4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады




Скачать 73.93 Kb.
Название4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады
Дата конвертации08.02.2016
Размер73.93 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish705356_6312.doc
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қаңтар


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген 2010 жылғы қаңтарда «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері 2009 жылғы 4-тоқсанда кредит портфелі сапасының нашарлауы қарқынының төмендегенін көрсетіп отыр. Қаржылық емес ұйымдар кредиттік ресурстарды айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған кредиттерді қайта құрылымдау үшін тартады. Бөлшек кредиттеу нарығында банктер ипотекалық заемдарға қарағанда, тұтынушылық кредиттеуге біршама көбірек басымдық беруді жалғастырып отыр.


  1. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі



2-иаграмма. Кредит саясатының өзгеруі


.
Зерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарпынан кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуі байқалды (1-диаграмма1). Сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 3-тоқсандағы 18%-дан 4-тоқсанда 30%-ға өсті. Сұраныстың өзгермегенін респонденттердің 67% атап өтті. Сұраныстың өткен тоқсанның нәтижесі бойынша 12%-дан 3%-ға дейін қысқарғанын көрсеткен респонденттер үлесінің кейбір төмендеуі байқалды. Банктер өздерінің заемшыларын оларға айналым құралдарын қаржыландыру үшін, негізгі құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмыс істеп тұрған кредит желілері бойынша қаржыландыру үшін қаражат бере отырып, қолдауды жалғастырып отыр.

2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 88% кредит саясатын

бұрынғы деңгейде қалдырды, небәрі 12%-ы оны шамалы қатаңдатты (2-диаграмма).

4-тоқсанда кредит саясатының 3-тоқсандағыдай шамалы қатаңдалуы бірінші кезекте кредиттеудің тәуекелді бағыттарына және неғұрлым тәуекелді заемшыларға қатысты болды. Кредиттеу талаптарының ішінде 2009 жылғы 4-тоқсанда кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша шамалы ұлғаюы және кредиттерді кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың қатаңдатылуы орын алды.


3. 2010 жылғы 1-тоқсанда банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуін күтеді. Сауалнама жүргізілген банктердің 40% жуығы кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді, ал 60% ол өзгеріссіз қалады деп болжайды.

4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады. Бұл ретте банктер кредиттер берудің баға талаптарының айтарлықтай өзгерістерін болжамайды: стандартты кредиттер бойынша маржа деңгейінің сақталуын респонденттердің 91% жуығы атап өтті және банктердің 79% кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны өсіруді жоспарлайды.


II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1
3иаграмма. Кредиттік ресурстарға (ипотека) сұраныстың өзгеруі

4-диаграмма. Кредиттік ресурстарға (тұтынушылық кредиттеу) сұраныстың өзгеруі


. Кредиттеудің бөлшек нарығында кейбір тыныштық байқалып отыр, ол белгілі бір дәрежеде маусымдық фактордың ықпал етуіне байланысты.
2009 жылғы 4-тоқсанда ипотекаға сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 17% құрады, бұл 3-тоқсанға қарағанда шамалы төмен (26%). Сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын растаған респонденттердің үлесі 60% құрады. Тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюын атап өткен респонденттер үлесінің төмендегені байқалып отыр – өткен кезеңдегі 37%-дан талдау жасалып отырған кезеңдегі 19%-ға дейін (3 және 4-диаграммалар). Банктердің пікірі бойынша ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың шамалы төмендеуіне негізгі ықпалды маусымдық фактор жасады: банктердің бағалауы бойынша жылдың аяғы заемшылар тарапынан іскерлік белсенділіктің кейбір бәсеңдеуімен сипатталады.


Банктердің сұранысқа қатысты жақын арадағы 3 айға күтулері 2009 жылғы 3-тоқсанның осындай үрдістерін көрсетеді (3, 4-диаграммалар): тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өсуін неғұрлым оптимистік бағалау (респонденттердің 43%-ы ипотека бойынша респонденттердің 22% салыстырғанда шамалы өсуді күтеді).


2. Кредит саясаты бойынша 2009 жылғы 4-тоқсанда банктердің 78% астамы оны өзгеріссіз қалдыруды дұрыс көрді (5 және 6-диаграммалар).

Кредиттеу талаптары келесі тоқсанда өзгеріссіз қалады – орташа алғанда банктердің 85% кредиттеудің бағаға жатпайтын негізгі талаптарының (кредиттік лимиттер, кредитті өтеу мерзімдері, кепілдік талаптар және комиссиялар) сақталуын және респонденттердің 90% баға талаптарының (кредиттеудің стандартты және тәуекелді түрлері бойынша маржа) сақталуын атап өтті. Осы ниеттер заемшылардың ықтимал дефолтының және берілген заемдардың қайтару деңгейіне теңгерімді банктердің тәсілінен туындады. Сонымен бірге, 5 әрі банктердің ішінен респонденттерді бір бөлігі 2010 жылғы 1
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


-тоқсанда кредит саясатының кейбір бәсеңдеуін күтеді.


5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)





3. Банктердің қазіргі кездегі заемшылардың тәуекелдеріне қатысты 2010 жылғы 1-тоқсандағы күтулері – банктердің 30% астамы заемшылар заемдар мерзімінің өту және ұзартылу деңгейінің өсуінен, сондай-ақ қамтамасыз ету сапасының одан әрі нашарлауынан қаржылық жағдайының одан әрі нашарлайтынын бастан кешіреді деп санауға бейім.



7-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасын күту





4. Банктердің көпшілігі (57%) жылжымайтын мүлік бағаларының тұрақтанды және жылжымайтын мүлік нарығында кейбір тыныштық басталды деп санайды, респонденттердің 31% жылжымайтын мүлік бағаларының шамалы төмендеуін күтеді (7-диаграмма). Сондай-ақ, банктердің көпшілігінің пікірі бойынша, жылжымайтын мүлік бағаларының банктердің кепілге беру саясатына қатысты қалыптастырылады деген қауіп бар, яғни банктердің кепілге салынған мүлікті күрт өткізуі (сатуы) жылжымайтын мүлік бағаларының одан әрі төмендеуіне алып келуі мүмкін.



  1. Тәуекелдер картасы


Несие портфелі сапасының динамикасына қатысты теріс күтулері бар респонденттердің үлесі шамалы қарқынмен төмендеуде. Мәселен, респонденттердің 28% несие портфелі сапасының одан әрі шамалы нашарлауын күтуде және респонденттердің 63% сапа өзгеріссіз қалады деп болжауда, сонымен қатар өткен тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлайтынын респонденттердің 37% күткен болатын.

Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменті бойынша тиісінше 29% және 33% портфель сапасының нашарлайтынын күтуде, 61% және 54% портфель сапасының бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.

Тәуекелдер дәрежесін бөлуге қатысты айтатын болсақ, онда респонденттер кредиттік тәуекелдің өсуін көрсетті. Сондай-ақ банктер үшін операциялық тәуекелдің өсуі сезілетін тәуекел болып табылады (респонденттердің 26%). Сондай-ақ банктер үшін өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел біртіндеп төмендеп отырғанын атап өту қажет, соңғы көрсеткіш ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, атап айтқанда: өтімділік тәуекелінің ұлғаюын респонденттердің 17%, ал валюталық тәуекелдің ұлғаюын респонденттердің небәрі 8% атап өтті.

Банктер қосымша қаржыландыру көздері бойынша жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тартуға артықшылықпен сүйенуін жалғастырып отыр (66% және 70% осы қаржыландыру көзінің жоғары артықшылығын атап өтті). Банктер сондай-ақ жұмыс істеп тұрған акционерлердің қаражаты есебінен капиталды ұлғайтуға (респонденттердің 48%) және алынған пайданы қайта инвестициялауға (респонденттердің 47%) жоғары мән береді.


Банктердің сыртқы міндеттемелерін өтеу 4-тоқсанда орташа алғанда2 мынадай көздер есебінен жүргізілді:

- ішкі міндеттемелер есебінен (25%);

  • қайта құрылымдау есебінен (26%);

  • активтердің және резиденттерге талаптардың қысқаруы есебінен (17%);

  • сыртқы активтердің төмендеуі есебінен (13%);

  • сыртқы нарықтарда резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қаржыландыру есебінен (19%).

Келесі 12 ай ішінде банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелерімен ауыстыруды көздейді (19%); сондай-ақ сыртқы міндеттемелерді ішкі активтердің төмендеуі есебінен жабу жоспарланып отыр (шамамен 10%). Сыртқы борышты қайта құрылымдау жоспарына сәйкес 3 банк жыл ішінде өзінің сыртқы борышының жиынтық көлемін төмендетуді жоспарлайды. Нәтижесінде жоспарланып отырған төлемдер және банк жүйесінің сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету бойынша ағымдағы жүктемесі шамамен 2 есе (62%)3 төмендейді.


IV. Проблемалы кредиттермен жұмыс


Банктер кредиттеудің корпоративтік секторы және сол сияқты бөлшек сегменті бойынша заемдарды қайта құрылымдау және кепілге салынған мүлікті өндіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырады.

2009 жылғы 4-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағаларының тұрақтандырылғанын ескере отырып, кепілге салынған мүліктің одан әрі құнсыздану проблемасының өткірлігі төмендегенін атап өту қажет. Банктердің бағалауы бойынша кепілге салынған мүліктің барынша құнсыздануы 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында болды.

Банктер үшін маңызды проблемалардың бірі жинақталған кепілхатты өткізуден тұрады, заемшылар көбінесе өздерінің қаржылық жағдайының нашарлауынан заемдар бойынша міндеттемелерінен бас тартады және олардың кепілге салынған мүлкі банкке өтеді, ал құнсызданған кепілзатты, әсіресе жылжымайтын мүлікті өткізу жылжымайтын нарық өтімділігінің төмен болуы себепті барынша күрделі болады.



1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Көрсетілген диапазонның банктердің сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің базасында қалыптастырылған үлес салмақтарды пайдалана отырып есептелген орташа мәні. Іріктеу – сыртқы нарықтардағы неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 11 банк.

3 Көрсетілген диапазонның банктердің сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің базасында қалыптастырылған үлес салмақтарды пайдалана отырып, 2010 жылғы қаңтар – 2011 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңнің пайыздық төлемдері қосылмай есептелген орташа мәні. Орташаны есептеуге арналған база 2009 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықтардағы неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 11 банк.




Похожие:

4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconЕ gov kz порталы арқылы 15 минутта кредиттік тарихты білуге болады
Есеп банктер мен басқа кредиттік ұйымдардан келіп түскен несие алушының кредиттік тарихы сауалдарының санын көруге мүмкіндік береді....
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconАқпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердің, кредиттік бюролардың және кредиттік есептерді алушылардың
Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 3-тармағын...
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconЗерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconКредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық
Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге арналған...
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconКоммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады icon1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады icon«Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін беру»
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconКредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған анықтамалық-КӨрсеткіш
Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге қойылатын...
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады iconКредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница