Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы




Скачать 171.49 Kb.
НазваниеНоминалды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Дата конвертации09.02.2016
Размер171.49 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish461431_1415.doc
күші жойылды-ҚҚА № 61 25.02.2006ж.


ҚРӘМ № 2819 24.04.2004ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2004 жылғы 15 наурыздағы № 62



өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 300 25.10.2004ж.

2.ҚҚА № 108 26.03.2005ж.



Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы






Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесі бекітілсін.


2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.


3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік және кастодиан қызметін жүзеге асырушы ұйымдарға жіберсін.


4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.


5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға Б. Жәмішев






Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004ж. “15” наурыздағы №62 қаулысымен бекітілген




Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар

рыногының кәсіби қатысушыларын

тіркеу ережесі




Осы номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесі (бұдан әрі -Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының 2-тармағының 8)-тармақшасына, 38 бабының 1-тармағына, Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және номиналды ұстаушы (бұдан әрі – номиналды ұстаушы) қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу талаптары мен тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және ресімдеу тәртібін белгілейді.


1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:




  1. номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және бағалы қағаздарды оның клиенттерінің есепке алуы үшін арналған жеке шот;

  2. бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздарды ұстаушы үшін ашылған және бағалы қағаздарды оның клиенттерінің есепке алуы үшін арналған жеке шот;


  3. инвестициялық портфельді басқарушының жеке шоты - инвестициялық портфельді басқарушыға шарт бойынша бағалы қағаздарды есепке алу үшін инвестициялық портфельді басқаруға берілген жеке шот;

3-1) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларды есепке алуға арналған жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайлардың саны есепке алынатын номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шот;

4) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты – эмитент,пайларды қоспағанда, қайталама рыноктан сатып алған бағалы қағаздардың есебін алуды жүзеге асыру үшін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған жеке шот;

5) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған жеке шот,пайларды қоспағанда;

6) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция – номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгеріс) және номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы қимылдарының жиынтығы;

7) “репо” операциясы - тараптар “репо” операциясының мәні болып табылатын сол бұрынғы екі тұлғаның (“репо” операциясына қатысушылар) бағыттары бойынша бір-біріне қарсы және орындалу мерзімінде айырмашылықтары бар бірге шығарылған бағалы қағаздармен бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы.


2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде клиентке жеке шот ашады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың есебі үшін орталық депозитарий есебі жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.

3. Номиналды ұстаушы жеке шотқа жеке нөмір береді. Жеке шотта мыналар туралы мәліметтер болады:


  1. тіркелген тұлға;

2) бағалы қағаздардың саны, түрі және бірегейлендіру нөмірі;

3) қиындығы бар бағалы қағаздар саны туралы;

4) оқшауланған бағалы қағаздар саны туралы;

5) “репо” операцияларының негізі болып табылатын бағалы қағаздар саны;

6) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы:

операциялар түрлері;

оны жүргізу күні және уақыты;

операцияларды жүргізу негіздемесі;

операцияларға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;

операция жүргізуге қатысты бағалы қағаздардың саны, түрі, бірегейлендіру нөмірі.

3-1. Инвестициялық пай қорының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастырылған пайларын есепке алу үшін номиналды ұстаушы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған құжаттардың негізінде инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады.

Инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қорының, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат бар және осы Ереженің 3-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жоқ.

4. Эмитенттің мәлімденген және сатып алынған бағалы қағаздар есебін жүргізетін жеке шотынан және инвестициялық пай қорының жеке шотынан басқа жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:

1) “негізгі” - операциялар жүргізуге шек қойылмаған бағалы қағаздардың есебіне арналған;

2) “оқшаулау” - бағалы қағаздарды ұстаушының немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде бағалы қағаздар есебін жасауға, бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салуға арналған;

3) “репо” - “репо” операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың есебіне арналған;

4) “қиындығы бар” - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде пайда болған бағалы қағаздар ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін операцияларды жүзеге асыруға шектеулер қойған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған;

Номиналды ұстаушы жеке шотта бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.

5. Номиналды ұстаушының жеке шотын номиналды ұстаушы орталық депозитарий есебі жүйесінде немесе кастодиан банк есебі жүйесінде оларға шетелдік бағалы қағаздармен немесе номиналды ұстаушы қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты номиналдық ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шот ашуға арналған бұйрықтың және орталық депозитарийдің немесе кастодиан банктің ішкі құжаттарымен белгіленген құжаттар негізінде ашады.

6. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шотын жеке шотты ашу туралы бұйрық, адамның жеке басын куәландыратын куәлік және номиналды ұстау туралы шарт негізінде ашады.

7. Номиналды ұстаушы заңды тұлғаның номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шотын мынадай құжаттар негізінде ашады:

  1. жеке шотты ашу туралы бұйрық;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

  3. статистикалық карточканың көшірмесі;

  4. номиналды ұстау туралы шарт;

  5. бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркейтін құжаттарға қол қою құқығы, сондай-ақ жеке шоттың үзінді көшірмесін және басқа ақпаратты алу үшін мөр бедерлемесі алынған заңды тұлғалар өкілдерінің қолдары үлгілерінің нотариат куәландырған карточкалары.

8. Инвестициялық портфельді басқару жеке шотын инвестициялық портфельді басқарушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленген құжаттарды ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашады.

8-1. Инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының осы қордың жеке шотын ашу бұйрығы, инвестициялық пай қорының ережесі, андеррайтинг келісімі және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында айқындалған құжаттар негізінде пайларды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастырған кезде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылады.

9. Эмитенттің мәлімденген бағалы қағаздардың есебіне арналған жеке шоты эмитенттің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты және андеррайтинг келісімін ашу жөніндегі бұйрық негізінде ұйымдасқан рынокта бағалы қағаздарды орналастыру кезінде ашылады.

10. Эмитент өзінің бағалы қағаздарын сатып алған кезде номиналды ұстаушы номиналды ұстау есебі жүйесінде жеке шот ашу жөніндегі бұйрық негізінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотын ашады.

11. Эмитенттің орналастырылмаған және сатып алынған бағалы қағаздары,мнвестициялық пай қорының орналастырылған пайлары орталық депозитарий ережелерінің жинағына сәйкес қажетті эмитенттің,инвестициялық пай қорының барлық деректемелерін аша отырып номиналды ұстаушы орталық депозитарийде ашқан тиісті қосалқы шоттарда ескеріледі.

12. Жеке шот ашу жөніндегі бұйрыққа заңды тұлғаның (жеке тұлға немесе оның өкілі ) өкілі қол қояды және онда мынадай мәліметтер болады:

1) заңды тұлғаның атауы (аты-жөні, болса жеке тұлғаның әкесінің аты);

2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

  1. жеке тұлғаның туған күні;

  2. заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркелгені жөніндегі куәліктің күні және нөмірі;

  3. заңды тұлғаның мекен-жайы (жеке тұлғаның тұрған жері), почталық мекен-жайы;

  4. салық төлеушінің тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарға қатысты оған жүретін салықтық жеңілдіктер туралы мәліметтер;

  5. банктік деректемелер.

12-1. Номиналды ұстаушы айына бір реттен кем емес номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасайды және оларды сақтайды. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

12-2. Резервтік көшірмелерді сейф операцияларына лицензиясы бар ұйым сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды. Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.


2-тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу талаптары және тәртібі


13. Бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.

14. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операциялардың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

  1. мыналар жататын жеке шоттар бойынша операциялар:

тіркелген тұлға туралы,инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтердегі өзгерістер;


бағалы қағаздардың есепке алынуы немесе алынып тасталуы;


қиындығы бар бағалы қағаздардың қиындығы болуы және қиындықтың алынып тасталуы;


бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;

“репо” операциясы;

акцияларды шығаруды жою және бағалы қағаздарды өтеу;

жеке шотты жабу;

2) мыналар жататын ақпараттық операциялар:

жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;

есептерді, хабарламаларды және анықтамаларды дайындау және беру.

15. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша жасалған операциялар орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы мәмілені тіркеу туралы бұйрықты клиенттің қосалқы шоты бойынша орталық депозитарий есебі жүйесіне бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізгеннен кейін бір сағат ішінде жібереді.

16. Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізерден бұрын бұйрықтарда қойылған қолдардың заңды тұлға өкілдерінің қойылған қолдар үлгілері карточкасында көрсетілген қолдарымен немесе мәміле жасаушы тарап болып табылатын жеке тұлғаның, не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы сәйкестігімен салыстыруды жүзеге асырады.

17. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы тіркелген тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

Жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операцияны номиналды ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясының қор туралы мәліметтерді өзгертуге бұйрығы және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында белгіленетін, осындай өзгертулерді растайтын құжаттардың негізінде жүргізеді.

18. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды есепке алу немесе есептен алу жөніндегі операцияларды орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногында жасалған мәмілелерден басқа жағдайда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда бағалы қағаздар ұстаушыларының бұйрықтары негізінде жүргізеді.

18-1. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін және осы жеке шоттан пайларды есептен шығару үшін инвестициялық пай қорының жеке шотына пайларды есепке алу кастодиан растаған, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотына пайларды есепке алу пайлардың дәл сол санын ұстаушының жеке шотына бір мезгілде есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотынан пайларды есептен шығару пайлардың дәл сол санын ұстаушының жеке шотынан бір мезгілде есептен шығара отырып осы қордың басқарушы компаниясы инвестициялық пай қорының пайларын сатып алған кезде жүзеге асырылады.


18-2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды есепке алу немесе есептен шығару бойынша операцияларды жүргізу бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:

1) бұйрықтың нөмірі мен күні;

2) бағалы қағаздар эмитентінің немесе инвестициялық пай қорының атауы;

3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;

6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;

7) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға берілген нұсқаулар;

8) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;

9) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер;

10) қай рынокта (бастапқы немесе қайталама) мәміле жүзеге асырылатындығы туралы мәліметтер.


18-3. Бағалы қағаздарды есепке алу немесе есептен шығару бойынша операцияны жүргізу бұйрығына мәмілеге қатысатын тұлға немесе оның өкілі қолдарын қойып, егер мәміленің бір тарапы заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының пайлармен мәмілелерді тіркеу туралы бұйрыққа оның өкілі қол қойып, мөрмен бекітіледі, сондай-ақ оған инвестициялық пай қоры активтерінің есепке алынуын қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қолын қояды.

19. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарға қиындық түсіру жөніндегі операцияларды бағалы қағаздарының қиындығы бар және олардың қиындығы тіркелген тұлға пайдасына шешілетін ұстаушының қарама-қарсы жасалатын бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздардың қиындығы кезінде бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотында қиындығы пайдасына шешілген тіркелген тұлға туралы жазба жасалады, ал “негізгі” бөлімдегі бағалы қағаздар осы жеке шоттың “қиындығы бар” бөлімінің есебіне алынады. Қиындығы пайдасына шешілген тіркелген тұлғаның жеке шотына қиындығы бар бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру коды, сондай-ақ бағалы қағаздарының қиындығы бар ұстаушы туралы жазбалар енгізіледі.

Номиналды ұстаушы номиналды ұстау есебі жүйесінде қиындығы бар бағалы қағаздарды алып тастау операцияларын мәмілеге қатысқан тұлғалардан қиындығы болуын алып тастау туралы қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздардан қиындығын алып тастау бойынша операцияларды жүргізу кезінде бағалы қағаздар “қиындығы бар” бөлімінен бағалы қағаздар ұстаушысының “негізгі” жеке шотына ауыстырылады. Тіркелген тұлғаның жеке шотындағы бағалы қағаздардың қиындығы туралы жазба жойылады.

Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі бағалы қағаздардың қиындығы бойынша мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.

20. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды оқшаулау және оқшаулауды алып тастау бойынша операцияларды номиналды ұстау жүйесінде бағалы қағаздар ұстаушысының бұйрығы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың тиісті құжаттары негізінде жүргізеді. Оқшаулау операцияларын жүргізу кезінде бағалы қағаздар жеке шоттың “негізгі” бөлімінен “оқшаулау” бөліміне ауыстырылады. Оқшаулау операцияларын алып тастау кезінде бағалы қағаздар жеке шоттың “оқшаулау” бөлімінен “негізгі” бөлімге ауыстырылады.

21. Номиналды ұстаушы “репо” операцияларын мәмілені тіркеу жөніндегі қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді.

“Репо” операциялары мыналарға бөлінеді:


“репоны” ашу - “репо” операциясы қатысушыларының бірінен екіншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздарды және екінші “репо” операциясына қатысушының екіншісінің біріншісіне белгілі сандағы бағалы қағаздарды беру жөніндегі сатып алу-сату мәмілесі;

“репоны” жабу - “репоны” ашу жағдайындағы сияқты “репо” операциясы қатысушыларының екіншісінен біріншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін және “репоны” ашу мәмілесіндегі сияқты сол шығарылған бағалы қағаздар санын “репо” операциясына қатысушысының біріншісінен екіншісіне сатып алу-сату мәмілесі.

Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында “репоны” ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге аударылады. Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында “репоны” жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге аударылады.

Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен есептен шығарылады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге аударылады.

Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушы клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” ашуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімге есепке алынады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы “репоны” жабуды жүргізу кезінде бағалы қағаздар сатушының жеке шотындағы “негізгі” бөлімнен есептен шығарылады.

“Репо” операцияларын жүргізу кезінде қор биржасының сауда алаңындағы бір номиналды ұстаушының клиентімен жасалған мәміле бойынша бағалы қағаздар сатушының “негізгі” жеке шотындағы бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы “репо” бөліміне автоматты тәсілмен есепке алынады.

“Репо” операцияларын жүргізу кезінде қор биржасының сауда алаңындағы бір номиналды ұстаушының клиентімен және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғамен жасалған мәміле бойынша бағалы қағаздар сатушының “негізгі” жеке шотындағы бөлімнен есептен шығарылады немесе сатып алушының жеке шотындағы “репо” бөліміне автоматты тәсілмен есепке алынады.

Орталық депозитарийдің есеп жүйесінде “репо” операцияларын жүргізу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.


22. Номиналды ұстаушы акцияларды шығаруды жою операцияларын уәкілетті органнан шығарылған акцияларды барлық бөлімдерден және барлық жеке шоттардан есептен шығару жолымен жою туралы хабарлама алғаннан кейін жүргізеді.

Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды жою операциясын орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде барлық бөлімдерден және барлық жеке шоттардан есептен шығару жолымен жүргізеді.

23. Номиналды ұстаушы жеке шотты жабу операциясын жеке шотты жабу жөніндегі бұйрық негізінде немесе осы жеке шотта бағалы қағаздар алты ай ішінде болмаған жағдайда жүргізеді. Жеке шотты жабу кезінде бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысына тиісті хабарлама жіберіледі.

24. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияларды жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушының жазбаша өкімі (бұйрықтар) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардағы мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

25. Жеке шоттың үзінді көшірмесінде, инвестициялық портфельді басқарушының жеке шотынан басқа, мынадай мәліметтер болады:

  1. жеке шот нөмірі;

  2. бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы (заңды болса жеке тұлғаның әкесінің аты, фамилиясы, аты-жөні);

  3. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат атауы және деректемелері);

  4. эмитенттің атауы және оның тұрған жері не инвестициялық пай қорының, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясының атауы және оның орнласқан жері;

  5. бағалы қағаздардың түрлері және бірегейлендіру нөмірлері;

  6. облигацияларды өтеу күні;

  7. қиындығы бар және/немесе оқшауланған және (немесе) репоға берілген бағалы қағаздардың саны көрсетілген бағалы қағаздардың белгілі түрінің жалпы саны;

  8. номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;

  9. жеке шоттың үзінді көшірмесімен қалыптасқан жағдайы бойынша уақыты, күні.

Жеке шоттың үзінді көшірмесіне номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және құжаттарға қол қою құқығы бар немесе оның міндетін атқаратын басшы қызметкер қол қояды және мөрмен растайды.

26. Бағалы қағаздар ұстаушысы эмитенттің орналасқан (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына сәйкес бағалы қағаздар ұстаушысынікі болып табылатын бағалы қағаздар санының проценттік қатынасын анықтау мақсатында тіркеушіге немесе орталық депозитарийге сұрату жібереді.


26-1. Орталық депозитарий эмитенттердің, инвестициялық пай қорларының жеке шоттары бойынша өзгерістер жөніндегі мәліметтерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде тиісті тіркеушілерге жібереді.

27. Номиналды ұстаушы жеке шот бойынша операцияны үш күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Жеке шоттың үзіндісін жасау және беру бойынша ақпараттық операцияны номиналды ұстаушы екі күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
  1. Номиналды ұстаушы егер бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға арналған бұйрықтар Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келген жағдайда ондай бұйрықтарды орындаудан бас тартады. Номиналды ұстаушының бұйрықтарды орындаудан бас тартуы бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша нысанда жасалады және оған номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және құжаттарға қол қою құқығы бар немесе оның міндетін атқаратын басшы қызметкер қол қояды және мөрмен растайды.



3-тарау. Қорытынды ережелер


29. Осы ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Похожие:

Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconНоминалды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың...
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница