Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану




Скачать 25.78 Kb.
НазваниеҚолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану
Дата конвертации08.02.2016
Размер25.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish758768_6193.doc
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану

тәртібі туралы


«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Заңының 16-бабына (бұдан әрі -Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына (2009 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша редакцияда) сәйкес қолма-қол шетел валютасын алудың (есептеудің) және пайдаланудың мынадай тәртібі белгіленді.


1.Жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан (өзінің банк шоттарына) қолма-қол шетел валютасын алу шектеусіз алады (есептейді).

Егер операция төлем карточкалары пайдаланыла отырып Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса және бір жолғы операция ретінде мұндай алу сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банк Ұлттық Банкке жеке тұлғаның уәкілетті банктегі банктік шоттан ақша алуы бойынша мәлімет береді.


2. Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, консулдық мекемелері уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан (өзінің банк шоттарына) қолма-қол шетел валютасын шектеусіз алады (есептейді).


3. Заңды тұлғалар шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерді қоспағанда, уәкілетті банктердегі өздерінің банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын мынадай мақсаттарға алуға құқылы:

1) жалақы төлеуге;

2) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс іссапарларымен байланысты шығыстарын төлеуге;

3) жеке тұлғалармен есеп айырысу үшін мынадай заңды тұлғалар:

  • уәкілетті ұйымдарға,

  • бажсыз сауда дүкендеріне,

  • тауарлар сататын және халықаралық тасымал кезінде қызметтер көрсететін заңды тұлғаларға,

  • әуежайларда, айлақтарда және шекарадан өткенде Қазақстан Республикасының кедендік бақылау аумағында кедендік бақылаумен өз қызметін жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғаларға.


4. Заңды тұлғалар өзінің банк шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкілетті банкке жалақы төлеу не іссапар шығыстары төлемі жүргізілуін негіздейтін және осы қолма-қол шетел валютасы сомасының тек осы мақсаттар үшін ғана алынатынын растайтын құжаттар ұсынады.

Осындай растау құжаттары ретінде бұйрық, өкім, шешім, іссапар шығыстарының сметасы ұсынылуы мүмкін. Құжатта (құжаттарда) қызметкердің тегі, аты (әкесінің аты), төленетін сома, төлем мақсаты мен іссапар мерзімі (іссапар шығыстарын төлеу үшін). Құжат (құжаттар) тиісті түрде лауазымды тұлғаның қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылуы тиіс.

Қолма-қол шетел валютасы корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып алынған жағдайда, көрсетілген құжаттар уәкілетті банкке осындай алынған күннен бастап отыз күн ішінде ұсынылады.

Іссапар шығыстарын төлеуге бұрын алынған қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігі қызметкерлерді іссапарға жіберу мерзімі аяқталған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына міндетті есептеуге жатады. Мұндай талаптар сондай-ақ заңды тұлғалардың банктік шоттардан шетел валютасында қолма-қол шетел валютасын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып алуында қолданылады.


5. Резидент және резидент емес заңды тұлғалар заңдық негізде алған қолма-қол шетел валютасы Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргізгенде, сондай-ақ уәкілетті банктердің шоттарында міндетті есептеуге жатады. Валюталық операциялар жүргізу нәтижесінде қолма-қол шетел валютасын алуға заңдық негізі жоқ заңды тұлғалардың қолма-қол валюта есептеу фактілері туралы уәкілетті банктер Ұлттық Банкке белгіленген тәртіпте хабарлайды.

Похожие:

Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconІшкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру...
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconҚазақстаннан қанша қолма-қол ақша алып шығуға болады?
Ш долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын немесе ұлттық валютаны алып кіру немесе алып шығу Қазақстан Республикасының...
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconҚолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру)
Талдау жасалып отырған кезеңдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconҰлттық Банк
...
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconЖеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және
Шарт) I қол қойды. Шарт жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе)...
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconБанк белгілеген бағам бойынша Ұлттық Банкте валюта сатып алуға бола ма?
Банк бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу және кедендік төлемдерді есептеу үшін белгіленген валюталардың теңгеге күнделікті бағамдарын...
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану icon«Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»
Республикасының салық заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану icon«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconКіріспе
«6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша магистратурада оқып, «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін...
Қолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница