1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат




Скачать 150.54 Kb.
Название1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат
Дата конвертации08.02.2016
Размер150.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kisc.kz/files/etenge_oper_kaz.doc
«е-tenge» электрондық ақшалар жүйесінде қызметтер көрсетуге арналған

_______ ШАРТ



Алматы қ.

«____» ____________ 20__ ж.



Бұдан әрі «Оператор» деп аталушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Жарғы негізінде іс-әрекет етуші бас директоры С.Х. Абдулкаримов арқылы бір жағынан, және

Бұдан әрі «Банк» деп аталушы «___________» АҚ, Жарғы негізінде іс-әрекет етуші _____________ атынан, екінші жағынан, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп аталады, төмендегілер жөнінде осы Шартты (бұдан әрі «Шарт») жасады:


1.ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТҮСІНІКТЕР




1.1Жүйе – «e-tenge» электрондық ақшалар жүйесі – эмитенттермен шығарылған, электрондық ақшаларды пайдалана отырып Қазақстан Республикасының аймағында төлемдерді және басқа да операцияларды жүзеге асыруға қажетті бағдарламалы-техникалық құралдар жиынтығы.

1.2Қауіпсіздік рәсімдері – электрондық ақшалар иегерінің құқығын куәландыруға араналған және электрондық ақшаларды пайдалану кезінде хаттарды электрондық тәсілмен жіберу және қабылдау (бұдан әрі – электрондық хаттар) мазмұнынан қателер және/немесе өзгерістер тапқан жағдайда ақпараттарды қорғаудың ұйымдық шараларының және бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені.

1.3Эмитенттер – Жүйеде қызметтер ұсыну туралы Оператормен шарт құрған, электрондық ақшалардың шығарылуын жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктер.

1.4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат.

1.5Кәсіпкер – азаматтық-құқықтық келісімдер бойынша (тауарлар, қызметтер және жұмыстар) төлемдерді жүргізу үшін электрондық ақшаларды қабылдайтын, кесәпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

1.6Аутентификация – электрондық төлемдер құжаттарының түпнұсқалылығын және дұрыс құрылғандығын растауға, сондай-ақ жіберуші ретінде көрсетілген Банкпен электрондық төлем құжаттарының тікелей жіберілгендігін анықтауға арналған, Оператормен орнатылған және пайдаланушыларға дейін жеткізілген шаралар рәсімі және кешені.

1.7Агент – өзінің жеке сауда желілері немесе өзінің субагенттерінің желілері арқылы Эмитенттермен немесе Операторлармен құрылған шарт негізінде жай тұлғалармен электрондық ақшаларды сатып алуын немесе сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.

1.8БААЖ – Оператордың Банк аралық ақша аудару жүйесі.

1.9Ережелер – Оператормен бекітілген «е-tenge» электрондық ақшалар жүйесінің қызметінің ережелері, мұның негізінде электрондық ақшаларды шығару, жүзеге асыру, сатып алу, өтеу жүргізіледі, сондай-ақ оларды пайдалана отырып Жүйеде операциялар жүзеге асырылады.

1.10ҚМК – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық мониторинг бойынша Комитеті.


1.11.Төлем туралы Заң-Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы №237-I «Ақша төлемі мен аударымдары туралы» Заңы.


2.ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1Оператор Банкке Ережеге, осы Шартқа, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызмет (бұдан әрі-Қызметтер) көрсетеді.

2.2Банк Операторға төлемдер туралы заңының, Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаларды шығару және пайдалану тәртібін орнататын нормативтік құқықтық актілерінің, Ережелерінің шеңберінде Агенттермен, кәсіпкерлермен жәнежай тұлғалармен шарт құруды жүктейді.

2.3Тараптар жіберушінің электрондық сандық қолтаңбасы бар электрондық хаттарды қолы және мөрі қойылған қағаз тасымалдағыштарындағы құжаттарға заңдық тұрғыдан баламалы деп мойындайды.

3.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1Оператор міндетті:

3.1.1Ережелерді сақтауға, төлемдер туралы заңының және Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаларды шығару және пайдалану тәртібін орнататын нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға;

3.1.2профилактикалық және/немесе қалпына келтіруді жүргізу уақыттарын ескермегенде, Банкке тәулікбойы, аптасына 7 (жеті) күн Жүйеде электрондық ақшаларды пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынуға;

3.1.3Жүйеге кіру үшін «логин» мен «құпия сөзді» ұсынуға;

3.1.4Банктің сұрауы бойынша Банктің ақпараттық жүйелерімен Жүйені интеграциялауға қатысты ақпараттарды, сонымен бірге телефон, факс және электрондық пошта арқылы кеңес беру қызметтерін ұсынуға;

3.1.5Эмитенттермен электрондық ақша өтелген және/немесе Кәсіпкерлермен тауарлар және қызметтер үшін төлем ретінде электрондық ақшалар қабылданған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Эмитенттер мен Кәсіпкерлер араларында төлемдерді жүргізу мен ақшалардың аударылуын қамтамасыз етуге;

3.1.6Жүйелердің жұмыс жасауын қамтамасыз етуге, Ережеге сәйкес Эмитенттердің, Кәсіпкерлердің және электронды ақша иелерінің-жеке тұлғалардың өзара әрекет жасауының техникалық-ақпараттық қамтамасыз етуін ұйымдастыру;

3.1.7электрондық ақшалармен операцияларды жүргізуге қатысты Ережелермен бекітілген шектеулерден асқан жағдайда ҚМК жай тұлғалар және Кәсіпкерлер туралы ақпараттарды ұсынуға. Жай тұлғалар туралы ақпарат Эмитентте жай тұлғамен электрондық ақшаларды өтеу мезетінде ҚМК жіберіледі;

3.1.8электрондық ақшалардың жеке игерелерін дербес басқару үшін, төлемдерге мониторинг жүргізу үшін Банкке Жүйеге қатынауды ұсынуға;

3.1.9Банкті Оператор қызметтеріне Тарифтің, Оператор мен банк аралығындағы бағдарламалық-техникалық қатынасқа талаптардың, электрондық хаттармен алмасу бойынша рәсімдердің өзгергендігі туралы 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабарлауға;

3.1.10профилактикалық және/немесе қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілетіндігі және ұзақтығы туралы Банкті ескертуге;

3.1.11Жүйе белгісіз себептермен тоқтап қалған жағдайда оны қалпына келтіру бойынша және Банкке хабарлау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға;

3.1.12Алматы қ. тыс Пайдаланушыға ескертуі бар пошталық байланыс арқылы көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураны ұсынуға;

3.1.13деректемелер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ағымында Банкке олар өзгерген жағдайда жазбаша түрде өзінің деректемелерін ұсынуға.




3.2Оператор құқылы:

3.2.1Кәсіпкерлер жүйесіне қосылуға;

3.2.2Жүйеде электрондық хаттармен алмасу бойынша рәсімдерді анықтауға;

3.2.3Кәсіпкелер Жүйеде болған жағдайда кәсіпкерді қосу бойынша Банкке бас тартуға;

3.2.4электрондық ақшалар Банкімен қате эмиссия жүргізілген Агенттің немесе жай тұлғаның электрондық әмбиянында жеткілікті электрондық ақшалар сомасы болған жағдайда жоюға берілген өтінімге сәйкес Банк эмиссиясын жоюға;

3.2.5бас тарту себебін көрсете отырып Банктің эмиссиясын жоюдан бас тартуға;

3.2.6Жүйедегі жұмысты ұйымдастыру үшін Банкке бағдарламалық қамтамасыз етудің ұсынуға;

3.2.7профилактикалық жұмыстардың басталу мезетіне дейін бір тәуліктен кешіктірмей Банкті алдын-ала ескерте отырып жексенбі күндері (демалыс күндері) немесе түнгі уақытта жалпы ұзақтығы жылына 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде профилактикалық жұмыстарды жүргізуге;

3.2.8Оператормен көрсетілген қызметтер үшін ұсынылған шот-фактура ол ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен астам уақытта Банкпен төленбеген жағдайда осы Шарт бойынша міндеттерін жүзеге асыруды тоқтатуға;

3.2.9Келесідей негіздердің кез-келгенінде Банкті Жүйеден шығаруға:

1) Жүйенің жұмыс істеу ережелерінің жүйелі түрде бұзылуы (тізбекті он екі күнтізбелік ай ағымында үш және одан да көп рет);

2) Эмитентті банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айыру;

3) Эмитенттің іс-әрекетінің тоқтайтындығы туралы сот шешімінің қабылдануы;

4) Эмитентпен өзінің іс-әрекетін ерікті түрде тоқтатуы туралы шешімнің қабылдануы;

5) Эмитентті БААЖ пайдаланушысы дәрежесінен айыру.




3.3Банк міндетті:

3.3.1Ережелерді сақтауға және Жүйені орнату және оның жұмыс істеу тәртібін бекітетін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талапатарын орындауға;

3.3.2Банктің жеке ______________ теңгерім шотында электрондық ақшалар эмиссиясының есебін жүргізуге (бұдан әрі – эмиссия шоты);

3.3.3Ақпараттарды алуды қамтамасыз етуге: Жүйеге Банк өкілдері кіруі үшін «логин» және «құпия сөзді» (АЖТ, лауазымы, телефоны, е-mail)_____________;

3.3.4Шарттың № 1 Қосымшасында көрсетілген тарифтерге сәйкес Оператор Қызметтері үшін сыйақыны уақытылы төлеуге;

3.3.5Егер Пайдаланушы Алматы қ. болса қағаз тасымалдағышында көрсетілген қызметтер үшін Оператордың орналасқан орны бойынша шот-фактураны алуға;

3.3.6Банкке келген кез-келген электрондық ақша иегері – жай тұлғаның электрондық ақшаларын өтеуді жүзеге асыруға;

3.3.7Жүйеде Банк жұмысына мониторинг жүргізуге;

3.3.8деректемелер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ағымында Операторға олар өзгерген жағдайда жазбаша түрде өзінің деректемелерін ұсынуға;

3.3.9жай тұлғаға электрондық ақшалардың эмиссиясы немесе өтеген жағдайда жай тұлғаға Қызметтің көрсетілгендігін растайтын және Ережелермен орнатылған деректемелерден тұратын чекті беруге;

3.3.10Соңғысымен ақшаның жымқырылуы және/немесе терроризмді қаржыландыруы бойынша күдік туған жағдайда ҚМК жай тұлғалар және Кәсіпкерлер туралы ақпараттарды ұсынуға;

3.3.11соңғысымен ақшаның жымқырылуы және/немесе терроризмді қаржыландыруы бойынша күдік туған жағдайда жай тұлғаларға электрондық ақшаларды өтеуді тоқтатуға;

3.3.12электрондық хаттармен алмасу рәсімдеріне сәйкес жіберілген электрондық төлем құжаттарының жүргізілуін қадағалауға;

3.3.13Банктің Жүйедегі жұмысын орнатуды, күйіне келтіруді, қосуды және мониторинг жүргізуді дербес қамтамасыз етуге;

3.3.14Банктен Жүйеге дейін қатынаудың телекоммуникациялық арналары есебінен қамтамасыз етуге;

3.3.15Шартқа қол қойған кезден бастап 3 (үш) күн ағымында Шарттың № 2 Қосымшасына сәйкес Шот-эмиссияның дебеттелуіне рұқсат беруге.



3.4. Банк құқылы:

3.4.1. Жүйеде жай тұлғалармен және Агенттермен жұмыс істеу кезінде комиссияны орнатуға.

4.ЕСЕП АЙЫРЫСУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

4.1Есептік күннен кейінгі 1 (бір) банктік күннен кешіктірмей Оператор Банкпен эмитацияланған Жүйеде электрондық ақшалармен операцияларды жүргізу нәтижесінде туындаған Банк міндеттерінің жалпы сомасына БААЖ-де Банк позициясынан Оператор позициясына ақша аударуды жүзеге асырады, және Кәсіпкерлермен және Эмитенттермен есеп айырысуды жүргізеді.

4.2Кәсіпкерлермен есеп айырысуды Оператор кәсіпкермен Жүйеге тіркелу кезінде көрсетілген банктік деректемелер бойынша жүзеге асырады. Эмитенттермен есеп айырысуды Оператор Эмитент позициясы арқылы БААЖ-де жүзеге асырады.

4.3Оператор қызметтері үшін сыйақыны төлеу Шарттың № 1 қосымшасында көрсетілген тарифтік қойылымдарға мәйкес жүргізіледі. Оператор сыйақысының сомасы есептік ай үшін транзакциялар санын тарифтік қойылымға көбейту жолымен есептеледі.

4.4Банк Оператордан электрондық шот-фактураны алған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ағымында электронды шот-фактурада көрсетілген Оператордың банктік шотына ақша аударады, төлеу күні Банкпен Оператордың банктік шотына ақша аудару күні болып саналады.




5.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1Тараптармен Шарт бойынша міндеттері орындалмаған жағдайда кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

5.2Оператор мен Банк Қызметтер көрсету үрдісінде және сонымен байланысты жай тұлғалар алдында туындаған, сонымен бірге Интернет желісіне қатынауға қатысты Кәсіпкерлер немесе провайдерлер тарапынан туындаған қателіктер үшін Кәсіпкер міндеттері бойынша, егер тек мұндай даулар мен келіспеушіліктер Оператор кінәсінің салдарынан туындамаса (мұндайда Оператор осындай даулар мен келіспеушіліктерді шешуге ат салысуы тиіс), жауапкершілікті көтермейді.

5.3Оператор олармен жасалған шартқа сәйкес, Эмитенттермен және Кәсіпкерлермен ақшалардың уақытылы және тиісті түрде аударылуына жауап береді.

5.4Банк Кәсіпкерлер алдында Оператор міндеттері бойынша жауапкершілікті көтермейді.

5.5Оператор Банкпен электрондық ақшаларды аударуға қатысты Агенттер мен жай тұлғалар алдында Банк міндеттері бойынша, егер тек мұндай даулар мен келіспеушіліктер Оператор кінәсінің болуы кезінде осы шарт бойынша Оператор және Банкке қатысты туындаған жағдайда болмаса (мұндайда Оператор осындай даулар мен келіспеушіліктерді шешуге ат салысуы тиіс), жауапкершілікті көтермейді.

5.6Тараптар Шарттың аясында ұсынылатын ақпараттың дұрысиығы үшін толық жауапкершілікті көтереді.

5.7Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша өз міндеттерін тиісті түрде орындаудан босатпайды. Тұрақсыздық сомасы талаптарды алған мезеттен бастап бес операциялық күн ағымында кінәлі тараппен төленеді.

5.8Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға құпиялы кілттердің, құпия сөздердің және басқа да құпиялы ақпараттардың таралмауын және жарияланбауын, оның сақталуын қамтамасыз етуге жауапты.

5.9Тараптармен Шартпен қарастырылған өз міндеттері орындалмаған/тиісті түрде орындалмаған жағдайда, өзінің міндеттерін бұзған Тарап осындай орындамау/тиісті түрде орындамау себебінен туындаған, зардап шеккен Тарапқа келтірілген нақты шығындарды толық көлемде өтеуге міндетті және осындай бұзу орын алды деп танылған күннен бастап 7 (жеті) күн ағымында зардап шеккен Тараптың банктік шотына көрсетілген ақша сомасын толық көлемде аударуға міндетті.

5.10Шарттың 4.4 тармағына сәйкес сыйақыны төлеуді кешіктіргендігі үшін Банк әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін төленуі тиіс сомадан 0,1% мөлшерінде Операторға өсімпұл сомасын төлейді.




6.ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

6.1Тараптардың әрқайсысы осы Шарт бойынша тиісті түрдегі құпиялылық режімін сақтайды, оның ішінде Шарт бойынша міндеттерді орындау үрдісінде алынған ақпараттарға қатысты банктік құпияларды сақтайды және аталған ақпараттың жариялануының алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

6.2Тараптар осы Шарт әрекеті тоқтаған мезеттен бастап 3 (үш) жыл ағымында өзінің мүдделерінде және/немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде құпиялы ақпараттарды пайдалабауға міндетті.

7.ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

7.1Шарт талаптарын орындау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіпте реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

7.2Тараптар өзара келісімге келе алмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қ. Арнайы мамандандырылған Экономикалық сотпен шешіледі.

8. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

8.1Тараптар су тасқыны, өрт, зілзала, апат, қоршауда қалу, ереуіл, соғыс қимылдары, террорлық актілер секілді дүлей күш жағдайларының және Тараптар күні бұрын болжап біле алмайтын және Шарттың орындалуына тікелей әсерін тигізетін басқада осыған ұқсас жағдайлардың салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап беруден босатылады. Дүлей күш жағдайларының зардабын шеккен Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімдері сол дүлей күш жағдайларының орын алған мерзімге ұзартылады.

8.2Егер Шарттың 8.1.-тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақытқа созылатын болса, онда Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін әрі қарай орындаудан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда Тараптардың ешқайсысының қарсы Тараптан қандай да болмасын шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Шартты тоқтату Тараптарды өзара есеп айырысудан босатпайды.

8.3Шарт бойынша өз міндеттерін орындай алмаған Тарап Тарап Шарттың 8.1.-тармағындағы жағдайлардың басталған және аяқталған мерзімдері туралы қарсы Тарапты дереу, бірақ 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжатын ұсынуға міндетті. Жалпыға мәлім оқиғалар растауды талап етпейді.



9. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТАРДЫ ҚОРҒАУ РӘСІМДЕРІ


9.1. Электрондық хаттармен алмасу кезінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен құрылған тәртіпте сертификатталған криптографиялық қорғаныс жүйесін және Банкпен Операторға ұсынылатын «Тұмар» сандық электрондық қолтаңбаны пайдаланады, оны электрондық хаттардың құпиялылығын, бүтіндігін және түпнұсқалылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп таниды.

9.2. Тараптар Жүйеде пайдаланылатын бағдарламалы-техникалық құралдарға заңсыз кірудің алдын алу құралдары мен шаралары, сондай-ақ қорғаудың ұйымдық шаралары мен бағдарламалы-техникалық құралдары ақпараттардың тиісті деңгейде қорғайтындығын және оның құпиялылығын сақтайтындығын мойындайды.

9.3. Қорғаныс іс-әрекеттерінің тәртібі бұзылған жағдайда немесе олар жарияланған жағдайда, осындай бұзуға жол берген Тарап жедел келесі тарапты ескертеді және салдарын жою шараларын қолданады.


10. БАСҚА ТАЛАПТАР


10.1. Оператор мен Банк аралығында Жүйеде хаттармен алмасу Оператормен бекітілген ақпараттарды жіберу нысандары бойынша тек электрондық тәсілмен жүргізіледі.

10.2. Өңделген хаттар коммуникациялық бақылаудан, атентификациядан өткен және Оператормен өңдеуге қабылданған электрондық хаттар есептеледі.


  1. ШАРТТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ,

ОНЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ

8.4Шарт оған қол қойған мезеттен бастап күшіне енеді және анықталмаған мерзім ағымында қолданыста болады.

8.5Шарт келесілердің негізінде тоқтатылуы мүмкін:


  1. Тараптардың келісімдері;
  2. Шартты тоқтатудың болжамды күніне дейін бір ай бұрын Операторды бұл туралы алдын-ала жазбаша ескерте отырып, Банктің бастамашылдығы бойынша бір жақты тәртіпте;


  3. төтенше оқиғалар орын алған жағдайда;

  4. Сот шешімі;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда.

Тараптар Шартты тоқтатқан күннен бастап бес операциялық күн ағымында толық өзара есеп айырысуларды жүргізеді.

8.6Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары 3.1.13 және 3.3.8 тармақтарына сәйкес өзгерістерден басқасы қосымша келісімдермен рәсімделеді және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

8.7Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және оның құқық иегерлеріне көшеді.

8.8Шарттың барлық Қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

8.9Шарт заңдық күші бірдей төрт данада құрылған: екі данасы мемлекеттік тілде және екі данасы орыс тілінде.




9.ТАРАПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ





ҚБЕАО

Банк

«ҚР ҰБ Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы» РМК

050040, Алматы қ., “Көктем-3” ы.а., 21 үй

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ ЖСК KZ54125KZT1002300104,

БСК NBRKKZKX.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ ЖСК KZ07125KZT1001300104,

БСК NBRKKZKX.

«Kaspi Bank» АҚ ЖСК KZ85722S000000125964, БСК CASPKZKA


СТН 600400060664

БСН 960440000151

Резиденттік белгісі 1,

Экономика секторы 5

тел. 2506-572, 2506-626 факс 2506-611


Бас директор


__________________ С. Х.Абдулкаримов

«_____________» АҚ


Қызметі


_______________________ АЖТ

______ ________ 20__ ж.

«e-tenge» электрондық ақшалар жүйесінде қызметтер

көрсетуге арналған №____________

Шартқа 1 Қосымша

Тарифтер





Атауы

Құны (теңге)

Әрбір транзакция үшін

7,00




ҚБЕАО

Банк


Бас директор

__________________ С. Х.Абдулкаримов


Қызметі

________________ АЖТ


______ ________ 20__ ж.

«e tenge» электрондық ақшалар жүйесінде қызметтер

көрсетуге арналған №____________

Шартқа 2 Қосымша


Ұйымның фирмалық бланкісінде


«Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы» РМК

Бас директоры

С.Х. Абдулкаримовке


ҚБЕАО банк аралық ақша аудару жүйесінде

дебеттік ақша аударуға келісімі туралы


1998 жылдың 21 қарашасындағы ҚР Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысымен бекітілген №242 Банк аралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару ережелерінің» 8 және 18 тармақтарына сәйкес, «_________»АҚ төлем тапсырмасының келесідей деректемелерімен банк аралық ақша аудару жүйесінде (БААЖ өзінің позициясынан дебеттік ақша аударуға келісімін береді:


E-tenge электрондық ақшалар жүйесінде есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін БСК ______________, шот (ЭМИССИЯ ШОТЫНЫҢ НӨМІРІН КӨРСЕТУ КЕРЕК) .


Ұйым басшысының қолы

МО



ҚБЕАО

Банк


Бас директор

__________________ С. Х.Абдулкаримов


Қызметі

________________ АЖТ








Похожие:

1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconТүсінік хат
Маманыдықты дұрыс таңдаудың саяси әлеументтік, экономикалық және қоғамдық маңызы бар. CorelDraw бағдарламасын игерген мамандарды...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconАқпараттық хат 1
Сіздерден жарық көрген еңбектеріңіз туралы тізім үлгісіндегі ақпараттарды ұсынуыңызды сұраймыз
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconАқпараттық хат ҚҰрметті әріптестер!
«Салыстырмалы білім беру: әдіснамасы, заманауи үрдістері мен мәселелері» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconМахамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі
Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconІ. ТҮсiнік хат
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconОсы хат Компанияңыздың бланкісінде орындалуға жатады
«Кселл» АҚ орнатқан осы қызметті пайдалану ережесін қадағалаумен Компаниямыздың атынан және мүддесінде «Кселл» АҚ ұялы байланыс қызметтерінің...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconТүсініктеме хат
Оқу құралының негізгі мақса­ты­ оқушыларға Интернет желісінде орналасатын құжаттар жасау технологияларының ерек­ше­ліктері мен мүмкіндіктерін...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат icon«Өлкетану» пәнінің оқу бағдарламасы Түсінік хат
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай...
1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарында
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница