Акцияларды шығару бағыттамасы




Скачать 214.96 Kb.
НазваниеАкцияларды шығару бағыттамасы
Дата конвертации09.02.2016
Размер214.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/emi/stocks/A3965/stocksA3965$-$451$-$..doc

Акцияларды шығару бағыттамасы



«Оралоблгаз» акционерлік қоғамы

(«Оралоблгаз» АҚ)


Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі инвесторларға осы бағыттамада сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты қандай-ма болмасын ұсынбалар беру деген сөз емес. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжатта мазмұндалған ақпараттардың дұрыстығына жауап бермейді. Акцияларды шығару бағыттамасының Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарына сәйкестігі ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы бағыттамадағы ақпараттардың дұрыстығына жауап береді және ондағы берілген барлық ақпараттардың нақты екендігін және инвесторларды қоғамға және оның орналастырылатын акцияларына қатысты теріс бағытқа салмайтынын куәландырады.


I.Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер:


2. Акционерлік қоғамның атауы.


Толық – «Оралоблгаз» акционерлік қоғамы.

Қысқартылған – «Оралоблгаз» АҚ.


Бұрынғы толық және қысқартылған атаулары:


- 1993 жылдың 21 желтоқсанында тіркелген «Алаугаз» газ шаруашылығының Орал акционерлік қоғамы («Алаугаз» Орал АҚ);

- 1996 жылдың 27 наурызында қайта тіркелген «Оралоблгаз» ашық акционерлік қоғамы («Оралоблгаз» ААҚ);

- 1997 жылдың 16 қаңтарында қайта тіркелген «Оралоблгаз» ашық акционерлік қоғамы («Оралоблгаз» ААҚ).


3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер.


Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде қайта тіркелді, 2005 жылдың 8 сәуіріндегі № 357-1926-АҚ куәлігі.


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

СТН 270100000064



5. Акционерлік қоғамның орналасқан жері туралы ақпарат, байланыс телефондарының және факс нөмірлері, электронды поштаның мекен-жайы.


Толық пошталық мекен-жайы: 417024, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29.

Телефон нөмірлері: 215212, 212981.

Факс нөмірі – 215212.

Электронды поштаның мекен-жайы: uralskoblgaz@mail.ru


6. Акционерлік қоғамның банк реквизиттері.


Орал қаласы, Алмазов көшесі, 58, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның филиалы, БИК 002467437, ИИК 194901706, Ұлттық банктің төлем жүйелері басқармасының корреспонденциялайтын есепшоты 600161126.


7. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері:


- облыстағы тұрғын үйлерді, қазандарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, ұйымдар мен мекемелерді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету;

- жоғары, орта және төмен қысымды газ тарату желілерін және оларға қосымша құрылыстарды: газ реттейтін пункттер мен қондырғылар, электро-химиялық қорғаныс және энергиямен қамту құралдарын пайдалану және жөндеу;

- үйішілік газ приборлары және желілерді пайдалану және жөндеу;

- жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосу, газбен қамтудың сыртқы жүйелеріне және оларға қосымша құрылыстарға бастапқы және қайта газ жіберу, сондай-ақ үйлердің ішіндегі желілерге газ жіберу;

- үйішілік газ желілері мен приборларының жағдайына приборлық диагностика жасау;

- тұтынушыларға шығындалған газдың жедел есебін жүргізу;

- авария жөніндегі тапсырыстарды орындау, газ желілері мен оларға қосымша құрылыстардағы авариялық жағдайларды оқшаулау және жою;

- газ тарату желілері мен оларға қосымша құрылыстарды, үйішілік газ желілері мен газ приборларын жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеу;

- үйішілік газ желілері мен приборларды, сенімсіз газ құбырлары мен оларға қосымша құрылыстар учаскелерін күрделі жөндеу, ауыстыру және қайта жасақтау;

- газ приборларын, газ есептегіштерін, газ сигнализаторлары мен бақылау-өлшеу приборларын орнату;

- газ есептегіштері мен бақылау-өлшеу приборларын тексеру және сынақтан өткізу;

- газ тұтынушы қондырғылар мен приборларды монтаждау және қайта монтаждау;

- газбен жабдықтау нысандары құрылысына және оларды қайта жасақтауға техникалық қадағалау жөніндегі қызметтер көрсету;

- заңнамаларда белгіленген тәртіппен газ шаруашылығы нысандарын салу, жөндеу және қызмет көрсетумен байланысты кадрларды оқыту, аттестаттау және қайта даярлау;

- өзіндік крандарды пайдалану, жөндеу және техникалық қамту;

- баланстағы сұйытылған газдың топтық резервуар қондырғылары мен сыйымдылықтарын қайта монтаждау, техникалық қамту және дегазация;

- газ құбырлары трассаларын және оларға қосымша құрылыстарды аралап-қарау;

- газ тарату желілері мен оларға қосымша құрылыстар жағдайын приборлық диагностика жасау;

- газ тарату желілеріне бақылау жүргізу;

- жер асты газ құбырлары мен оларға қосымша құрылыстарды электро-химиялық тозудан қорғау.

8. Акционерлік қоғамға немесе оның шығарған құнды қағаздарына халықаралық рейтингтік агенттіктердің және (немесе) Қазақстан Республикасы рейтингтік агенттіктерінің берген рейтингтің бары туралы мәліметтер.

Жоқ.


9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атауы, тіркелген күні, орналасқан жерлері және пошталық мекен-жайлары.

Акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.


10. Акционерлік қоғамның қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың аты-жөні, тегі).

«Контакт» ЖШС (Мырзашев Ғалымжан Ашонұлы), ҚР ҚМ-нің 2000 жылдың 21 наурызындағы № 0000059 мемлекеттік лицензиясы.


II.Қоғамның органдары мен құрылтайшылары (акционерлері).


11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.

Акцияларды шығару бағыттамасының уақытына директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің тізімі төмендегідей сипатта:


Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің аты-жөні, тегі

Туған

жылы

Соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы

Тиесілі акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатысы

Есқалиев Нәжмеден Ықсанұлы

(төраға)

1941

1994-2003 ж.ж. Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі.

2003 ж. 20 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің төрағасы

-

Кеңес мүшелері










Құрманов Сағын Хамитұлы

1946

1996 ж. 1 қазаннан бастап «Батыс Самал компаниясы» ЖШС-нің бас директоры

-

Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы

1970

2001-2003 ж. Батыс Қазақстан

облысының экономика басқармасының бастығы.

11.08.2003-2004 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының коммуналдық

меншіктер басқармасының бастығы.

2005 ж. 5 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті директорының орынбасары

-

Гордиенко Вячеслав Дмитриевич

1943

1994-2004 ж.ж. «Оралоблгаз» ААҚ-ның пайдалану жөніндегі вице-президенті.

2004 ж. 18 маусымнан бастап «Оралоблгаз» АҚ-ның президенті

0,09

Касачев Александр Фридрихович

1952

1996 ж. 1 қазаннан бастап «Батыс Самал компаниясы» ЖШС-нің атқарушы директоры

-


Директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі еншілес және тәуелді ұйымдардағы акциялардың осы ұйымдармен орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатысы (жарғылық капиталдағы үлесі) – директорлар кеңесі мүшелерінің еншілес және тәуелді ұйымдарда акциялары жоқ, себебі акционерлік қоғамның жоғарыда көрсетілгендей ұйымдары жоқ.


Директорлар кеңесі құрамында соңғы екі жылда болған өзгерістер:

- 2003 жылы К.К.Кенженгалиевтің орнына Е.К.Шатинов директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, ал 2003 жылдың қазанында директорлар кеңесінің төрағасы болып А.Т.Аманғалиев сайланды;

- 2004 жылы директорлар кеңесі құрамына Н.Е.Есқалиев директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланды, сондай-ақ В.Д.Гордиенко сайланды;

- 2004 жылы С.Х.Мұташев пен М.А.Қазтуғанов директорлар кеңесі құрамынан шығарылды.


12. Акцияларды шығару бағыттамасының уақытына акционерлік қоғамның алқалы (дара) атқарушы органы.

Акцияларды шығару бағыттамасының уақытына атқарушы органның барлық мүшелерінің тізімі мынандай сипатта:

Атқарушы орган мүшелерінің аты-жөні, тегі

Туған

жылы

Соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы

Тиесілі акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатысы

Гордиенко Вячеслав Дмитриевич (басқарма төрағасы)

1943

1994-2004 ж.ж. Оралоблгаз» ААҚ-ның пайдалану жөніндегі вице-президенті.

2004 ж. 18 маусымнан бастап «Оралоблгаз» АҚ-ның президенті

0,09

Басқарма мүшелері










Құлшаров Асқар Иманқұлұлы

1962

2001 ж. 3 шілдеден бастап «Оралоблгаз» АҚ-ның техникалық директоры

-

Шарменева Қарлығаш Ғалымжанқызы

1948

1992 ж. 2 қарашадан бастап «Оралоблгаз» АҚ-ның бас бухгалтері

0,07

Казакова Любовь Михайловна

1955

19987-2004 ж.ж. «Оралоблгаз» ААҚ ПЭО бастығы.

2004 ж. 1 наурыздан бастап «Оралоблгаз» АҚ ОЭ және ТП бастығы

0,07

13. Соңғы қаржы жылында қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген еңбекақы және сыйақының жалпы сомасы.

2004 жылғы еңбекақы мен сыйақының жалпы мөлшері 9417 мың теңгені құрады.


14. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы.


  1. Акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері:

пайдалану-авариялық қызмет;

көлік цехы;

жөндеу-құрылыс учаскесі;

абонент бөлімі;

оқыту пункті;

жөндеу-механика цехы;

зертхана;

аудандық пайдалану учаскелері (а.п.у.) – 6 дана;

пайдалану учаскелері (п.у.) - 2 дана;


2) 2005 жылдың 1 сәуіріне акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны – 496 адам, соның ішінде акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктерінің қызметкерлері жоқ;

3) акционерлік қоғамның акцияларын иемденетін акционерлік қоғам қызметкерлерінің саны және орналастырылған акциялардың жалпы санындағы олардың жиынтық үлесі, пайызбен – артықшылықты акцияларын иемденетін қызметкерлердің барлық саны 78 адам, олардың жиынтық үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санынан 13,25 пайыз құрайды;


4) акционерлік қоғамның бөлімшелерінің басшылары туралы мәліметтер (аты-жөні, тегі, туған жылы):


пайдалану-авариялық қызмет – Рахметулин Ерлан Ғұмарұлы, 1970 жыл;

көлік цехы – Бутенко Валерий Петрович, 1951 жыл;

жөндеу-құрылыс учаскесі – Мұханғалиев Қажымұрат Санжанұлы, 1964 жыл;

абонент бөлімі – Солодовников Александр Федорович, 1947 жыл;

оқыту пункті – Носков Сергей Анатольвич, 1952 жыл;

жөндеу-механика цехы – Какойло Николай Федорович, 1949 жыл;

зертхана - Глебский Николай Тарасович, 1946 жыл;

Бөрлі а.п.у. – Тумағалиев Серікқали Мұратұлы, 1961 жыл;

Жаңақала а.п.у. – Нұрмұхамбетов Аслан Сисенбайұлы, 1965 жыл;

Жәнібек а.п.у. – Уәлиев Амангелді Мырзағалиұлы, 1940 жыл;

Жалпақтал а.п.у. – Рысмағамбетов Төлеген Исмағұлұлы, 1952 жыл;

Зеленов а.п.у. – Қазжанов Марат Кенжеғалиұлы, 1960 жыл;

Казталов а.п.у. – Шалакашев Анатолий Жиенгалиевич, 1954 жыл;

Приураль а.п.у. – Ғабдрахимов Асқар Елегенұлы, 1963 жыл;

Тасқала а.п.у. – Киматов Марат Талапұлы, 1969 жыл.


5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәліметтер (аты-жөні, тегі, туған жылы) – акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.


15. Қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері.


Қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан аса пайызын иемденетін барлық акционерлердің тізімі мынадай:


Заңды тұлғалар акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға-акционерлердің аты-жөні, тегі

Заңды тұлға акционерлердің орналасқан жері немесе төлқұжат деректері және жеке тұлға – акционерлердің орналасқан жерлері

Акционерлерге тиесілі орналастырылған қоғам акцияларының пайыздық арақатысы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласы, Ленин даңғылы, 179


56,00

«Ақ Жайық» ААҚ ФПК

Орал қаласы, Батурин көшесі, 44/1

20,00

«Рост-Фонд-КРАМДС» ААҚ

Орал қаласы, Гвардейская көшесі, 8/1

10,00


Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуға опциондар жасалған жоқ.


16. Акционерлік қоғам ірі акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер – ұйымның орналастырылған акцияларының он және одан аса пайызын (жарғылық капиталда үлес) иемденеді.


Акционерлік қоғамның басқа ұйымдарда акциялары жоқ.


17. Қоғам қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдинг, концерн, ассоциация, консорциумдар.


Акционерлік қоғам аталмыш ұйымдарға қатыспайды.


18. Акционерлік қоғамның басқа да аффинирленген тұлғалары туралы мәліметтер.


Акционерлік қоғамның басқа да аффинирленген тұлғалары жоқ.


18-1. Қоғамның аффинирленген тұлғаларымен мәміле жасау.

Мәмілелер жасалған жоқ.


III. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаттамасы


19. Негізгі қызмет түрлері:

- облыстағы тұрғын үйлерді, қазандарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, ұйымдар мен мекемелерді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету;

- жоғары, орта және төмен қысымды газ тарату желілерін және оларға қосымша құрылыстарды: газ реттейтін пункттер мен қондырғылар, электро-химиялық қорғаныс және энергиямен қамту құралдарын пайдалану және жөндеу;

- үйішілік газ приборлары және желілерді пайдалану және жөндеу;

- үйішілік газ желілері мен приборларының жағдайына приборлық диагностика жасау;

- авария жөніндегі тапсырыстарды орындау, газ желілері мен оларға қосымша құрылыстардағы авариялық жағдайларды оқшаулау және жою;

- газ тарату желілері мен оларға қосымша құрылыстарды, үйішілік газ желілері мен газ приборларын жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеу;

- газ приборларын, газ есептегіштерін, газ сигнализаторлары мен бақылау-өлшеу приборларын орнату;

- заңнамаларда белгіленген тәртіппен газ шаруашылығы нысандарын салу, жөндеу және қызмет көрсетумен байланысты кадрларды оқыту, аттестаттау және қайта даярлау;

- өзіндік крандарды пайдалану, жөндеу және техникалық қамту;

- газ құбырлары трассаларын және оларға қосымша құрылыстарды аралап-қарау;

- газ тарату желілері мен оларға қосымша құрылыстар жағдайын приборлық диагностика жасау;

- газ тарату желілеріне бақылау жүргізу;

- жер асты газ құбырлары мен оларға қосымша құрылыстарды электро-химиялық тозудан қорғау.

«Аркагаз» АҚ ең негізгі бәсекелес болып табылады.

20. Негізгі қызмет түрлері бойынша сатудың (жұмыс, қызмет) кірістілігіне оң және келеңсіз әсер ететін факторлар.


Акционерлік қоғамның кірістілігіне келеңсіз әсер ететін факторлар:

- барлық абоненттерде тұрмыстық газ есептегіштерін орнату міндеттілігі жөнінде нормативтік базаның жоқтығы;

- тұтынылған газды толық есептеуге ықпал етпейтін тұрмыстық газ есептегіштері конструкциясының жетілдірілмеуі;

- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің көпқабатты үйлерде тұратын абоненттерді қызмет ақысын төлемегені үшін газбен жабдықтау тетіктерінен айыруға тыйым салатын 1997 жылғы 11 сәуірдегі №9 қаулысы.


21. Соңғы екі жылдағы өткізілген өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемі.


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2003 жыл

2004 жыл

Өткізілген өнім көлемі - барлығы, соның ішінде:


жергілікті газ құбырлары бойынша газ тасымалдау және өткізуден


мың теңге


-


164156


138224


360931


324416


Табиғи газды тасымалдау және өткізу құрылымы өзгерген жоқ.

2004 жылы Табиғи монополиялар қызметін реттеу департаменті облыс тұтынушыларына газ өткізу тарифтері мен бағасын қайта бекітті, сондай-ақ тұтынушыларға газ өткізу көлемі өсті.

Өзге қызмет бойынша өткізу көлемі нақты көлемнің (есептегіштер, сигнализаторлар орнату, зертхана және оқыту пунктінде көрсетілетін қызметтер) өсуі есебінен артты.


22. Қоғамның өз өнімдерін (жұмыс, қызмет) сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметі.


Акционерлік қоғам өнім өндірумен айналыспайды. Табиғи газды жергілікті газ тарату желілері бойынша өткізуді және тасымалдауды жүзеге асырады.

Тұтыну газын негізгі тұтынушылар (тұтыну газы жалпы құнының бес және одан аса пайызын құрайтын) мыналар болып табылады:

  • облыс тұрғындары 30 пайызға дейін

  • «Жайықжылуқуаты» АҚ 42 пайызға дейін.



Табиғи газды негізгі жеткізушілер (барлық жеткізу көлемінің бес және одан аса пайызын иемденетін) болып Астана қаласының «КазРосГаз» ЖАҚ-ы – 93 пайызға дейін және Атырау қаласының «Тенгизшевройл» ЖШС-і – 6 пайызға дейін.



23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

1) маусымдық сипаттағы қызмет түрлері және акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі оларды үлесі.

Акционерлік қоғамда маусымдық сипаттағы қызмет түрлері жоқ.


2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыс, қызмет) импорт үлесі және өткізілетін өнімдердің жалпы көлеміндегі акционерлік қоғамның экспортқа өткізетін өнімінің (жұмыс, қызмет) үлесі.

Ресей Федерациясынан («Саратовоблгаз» ААҚ) табиғи газ жеткізу 0,4 пайызға дейін және Ресей Федерациясы бойынша газды тасымалдау 0,2 пайызға дейін.


3) нәтижесінде акционерлік қоғам қызметінің тоқтатылуына немесе өзгеруіне әкеліп соғатын, одан ақшалай және өзге де міндеттер талап ететін сот процестеріне қатысқаны туралы мәліметтер.

Акционерлік қоғам мұндай сот процестеріне қатыспайды.

4) соңғы жыл ішінде акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына уәкілетті орган және (немесе) сот салған әкімшілік шаралар туралы мәліметтер.

Акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік шаралар қолданылған жоқ.


5) топтар бойынша қауіп факторларын талдау:


құнды қағаздардың ұйымдасқан рыногындағы немесе биржадан тыс рыноктардағы акциялар бағасының өзгеруіне, сондай-ақ қоғам акцияларының құнына ықпал ететін рынокта өнім құнының өзгеруіне әсер ететін - мүмкін;

инфляция, девальвация және банк пайыздарының ставкаларына негізделген – доллар бағамының өзгеру есебінен мүмкін, өйткені газ жеткізу доллар бағамы бойынша есептеледі, ал тұрғындарға газды өткізу бағасы ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес жылына екі рет қайта қаралады;

шығарылатын өнімнің бәсекелесу қабілетіне байланысты – тендер өткізу барысында мүмкін;

елдегі саяси жағдайдың өзгеруіне және заңнамалардың өзгеруіне байланысты – заңнамалардың өзгеруі акционерлік қоғам қызметі саласына ықпал етеді;

әлеуметтік – тұтынушылардың табиғи газды жеткізу жөніндегі көрсетілген қызметтерді төлеу қабілетіне әсер етуі мүмкін;

техникалық – жабдықтар 100 пайыз тозған жағдайда және оларды жаңартуға қаражаттың жоқтығы;

экологиялық – экологиялық нормативтер бұзылған жағдайда кәсіпорын жабылуы мүмкін.


IV. Қаржылық емес ұйымдардың қаржылық жағдайы


24. Инвестициялар.


Акционерлік қоғамның басқа ұйымдардың капиталында ұзақ мерзімді инвестициялары жоқ.


25. 2005 жылдың 1 сәуіріне дебиторлық берешек 531 904 теңгені құрайды.

Дебитордың

атауы


Орналасқан

жері

Қоғам активтерінің баланстық құнынан берешек сомасы, мың теңге (5 және одан аса пайыз)

Өтеу

мерзімі

1. «Жайықжылуқуаты» АҚ

Орал қаласы


228117

II тоқсан – 13 0000 мың теңге, III тоқсан – 98 117 мың теңге


25-1. Активтер.


Құны активтердің баланстық құнының бес және одан аса пайызын құрайтын акционерлік қоғам мүлкінің 2005 жылдың 1 сәуіріне сипаттамасы төмендегіше:


Мүлік түрі (мәселен: ғимарат, құрылыс, көлік құралдары, станоктар, жабдықтар және т.б.)

Соңғы

қайта бағаланған уақыты

Бухгалтерлік баланс мәліметтеріне сәйкес құны (мың теңге)

Беріліс құралдары (баланстағы газ құбырлары және оларға қосымша құрылыстар)

Шаруашылық жүргізудегі газ құбырлары

1997 жылғы 1



1 165 523


1 613 693


26. Қоғамның жарғылық капиталы:


  • төленген жарғылық капитал мөлшері – 54 061 190 теңге;

  • акциялардың жалпы саны – 318 007 дана;

оның ішінде:

  • атаулы артықшылықты акциялар 31 801 дана, 5 406 170 теңгеге 170 теңгелі номинал;

  • жай атаулы акциялар 286 206 дана, 48 655 020 теңгеге 170 теңгелі номинал.


27. Займдар.


Баланстың 233 жолындағы өзге де займдарға 1 661 238 мың теңге сомаға билеу құқығынсыз шаруашылық жүргізуге берілген газ құбырлары бойынша есептесулер жатқызылған, оларды акционерлік қоғам жал ақысынсыз және шаруашылық жүргізуге беру мерзімін көрсетілмеген мерзімге пайдаланады.


28. Қоғамның негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты қалыптасқан кредиторлық берешек.


2005 жылдың 1 сәуіріне кредиторлық берешек – 530 872 мың теңге.

Ұйымның

атауы


Орналасқан

жері

Қоғам активтерінің баланстық құнынан берешек сомасы, мың теңге (5 және одан аса пайыз)

Өтеу

мерзімі

«КазРосГаз» ЖАҚ

Астана қаласы


164 896

1 ай

«Казтрансгаз Дистрибьюшен» ЖАҚ

Алматы қаласы


275 960

2005 жылдың қыркүйегі


V. Қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы


30-42. Толтырылмайды.


VI. Құнды қағаздар шығару туралы мәліметтер


43. Тіркелген құнды қағаздар шығарылымдары:




Бірінші шығарылым

Екінші шығарылым

Үшінші шығарылым

1

2

3

4

Шығарылған акциялардың жалпы саны (дана)

59157

318007

318007

Құнды қағаздардың түрлері және саны (дана)

жай атаулы – 18 359;

артықшыл. - 40798

жай атаулы –

286 206;

артықшыл. – 31 801

жай атаулы –

286 206;

артықшыл.– 31 801

1 акцияның номиналды құны

жай атаулы – 200;

артықшыл.- 10

жай атаулы,

артықшыл.- 170

жай атаулы,

артықшыл. - 170

Шығару нысаны

құжатсыз

құжатсыз

құжатсыз

Құнды қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган

ҚР-ның Қаржы министрлігі

ҚР-ның құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы

ҚР-ның құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

3567

А2305

А3801

Құнды қағаздар шығарылымы-ның тіркелген уақыты

1994 жылғы 30 қыркүйек

1997 жылғы

23 сәуір

1999 жылғы 4 қазан

Құнды қағаздарды орналастырудың басталу және аяқталу уақыты

1994 жылғы қыркүйек-желтоқсан

1997 жылғы

сәуір-тамыз

1999 ж. қазан- 2000 ж. сәуір

Акция ұстаушылардың алдында өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер

жоқ

жоқ

жоқ

Бір акцияға берілетін дивидент сомасы

-

-

2003 жылы – артықшыл. акция-ларға 17 теңге

2004 жылы – артықшыл. акция-ларға 17 теңге

Дивиденттердің жалпы сомасы (мың теңге)

-

-

2003 жылы – 540 мың теңге төленді

2004 жылы- 540 мың теңге төленді

Акциялар саудасы жүзеге асырылатын негізгі рыноктар

құнды қағаздардың ұйымдаспаған рыно-гында қоғам акция-ларын сату жүзеге асырылған жоқ

құнды қағаздардың ұйымдаспаған рыно-гында қоғам акция-ларын сату жүзеге асырылған жоқ

құнды қағаздардың ұйымдаспаған рыно-гында қоғам акции-яларын сату жүзеге асырылған жоқ

2003-2004 жылдары жай атаулы акциялар бойынша дивиденттер есептеу және төлеу жүргізілген жоқ.

Батыс Қазақстан облысының әділет басқармасы акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептің қолданыстағы заңнамаларда белгіленген мерзімдерде берілмеуіне байланысты 1998 жылдың 29 қыркүйегінде №1-2263 екінші эмиссияны өткізілмеген деп танып, күшін жойды.


VII. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәліметтер.


44. Акциялар туралы мәліметтер:

1) акциялардың саны, түрлері – 5 436 267 (бес миллион төрт жүз отыз алты мың екі жүз алпыс жеті) дана, соның ішінде жай атаулы акциялар – 5 404 466 (бес миллион төрт жүз төрт мың төрт жүз алпыс алты) дана, артықшылықты – 31 801 (отыз бір мың сегіз жүз бір) дана;

2) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны, түрлері – 318 007 (үш жүз он сегіз мың жеті) дана орналастырылды, соның ішінде жай атаулы акциялар 286 206 (екі жүз сексен алты мың екі жүз алты) дана және артықшылықты 31 801 (отыз бір мың сегіз жүз бір) дана. Акционерлердің 2005 жылғы 20 қаңтардағы кезектен тыс жиналысының хаттамасына сәйкес акционерлер арасында қосымша 5 118 260 (бес миллион бір жүз он сегіз мың екі жүз алпыс) дана жай атаулы акциялар шығару туралы шешім қабылданды.

3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның номиналды құны – 170 (бір жүз жетпіс) теңге;

4) артықшылықты акциялар бойынша дивиденттердің кепілді мөлшері – бір акцияның номиналды құнынан 20 (жиырма) пайыз.


  1. Қоғамның айырбасталатын құнды қағаздары.


Акционерлік қоғам айырбасталатын акциялар шығармайды.


45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер.

Қарастырылмаған, есептесулерді акционерлік қоғамның бухгалтериясы жүргізеді.


46. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер.


Толық атауы – «Қор орталығы» жабық акционерлік қоғамы

Қысқартылған атауы – «Қор орталығы» ЖАҚ

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Мәуленов көшесі, 92, тел 676344, 676345

2003 жылғы 16 мамырдағы № 0406200253 лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген.

Тіркеушімен 2003 жылдың 24 маусымында жасалған № 16-1 шарт.


VIII.Қосымша ережелер.


47. Акцияларды шығаруға жұмсалатын шығындар сомасы.


Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады, құнды қағаздарды шығару бағыттамасын ресімдеу жөнінде шығындар болған жоқ.


48. Инвесторлар үшін ақпарат.


Қоғам жарғысының және акцияларды шығару бағыттамасының көшірмесімен, сондай-ақ басқа да ақпараттармен акционерлік қоғамның мына мекен-жайында танысуға болады: Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29.


«Оралоблгаз»АҚ-ның президенті В.Д.Гордиенко


Бас бухгалтер Қ.Ғ.Шарменева


Тексеру

Комиссиясының төрағасы О.В.Макушина

Похожие:

Акцияларды шығару бағыттамасы icon«Greenwich cm» ҚК» АҚ акцияларды шығару проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді және онда берілген барлық...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconАкционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісіне
Акционерлік қоғамның лауамызды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың растығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың...
Акцияларды шығару бағыттамасы icon«ТрансОйл» ск ақ акцияларды шығару проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқарады, және де бұнда...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconАкцияларды шығару проспектісі «Полиграфия» Акционерлік қоғамы
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалатын ақпараттың растылығы үшін жауап береді, және мұнда ұсынылған...
Акцияларды шығару бағыттамасы icon«Промышленно-торговая компания «Асыл» Акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде мазмұндалған ақпараттың растығы үшін жауапкершілікті атқарады, және де бұнда...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconКөктас” акционерлiк қоғамының акцияларды шығару проспектiсi
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетiнi бойынша тексерiлген. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдары осы проспектiдегi...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconТрансэнерго” акционерлiк қоғамының акцияларды шығару проспектiсi
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетiнi бойынша тексерiлген. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдары осы проспектiдегi...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconСондай-ақ аталған есептер жинағын орта мектептерде олимпиадаға дайындық арнаулы курстарында, тереңдетілген бағдарлама бойынша оқитын сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолдануға болады
«қызық» есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы баланың ойлау, есте сақтау, ғылым...
Акцияларды шығару бағыттамасы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница