1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)




Скачать 107.4 Kb.
Название1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)
Дата конвертации08.02.2016
Размер107.4 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish352014_6500.doc
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қаңтар


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы қаңтарда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері тұтастай алғанда банктік кредиттеудің бірте-бірте қалпына келуін көрсетеді. Корпоративтік кредиттеу секторында қаржы емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты. Бөлшек кредиттеу сегментінде халықтың тарапынан сұраныстың өсуі үрдісі жалғасты, алайда өсу қарқыны біршама төмендеді. Жекелеген банктер жиынтық кредиттік портфельдің сапасын бірте-бірте қалпына келтіруді көздейді.


  1. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1).

З
1-диаграмма. Сұраныстың кредиттік ресурстарға өзгеруі


ерттеліп отырылған кезеңде банктердің 45% сұраныстың өсуін, ал респонденттердің 50% сұраныстың өзгермегендігін атап өтті. Қаржы емес ұйымдар айналым қаражатын қаржыландыру және орын алып отырған берешекті қайта қаржыландыру үшін банк заемдарын тартуды жалғастыруда. Оған қоса, негізгі капиталды сатып алу үшін кәсіпорындардың кредиттік ресурстарды тарту көлемі ұлғайды.

Сондай-ақ банктер заемшы кәсіпорындар тарапынан заемдарға сұраныстың өсуі меншік бағалы қағаздарды шығару, басқа банктердегі және банктік емес ұйымдардағы заемдар сияқты көздерді пайдалану көлемін төмендету есебінен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті. Корпоративтік бизнес тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің негізгі критерийі ретінде банктер пайыздық ставкалардың өзгеруін атап отыр.

2
2-диаграмма. Заемдардың валютасының олар бойынша мерзімдер бөлігінде өзгеруі


011 жылғы 1-тоқсанда банктердің басым бөлігі кредиттік ресурстарға олардың қарқынының жалпы баялауы кезінде сұраныстың бұдан әрі өсуін болжайды.
Мәселен, респонденттердің 58% сұраныстың өсуін және банктердің 39% оның өзгермейтіндігін болжайды.

2. Банктердің бағалауы бойынша заңды тұлғалар тарапынан ұлттық валюта теңгедегі кредиттерге сұраныстың басымдылығы байқалып отыр (2-диаграмма). Бұл бір жағынан банк клиенттерінің өз валюта тәуекелін шетел валютасындағы қаржы қаражатын тарту есебінен ұлғайтуға деген ниетінің болмауымен, ал екінші жағынан банктер тарапынан шетел валютасында берілетін заемдар бойынша реттеуші мемлекеттік органның талаптарды көтеруі есебінен талаптарды қатаңдатуымен түсіндіріледі.

Сондай-ақ валюталық заемдарға сұраныс тек ұлттық валюта теңгеде берілетін әртүрлі индустриальдық-инновациялық бағдарламалар бойынша қаражатты игеруге ықпал етеді.

3
3-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі



. Кредиттік тәуекелді басқару мақсатында банктер несие портфелін елеулі өсіруге мүдделі емес.
Банктер (салалық тәуекелдер, кепілдік қамтамасыз ету құнының өзгеруі, жоғары тәуекелді заемдар үлесінің несие портфеліндегі өзгерісі, ірі заемшылардың қаржы жағдайы сияқты) тәуекелдерді анағұрлым жоғары қабылдайды. Осының салдары ретінде банктер кредиттік саясатты шамалы қатаңдатты (3-диаграмма) әсіресе кредиттеудің анағұрлым тәуекелді түрлері, кепілді қамтамасыз ету бойынша талаптарды қатаңдату бойынша маржаны көтеру бөлігінде байқалды.

Екінші жағынан банктер корпоративтік бизнеске кредиттер беруге деген қызығушылықты білдірді (банктердің 15% берілетін кредиттердің көлемін анағұрлым өсіруге ниет білдіріп отыр, банктердің 45% қалыпты ниетін білдірді). Осы жерде сондай-ақ респондент банктер басқа банктермен бәсекелестіктің өсуін атап өтті, бұл банктерді стандарттық кредиттер бойынша маржаны төмендетуге, кредит мөлшерін, оны өтеу мерзімін және негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңдерін ұлғайтуға, пайыздық ставкаларға байланысты емес комиссияларды төмендетуге мәжбүрлейді.

Банктердің пікірі бойынша кредиттік тәуекел анағұрлым экономиканың жылжымайтын мүлікпен операциялар, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қонақ үй және мейрамхана бизнесі сияқты салаларында, ең азы – өңдеуші өнеркәсіпте шоғырланған.

Банктер анағұрлым сапалы және маңызды заңды тұлғалармен жұмыс кезінде кредиттеудің арнайы бағдарламасын әзірлей отырып немесе кредиттер бойынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, жеке тәсілдерді анағұрлым жиі қолданады. Осылайша банктер өздерінің кредиттік өнімдерін кредиттеудің белгілі бір мақсатына, бизнестің ерекше нұсқамасы мен құрылымына бейімдейді, заемдар бойынша пайыздық ставкалар және банктік тарифтер нақты клиентке немесе клиенттер тобына байланысты болуы мүмкін.

Кредиттік өтінімдерді қарау кезінде банктер кепілдік қамтамасыз етумен салыстырғанда бизнес сапасына үлкен мән берді, яғни бизнестің тұрақтылығы мен болашағын талдау өтінімдерді қарау кезіндегі негізгі фактор болып табылады. Оған қоса, банктер заемшы кәсіпорындардың тәуекелінің жоғары деңгейінің сақталып отырғандығын және олардың төмен төлем қабілеттілігін атап өтті, бұл өз кезегінде кредиттер құнын төмендету үшін тежеуші фактор болып табылады. Клиенттік төлем қабілеттілігінің қалпына келуіне қарай банктер кредит құнын төмендетуге ниет білдіріп отыр.

Кейбір ірі және орта банктер басым салаларды қолдау жөніндегі әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінетін қаржыландырумен салыстырғанда өз клиенттерінен тартылған қаражат есебінен кредиттерді нарықтық талаптармен беру үдерісін жандандырды.


Банктер корпоративтік секторға қатысты кредитік саясат 2011 жылғы 1-тоқсанда қазіргі үрдісті сақтап қалады деп болжайды.

Бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 79% қолдады, банктердің 12% саясатты қатаңдатуды жоспарлап отыр және тек банктердің 9% оны шамалы жұмсартуды болжап отыр. Қаржыландыру талаптарына келетін болсақ, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында тұтастай алғанда кредиттерді беру талаптарының елеулі өзгеруі байқалмайды, яғни стандарттық кредиттер бойынша маржа деңгейінің төмендеуі кепілдік қамтамасыз ету бойынша талаптардың қатаңдатылуымен өтелетін болады. Респондент банктердің пікірі бойынша қазіргі заемшылардың негізгі тәуекелдері 2011 жылғы 1-тоқсанда олардың қаржы жағдайына (негізінен өтімділігі мен пайдалығына), сондай-ақ кредиттер бойынша өтеу мерзімінің өсуімен байланысты болады.


II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1. 2010 жылғы 4-тоқсанның қорытындылары бойынша бөлшек кредиттеу сегментінде халықтың тарапынан сұраныстың ұлғаюы сақталды, бұл ретте өсу қарқыны шамалы төмендеді. Ипотекалық өнімге сұраныстың өсуі туралы мәлімдеген респондент банктердің үлесі 2010 жылғы 4-тоқсанда 30%, 3-тоқсанда 29% болды. Кредиттеудің осы сегментінде сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталатындығын бағалаған банктердің үлесі 59%- ды құрады, ал 3-тоқсанда бұл көрсеткіш 63%-ды құрады. Тұтыну заемдарына сұраныстың өсуін банктердің 43% атап өтті, ол алдыңғы тоқсандағыдан шамалы жоғары – яғни 40% (4 және 5 диаграммалар)

К
5- диаграмма. Ипотекалық кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі



4-диаграмма. Тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың өзгеруі)
орпоративтік кредиттеу сегментіндегідей негізгі сұраныс ұсынылатын бөлшек кредиттеуде қазақстандық теңге заемдар валютасы болып табылады, ал шетел валютасындағы кредиттерге сұраныс төмендейді. Бұл ипотекалық кредиттеуге, сол сияқты тұтынушылық кредиттерге тән жағдай.

Респондент банктер халық тарапынан заемдарға сұраныстың өсу факторларының ішінде заемдар мерзімінің ұлғаюын, пайыздық ставкалардың төмендеуін, ұзақ пайдалануға арналған тауарларды сатып алуға тұтыну шығыстарын қаржыландыру қажеттілігін, сондай-ақ тұтынушылардың борыш ауыртпалығын қабылдауы және жылжымайтын мүлік нарығының даму болашағына қатысты сенімділігінің өсуін анағұрлым маңызды деп атап көрсетті.

Банктер, сондай-ақ халық тарапынан әмбебап кредиттік өнімдерге (экспресс-кредиттер және кредиттік карталар) деген қызығушылықтың өскендігін көрсетіп отыр, тиісінше банктер осы кредит түрін алу рәсімдерін бірте-бірте бір уақытта жеңілдету кезінде кепілсіз кредиттеуді жаңғыртты.

Осының салдары ретінде банктер филиалдардың, банк бөлімшелері жұмысының сапасын кеңейту мен арттыру, жаңа клиенттерді - жеке тұлғаларды тартуға бағытталған маркетингілік стратегияларды іске асыру тиімділігін өсіру бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр.

Б
6-диаграмма. Кредиттік саясаттың (ипотека) өзгеруі


анктер 2011 жылғы 1-тоқсанда халық тарапынан бөлшек сегмент бойынша кредиттік өнімдерге деген сұраныстың өсуін күтіп отыр.
Мәселен, банктердің 65% жуығы клиенттер тарапынан тұтыну заемдарына сұраныстың өсуін болжап отыр. Осы кезде ипотекалық кредиттерге сұраныстың өсуін тек банктердің 43% күтуде, өзгерістің болуын болжамаған респондентердің үлесі ипотекалық кредиттер бойынша 54%-ды, тұтынушылық заемдар бойынша 31%-ды құрады.

2. 2010 жылғы 4-тоқсанда респондент банктердің 23% жуығы тұтынушылық заемдар бойынша және респондент банктердің 17% жуығы ипотекалық өнімдер бойынша кредит саясатын шамалы жұмсартты (6 және 7 диаграммалар). Кредит саясатын жұмсарту пайыздық ставкаларды төмендетуден, заемдарды өтеу мерзімін ұлғайтудан, пайыздық ставкаға байланысты емес комиссиялардың мөлшерін төмендетуден, сондай-ақ ипотекалық кредиттеу кезінде бастапқы жарнаның мөлшерін төмендетуден және тұтынушылық кредиттеу кезінде кредиттік лимиттің ұлғаюынан көрінеді.

З
7-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


аемшы жеке тұлғаларға қатысты банктердің кредит саясатын жұмсартуға басқа банктердің тарапынан бәсекелестік, жалпы оң экономикалық күтулер, сондай-ақ қорландыру ресурстарының қолжетімділігі мен капиталды тартудың төмен шығасылары әсер етті.

Бірақ, бұл ретте банктер заемшы жеке тұлғалардың қысқа мерзімді кезеңдегі төлем қабілеттілігінің өсуін оң бағалап отыр, ал ұзақ мерзімді кезеңге қатысты банктерде мұндай сенімділік байқалмайды. Осыған байланысты халықтың төлем қабілеттілігінің өсу факторы тұтынушылық кредиттеу кезінде талаптарды жұмсартуға себепші болады және ипотекалық кредиттеу кезінде бейтарап болып қалады.

Тұтастай алғанда, заемшыларға талаптар, әсіресе негізгі тәуекелдер сақталып отырған ипотекалық кредиттеу сегментінде жеткілікті түрде қатаң деңгейде қалып отыр.

2011 жылғы 1-тоқсанда банктердің 80% жуығы кредиттеудің бағаға жатпайтын негізгі талаптарын (кредиттік лимиттер, кредитті өтеу мерзімдері, кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар және т.с.) сақтауды болжайды және 90% баға талаптарын (кредиттеудің стандарттық және тәуекелді түрлері бойынша маржа) өзгертпеуді жоспарлап отыр.

Оған қоса, ипотекалық заемдарға қатысты кредит саясатын жұмсарту банктердің 18%-ның және тұтынушылық кредиттер бойынша 20%-ның жоспарында бар.


3. 2011 жылғы 1-тоқсанда респондент банктердің көпшілігі (58%) жылжымайтын мүлік бағасының өзгермейтіндігін болжап отырса, ал банктердің 29% жылжымайтын мүлік бағасының өсуін болжайды (8-диаграмма). Банктер елдегі жылжымайтын мүлік нарығының баяу қалпына келуін болжайды, бұл елдегі экономикалық өсудің негізгі индикаторларының тұрақтылығымен байланысты. Шикізат тауарларына баға деңгейінің бұдан әрі тұрақтануы, халық табысы деңгейінің өсуі, кредиттер бойынша тартымды талаптармен ипотекалық нарықта ойыншылар санының өсуі халық тарапынан кейінге қалдырылған сұранысты қанағаттандыруға ықпал етеді, ол кезегінде жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне әсер етеді.

8-диаграмма. Жылжымайтын мүлікке орташа бағаның өзгеруін күту



  1. Тәуекелдер картасы


1. Банктер пікіртерім нәтижелері бойынша 2010 жылғы 4-тоқсанда жиынтық кредит портфелі сапасының шамалы нашарлағанын көрсетті. Осы кезде бірқатар банктер бөлшек портфель сапасының кейбір жақсарғандығын көрсетті, ол осы заемдарды өтеудің аз мерзіміне байланысты - «ескі» заемдарды «жаңа» заемдармен ауыстыру бұл сегментте анағұрлым жылдам жүреді.

Бірқатар банктер 2011 жылғы 1-тоқсанда несие портфелі сапасының кейбір қалпына келуін болжайды. Банктердің 20% жуығы жиынтық несие портфелі сапасының шамалы жақсаратындығын және респонденттердің 70% сапаның сол күйінде қалатындығын және тек банктердің 6% несие портфелі сапасының нашарлайтындығын күтуде. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменті бойынша тиісінше респондент банктердің 15% және 19% кредиттік портфель сапасының жақсаруын күтуде, 79% және 78% портфель сапасы сол күйінде қалады деп күтуде.

2. 2010 жылғы 4-тоқсанның қорытындылары бойынша қайта құрылымдалған заемдар санының айқын өсуі байқалды, ал сол уақытта кепілді мүлікті өндіріп алудың өсу қарқыны тұрақты деңгейде қалды. 2011 жылғы 1-тоқсанда банктер берешекті қайта құрылымдау және кепілді мүлікті өндіріп алу жөніндегі операцияларды елеулі өсіруді жоспарлап отырған жоқ.

Кредиттік портфельдің сапасын жақсарту жөніндегі басым шараларға: жеңілдік кредиттік кезеңді беру, айыппұл санкцияларын есептен шығару, сондай-ақ коллекторлық агенттіктермен жұмыс жатады.

Проблемасы бар заемшылармен жұмыс жүргізу кезінде шетелдік қатысуы бар көптеген банктер клиенттік базаның (басым түрде ірі кәсіпорындар) ерекшелігіне және қызметкерлердің аз санына қатысты проблемасы бар заемдарды коллекторлық агенттіктерге беруді жөн көреді. Өз кезегінде анағұрлым әмбебап болып табылатын қазақстандық банктер проблемасы бар заемшылармен жұмысты өз бөлімшелерінің күшімен жүзеге асырады.

3. Банк үшін негізгі тәуекел кредиттік тәуекел болып табылады (9- диаграмма), ол проблемасы бар заемдардың жоғары деңгейіне байланысты (бұл тәуекелдің өсуін респонденттердің 26% атап өтті).

Теңге бағамының тұрақтылығы және банк өтімділігінің жоғары деңгейі жағдайында банктер үшін өтімділік тәуекелі мен валюталық тәуекел өзекті болып отырған жоқ.

9-диаграмма. Банктердің кредит тәуекелін қабылдауы2



4. Банктер үшін қорландырудың басым көздері заңды және жеке тұлғалардың салымдарын тарту (тиісінше респонденттердің 73% және 59%), қазіргі акционерлер есебінен капиталды ұлғайту (66%) және алынған пайданы қайта инвестициялау ( 41%) болып табылады.


5. 2010 жылғы 4-тоқсанда банктердің жауаптарына сәйкес банктердің ішкі міндеттемелері резиденттер емес алдында міндеттемелерді өтеу көздері болып табылды, олардың есебінен төлемдердің 84% жабылды, қалған үлесі активтерді және резидент еместерге талаптарды қысқартуға тиесілі.

Келесі 12 ай ішінде банктер ішкі қаржыландыру есебінен сыртқы міндеттемелерді өтеу бойынша алдағы төлемдердің 42% жуығын жаба алады. Сондай-ақ қаржыландыру тапшылығын активтерді сату (резиденттерге және резидент еместерге талаптарды қысқарту) есебінен белсенді жабу көзделіп отыр – тиісінше 23% және 14% жоспарланып отырған сыртқы міндеттемелерді өтеулер және капиталды ұлғайту есебінен – 5%. Оған қоса, әлемдік қаржы дағдарысы басталғаннан бері бірінші рет кейбір қазақстандық банктер 2011 жылы капиталдың халықаралық нарығына шығуды жоспарлап отыр. Капиталдың сыртқы нарығындағы берешекті қайта қаржыландыру пайызы 2011 жылы банктердің бағалауы бойынша жоспарланып отырылған сыртқы міндеттемелерді жалпы өтеудің 15% деңгейінде болады3.


1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Нәтиже қандай да болмасын өлшемнің ұлғаюын/азаюын белгілеген респонденттердің % айырмасы ретінде есептелетін респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгеруі түрінде ұсынылған. Бұл жағдайда диаграммада кредиттік тәуекелдің ұлғаю немесе азаю жағына өзгеруі келтірілген.

3 Үлестік салмақтарды пайдалана отырып есептелген, банктердің 2011 қаңтар – 2012 қаңтар аралығындағы кезең үшін пайыздық төлемдерді есепке алмағанда, банктердің сыртқы борышқа қызмет ету бойынша төлемдер кестесі базасында қалыптастырылған көрсетілген диапазонның орташа мәні. Орташа мәнді есептеу үшін база 30.09.2010 жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықтарда неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 11 банк .






Похожие:

1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы сәуір
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon1. 2011 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсу қарқыны айтарлықтай төмендегені байқалды. Банктер корпоративтік клиенттерді тарту және ұстау мақсатында кредиттеудің талаптарын жұмсарту бойынша жұмыстарды жалғастырды (11-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қаңтар
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан
Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық...
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) iconЗерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon1. 2012 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы үш тоқсанның үрдістері айтарлықтай өзгерместен, қаржылық емес ұйымдардың тарапынан кредиттік ресурстарға баяу сұраныс байқалуда
Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қазан
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon2010 жылғы 1-тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2010 жылғы 1-тоқсанда мынадай жұмыстарды атқарды
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) iconҚаржы нарығындағы ахуал туралы
Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы тамызда 0,3% (2011 жылғы тамызда – 0,3%) деңгейінде...
1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1) icon4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қаңтар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница