Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды




Скачать 48.02 Kb.
НазваниеКонкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды
Дата конвертации09.02.2016
Размер48.02 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://zhanakorgan.gov.kz/upload/files/kaz.doc
ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС


Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды:


  1. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы ( E - 4 )

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін

(экологиялық коэффициентті есептемегенде)

Қызметтік міндеттері: 1. Ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мен мал шаруашылығын асылдандыру жұмыстарын үйлестіру, ауылшаруашылық бағыттардағы инвестициялық саясат, сауда қызметін тұтыну рыногында, қызмет көрсету саласында бағаны реттеу, жер қатынастарын реттеу, суармалы егін шаруашылығын дамыту, су қатынастарын реттеу, табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыру, табиғат пайдалануды реттеу, азық-түлік нарығын толықтыру мәселелері және экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жүзеге асыру.

2. Ауылшаруашылығы құрылымдарын қаржылай сауықтыру, олардың несие алуына жәрдемдесу, инвестициялар тарту, көркейту-көгалдандыру, маркетингтік қызметі, шаруа (фермер) қожалығының жұмысы, машина-технологиялық стансалар, селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жақсарту, суды тиімді пайдалану және суландыру жүйесін дамыту, азық-түлік, көтерме сауда рыногын дамыту жұмыстарына басшылық жасау.

3. Аудандық ауылшаруашылығы, қоршаған ортаны және Жаңақорған орман және жан-жануарлары дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері, «Жаңақорған су шаруашылығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, аудандық аумақтық басқарма, ветеринарлық қадағалау органдары, агроөнеркәсіп кешенінің басқа да ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру.

4. Қатыстылығына қарай аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету және олардың жүзеге асырылуына ықпал жасау.

5. Ауылшаруашылық саласына қатысты құрылған аудандық комиссиялар мен Кеңестердің жұмыстарын үйлестіру.

6. ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Заңдарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

7. Кент, ауылдық округтері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадр және ұйымдастырушылық жұмыстарын ұйымдастыру.

8. Аудан аумағындағы көші–қон мәселесімен айналысу, көшіп келген оралмандармен Заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу және жоғары органдарға мерзімінде есебін беріп отыру.

9. Аудан әкімі орынбасарының іс қызметін және оның салалық жергілікті атқарушы органдары арасындағы қызметтік байланыстарын қамтамасыз ету. Аудан әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру. Аудан әкімі орынбасарының басқада қызметтік тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Білімі: 1. Жоғары кәсіптік. 2. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 1999 жылдың 23 шілдесіндегі «Мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін» осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын.

2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Компьютерде word, excel, e-mail, internet бағдарламалары мен жұмыс жасауы.

- Конкурс Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында (2001 жылғы 22 маусымдағы «Егемен Қазақстан», 2001 жылғы 23 маусымдағы «Казахстанская Правда» газеттерінде) жарияланған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің қағидасына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар Жаңақорған ауданы әкімі аппаратына келесі құжаттар тапсырады:

1. өкілетті орган белгілеген нысандағы арызын;

2. өкілетті орган белгілеген нысандағы анкетасын;

3. кадрлар есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның

ішінде байланыс, көрсетілуі тиіс)

4. білім туралы құжаттарын нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған

көшірмелері;

5. еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған

көшірмесі;

6. белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

7. 3 х 4 өлшеміндегі 1 дана фотосурет;

8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

Азаматтар өздерінің білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі және беделі жайлы ( кәсіби біліктілігін арттырған жайлы, ғылыми атағы және дәрежесін алғаны туралы құжаттардың, мінездемелерінің, ұсыныстардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқа көшірмелері ) қосымша ақпарат ұсына алады.

Тестілеу бағдарламасы E - 4 санаты бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 1999 жылдың 23 шілдесіндегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін» және мемлекеттік тілді білуге арналған тестілерінен тұрады.

Тестілеуге жіберілген үміткерлер одан құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күннің ішінде ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында белгіленген тіртіппен мына мекен жайда өтеді: 120003, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 2 үй.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан аталмыш конкурс бойынша тест өткізілгеннен кейін 5 жұмыс күннің ішінде Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі, 37 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі әңгімелесу жүргізілгеннен соң 2 жұмыс күн ішінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу жөнінде аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен 15 күнтізбелік күннің ішінде Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі, 37 үй, аудан әкімі аппаратының ғимараты ( 3 қабат ) мекен жайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефондары 22-0-96 , 22-4-18.

Аталмыш лауазымға орналасқан адам үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.


Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы.

Похожие:

Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды icon«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400953, pеrson kadr2013@mail ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға орналасуға...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды icon«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400953, 400954, pеrson kadr2013@mail ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды icon«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400954, pеrson kadr2013@mail ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды icon2014 жылғы 4 қарашадағы
Бейбарыс Сұлтан к., н/с, анықтама үшін телефондары: 8(7242)40-11-91 (7080), zhusupova, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды icon2014 жылғы 6 желтоқсандағы
Бейбарыс сұлтан к., н/с, анықтама үшін телефондары: 8(7242)40-11-91 (7080), zhusupova «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды iconДипломмен ауылға бағдарламасы бойынша үкімет тарапынан бөлінген жеңілдіктерді жүзеге асырады
Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 400953, 400954, pеrson kadr2013@mail ru «Б» корпусы бос әкімшілік лауазымға...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды iconКонкурсқа сарапшылар тартылған жоқ
Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде орналасқан «Ақбота» балабақшасының теңгеріміндегі ғимаратына жәй жөндеу жұмыстарына конкурс...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды iconКонкурсқа сарапшылар тартылған жоқ
Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде орналасқан аудандық білім бөлімінің теңгеріміндегі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс...
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды iconОрал қаласының білім беру бөлімі
«№45 орта жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды
Конкурс жаңақорған ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды iconЗайсан ауданы әкімінің аппараты туралы
«Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдары белгіленген тәртіпте әкім...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница