Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі




Скачать 342.04 Kb.
НазваниеКатонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер342.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/strategy_12.doc
  1   2   3   4





Катонқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы «____»____________

№__________ қаулысымен

бекітілген


«Катонқарағай ауданының

экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары





Мазмұны



1.

Миссиясы және кіріспе

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

3.

Мемлекеттік орган қызметі нәтижесінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері

4.

Мемлекеттік органның функционалды мүмкіндіктері мен мүмкін болатын тәуекелділіктер

5.

Нормативтік құқықтық актілер

6.

Бюджеттік бағдарламалар



1. Миссия және кіріспе


Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) негізгі миссиясы – ауданның бәсекеге қабілеттілігінің және әлеуметтік-экономикалық өсімінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін экономикалық саясатты, сондай-ақ, тұтас мемлекеттік жоспарлау және басқарудың тиімді жүйесін іске асыру.

- ауданды облыстың дамыған өңірлері қатарына енуіне мүмкіндік беретін өңір экономикасының тұрақты дамуы.



  1. Ағымдағы жағдайды талдау



Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында дағдарыс салдарын жеңуге және одан арғы экономикалық өсімге дайындалуға, яғни қазақстандықтардың өмір сапасының артуына және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттер қойылған.

Жалпыәлемдік беталыстардың жағымсыз ықпалына қарамастан, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер орындалды.

2008 жылы ауданда Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің табиғи көлем индексі 103,2% құрады, бөлшек саудадағы тауарлардың айналымы өсіп – 24,3% құрады, инвестициялар көлемі – 2,1%, орташа айлық еңбекақы төлеу – 10,2%, тұрғын үй енгізу 3742 мың шаршы метрді құрады, аз қамтылған азаматтар саны жылдың басына 8% кеміді.

Өнеркәсіп. 2008 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 3,2 % құрады, өндіруші өнеркәсіпте - 70,4%, электр энергиясы, газ бен суды өндіру мен таратуда – 29,6%.Ауданның қосалқы кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 16,8 пайызға артты.

Сонымен бірге табиғи көлем индексі бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өнделетін өнім үлесінің 2007 жылғы деңгейден 3,3 пайыздық деңгейге төмендеп, 72,2% құрады. Өндіру саласында 0,2 пайызға , ал, электр энергиясы, газ бен суды өндіру мен таратуда 11,4 пайызға өсімдер байқалды.


Ауыл шаруашылығы. 2008 жылы Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға әр түрлі көздерден 281 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 138 млн. теңге, облыстық – 25 млн. теңге және басқа көздерден 118млн. теңге тартылды.

Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2008 жылдың бағасымен салыстырғанда 4554,6 млн теңгені құрады, ТИК-80,4 пайыз.

Ауа-райының қолайсыздығынан 2008 жылы өсімдік шаруашылығында жоспарланған өнімнің өндіріс көлеміне қол жеткізілген жоқ.58919,8 гектар алқапқа дәндә-дақылдар себіліп, құрғақшылықтың салдарынан 8116 гектар алқап, оның ішінде 5756 га астық тұқымдас, 2360 га күнбағыс есептен шығарылды.

Астық тұқымдас дәнді-дақылдарды жалпы жию 6,2 мың тоннаны құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға кем орындалды.Астық тұқымдас дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 3,8 центнерді құрады, ал өткен жылы әр гекардан14,8 центнер астық орылған. Майлы дақылдар өнімдері өндірісінің көлемі 2,5 тоннаға, картоп-7,2 мың тоннаға, көкөніс-3,2 тоннаға кеміп кетті.т12 мың гектар алқапқа ылғалды сақтау технологиясы қолданылды.

Жаз айының құрғақшылығына қарамастан 130 мың тонна шөп, 1,25 мың тонна сүрлем мен 3 мың тонна сүрлем шөп, 10 мың тонна сабан дайындалды.Мемлекеттік ресурстарға жоспарланған 1740 тонна астықтың 1580 тоннасы тапсырылып, жоспар 90,8 пайыға орындалды.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы тұрақты дамыды. 2007 жылмен салыстырғанда ет өндіру 100,1 пайызға, сүт-100,9 пайызға, жүн-100,1 пайызға жұмыртқа-100 пайызға орындалды. Ірі қара мал басының саны-0,6 пайызға, қой мен ешкі-0,9 пайызға жылқы-0,7 пайызға өсімі байқалды. Мал шаруашылығын одан ары қарай дамыту мақсатында ауданда 7 мал бордақылау алаңдары құрылып, 105 мың тонна ет өндіріліп, 12,8 млн теңгенің субсидиясы игерілді.ІҚМ қолдан ұрықтандыратын 6 пунктті құрылды. Ауданның 6 шаруашылығы асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысуда, олардың 4 марал шаруашылығы, қой мен жылқы шаруашылығында бір-бірден.

Аудан шаруашылықтарының техникаларын қайта жарақтандыру үшін 149,7 млн теңгенің 29 бірлік техникалары сатып алынды. 4 шағын МТС құрылып, олармен халыққа 15 млн теңгенің әр түрлі қызметтері көрсетілді.Ұсақ шаруашылықтарды біріктіру жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда 151 шаруашылық ірі құрылымдардың қатарына енді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы №3/32-ІІІ шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының ауылдық аумақтарын дамытудың өңірлік бағдарламасына сәйкес бөлім жыл сайын ауылдық аумақтардың әлеуметтік –экономикалық дамуына мониторингтер жүргізуде.

Шағын бизнес. 2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2007 жылдың тиісті кезеңіне 28,5% өсіммен 720,2 млн. теңгені құрады.

Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының (заңды тұлғалардын) саны 13,5 % өсіммен 101 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 78 құрап, 8,3 өсім байқалды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үлесі тіркелгендер ішінде 77,2 % құрады.

Аудан бойынша жалпы 2157 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 2007 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға өсім байқалды, оның ішінде шаруа қожалықтарының саны 1456 бірлікті құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға өскен.

Шағын кәсіпкерлікте қамтылғандар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 614 адамды немесе 135,8 пайызды құрады. Шағын кәсіпкерліктен түскен салықтық түсімдер 2008 жылы 55,4 млн. теңгені немесе 2007 жылмен салыстырғанда 108,8 пайызды құрады.

Инвестициялық қызмет. 2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1016,4 млн теңгені құрады, бұл облыс бойынша жалпы көлемнің 0,7% құрады.

Игерілген қаржылардың жалпы көлемінен өндірістік салаға 29,7 пайыз немесе 301,5 млн. теңге, әлеуметтік салаға 70,3 пайыз немесе 714,9 млн. теңге қаржы жұмсалды.


Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздеріне байланысты республикалық бюджет қаражаттары – 72%, жергілікті бюджет қаражаттары – 12%, шетел инвестициялары – 4,1%, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншіктік қаражаттары -9%, қарыз қаражаттары – 7% құрады.

Бюджет қаражаттары «100 мектеп пен 100 аурухана» Респуббликалық бағдарламасына сәйкес Өрел ауылында 320 орындық мектеп пен 75 төсек орындық аудандық аурухана және Берелдегі тарихи-мәдени мұражай құрылыстарына, сумен қамту, жылу беру желілерін күрделі жөндеуге, білім, денсаулық сақтау салаларының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға бағытталды.

Құрылыс саласы қызметіндегі басты көрсеткіштердің бірі –тұрғын-үйді қолданысқа енгізу болғандықтан, есептік мерзім ішінде 66,5 пайызға өсіп, жалпы алаң 3742 шаршы метрді құрады. Бұл облыс бойынша 1,7 пайызды көрсетіп тұр.


Инфляция. 2008 жылдың қорытындысы бойынша ауданда тұтыну бағалары индексінің деңгейі 110,5% құрады, бұл орташа республика деңгейінен 1 пайыздық тармаққа жоғары, 2007 жылдың сәйкес көрсеткішінен 5,6 пайыздық тармаққа төмен, азық-түлік тауарларының бағалар индексі 112,6%, халыққа қызмет көрсетуі - 111,5%, азық-түлік емес тауарлары – 106,7% құрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2008 жылы ресми тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 18,3% төмендеп, 165 адамды құрады.

Экономикалық белсенді халық саны арасында тіркелген жұмыссыздар саны 2009 жылғы 01 қаңтарда 0,8 пайызды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға азайды.

Жыл көлемінде ауданда 1116 жаңа жұмыс орындары құрылып, 2008 2010 жылғы Халықты жұмыспен қамту Бағдарламасындағы жылдық жоспардың 214,6 пайызын құрады. Аталған мерзім ішінде 222 жұмысқа орналасып (жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендер санының 86 пайызы), 234 жұмыссыз қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді.Кәсіби оқытуға 30 адам жолдама алды.

2007 жылмен салыстырғанда аз қамтылған отбасылар саны 8 пайызға кеміп, 2157 адамды құрады. 37,0 млн теңгесомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер төленіп, аталған көмекті 1865 адам алса, тұрғын үй көмегі-5,5 млн. теңге алушылар саны-487 адам, 20,9 млн. теңгеге 2458 балаға балалар жәрдемақысы төленді.

Ірі және орта кәсіпорындардағы орташа жалақы мөлшері 2008 жыл ішінде 10,2 пайызға өсіп, 31407 теңгені құрады.

Бір уақытты зерттеу мәліметтері бойынша экономикалық белсенді халық санының 2008 жылдың 4 тоқсаны үшін 21266 адамды құрады.2008 жылдың 4 тоқсанында аудан бойынша 5,0 пайызды көрсетті. Аудан бойынша жұмыссыздар саны 1068 адам.


Салықтар және бюджет. 2008 жылы бюджет шығысы 2007 жылға қарағанда 198,8 млн. теңгеге немесе 13,9%-ға өсіп, 116,6 млн. теңгені құрады.

Меншік кіріс – 295,985 млн. теңге, трансферттер – 131,366 млн. теңгені, басқа да түсімдер – 1,3 млрд. теңгені құрады.

2008 жылы басым бағыттар мен әлеуметтік маңызды бағдарламаларға назар салынды: 2007 жылға қарағанда 12,8% өсіммен, білімге 1107 млн. теңгеден артық, денсаулық сақтауға – 27,1млрд. теңге (өсім 23,4%), халықты әлеуметтік қорғауға – 126 млн. теңге (өсім 35,9%), тұрғын-үй шаруашылығына – 90,4 млн. теңге.

Кепілдендірілген еңбекақы төлеу, жәрдемақы, стипендия толық көлемде қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік мекемелерге күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жүргізілді.

Даму бюджеті бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға 22,8 млрд. теңге бағытталды, ол 2007 жылғыдан 14,7 млн. теңгеге артық құрайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес ел Үкіметі әлемдік экономикалық дағдарыс ықпалын төмендету, отандық экономиканы әлеуетті сыртқы тәуекелдерден қорғаудың превентивті шараларын пысықтау бойынша шаралар қабылдауда. Ол үшін бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша қатаң үнемдеу және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан салалық және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың ресімдері мен әдістемесі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жеткізуді және мемлекет қаржысын тиімді басқаруды қамтамасыз ете алмау мәселесі бар.

Бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижелілігі индикаторларының, олардың тиімділігін бағалаудың нақты тетігін, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау арасында өзара байланыстың болмауына байланысты, бюджет қаржыларын шығындау тиімділігін есепке ала отырып, бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігіне сапалы бақылау жасау мүмкіндігі жоқ.

Бөлімнің негізгі міндеттері, стратегиялық жоспарларға қол жеткізуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бейімделген, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың біртұтас, тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың әрекеттегі жүйесі тұрғындардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуін толық қамтамасыз ете алмайды, мемлекеттік органдардың тұрғындармен қайта байланысы жоқ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің төмен тиімділігі мен сапасы байқалады

Қазіргі таңда, мемлекеттік органдарда функцияларды талдау нақты тапсырмалар алынған жағдайда ғана жүргізіледі. Жергілікті билік деңгейлері бойынша өкілеттіктерді жүргізуді жіктеу жалпы сипатта ғана анықталған және нақты регламенттелмеген.

Осы бағыт аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың функционалды талдауын жүргізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың құрылымы мен штат санын оңтайландыру жоспарлануда.


3. Мемлекеттік орган қызметінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері


Атауы

Бірлік

Есеп беру кезеңі

Жоспарланған кезең

өзгеру

2008 жыл (есеп)

2009 жыл

(ағымдағы жыл жоспары)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. стратегиялық бағыт.

Аудан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыру

1.1. мақсат аудан экономикасының сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету

Өндіруші өнеркәсіп үлесі 2010-2014 жылдары жыл сайын 98,9% өсуі, 2008 жылы ЖӨӨ 95,6% құрады.


1.1.1. міндет. Ауданда инфляция үрдістерін тежеу

Штаб отырыстары саны


Бірлік

48

48

40 кем емес


40 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

40 кем емес

Тұтыну бағасының индексі


%

110,5

106,0

108,0

107,5

107,5

107,5

107,0

1.1.2. міндеті. Жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер қоғамы, ғылыми қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдардың ауданның бәсекеге қабілеттігін арттыру кеңесі қызметін ұйымдастыру жолымен облыстың бәсекеге қабілеттігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша ұсыныс әзірлеуде іс жүзінде өзара байланысты қамтамасыз ету

Ауданда бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Бірлік

-

1

1

1

1

1

1

1.1.3. міндеті 2015 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық стратегияны тиімді іске асыруға қолдау жасау 

Өндеуші өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсімі

%

137,7

112

102,5

103,0

103,5

102,9

101,4
  1   2   3   4

Похожие:

Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі icon«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма)...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconШортанды ауданының экономика және қаржы бөлімінің
Пайымдау – стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты салааралық және аймақтық...
Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница