Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы




НазваниеЖинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации09.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish469584_7205.doc
  1   2   3   4




БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ








Алматы қ.


г. Алматы



2011 жылғы «__» _____ ___


Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы



Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4224 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 20-тармағы;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 188 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5442 тіркелген).

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко


КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитеті

Төраға Б.Т. Берсебаев

2011 жылғы «___» _________ _____________________

(қолы, күні, елтаңбалық мөр)


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы ___ _________

№ ____ қаулысымен бекітілді


Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату

ережесі


Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 45, 45-1, 45-3-баптарына сәйкес әзірленді және ерікті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары жұмысының, ерікті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктерін, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту тәртіптерін, тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптарын айқындайды.

Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.


1-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорын

ерікті тарату үдерісінің басталуы


1. Жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – қор) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерікті таратуға рұқсатын алған кезден бастап осының алдында берілген лицензияларының түпнұсқаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы рұқсат күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қайтарады.

2. Ерікті тарату үдерісінің басталуы қордың тарату комиссиясының құрылған күні болып есептеледі.

3. Қор акционерлерінің жалпы жиналысы қордың тарату комиссиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қорды, оның ішінде қордың филиалдары мен өкілдіктерін ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей құрады.

Қордың тарату комиссиясының құрамын өзгерту қор акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

4. Қордың тарату комиссиясы құрылған күннен бастап қорды тарату үдерісі аяқталғанға дейін:

1) ерікті таратылатын қор акционерлері жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері, оның ішінде қордың мүлкіне иелік ету және міндеттемелерін өтеу, сондай-ақ осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, қорды басқару бойынша олардың құқықтары тоқтатылады;

2) таратылатын қордың атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер егер де оны қордың тарату комиссиясының төрағасы не төраға осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заңды күшке ие болады;

3) қорға қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар тек қордың тарату комиссиясы төрағасының атына ғана ұсынылады да, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастырылады;

4) таратылатын қордың кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

5) таратылатын қордың мүлкіне шара қолдану туралы сұрату жасауға барлық заңнамамен белгіленген шектеулер алынып тасталады.


2-тарау. Тарату комиссиясы


5. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын қордың істерін және мүлкін басқару бойынша барлық өкілеттіктер беріледі.

Тарату комиссиясы қордың істерін аяқтау үшін, соның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

Тарату комиссиясы таратылатын қордың атынан және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде өз бетінше әрекет жасайды.

Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

6. Қордың тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды, оның қызметінің жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес дербес жауап береді. Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындаған орынбасар атқарады.

7. Қордың филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, олардың таратылуын қордың тарату комиссиясының жергілікті жерде құрылған бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) жүргізеді.

8. Бөлімшеге тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалатын бөлімше басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басшылық жасайды. Бөлімше басшысы өз қызметін оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы мен бөлімше тарату комиссиясы төрағасының алдында есеп береді.

Бөлімше басшысы бөлімше қызметіне және қордың филиалын не өкілдігін таратуды жүзеге асыруға жауапты болады.

9. Еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда, тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында белгіленеді.

Жұмысқа қабылдау қордың тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.

Жұмысқа тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе ақылы қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекіткен әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

10. Тарату комиссиясының төрағасы оралымды басқаруды жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысына және бөлімшелердің қызметіне бақылау жасайды.

11. Тарату комиссиясы қорды тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Жұмыс жоспары жарты жылдықтарға бөліне отырып, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде және кейіннен жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынылады.

Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалғаны туралы ақпаратты уәкілетті органға жарты жылдықтың нәтижелері бойынша ұсынады.

12. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқарады.

13. Қор акционерлері қордың тарату комиссиясының құрамына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 88-бабының 3-тармағына сәйкес енгізіледі.

14. Тарату комиссиясы:

1) тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық әділет органының ресми баспа басылымдарында кредиторлардың шағым-талаптарын ұсыну тәртібін, мерзімдерін және қор кредиторларының өз талаптарын ұсыну мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, қордың ерікті таратылатындығы туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;

2) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мүліктің және онымен жасалатын мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ бағалы қағаздарды тіркеушілерге және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына қорды ерікті тарату туралы ақпарат береді және тарату комиссиясы жасамаған қордың мүлкін иеліктен шығару мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ таратылатын қор кепіл ұстаушысы болып табылатын мүліктен ауыртпалық алуға тыйым салады;

3) салық органдарына қорды ерікті тарату туралы ақпарат береді;

4) тағайындалған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қордың банк шоттары бар банктерге қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;

5) қор басшылығынан қордың құқықтарын белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, ақпараттың электронды тасымалдауыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілерді жасай отырып, таратылатын қордың бланкілерін және барлық басқа да құжаттарын тез арада талап етеді;

6) қабылдау-өткізу актісі бойынша қордың меншікті активтерін қабылдайды;

7)  кассаға дереу ревизия жүргізеді, осы Ереженің 52-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын қордың ағымдағы шоттарына аударады;

8) қордың тарату комиссиясының тағайындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қордың банк шоттарын салыстырып тексереді және оларды жабады, таратылатын қордың теңгемен және/немесе шетел валютасымен ағымдағы шотын ашады;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қорды ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімінің көшірмелерін, акционерлердің жалпы жиналысының қордың тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімін қордың клиенттері қарауы үшін көрнекі жерге орналастырады;

10) қордың активтерін анықтайды;

11) қорды тарату мақсаттарына сәйкес оның активтерін басқарады;

12) қордың атынан сотта талап қояды және оның мүддесін білдіреді;

13) тарату комиссиясы құрылған күнгі электрондық түрдегі қолда бар бухгалтерлік құжаттаманы басып шығаруды жүзеге асырады.

Мұндай құжаттама электрондық түрде жоқ болған жағдайда, көрсетілген күнге қағаз тасымалдауыштағы құжаттама негізге алынады;

14) қордың толық материалдық жауапкершілік алатын тұлғаларының аясын, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің электрондық жүйесіне және қаржылық пен өзге де есептілікті өңдеуге рұқсаты бар тұлғалардың аясын анықтайды;

15) таратылатын қордың істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін қордың құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;

16) бағдарламалық қамтамасыз етудің және ақпаратты электрондық тасымалдауыштардың, сондай-ақ қордың басқа да ақпараттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

17) қор басшыларын, қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

18) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің қажетті мөлшерін жалдайды;

19) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын белгілейді және оны талдамалық есеп деректерімен салыстырып тексереді;

20) қордың әрбір кредиторына қор
  1   2   3   4

Похожие:

Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
...
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница