Скачать 0.98 Mb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАНАТЫН ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН БАҒАЛАУ БОЙЫНША Әдістемелік ұсыныстар АСТАНА, 2010 Жалпы ережелер: Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша осы әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - әдістемелік ұсыныстар) Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау өткізу процесін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама актілерінің жобаларын қоспағанда, нақты айтсақ, конституциялық заңдардың жобалары, кодекстер, заңдар, заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары жатады. Әдістемелік ұсыныстар екі бөлімнен тұрады: I-бөлім: Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалаудың Паспортын толтыру бойынша ұсыныстар ( бұдан әрі - Паспорт). II-бөлім: Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау процесінде логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері және оны тәжірибелік пайдалану ұсыныстары (бұдан әрі - логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері). Паспорт басқа қажетті құжаттармен бірге: - Қазақстан Республикасы заң жобаларына (бұдан әрі – заң жобалары) экономикалық сараптама жасайтын ұйымға; - заң жобаларын келісілу кезінде мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынылады; - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредитацияланған бірлестіктеріне. Осы әдістемелік ұсыныстарда келесі ұғымдар пайдаланады: Заң жобасы – заңды күші бар Республика Президентінің кодексі, заңы, жарлығы.
I-бөлім: Паспорттың құрылымы. Заң жобасын бағалау паспорты заң жобасын әзірлеушімен толтырылып, келесі тараулардын тұрады (1 Қосымша – Паспорт нышаны): 1. Жалпы ақпарат 1.1. Әзірлеуші 1.2. Заң жобасының атауы 1.3. Құқықтық реттеу нысаны 1.4. Әрекет ету саласы 1.5. Заң жобасының түрі 1.6. Заң жобасының әрекеті 1.7. Заң жобасының заңдылық пен экономиканың қосымша салаларына сәйкес келуі 1.8. Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициенті 1.9. Заң жобасы нормаларының белгісіздік коэффициенті 2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі 3. Әлеуметтік-экономикалық салдарлар 4. Пайдалар мен табыстарды талдау 5. Қаржыландыру көздері 6. Қорытындылар Паспорттың 1-тарауы: «Жалпы ақпарат». Паспорттың осы тарауында әзірлеушнің заң жобасына оның әрекет ету аясын анықтау, қалыптасқан жағдайды талдау және мәселелерді анықтау, заң жобасының нысаналы тобын анықтау, болашақта қажет жағдайды ұсыну, оған қол жеткізу үшін қажет стратегияларды таңдау бөлігінде өткізген талдауының нәтижелері көрсетіледі. 1.1. «Әзірлеуші» кіші тарауында заң жобасының әзірлеушісін көрсетіп кету қажет. 1.2. «Заң жобасының атауы» кіші тарауында заң жобасының атауын көрсетіп кету қажет. 1.3. «Заң жобасының мақсаты» кіші тарауында заң жобасының мақсатын көрсетіп кету қажет. 1.4 «Құқықтық реттеу нысаны» кіші тарауында заң жобасының құқықтық реттелу нысанын, яғни осы заң жобасымен реттелетін қоғамдық қатынастардың жиынтығын көрсетіп кету қажет. 1.5. «Заңнама саласы» кіші тарауында зерттелетін заң жобасының реттеуіне түсетін заңнама саласын көрсету қажет. Заң жобасын заңнаманың белгілі бір саласына жатқызу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекітілген заңдылық салаларының сыныптамасын пайдалану қажет. (Әдістемелік ұсыныстарға №2-қосымша). Көрсетілген сыныптамада белгілі бір саланың (кіші саланың) болмауы жағдайында, оны қажет ақпаратпен толықтыру керек. 1.6. «Заң жобасының түрі» кіші тарауында заң жобасының келесі критерийлермен сәйкес түрін көрсетіп кету қажет:
1.7. «Заң жобасының әрекеті» кіші тарауында кестеде заң жобасының уақыт, кеңістік және тұлғалар бойынша әрекетін көрсетіп кету қажет.
Заң жобасының уақыт бойынша әрекеті. «Сипаты» бағанында келесілерді көрсетіп кету қажет:
Заң жобасының кеңістіктегі әрекеті. Заң жобалары нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды пайдалануға беру актілерінде басқасы ескерілмеген жағдайда өзінің әрекетін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратады. Осы кіші тарауда заң жобасының төмендегідей етіп нақтылау қажет («Сипаты» бағаны):
Заң жобасының тұлғалар бойынша әрекеті (нысаналы топ). Заң жобаларының әрекеті Қазақстан Республикасында бекітілген заңнама актілерімен және халықаралық шарттармен ескерілген жағдайларды есепке алмағанда, азаматтар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ оның аумағында орналасқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға таратылады. Бірақ осы кіші тарауда заң жобасының әрекеті қандай тұлғаларға (тұлғалар тобына) таратылатынын нақтылап, бір немесе бірнеше нысаналы топты көрсетіп кету қажет. Мысалы, нысаналы топты келесі критерийлер бойынша топтастыруға болады («Сипаты» бағаны):
Егер ұсынылған тізбеде заң жобасы нысаналы тобының белгілі бір түрлері көрсетілмесе, әзірлеуші әзірленетін заң жобасының әрекеті таратылатын нысаналы топтың басқа түрін көрсетуі тиіс. 1.8.«Заң жобасының заң шығару мен экономиканың көршілес салаларымен сәйкестігі» кіші тарауында зерттелетін заң жобасының заң шығару мен экономиканың көршілес салаларымен сәйкестік (байланыс пен әсерін) дәрежесін сипаттау қажет. Мысалы, «Заңнаманың көршілес салалары» - «Сәйкестігін сипаттау» бағанында заңнаманың барлық көршілес салаларын көрсету қажет. Экономиканың қосымша салаларымен ұқсас жағдай. Экономиканың қосымша саласын таңдау үшін Экономикалық әрекет түрлерінің жалпы сыныптамасын (ЭӘЖС) таңдау қажет. 1.9. «Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициенті» кіші тарауы заң жобасындағы нормалардың жалпы санына қатысты жаңа ақпараты бар заң жобасы нормаларының қатысын ұсынады. Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициентін есептеу үшін келесі формуланы пайдалану қажет: Кинф. = Nнов. / Nобщ., мұндағы: Nнов – жаңа ақпараты бар нормалардың саны; Nобщ. – заң жобасындағы нормалардың жалпы саны. «Қолданыстағы редакция» бағанында Заңның қолда бар редакциясын көрсетіп кету қажет, «ұсынылатын редакция» бағанында – заң жобасының редакциясы ұсынылады. «Саны» бағанында нормалардың санын көрсетіп кету қажет. Норманың құрылымдық бөлігін (бөлім, тармақ, бап, тарау) әзірлеуші өзі жеке анықтайды. Бұл ретте құрылымдық бөлім заң жобалары нормаларының белгісіздігін анықтауда есепке алынатын құрылымдық бөліммен бірдей болуы тиіс. Қорытындыда заң жобасы нормалар ақпараттылығының сапалы сипаттамасы және қабылданатын жаңалықтар көрсетілуі тиіс. 1.10. «Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті» кіші тарауы реттелмеген диспозициялары, анық емес тұжырымдамалары, белгісіз терминдері, жоқ құжаттарға сілтемелердің болуы немесе қолданыстағы құжаттарға сілтемелердің болмауы, әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар заң жобасының нормаларына қатыстылығын байқатады. Заң жобасы нормаларының белгісіздігін есептеу үшін келесі формуланы пайдалануға болады: Кнеопр. = (Nдис. + Nнеч.форм. + Nтерм. + Nссыл. + Nпр.) / Nобщ., мұндағы: Nдис. – реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны; Nнеч.форм. – тұжырымдамалары анық емес нормалардың саны; Nтерм. – белгісіз терминдері бар нормалардың саны; Nссыл. - жоқ құжаттарға сілтемелердің болуы немесе қолданыстағы құжаттарға сілтемелері жоқ нормалардың саны; Nпр. - әр түрлі түсіндірілетін сөздері мен фразалары бар нормалардың саны; Nобщ. - заң жобасындағы нормалардың жалпы саны. «Қолданыстағы редакция» бағанында Заңның қолда бар редакциясын көрсетіп кету қажет, «ұсынылатын редакция» бағанында – заң жобасының редакциясы ұсынылады. «Саны» бағанында нормалардың санын көрсетіп кету қажет. Норманың құрылымдық бөлігін (бөлім, тармақ, бап, тарау) әзірлеуші өзі жеке анықтайды. Бұл ретте құрылымдық бөлім заң жобалары нормаларының белгісіздігін анықтауда есепке алынатын құрылымдық бөліммен бірдей болуы тиіс. Қорытындыда заң жобасы нормалар ақпараттылығының сапалы сипаттамасы және көрсетілген нормалардың әрекетке қалай әсер ететіні ұсынылуы тиіс. 2-тарау. «Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі»: Осы тарауда зерттелетін заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін сипаттау қажет. Нақты айтатын болсақ, олар Қазақстан Республикасының 2030 және 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспары, ел басының Қазақстан халқына жолдауы және уәкілетті органның стратегиялық жоспары. 3-тарау. «Әлеуметтік-экономикалық салдарлар»: Осы тарау әзірленетін заң жобасына логикалық-құрылымдық талдау жасау негізінде заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарларына өткізілген бағалаудың нәтижелері енгізілетін кестені (логикалық кестені) құрайды (бағандарды толтыру нұсқаулығы бар 1-кестені қараңыз). Осы кестеде заң жобасын әзірлеуші заң жобасының қабылдануы нәтижесінде қандай мақсаттарға қол жеткізіледі, ол қалай іске асырылады, қажетті қаржылық қамтамасыз ету, қандай нәтижелерге қол жеткізіледі және олар қалайша өлшенетінін, қандай тәуекелдер мен қосымша жағдайлар пайда болатынын көрсетеді. «Әлеуметтк-экономикалық көрсеткіштердің болжамды тізбесі» 3-қосымшада зерттелетін заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау барысында пайдаланатын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мысалдары көрсетіледі. Көрсеткіштердің ұсынылған мысалдары пайыздық, құндық және сандық көріністе ұсынылған. Заң жобасын әзірлеуші көрсеткіштердің осы тізбесін заң жобасын реттеу нысанына қатысты толықтыра алады. Көрсеткіштерді таңдаудың әлдеқайда нақты критерийлері берілген әдістемелік ұсыныстардың «Логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері және Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау барысында оны тәжірибелік пайдалану бойынша ұсыныстар» ІІ-бөлігінде сипатталған. «Логикалық кестенің мысалы: Әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдау» 4-қосымшада Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану аясында әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдаудың логикалық кестесі ұсынылған. Берілген мысалдағы логикалық кестенің ішінде осы Әдістемелік ұсыныстарда бұрын сипатталған баламалы бағаналар тұр, бірақ зерттелетін заң жобасының стратегиялық мақсатының, міндеттері мен нәтижелерінің иерархиясы жоғарыдан төменге қарай берілген. Заң жобаны әзірлеуші орган өзінің қалауы бойынша логикалық кестені толтырудың екі баламалы нұсқасының біреуін пайдалана алады. Шартты мысал: Мемлекеттік орган ҚР «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңын Ұлттық қордың қаражатын пайдалану тетігін ауыстыру бөлігінде және бірінші заң жобасымен бекітілетін тетік негізінде үш жылдық кезеңге Ұлттық қордан кепілді трансферттің мөлшерін орнататын ҚР «Ұлттық қордан ортамерзімді кезеңге кепілді трансферт туралы» Заңын әзірлейді. 1-кесте
4-тарау: «Табыстар мен шығыстарды талдау». Осы тарауда зерттелетін заң жобасын қабылдау нәтижесінде белгілі бір нысаналы топтың табыстары мен шығыстарын есептеп шығару қажет. Кең ауқымды түсінікте табыстарды сандық және сапалық көріністе бағаланатын зерттелетін заң жобасын қабылдаумен байланысты белгілі басмыдықтар мен игіліктерді алу деп түсіндіруге болады (қосымша табыс, пайда, нысаналы топтың өмір сапасын жақсарту және т.б.). Кең мағынадағы табыстарға балама ретінде, шығыстар деп әр түрлі нысаналы топтарға жағымсыз әсер ететін зерттелетін заң жобасының реттеуінің салдарлары есептеледі (мемлекеттік және жеке сектор қызметтерін алу үшін шығыстарды көбейту, нысаналы топтың өмір сапасын нашарлату және т.б.). Пайдалар мен шығыстарды талдау әдісі (ПШТ) заң жобасының салдарларын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді және «әлеуметтік-экономикалық оңтайлылық» критерийіне жауап беретін мемлекеттік саясатты әзірлеуге бағытталған. ПШТ зерттелетін заң жобасының реттеу әсерінің нәтижелерін максималды түрде ақша бірлігінде көрсетуге арналған. Пайдалар мен шығыстардың сандық бағалаулары сапалық бағалауларына қарағанда әлдеқайда жақсы болып келеді. Сонымен қатар, кейбір маңызды пайдалар мен шығыстар (мысалы, тұлғаның құқығын қорғау) сандық бағалау жасау немесе ақша түріне ауыстыру үшін қиындық тудырады. Сондықтан есептелмейтін пайдалар мен шығыстарға мұқият зерттеу жасап отыру қажет. Салдарларға сандық бағалау жүргізіле алмаса, осындай есептелмейтін салдарлармен бірге сапалы талдауды кеңейтіп, толықтыра алатын қол жетімді сандық ақпаратты ұсыну қажет. Екі бірдей есептеуге жол беруге болмайды, өйткені кейбір факторлар басқа әлдеқайда сыйымды критерийлерде орналасуы мүмкін.. Мысалы, реттеу белгілі бір ауданда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталса, осы аудандағы үйдің бағалары экологиялық қалыпты ауданда өмір сүру талабымен байланысты артатын болады. Жылжымайтын мүлік құнының артуын қоғамның жақсарған денсаулығына қатысты бағалау қайталама есептеу болып табылады, жылжымайтын мүлік құннң артуы қоғам денсаулығын көрсететін жағдайда ғана байқалады. Осы мәселеден бас тарту үшін, мүлік құнына салынған қоғамның денсаулығын жақсартатын әсерлерді алып тастау қажет. Сонымен қатар, шығыстарды есептеуде өзгерістердің салдарларын ескермейтін талдау, осы реттеудің барлық спектрін қамти алмайды. ПШТ талдауын жүзеге асыруда пайда болатын тұрпатты қателерге келесілер жатады:
ПШТ зерттелетін заң жобасын реттеуге байланысты барлық пайдалар мен шығыстарды есептеуде және анықтауда байқалады. Осындай әдіс кезінде реттеумен бірге жүретін жалпы пайдалар жалпы шығыстармен салыстырылады және қорытынды оң болса, реттеу жүзеге асырылған болып есептеледі. Осы әдістің логикалық негіздемесі ресурстардың шектелгенінен көрінеді, олар қоғамның пайдасын асыру үшін максимады түрде есептелуі тиіс. Реттеу шешімдері жағымды және жағымсыз әсерге ие, осы әдіс шешімді қабылдау процесінде жалпы әлеуметтік мүдделердің назарға алынуын ескереді.
«Заң жобасының тұлғалар бойынша әрекеті (нысаналы топ)» 1.6-тарауында заң жобасы әрекетінің қандай тұлғаларға (тұлғалар тобына) таратылатынын нақтылап, бір немесе бірнеше нысаналы топты анықтау қажет. Осы тарауда зерттелетін заң жобасын қабылдаудан пайдаларды немесе шығыстарды ала алатын нысаналы топты анықтау қажет. Мысалы, білім беру бойынша нысаналы топ үшін (мектеп жасына дейінгілер, оқушылар, ЖОО студенттері және т.б.), тікелей пайда деп мектепке дейінгі, мектеп және студенттік орындардың артуын, оқыту төлемінің азаюын айтуға болады. Әр түрлі нысаналы топтарға арналған заң жобалары шығыстары мен пайдаларының ашық тізбесі «Заң жобаларының реттеу әсерінің пайдалары мен шығыстарының мысалы» 5-қосымшада ұсынылған.
Берілген кіші тарауда зерттелетін заң жобаның қабылдануынан жанама пайдалар мен шығыстарды алатын халықтың қалған барлық топтарын көрсету қажет.
Кәсіпкерлер үшін пайда ретінде өндірістік және мүліктік шығыстардың азаюы, заңнаманы сақтау үшін шығыстарды және уақытты азайту, бизнес-ахуалды, экономикалық тұрақтылықты және бизнестің болжамданатынын жақсартуды жатқызуға болады. Кәсіпкерлер үшін шығыстарға өндірістік және мүліктік шығыстардың артуы, заңнаманы сақтау үшін қаржылық шығыстардың артуы, саяси және әкімшілік шығыстар жатады. 6-қосымша – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен жасалған «Нормативтік құқықтық актіні пайдалануға енгізумен байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығыстарының артуын және (немесе) азаюын нақтылайтын, есептеулерді жүргізу бойынша Әдістемелік ұсыныстарды» көрсетеді. 7-қосымша – жүйелік өтеудің салықтық есептеулерін алмастырған жағдайда пайдалар мен шығыстардың талдау мысалын көрсетеді 5-тарау: «Қаржылық қамтамасыз ету» Осы тарауда заң жобасын енгізуге, заң жобасының стратегиялық мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуге, сондай-ақ жоспарланатын әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті барлық қаражат пен шығыстарды (адами, материалдық, қаржылық) көрсетіп кету тиіс. Мысалы, мемлекеттік органдардың шығыстарына келесі қаржылық шығыстар жатады: -заңның әзірленуімен, келісілуімен және күшіне енуімен байланысты шығыстар; - заңның орындалуына бақылау жүргізумен байланысты шығыстар; - санкцияларды орнатумен байланысты шығыстар; - нарықты зерттеу және талдаумен байланысты шығыстар; - персоналды оқытуға кететін шығыстар; - заңнаманы зерттеуге кететін және басқа да шығыстар. Заң жобасының мақсаттарына қол жеткізумен байланысты табыстарды арттыру немесе азайтуды есептеп шығару қажет. Мысалы, бюджетке келесі салымдардың түсуін күту: салықтық, салықтық емес, негізгі капитал мен трансфертті сатудан түсетін салымдар және т.б. Осылайша, республикалық, жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың және (немесе) бюджеттен тыс қаржы көздерінің әзірленетін заң жобасын әзірлеуге қажетті қаражатын есептеп, бұл есептеулер қысқа, орта және ұзақмерзімді кезеңге жасалуы тиіс. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының (ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар) қаражаты тартылу нәтижесінде, Паспорттың осы тарауында осындай қаражаттың көлемін көрсетіп кету қажет. Егер заң жобасының қабылдануы республикалық және жергілікті бюджетке, Ұлттық қорға салымдардың азаюын, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді ұсынудан түсетін салымдарды, сондай-ақ заң жобасын пайдаланудың шығыстарын ескеру қажет. 6-тарау: «Қорытындылар» Осы тарау қобылданатын заң жобасы әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына өткізілген бағалау бойынша талдаулық қорытындыға ие болуы тиіс. Міндетті талап – осы тараудың барлық тармақтарының толтырылуы. |
![]() | Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнамалық актілердің жобаларын қоспағанда, нақты айтсақ, конституциялық... | ![]() | Қазақстан Республикасының Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың... |
![]() | 1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)... | ![]() | Әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе Ортамерзімдік жоспары (әрі қарай Жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 14 маусымындағы №647 қаулысымен бекітілген,... |
![]() | Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси... | ![]() | Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан... |
![]() | АҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)... | ![]() | Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы... |
![]() | Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Республикасының 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (кестелер) | ![]() | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Пәнді оқытудың мақсаты – оқырмандарға стратегиялық басқарудың экономикалық білімнен, өзінің талпыныстарынан, жағдайды талдау мен... |