Скачать 162.58 Kb.
|
Зайсан аудандық мәслихатының 2006 жылғы 23 мамырдағы № 22 -13 шешімімен бекітілді Зайсан ауданының 2006 - 2008 жылдарға арналған "электрондық әкімдік" қалыптастыру БАҒДАРЛАМАСЫ Зайсан қаласы 2006 жыл І. Бағдарламаның төлқұжаты.
ІІ. Кіріспе. Зайсан ауданын ақпараттандыру жөніндегі Бағдарлама (бұдан әрі-Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі-Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарын және Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы №13/18-ІІІ шешімімен бекіген Шығыс Қазақстан облысының "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасын орындау үшін жасалды. Зайсан ауданының ақпараттандыру бағдарламасы бұл жергілікті жерде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамытуға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жергілікті жерде ақпараттық қорға азаматтардың кедергісіз кіру құқықтарына жағдай жасау болып табылады. ІІІ. Зайсан ауданының ақпараттандыру жағдайына сараптама.
Аудан әкімінің құрылымына 13 дербес бөлім кіреді. Бұдан басқа аудан әкімі аудан аумағында орналасқан орталық және облыстық атқарушы органдарының бөлімшелерінің жұмыстарына жалпы бақылау жасайды.
Аудан әкімдігінде өңір бойынша толығымен жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруға бағытталған, сондай-ақ негізделген шешімдер қабылдау үшін әкімдік қызметінің бизнес-үрдістерін модельдеу мен талдауға бағытталған жеке ақпараттық жүйелер жоқ. Жоспарлау мен басқару бойынша өз қызметін жүзеге асыру үшін әкімдік орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен ақпаратқа сұрау салады. Ақпарат автоматтандырылған режимде берілмейді. Жергілікті және орталық атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты (бекітілген) регламенті, сондай-ақ ақпаратты беру мен алмасу тәртібі туралы нормативтік-құқықтық база жоқ. Бағдарламалық-техникалық жабдықтау. Аудандық әкімдіктің бөлімшелерінде пайдаланылатын негізгі техникалық құралдар- Сeleron, Pentium базасындағы дербес компьютерлер. Интернет жүйесіне кіру жалғанатын немесе бөліп шығаратын желілермен жүзеге асырылады, электронды почта пайдаланылады. Ауданның жеке веб-сайты жоқ, бірақ облыс әкімінің сайтында Зайсан ауданының Интернет-беті ашылған. Ауылдық округі әкімдері аппараты компьютермен және принтерлермен жабдықталған. Электрондық пошта байланысы мен Интернет жүйесіне қосылмаған. 30 оқу орны компьютер сыныптарымен жабдықталған, соның ішінде 28 Интернетке шығу мүмкіндіктері бар, 2 мектеп мултимедиялық кабинетпен жабдықталған. Зайсан ауданы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің компьютерлік білімдерінің төмендігі байқалады. Мемлекеттік мекемелер компьютерлік құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Ауданда Интернетке кіретін қоғамдық нүкте жоқ. Жергілікті басқаруды ақпараттандыру бөлігінде белгілі бір проблемалар да бар, олар:
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты факторлардың бірі ретінде ақпараттық теңсіздік деп аталатын кедергіні жою өзекті мәселе болып отыр. IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне халық пен бизнес құрылымдардың қолжетімділігін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарламаның мақсаттарына жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
V. Зайсан ауданының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі бағыттары Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: 1.Әкімдіктердің электрондық қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде жұмыстар ұйымдастыру: а) мемлекеттік қызметшілердің компьютерлік біліктілігін арттыру үшін оқыту; б) халықтың неғұрлым қалың жігіне жергілікті БАҚ айдарларында Интернет-сабақтар сериясын жариялау ұйымдастырылады; в) семинар-тренингтер ұйымдастырылып, компьютер үйрету сабақтары жүргізілетін болады; г) қызмет көрсетуге қоғамдық қолжетімділікті дамыту кітапханалар мен "Казпошта" ААҚ бөлімшелері базасында ақылы, тегін және жеңілдік негізде, Интернетке қолжетімді сымсыз нүктелер арқылы е-қызмет көрсетуге қоғамдық қолжетімді пункттер желісін құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2. Мемлекеттік тұрғыда ақпараттық-коммуникациалық технологиялар кіргізу. а) жергілікті атқарушы органдар бөлімшелері өз жұмысында бухгалтерия мен қоймалық есеп жүргізу және т.б. жұмыстарды автоматтандыратын, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану; б) жаңа үлгідегі Celeron, Pentium -4 базасындағы компьютерлік құралдар алу, соның ішінде файл-сервер, сервер қосымшалар мен мәліметтерді мұрағаттау құралдары ретінде пайдаланылатын дербес компьютерлер алу, 100Мбит/сек жылдамдықпен ақпарат алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, құрылымдалған жергілікті жүйелрді монтаждау бойынша жұмыстар жүргізу. в) аудандағы мемлекеттік мекемелерді Интернет жүйесіне қосу, элетронды пошта қызметін пайдалану. 3. Әкімдіктің ақпараттық ресурстарын, жүйелері мен е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру. а) тұрғындарға әкімдік ұсынатын ақпараттар көлемін барынша кеңейту б) азаматтарға ақпараттық қызметтер көрсетудің оларға аса ыңғайлы түрдегі тиімді жүйесін құру; в) әкімдіктің ақпараттық жүйелерінің электрондық қызмет көрсетулері нәтижесінде азаматтардың өмір сүруінің және аудандағы ұйымдар қызметінің барлық негізгі саласын қамту; г) ауданда веб-сайт ашу. 4. Мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының жүйелері мен ақпараттық ресурстарын пайдалану. Облыстық ақпараттық жүйелермен бірлесіп әрекет етуді ұйымдастыру. 5. Өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету. а) ауданның мемлекеттік органдары инфрақұрылымының сапалы және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілерге, тұжырымдама талаптарына және ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкестігіне техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдерді сертификаттау. б) ақпараттық жүйелерді әзірлеуге ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық тапсырмаларды келісудің біріңғай тәртібін айқындау. VI.Бағдарламаны қаржыландыру. 2006 жылға Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаржы ресурсының көлемі 2055 мың теңгені құрайды. 2007-2008 жылдары Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шығысы тиісті жылға аудан бюджетін қалыптастыру кезінде анықталады. VII. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер. Бағдарламаны іске асыру азаматтар мен ұйымдардың жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызмет көрсетулеріне жылдам әрі тиімді қолжеткізілімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау және ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру нәтижесінде:
VIII. Зайсан ауданының "электрондық әкімдігін" қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Аудандық мәслихат хатшысы Р.К.Сансызбаев |
![]() | Зайсан аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің Зайсан аудандық мәслихатының, оның органдарын ұйымдастырушылық,құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге... | ![]() | Бесінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011... |
![]() | Зайсан аудандық мәслихатының ... | ![]() | 2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар... |
![]() | Биржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас... | ![]() | Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі |
![]() | Зайсан ауданының денсаулық сақтау саласы бойынша Зайсан аудандық медициналық бірлестігі аудан халқына квалификацияланған медициналық көмек көрсетеді | ![]() | Аудандық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар тізімі Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №9-1 шешімі, Тіркеу №3143, 11. 01. 2013 ж] // Шұғыла. 2013. 25 қаңтар.... |
![]() | 2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы | ![]() | «Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Миссиясы: Зайсан ауданының тұрақты дамуына отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, отандық тұтынушыны сапасыз... |