Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 444.23 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
страница2/2
Дата конвертации09.02.2016
Размер444.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish158644_8709.doc
1   2
Осы  тармақшаның бірінші абзацының талаптары мына жағдайда эмитентке қолданылмайды:

егер эмитенттің операциялық қызметінен алынған таза ақша қаражаты ағыны аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым бар болған жағдайдағы-шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес соңғы үш жылдың әрбір жылында оң болып табылса;

осы эмитенттің акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде Қазақстан Республикасының қазба байлықтар және оны пайдалану жөніндегі заңнамасына сәйкес құзыретті органмен жасалған келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөнінде жүзеге асырылатын операциялар. Бұл ретте, осы эмитенттің акциялары қор биржасының ресми тізіміндегі осы санатқа енгізілген күннен бастап үш жыл өткен кезде және одан кейінгі әрбір жыл үшін эмитент акцияларының таза пайдасы қаржылық есептілікке (еншілес ұйым бар болған жағдайдағы-шоғырландырылған қаржылық есептілігіне) сәйкес аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне баламасы кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК тұратын соманы құрайды;

7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан (эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге) осы типтес акциялар санынан он пайызды, аталған акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда, он бес пайыз – аталған акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда және жиырма бес пайызды –аталған акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап екі жыл өткен жағдайда құрайды.

Еркін айналымдағы акциялар санына "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын, осындай тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.

Елуден астам пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу күніне еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан акциялар санының бес пайызын құрайды және аталған акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он пайызды құрайды.

      Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялары бойынша дербес жүзеге асырылады;

    8) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

9) акцияларды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

5. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш беру күнінен кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімі есепке алу жүргізіледі.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін кемінде екі жыл жұмыс істеу мерзімі ретінде талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;

3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін уәкілетті орган бекіткен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарының кіруіне рұқсат беру үшін біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйымы жүргізеді;

4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылына;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылына эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;

5) эмитенттiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептiлiк күнiне жасалған қаржылық есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептi күнiне жасалған қаржылық есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) айлық есептiк көрсеткiштiң жүз жетпiс бiр мың еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайды.

Осы санаттағы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайды.

Осы тармақшаның үшiншi абзацының талаптары ресми тiзiмге артықшылықты акцияларды енгiзу жағдайында қолданылмайды.

Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болғанда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;

6) акциялар эмитентiнiң соңғы екi жылдың бiреуiнде аудиторлық есебiмен расталған соңғы есептi күнiне жасалған қаржылық есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) таза табысының болуы;

7) еркін айналымдағы акциялар саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан осы түрдегі (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттығы ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын және осы акциялармен сауда-саттығы ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң - он бес пайызын құрайды.

Еркін айналымдағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар кірмейді.

Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін акцияларын ресми тізімге енгізу күніне, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналастырылған акциялар санының кем дегенде бес пайызын құрайды.

Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;

8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы. Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы, егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елі заңнамасында көзделсе;

9) акцияларды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

6. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;

2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін уәкілетті орган бекіткен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарының кіруіне рұқсат беру үшін біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйымы жүргізеді;

3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.

Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, эмитентте мына құжаттардың біреуі бар болған жағдайда:

соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп, не жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;

4) эмитенттiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есеп беру күніндегi қаржылық есептiлiкке сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) елу бiр мың еселi АЕК мөлшерінен кем болмайтын баламалы соманы құрайды;

5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;

6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасының, 5-тармағының 3) тармақшасының және 6-тармағының 2) тармақшасының талаптары мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:

1) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент мынадай халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп беру;

2) қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің акциялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болған, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсыну.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) рейтингтік бағалары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен танылатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің бірімен борыштық бағалы қағазына рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болғанда, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;

2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кемінде екі жыл уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.

Егер, қор биржасының ішкі құжаттарымен акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзіміне қойылатын талап белгіленсе, осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талап осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

3) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;

4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін уәкілетті орган бекіткен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарының кіруіне рұқсат беру үшін біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйымы жүргізеді;

5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылына;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылына эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;

6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елі заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

7) борыштық бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы борыштық бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.»;

10, 10-1 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» шағын санатына енгізу үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды, қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімін және олардың сонда болуын қоспағанда, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін уәкілетті орган бекіткен аудит ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сай келетін аудиторлық ұйыммен жүргізіледі;

4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;

егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған қатарынан екі қаржы жылынан.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;

5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болады. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.

Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы шағын санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі

6) соңғы екі жылдың біреуіндегі эмитенттің таза кірісі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша АЕК-тің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.

Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы мәселе аудиторлық есеппен расталған, көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болатын аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады;

8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елі заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;

9) борыштық бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы шағын санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы борыштық бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы шағын санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптың 8-тармағының 1), 3), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптың 10-тармағының 2), 8) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

11. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санатынан кейінгі)» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бір жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін уәкілетті орган бекіткен аудит ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сай келетін аудиторлық ұйыммен жүргізіледі;

4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;

егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған қаржы жылынан.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;

5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болады. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тің үш жүз қырық мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.

Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы шағын санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;        

6) эмитенттің аяқталған үш қаржы жылының біреуіне, аудиторлық есеппен расталған соңғы есептi күнiне жасалған қаржылық есептiлiгiне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза табысының болуы;

7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылының сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша АЕК-нің үш жүз қырық мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.

Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы мәселе аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;

8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы;

9) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.»;

11-2 және 11-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:

1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;

2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;

3) рейтингтік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингтік баға берілді.

Оригинаторда «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3» төмен емес («Moody's Investors Service» рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) не «Standard & Poor's», «Fitch» және (немесе) «Moody's Investors Service» рейтингтік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдің рейтингтік бағасы бар.

Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;

4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС сәйкес жасайды;

5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған оригинатордың қаржылық есептілігін ұсынады:

егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;

егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

Оригинатордың қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың біреуі жүргізеді;

6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы екі жылдың біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;

8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген;

9) оригинатордың левередж мөлшері аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;

10) рұқсат беру бастамашысы (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) эмитенттің соңғы есептілік күніне ҚЕХС сәйкес жасалған және қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебімен расталған қаржылық есептілігін береді;

11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төледі;

12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;

13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;

14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;

15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс;

16) акционерлік қоғамдарға қатысты эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;

17) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:

1) Талаптың 11-2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 16) және 17) тармақшаларында көзделген талаптар;

2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;

3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;

4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;

5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 11-4-тармақпен толықтырылсын:

«11-4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, құрған, ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызына иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялары қаржы секторының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған, ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын қаржы секторының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін осы облигациялар және олардың эмитенті Талаптың 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Инфрақұрылымдық облигациялар қаржы секторының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші шағын санатына» (ең жоғарғы санатынан кейінгі) шағын санатына енгізіледі.

Инфрақұрылымдық облигацияларды ресми тізімнің осы шағын санатына енгізу және сонда қалдыру үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы Талаптың 11-тармағының 2), 3), 8), 9) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет.»;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Талаптың 8-тармағының 4) тармақшасындағы, 10-тармағының 3) тармақшасындағы және 11-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:

1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;

2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің облигациялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.»;

13-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13-5. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын Талаптың 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көзделген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.

Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Іс-шаралар жоспарында:

  1. эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;

2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;

3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;

4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындау мерзімдері;

5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;

6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.

Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.  

    Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

Қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банкті және оның бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) не аталған екінші деңгейдегі банктің бірінші басшысының міндетін атқаратын тұлға (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) қол қойған өтініштің негізінде, осы аударым жасауды қор биржасының директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда жүргізіледі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен пайларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, осы бағалы қағаздар, сондай-ақ инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер оның инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат етілуі тиіс;

2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрайды;

3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтті;

4) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.

Соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтінішін қор биржасы инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылдайды, оларда мыналар бар болған жағдайда:

соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;

5) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың меншікті капиталы жарғы капиталынан аз болмауы тиіс және соңғы есептілік күнде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;

6) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудиті қаржы орталығының арнайы сауда алаңына уәкілетті орган бекіткен қаржы құралдарын жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүргізіледі;

7) инвестициялық қордың болуының барлық мерзімі ішінде оның басқарушы компаниясында немесе инвестициялық қорда бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болған жоқ;

8) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

9) соңғы есеп беру күні инвестициялық қордың таза активтерінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.

Егер ресми тізімге енгізу күнінде осы инвестициялық қордың орналастырылған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, таза активтердің құны бойынша осы тармақшаның талаптары инвестициялық қордың осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш айдан кейін қолданылады;

10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш ай өткен соң елуден кем емес болуы тиіс;

11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады;

12) басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;

13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;

14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушының біреуімен жүргізіледі.

Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;

15) қызмет етуінің әр жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілігіне сәйкес таза кірістің бар болуы;

16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.»;

14-2 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14-2. Талаптардың 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар рейтингтік бағасын уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуінің рейтингтік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына таралмайды.

15. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «инвестициялық қордың бағалы қағаздары» секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін индекстік қор мен оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген;

2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар уәкілетті орган таныған биржалардың тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілгенде.»;

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Талаптардың 14-тармағының 6) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:

1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қоры халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;

2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес басқарушы компаниямен құрылған және (немесе) басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қорының бағалы қағаздары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторындағы айналысқа халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі:

1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылуы;

2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің міндетті бар болуы.

 Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасы белгілейді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «Туынды бағалы қағаздар» секторына туынды бағалы қағаздарды енгізу және олардың сонда болуы үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті уәкілетті органмен келісуге жататын қор биржасының ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын ықшамдалған рәсім бойынша енгізу үшін қойылатын талаптар:

1) бағалы қағаздар уәкілетті орган таныған қор биржаларының тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілген;

2) эмитенттердің ақпаратты ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен рұқсат беру бастамашысы немесе  эмитент арасында жасалған ақпаратты ашу туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады;

3) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың ресми тізімде болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті;

4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.».

2. Осы Қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы қаулының 1-тармағының отыз тоғызыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.


Ұлттық Банктің

Төрағасы Марченко Г.А.

1   2

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница