Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 444.23 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
страница1/2
Дата конвертации09.02.2016
Размер444.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish158644_8709.doc
  1   2




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

_______________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2012 жылғы № ____ ________





Алматы қ.


г. Алматы
Жоба



«Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5223 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1485) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ аталған бұйрықпен белгіленген осындай бағалы қағаздарға қойылатын Талаптарында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 « 1. Осы Талаптар мақсатында келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне қаржы тарту, соның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру болып табылатын заңды тұлға;

      2) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;

      3) борыштық бағалы қағаз - шығару шарттарымен бекітілген көлем мен мерзімде, оның иесіне эмитенттен негізгі борыштың сомасын алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) жіберілім бастамашысы - бастамасы бойынша бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, немесе қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);

      6) индекстік қор - белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін, активтері ұқсас қаржы құралдарынан тұратын, берілген қор үшін "негіз" болып табылатын, инвестициялық қор;

      7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

      8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым («Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес айқындалғандай);

      9) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - бағалы қағаздар және бағалы қағаздардың эмитенттері аталған тізімге ену үшін және онда қалдыру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;

      10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      11) листингілік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;

      12) маркет-мейкер - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардың баға кесімін қолдау және ұдайы жариялау бойынша өзіне міндеттеме қабылдаған, қор биржасымен маркет-мейкер ретінде танылған қор биржасының мүшесі;

      13) ресми тізім секторы - белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;

      14) сауда алаңы - ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген), қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі;

      15) индекстің өкілдік тізімі - қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында параметрлері қолданылатын белгіленген бағалы қағаздардың тізімі;

      16) үлестік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда, мүліктің белгілі үлесіне оның иесіне құқығын растайтын бағалы қағаз;

      17) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31тамыздағы Заңымен белгіленген тәртіп бойынша бекітілген қайта құрылымдау жоспары негізінде не «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіп бойынша бекітілген сауықтыру жоспарымен іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа іс-шаралар және рәсімдер кешені.»;

4, 5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.

      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде үш жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 4-тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

  2) эмитент қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

    3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:

      соңғы үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу күнінен төрт ай өтіп берілсе;

соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу күнінен төрт ай ішінде берілсе.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру күнінен осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілк бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептіліктің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.

 Жіберілім бастамашысымен соңғы ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру күнінен, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру күніне дейін алты ай өтуі тиіс;

 5) эмитенттің меншікті капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым бар болған жағдайда-шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы эмитенттің соңғы күнгі қаржылық есептілігінің (еншілес ұйым бар болған жағдайда-шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде баламасы сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрауы керек.

Берілген санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты айдан кейін осы акциялардың эмитентінің нарықтық капиталдандырылуы қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетіндей, баламасы сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі АЕК кем емес болуы керек.

Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды.

Осы санаттың акциялары  қаржы орталығы сауда алаңының арнайы ресми тізімінде болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капиталдың жеткіліктілігі жөніндегі пруденциалдық нормативті сақтау кезінде қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;

Эмитенттің меншікті капиталы оның жарғы капиталының мөлшерінен жоғары болуы жөніндегі талабы Қазақстан Республикасының қазба байлықтар және оны пайдалану жөніндегі заңнамасына сәйкес құзыретті органмен жасалған келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде қор биржасының ресми тізімінде осы санаттағы эмитенттің акциялары енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде осы эмитентке қолданылмайды;

6) эмитент акцияларының соңғы әрбір үш жыл ішіндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым бар болған жағдайда-шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.

Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда, соңғы үш жылдың екі жылында акциялар эмитентінің аудиторлық есептілікпен расталған соңғы есептілік күніндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйым бар болған жағдайда-шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес әр бір жыл үшін баламасы кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК құрайтын таза кірісі бар болуына жол беріледі;

 
  1   2

Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница