 13 объектіге - 182,7 млн.теңге, медициналық мекемелердің 18 объектіге ағымдағы жөндеуге – 105,4 млн.теңге; республикалық бюджет қаражаты есебінен 867,8 млн.теңге, 13 объектіге күрделі жөндеуге 550,3 млн.теңге, 13 объектіге ағымдағы жөндеуге - 317,5 млн.теңге. «ШҚО Денсаулық сақтау объектілерінің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 287 қаулысына сәйкес 31 мемлекеттік мекеменің 29-ы КМҚК қайта тіркелді.

2010 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 167,0 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 299,2 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 189,5 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 436,4 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 332,2 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 654,8 млн.теңгеге 99,2%-ды құрады.

дамытудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру әлеуметтік сала объектілерін салу бойынша жұмысты жүргізу арқылы жүргізіледі: мектептер, ауруханалар, мәдени және спорт құрылыстарын, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары объектілері. Бюджет қаражатының біршамасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілері, автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге, ауыл шаруашылығы және жергілікті әуе рейстерін мен қала маңындағы теміржол бағыттарында жолаушыларды тасымалдау бағытталған.

Жалпы облыстың дамыту бағдарламаларына ағымдағы жылдың 8 айында 1523,0 млн.теңге жұмсалды. Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаттары есебінен мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердың құрылысына 302,6 млн.теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта облыста барлығы 14 білім объектісі салынып жатыр, оның ішінде «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Өскемен қаласындағы 280 орынды балабақша және 600 орынды мектеп.

Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына бөлінген республикалық трансферттер 2566,7 млн.теңге сомасында игерілді. Катонқарағай ауданы Катон ауылындағы 75 төсекті орталық аудандық аурухана, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы 150 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсекті орталық аудандық аурухана, Өскемен қаласындағы Сәулелі терапия және қан орталығының құрылысы, 2010 жылғы жаңа объектілер арасында – Абай ауданы архат, Күршім ауданы Қаратоғай, Тарбағатай ауданы Көкжыра және Жантекей ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы жалғастырылуда.

Қаражаттардың басым бағыттары облыстың елді мекендеріндегі сумен жабдықтау жүйелерін дамыту болып табылады, ағымдағы жылдың 8 айында республикалық бюджеттен 901,4 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер жұмсалды, осы қаражат есебінен облыстың 9 өңірінің 14 елді мекеніндегі су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен Өскемен, Семей және Аягөз қалаларындағы инженерлік-коммуникациялық желілеріне арналған жұмыстар, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұғын үйінің құрылысы жаслғастырылды. Шығыстардың жалпы көлемі 1911,5 млн.теңгені құрады. Өскемен және Семей қалаларының тұрғындарын қамтамасыз ету үшін ипотекалық кредит беру жүйесі бойынша тұрғын үйлер салынып, сатылып жатыр.Республикалық бюджеттен 1828,8 млн.теңге сомасында кредиттік ресурстар бөлінді, 73,9%-ы игерілді.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджет қаражаты есебінен Өскемен қаласындағы қазақ драма театры, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Зырян ауданы Жаңа Бұқтарма кентіндегі спорт лагері, Үржар ауданы Алакөл көлі жағалауындағы демалу базасының инженерлік желілер мен коммуникация құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу жалғастырылды, оған 143,1 млн.теңге жұмсалды.

Риддер қаласындағы айналма жолдың құрылысы, сондай-ақ ағымдағы жылы басталған «Шынқожа-Мыңбұлақ-Ақшауле», «Семей-Қайнар», «Өскемен қаласынан Зырян қаласына шығар жол» автожолын, сондай-ақ Күршім ауданындағы Қара-Қаба, Глубокое ауданы Карагужиха өзендері арқылы өтетін көпірлерін, Өскемен қаласы аэродромының ұшу жолдарын және әуе кемелері тұрағы орындарын және Самара тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын салу және қайта жаңарту жалғастырылуда, республикалық бюджеттен келіп түскен трансферттердің 1337,8 млн.теңгесі игерілді.

Облыстың бес автомобиль жолына күрделі жөндеу бойынша алдыңғы жылдары басталған жұмыстар, сондай-ақ ағымдағы жылы басталған облыстық жолдардың учаскелеріндегі жөндеу жалғастырылды, оған республикалық бюджеттен 924,0 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бағытталды, осы қаражат есебінен «Семей-Курчатов», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Үлкен Нарын-Күршім», «Семей-Долонь-Үлкен Владмировка», «Семей-Қарауыл» және «Мақаншы-Жалаңмектеп», «Аксуат-Бөкей-Қарасу-Ақжар-Омск-Майқапшағай» күрделі жөндеу жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен қатар, облыстық қаражат есебінен облыстың автомобиль жолдарын жөндеуге 818,5 млн.теңге; тұрғындарды қолжетім облыс ішілік әуе және теміржол тасымалдау үшін субсидиялауға 209,1 млн.теңге жұмсалды.

Ағымдағы жылдың басында ауыл шаруашылығы саласын қолдау және дамытуға: өнімдерінің өнімділігін арттыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдарының құнын арзандатуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын, сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға, тұқым шаруашылығын қолдауға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – есеп беру кезеңінде республикалық бюджеттен берілетін 2711,8 млн.теңге трансферттер жұмсалды.

«Жол картасы» - өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау бағдарламасы бойынша іс-шараларді іске асыру бойынша коммуналдық шаруашылық объектілерін (су құбырлары мен жылу желілері, елді мекендердегі жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелер) жөндеу жұмыстарына жоспарланған 4431,7 млн.теңге жұмсалды және көріктендіру бойынша жұмыстар бойынша қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарды 4168,4 млн.теңгесі игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен келіп түскен нысаналы трансферттердің 2959,5 млн.теңгесі игерілді.


Су тасқыны салдарын жоюға республикалық бюджеттен облысқа 4943,6 млн.теңге бөлінді, оның 4374,6 млн.теңгесі келіп түсті. өзендердің жағалауларын нығайту, бөгеттерді салу және қалпына келтіру бойынша су тасқынының іс-шараларын жүргізу бойынша, негізінде бағыт – су тасқынынан көптеген құрылыстар бұзылған Тарбағатай, Абай, Күршім аудандарындағы ерекше зардап шеккен ауылдарындағы тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін құрылысына бағытталған, 3667,0 млн.теңге игерілді.



2010 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36298,8 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 20553,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 15745,2 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2877,5 млн.теңге тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға кредиттер, ауылдық елдімекендердегі әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру үшін кредит – 127,7 млн.теңге.

Облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 20/245-IV шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық трансферттер көлеміне өзгертулер енгізілді, сондай-ақ трансферттер көлемі 41 497,6 млн.теңгені құрады.

2010 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 29 079,7 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылды, 2010 жылдың 1 қыркүйекте республикалық бағдарламалар әкімшілерінен нақты 29 151,1 теңге түсті, оның ішінде есеп беру кезеңінде 26 103,4 млн.теңге немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 89,5%-ы игерілді.

Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 92,1%, толық пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 1 311,4 млн.теңгені құрады; дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 86,3%, пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 1 736,3 млн.теңгені құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –213,9 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге 261,4 млн.теңге, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 818,2 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 1593,1 млн.теңге, ҚР мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымастықтығының VII Форумын өткізуге байланысты Өскемен қаласының жайластыру және инфрақұрылымын жөндеуге – 1360,1 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға – 2566,7 млн.теңге, білім объектілерін қайта жаңартуға - 1523,0 млн.теңге, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 2495,0 млн.теңге, «бір терезе» қағидаты бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуге – 405,4 млн.теңге жұмсалды.


Похожие:

2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,4%-ға орындалды. Аягөз ауданынан басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2010 жылғы 1 тамыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
...
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,5%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 110,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2013 жылғы 1 қаңтардағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 103,2%-ға орындалды. Жоспарды орындау барлық бюджеттер деңгейлері бойынша қамтамасыз етілді
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2015 жылғы 1 желтоқсандағы облыс бюджетінің меншік кірістер бойынша атқарылуы
Меншік кірістер 948,2 млн теңгеге орындалмады. Бесқарағай, Шемонаиха аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан басқа, барлық бюджеттер...
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама
Бюджеттің орындалу барысында бюджетке 7 рет анықтаулер мен түзетулер жүргізілді. Ауданның нақты бюджеті – 2 525 421,7 мың теңгені...
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница