Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру




Скачать 89.14 Kb.
НазваниеҚр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру
Дата конвертации05.02.2016
Размер89.14 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mgm.gov.kz/doc/mod_dog_1_kz.doc
ҚР Жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру


Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. 
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. 
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. 
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. 
Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.

Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды. 

Екінші кезең. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің 
 Салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде « Салық және бюджетке төленетін басқа да мінбдетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті салықтар. 

Үшінші кезең. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан РеспубликасыКонституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

Салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні 
 

Президеттің тікелей жарлығымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 бұйрығымен қабылданды.

Жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн: 
 1) Үстеме пайда салығын; 
 2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн: 
  бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу); 
  роялтидi; 
  өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн; 
қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер

қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi. Сонымен қатар "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар. 
 Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды. 
  Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.  Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi 
  Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi: 
 ● бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi; 
 ● екiншi үлгі, жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді ( экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы, роялти, шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз).
  

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу мерзімі, есептеу әдістері және ресімдеу тәртібі 

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу мерзімі және ресімдеу тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңының 4-тарауының 343-345 бабында көрсетілген.
  Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, арнайы төлемдердің мынадай түрлерiн: 
 1) қол қойылатын; 
 2) коммерциялық табу бонусын төлейдi;

3) роялти


●  Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi 
 Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi. 
 Салық декларациясы 
 Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi. 

Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi 
 Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi. 
Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртiбi 
Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары. 
  Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi. 

Салық декларациясы 
 Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi. 
 ● Роялтиді төлеу мерзімі
 Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады. 
 Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады. 
 Мыналар: 
 1) пайдалы қазбалардың өзi:  мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;  көмiр және жанғыш тақтатастар; тауарлы кендер;  жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;  слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат; металлургияға арналған кен емес шикізат; 
 2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар; 
 3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары; 
 4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат; 
 5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн. 
  Пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады. Роялти төлеудің маңызды бөліктеріне тоқталсам:

Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти: 
 1) Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай: 
 500 000 тоннаға дейiн - 2 процент; 
 500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент; 
 1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент; 
 1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент; 
 2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент; 
 2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент; 
 3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент; 
 4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент; 
 5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi. 
 Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi; 
 2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.

 
 Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидiң ставкалары 
 1 Металлургияға арналған руда емес шикiзат 1 
 2 Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат, 1 
 пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары 
 3 Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк 1 
 4 Басқа руда емес шикiзат 3,5 
 5 Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит 3,5 
 6 Ас тұзы 3,5 
 7 Жергілікті құрылыс материалдары 4,5 
 8 Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар 4,5 
 9 Жерасты сулары 10 

Жер қойнауын пайдаланушылардың өнімін өндіріп алуды ұйымдастыру

Өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шартта өзгеше келiсiлмесе, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеушiлер болып табылады. 
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт аясында 
 жүзеге асырылатын қызметке салық салу  ерекшелiктерi:
 1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде, келiсiм-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады. 
 2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт мынадай негiзгi талаптарды:

─ өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның құнын айқындауды; 
 ─ келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды; 
 ─ өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды; 
 ─ Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiс үлесін (процент); 

Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан  Республикасының үлесiн айқындау: 
 1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады. 
 2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi. 
 3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге: 
 1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына; 
 2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына; 
 3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады. 
 Жоғарыда тiзiп көрсетiлген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуге тиiстi пайда түсiретiн өнiмдегi үлестiң проценттiк мәнiн айқындау үшiн әрбiр триггерден алынған нәтиже өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған төменгi мәндермен салыстырылады. 
 Жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты проценттiк мәнi жобаның экономикалық көрсеткiштерiне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстiң 285-бабында көзделген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мерзiмi iшiнде өзгерiссiз сақталады. 
 4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады. 
 Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi. 
 Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі. 
 Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010

  2. Б.Ж.Ермекбаева «Салық салу негіздері», Алматы 2013

  3. ҚР-ның Қаржы министрлігінің салық комитеті: salyk.gov.kz

  4. ҚР-ның Конституциясы 1995ж

  5. ҚР-ның Салық кодексі

  6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). ─ Алматы: Юрист , 2012

Похожие:

Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру iconI Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру iconЖер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33 тармақшасына...
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру iconҚазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану...
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 13 -тарамақшасына...
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру iconҮстеме пайда салығЫ
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты Салық Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға...
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру icon«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру iconЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақЫ
Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың...
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9 тармақшасына...
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен жер қойнауына мемлекеттік геологиялық
Сипаттама және тиісті техникалық және сатып алатын жұмыстардың сапалық мінездемелер
Қр жер қойнауын пайдаланушылардың,арнаулы төлемдері мен салықтары және оны өндіріп алуды ұйымдастыру icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница