Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 308.78 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
страница1/2
Дата конвертации09.02.2016
Размер308.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish509945_8497.doc
  1   2




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

_______________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы 24 ақпан № 57





Алматы қ.


г. Алматы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 10.04.12ж. №7538 тіркелген



Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5603 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 15 мамырдағы 72 (1495) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-қосымшасында:

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында:

2 және 3 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қор:

1) міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

2) Салымшыға (Алушыға) № ________________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

3) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тек уәкілетті кастодиан банкте қалыптастыруға және сақтауға;

4) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты мен оған жасалған төлемдерінің жеке есебін жүргізуді жүзеге асыруға;

5) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кірісті есептеуге;

6) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға;

7) күнтізбелік жылың аяғына есептелетін Қордың зейнетақы активтері бойынша номиналды кіріс көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы айырманы Қордың меншікті капиталы есебінен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 4 тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) белгіленген тәртіппен қалпына келтіруді;

8) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, ақы алмастан, оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Заңның 50-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, Салымшымен (Алушымен) келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

9) осы Шартты жасау кезінде, сондай-ақ сұрату бойынша Салымшыға (Алушыға) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы мәліметтерді осы Шарттың 5-тармағында белгіленген көлемде ұсынуға;

10) осы Шартты жасау кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы ережелерімен таныстыруға;

11) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселелері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

12) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының және кастодиан банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережесіне енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

13) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша инвестициялық портфелінің түрін, эмитенттердің атауын, қаржы құралдарының түрін, қаржы құралдарының саны мен ағымдағы құнын, осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына пайыздық арақатынасын көрсете отырып зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережелерінде белгіленген тәртіппен және мерзімде Салымшының (Алушының) өтінішінде көрсетілген қосымша ақпаратты беруге;

14) Заңның 41-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімде зейнетақы активтері есебінен Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

15) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Салымшыны (Алушыны) алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны туралы кемінде екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

16) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

17) соңғы күнге есептелген инвестициялық кірісті қоса алғандағы Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасын түгел басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Заңның 27-1-бабының 2-тармағында және Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 тіркелген) (бұдан әрі - № 240 ережесі) көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;

18) Заңның 9-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін соңғы күнге есептелген инвестициялық кірісті қоса алғандағы консервативті инвестициялық портфельге Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасын түгел басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2953 тіркелген) (бұдан әрі - № 153 ережесі) көзделген тәртіппен және мерзімде аударуға;

19) Заңның 9-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес келетін соңғы күнге есептелген инвестициялық кірісті қоса алғандағы Алушының өтініші бойынша консервативті инвестициялық портфельге Заңның 34-1-бабында және № 153 ережесінде көзделген тәртіппен және мерзімде аударуға;

20) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ол туралы Салымшыны (Алушыны) кемінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

21) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына Заңның 31-4-бабының 1-тармағында және № 240 ережесінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;

22) Заңның 23-бабында және Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі - № 661 ережесі) көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға (Алушыға) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуге;

23) Салымшы зейнеткерлік жасқа келмей қайтыс болған жағдайда Заңның 9-бабына сәйкес, немесе Алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге арналған біржолғы төлемді елу айлық есептік көрсеткіші шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан асырмай төлеуге;

24) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық соманы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен Салымшының (Алушының) мұрагер(лер)іне төлеуге;

25) Қордың міндеттемелерін орындауға әсерін тигізетін Салымшының (Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

26) шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты қоныс аударған жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу жөніндегі операцияларды Заңның 23-бабында және № 661 ережесінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға міндеттенеді.

3. Қордың:

1) Заңның 48-бабында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесінде белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде және тәртіппен комиссиялық сыйақы алуға;

2) зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты мәселелері бойынша Салымшының (Алушының) жазбаша өтініші бойынша оның мүддесін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;

3) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Салымшының (Алушының):

1) осы Шартты жасасқан кезде, сондай-ақ кез келген жазбаша сұрату бойынша сұратылған күніне Қордың акционерлері туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы, нақты орналасқан жері, олардың акционерлері және Қордың акционерлері туралы ақпаратты мынадай көлемде алуға:

жеке тұлғаға қатысты: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, азаматтығы, қатысу үлесі (пай ызбен);

заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почталық индекс, қала, көшесі, ғимараттың нөмірі, телефон, факс, электронды адресі), мемлекеттік тіркелу туралы деректер, бірінші басшы туралы деректер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) және қатысу үлесі (пайызбен);

2) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

3) Қордың зейнетақы ережесімен танысуға;

4) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселелері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бойынша ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

5) Қордан жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, бірақ жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Заңның 27-1-бабының 2-тармағында, 31-4-бабының 1-тармағында және № 240 ережесінде белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға;

6) төлемдерді жүзеге асырған күніне осы Шартта, Заңның 23-бабында және № 661 ережесінде белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

7) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдыруға;

8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты қоныс аударғанда жинақталған зейнетақы қаражатын Заңның 23-бабында және № 661 ережесінде белгіленген тәртіппен алуға;

9) Қор қызметіне сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.»;

23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Шартты:

1) заңдық күшіне енген сот шешімінің негізінде;

2) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан басқасына аударым жасау жағдайларын қоспағанда, жинақталған зейнетақы қаражаты және осы Шарт бойынша зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен бұзылады.»;

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Тараптар осы Шарттың мәніне қатысты болатын және осы Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.»;

10-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«


10. Тараптардың деректемелері мен қолдары


ҚОР _______________________________

Қордың атауы, бар болса бизнес сәйкестендіру нөмірі,

________________________________

банк деректемелері,

________________________________

Қордың (оның филиалының немесе осы Шартты жасау орны болып табылатын өзге бөлімшенің) нақты орналасқан жері, телефон


________________________________

Қор өкілінің қолы

САЛЫМШЫ(АЛУШЫ)

________________________________

тегі, аты (бар болса - әкесінің аты),


________________________________

салық төлеушінің тіркеу нөмірі   немесе бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі,

________________________________

Заңды мекен-жайы (тұрғылықты жері), телефон

________________________________

Зейнетақы ережесімен

таныстым:


_____________________________

Салымшының (Алушының) қолы

2-қосымшасында:

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін):

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қор:

1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

2) Салымшыға (Алушыға) № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

3) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тек уәкілетті кастодиан банкте қалыптастыруға және сақтауға;

4) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты мен оған жасалған төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

5) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кірісті есептеуге;

6) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға;

7) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, ақы алмастан, оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен (Алушымен) келісім бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабында белгіленген тәртіппен оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

8) осы Шартты жасау кезінде, сондай-ақ сұрату бойынша Салымшыға (Алушыға) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы мәліметтерді осы Шарттың 5-тармағында белгіленген көлемде ұсынуға;

9) осы Шартты жасау кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы ережелерімен таныстыруға;

10) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережесіне енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

11) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселелері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

12) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша эмитенттердің атауын, қаржы құралдарының түрін, қаржы құралдарының саны мен ағымдағы құнын, осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына пайыздық арақатынасын көрсете отырып зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережелерінде белгіленген тәртіппен және мерзімде Салымшының (Алушының) өтінішінде көрсетілген қосымша ақпаратты беруге;

13) Заңның 41-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімде зейнетақы активтері есебінен Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

14) уәкілетті органның қайта ұйымдастырылуға рұқсатын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Салымшыны (Алушыны) алдағы уақытта қайта ұйымдастырылатыны туралы кемінде екі баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

15) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

16) соңғы күнге есептелген инвестициялық кірісті қоса алғандағы Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасын түгел басқа жинақтаушы зейнетақы қорына Заңның 27-1-бабының 2-тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 тіркелген) (бұдан әрі - № 240 ережесі) көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударуға;

17) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ол туралы Салымшыны (Алушыны) кемінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге;

18) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына Заңның 31-4-бабының 1-тармағында және № 240 ережесінде көзделген тәртіппен және мерзімде аударуға;

19) Заңның 23-1-бабында көзделген жағдайлар басталғанда Салымшыға (Алушыға) жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуге;

20) Салымшы зейнеткерлік жасқа келмей қайтыс болған жағдайда Заңның 9-бабына сәйкес немесе Алышу қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге арналған біржолғы төлемді елу айлық есептік көрсеткіші шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан асырмай төлеуге;

21) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақы шотындағы барлық соманы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен Салымшының (Алушының) мұрагер(лер)іне төлеуге;

22) Қордың міндеттемелерін орындауға әсерін тигізетін Салымшының (Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

23) Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты қоныс аударған жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу жөніндегі операцияларды Заңның 23-1-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асыруға міндеттенеді.

3. Қордың:

1) Заңның 48-бабында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесінде белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде және тәртіппен комиссиялық сыйақы алуға;

2) зейнетақымен қамсыздандырумен байланысты мәселелері бойынша Салымшының (Алушының) жазбаша өтініші бойынша оның мүддесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi заңнамасында көзделген тәртіппен сот органдарында білдіруге;

3) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарын шектемейтін және нашарлатпайтын өзге де құқықтары бар.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Салымшының (Алушының):

1) ерікті зейнетақы жарналарын ____________________________________________________________________

(ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын, бір жолғы немесе тараптардың келісімі бойынша)

Салымшы (Алушы) белгілейтін мөлшерде енгізуге;

2) осы Шартты жасасқан кезде, сондай-ақ кез келген жазбаша сұрату бойынша сұратылған күніне Қордың акционерлері туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы, нақты орналасқан жері, олардың акционерлері және Қордың акционерлері туралы ақпаратты мынадай көлемде алуға:

жеке тұлғаға қатысты: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, азаматтығы, қатысу үлесі (пай ызбен);

заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почталық индекс, қала, көшесі, ғимараттың нөмірі, телефон, факс, электронды адресі), мемлекеттік тіркелу туралы деректер, бірінші басшы туралы деректер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) және қатысу үлесі (пайызбен);

3) Қордың зейнетақы ережесімен танысуға;

4) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

5) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселелері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бойынша ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

6) Қордан жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, бірақ жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда Заңның 27-1-бабының 2-тармағында, 31-4-бабының 1-тармағында және № 240 ережесінде белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға;

7) төлемдерді жүзеге асырған күніне осы Шартта, Заңның 22-2 және 23-1-бабында белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

8) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдыруға;

9) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты қоныс аударғанда жинақталған зейнетақы қаражатын Заңның 22-2 және 23-1-бабында белгіленген тәртіппен алуға;

10) Қор қызметіне сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.;

мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

«24-1. Тараптар осы Шарттың мәніне қатысты болатын және осы Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.»;

10-тармау мынадай редакцияда жазылсын:

«

  1   2

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница