Скачать 401.01 Kb.
|
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СИЛЛАБУС БАКАЛАВРИАТ Пән: «Мемлекет және бизнес» Мамандық: 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» Факультеті: Экономика және басқару Кафедра: Экономикалық теория және халықаралық экономика
Емтихан КараҒандЫ - 2007 Бакалаврлар даярлау бағыты бойынша 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының оқу жұмысының жоспары, «Мемлекет және бизнес» пәнінің үлгі бағдарламасы, ҚҚЭУ-МИ-85-05.00-2005 пәндері оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде силлабусты құрастырған аға оқытушы З.Х.Жанбекова. Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу – әдістемеләк семинарының отырысында қарастырылған. « 31 » тамыз 2007 ж. Хаттама № 1 Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының жетекшісі, э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.Қ. Оқытушы туралы мәлімет: З.Х. Жанбекова, Қарағанды экономикалық университетінің аға оқытушысы, оқу құралы: «Муниципалды менеджмент», «Жергілікті мемлекет басқару», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономикалық теория» және т.б пәндерінен дәрістер оқып, семинарлық сабақтар жүргізеді. Офис: экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы, аудитория № 266 Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі Тел: 44-16-24 (143) Үлгі 1 Пәннің сипаттамасы Пәнді оқытудың мақсаты. «Мемлекет және бизнес» курсы, университет бітіруші түлектің бизнеспен мемлекеттің өзарабайланыс проблемалары бойынша жеткілікті білім деңгейін иеленуі және осы негізде қатынастарды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешудың тиімді әдістері мен құралдарын таңдау үшін қажет. Осы міндеттердің сипаты мен күрдеілігі қандай да бір кезеңдердегі мемлекеттің экономикалық саясатының экономикалық бағытталушылығына және экономиканың көпукладтылығы жағдайында оны жүзеге асыру әдістерін анықтауға көбінесе қатысты болады. «Мемлекет және бизнес» пәнін оқып үйрену процесінде, студент орта бағыты қалыптастыру және экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды дамыту және жақсартудың ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-экономикалық және әкімшілік-құқықтық негіздеріне ерекше назар аударуға міндетті. Курс бағдарламасы стандарттар мен баяндау логикасына сәйкес, оқу курсының базалық проблемалары қарастырылатын өзарабайланысты тақырыптарға бөлінеді. Пәнді оқытудағы міндеттер. Аталған курс транзиттік экономиканың теориялық-методологиялық және ұйымдіқ-құқықтық проблемалары бойынша білімді, нарықтық қатынастардың аясын кеңейту жағдайындағы оны мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесін, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу методологиясы мен оны ұйымдастуруды оқытып үйретеді. Мемлекет пен бизнестің – екі жақтары үшін де тиімді «ынтымақтастықты» қамтамасыз ететін механизмдердің бүкіларсеналын негіздеу мен тиімді пайдалану осындай реттеудің маңызды жағы болып саналады. «Мемлекет және бизнес» курсынаң негізгі мәселелері оны оқытудың шетелдік тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанға тән табиғи-тарихи және табиғи-экономикалық сипатты ерекшеліктерімен айқындалған. Біліктілік сипаттамалары мен осы силлабус талартарына сәйкес студент:
Пререквизиттер: «Мемлекет және бизнес» Постреквизиттер: «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономикалық теория», «Мемлекеттік басқару теориясы». Пәннің әдістемесі: «Мемлекет және бизнес» пәнің әдістемесі оның ерекшеліктері мен және оқып үйрену мақсатымен айқындалады. Осымен байланысты оқу процесінде, оның қатарына ахуалдық есептер, кейс-әдіс, ашық және жабық тестілер, іскер ойындар, интерактивті лекциялар жататын арнайы білімдер, білікьіліктер мен дағдылар қалыптастыруға бағытталған «тренажерлық» оқыту әдістерін пайдаланған дұрыс. Үлгі 2 Білім беруді бағалаудың саясаты мен процедурасы Пән бойынша қорытынды баға 1 және 2 аралық бақылау бойынша (60%) және қорытынды бақылау бойынша (40%) үлгерімділіктің максималды көрсеткіштерінің сомасы ретінде анықталып, 100%-ды құрайды, яғни қорытынды баға төмендегі формула бойынша анықталады: ![]() мұнда: ![]() ![]() Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны. Пән бойынша курстық жұмыс болса, онда оның бағасы орташа рейтингке қосылады – Рор = (Р1 + Р2 + курстық жұмыс бойынша алынған балл)/3. Жоғарыда келтірілген формула бойынша қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін білім алушының білімін 0 ден 100%-ге дейінгі пайыздарда аралық бақылау кезінде бағалау қажет. Төменде кредиттік жүйе бойынша білім алушылардың білімін бағалаудың көпбалды әріптік жүйесі келтірілген.
Білім алушылар білімін бағалау критериялары «А», «А-» («өте жақсы») – егер білім алушы барлық бағдарламалық материалды тереңнен игеріп, сәйкесінше, оны еш бұлжыьпай баяндай білсе, тапсырма типі өзгерген кезде жауап беру барысында қиналмаса, қойылған мәселелерді еркін шеше алса, монографиялық материал білімін көрсетсе, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздей білсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда жанжақты дағды және ептіліктерді меңгере білсе, қателіктерді жібермей, материалды дербес талқалй білсе аталмыш баға қойылады; «В+» «В», «В-» («жақсы») – егер білім алушы бағдарламалық материалды нақты білсе, оны мәні бойынша сауатты баяндай білсе, сұраққа жауап беру барысында айқынсыздықтарды жібермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік мәселелерді шешуде қажетті дағдыларды қолдана білсе аталмыш бағалар қойылады; «С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағат») – егер білім алушы тек негізгі материалды ғана меңгеріп, бірақ жекелеген бөліктерді білмесе, айқынсыздықтарды жіберсе, тұжырымдамалары жеткілікті түрде дұрыс болмаса, бағдарламалық материалды баяндауда ілеспелілікті бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қиналса аталмыш бағалар қойылады; «F» («қанағат емес») – егер білім алушы бағдарламалық материалды білмесе, айтарлықтай қателіктер жіберсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда үлкен қиындыққа ұшыраса аталмыш баға қойылады. Аталмыш криетрияларды оқытушы емтихан бағасын қою барысында да басшылыққа алады. А- дан А, В-дан В+-ға дейін, D дан С+-ға дейінгі амплитуда бағаны таңдау білім алушының жоғарыда келтірілген критерияларға білімі мен ептілігінің сәйкес келуі дәрежесімен анықталады. Апелляция процедурасы Емтихан қорытындылары бойынша аппеляцияға арыз Регистратор атына білім алушының жеке арызы бойынша нәтижені жариялағаннан кейін үш күн ішінде қабылданады. Аппеляцияға арыздар тіркеу бөлімінде тіркеуге алынады, онда студент аппеляцияланатын сұрақ мәні көрсетуге тиіс. Апелляция білім алушының емтихандық жауабын қайта рецензиялау жолымен кафедра жетекшісімен тағайындалатын кафедраның пәндік аппеляциялық коммиссиясымен жүргізіледі. Үлгі 3 Кесте 1. Оқу түрлеріне байланысты сағаттардың бөлінуі
|